Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының айналыстағы ақша белгiлерiн ауыстыру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2000 жылғы 20 шілде N 300. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 22 тамызда тіркелді. Тіркеу N 1231. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 29 мамырдағы № 86 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.05.2017 № 86 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Заң күшi бар Жарлығының 40, 43 және 45-баптарына сәйкес және ұлттық валютаның ақша белгiлерiн қолдан жасаудан қорғау жөнiндегi қосымша шараларды жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы

      ҚАУЛЫ ЕТЕДI:


      1. 2000 жылдың 01 қыркүйегiнен бастап Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында 1999 жылғы үлгiдегi құны 200 және 500 теңгелiк банкноттар айналысқа шығарылсын.

      2. 2000 жылдың 01 қыркүйегiнен бастап 2001 жылдың 31 тамызына дейiн 1993 және 1994 жылдардағы үлгiдегi құны 200 және 500 теңгелiк банкноттар мен 1999 жылғы үлгiдегi 200 және 500 теңгелiк банкноттар айналысының қатар жүру кезеңi енгiзiледi деп белгiленсiн.

      3. 1993 және 1994 жылдардағы үлгiдегi құны 200 және 500 теңгелiк банкноттар банкноттар айналыстан алынсын және оларды 1999 жылғы үлгiдегi 200 және 500 теңгелiк банкноттарға айырбастау 2001 жылдың 31 тамызында аяқталатын болсын.

      4. Қазақстан Республикасының бүкiл аумағындағы барлық жеке және заңды тұлғалар 2000 жылдың 01 қыркүйегiнен бастап 2001 жылдың 31 тамызына дейiнгi кезеңде 1993 және 1994 жылдардағы үлгiдегi құны 200 және 500 теңгелiк банкноттарды меншiк құқығына қарамастан, барлық төлем түрлерi бойынша, сондай-ақ ешбiр шектеусiз банктiк есепшоттарға есептеу үшiн және аудару үшiн қабылдауға мiндеттi.

      5. 2001 жылдың 01 қыркүйегiнен бастап Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында 1993 және 1994 жылдардағы үлгiдегi құны 200 және 500 теңгелiк банкноттардың айналысына тыйым салынсын.

      6. Ұлттық Банк белгiлеген жаңа және ескi үлгiдегi ақша белгiлерiнiң айналыста қатар жүру кезеңi аяқталған соң ескi үлгiдегi ақша белгiлерi Қазақстан Республикасының аумағында барлық төлем түрлерi бойынша заңды төлем құжаты болудан қалады.

      Екiншi деңгейдегi банктер жаңа және ескi үлгiдегi ақша белгiлерiнiң айналыста қатар жүру кезеңi аяқталған күннен бастап 12 (он екi) ай бойы заңды және жеке тұлғалардан ескi үлгiдегi ақша белгiлерiн қабылдайды және айырбастайды. Осы мерзiм өткеннен кейiн екiншi деңгейдегi банктердiң заңды және жеке тұлғалардан ескi үлгiдегi ақша белгiлерiн қабылдауға құқығы жоқ.

      Ұлттық Банктiң филиалдары осы тармақтың екiншi азатжолында белгiленген мерзiм өткеннен кейiн заңды және жеке тұлғалардан ескi үлгiдегi ақша белгiлерiн 10 (он) жыл бойы қабылдайтын болады және олардың түпнұсқалылығы сараптау арқылы анықталғаннан кейiн жаңа ақша белгiлерiне айырбастайды.

      10 (он) жыл өткен соң Ұлттық Банктiң Басқармасы заңды және жеке тұлғалардан ескi үлгiдегi ақша белгiлерiн қабылдаудың және айырбастаудың белгiленген мерзiмiн ұзартуға құқылы.

      Ескерту: 6-тармақ өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының

      2001 жылғы 29 қыркүйектегі N 378 қаулысымен. V011670_

      7. Қолма-қол ақшамен жұмыс жүргiзу басқармасы (Мәжитов Д.М.):

      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден еткiзу шараларын қабылдасын;

      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс басқармасымен (Сембиев Н.Қ.) бiрлесiп осы қаулыны және 1999 жылғы үлгiдегi құны 200 және 500 теңгелiк банкноттарды айналысқа шығару туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ресми хабарын республикалық газеттерге (мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде) жарияласын;

      3) Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiмен бiрлесiп осы қаулының 3-6 тармақтарының орындалуын қамтамасыз ететiн болсын.

      8. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары М.Т. Құдышевке жүктелсiн.

      ҰЛТТЫҚ БАНК

      ТӨРАҒАСЫ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады