"Қазақстан Республикасы Iшкісминiнiң Қылмыстық-атқару жyйесi мекемелерiндегi көбiнесе жыныстық жолмен жұғатын жұқпалы аурулардың алдын алудың арнайы шаралары туралы"

Күшін жойған

Бұйрық Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi 2000 жылғы 2 қазан N 526 2000 жылғы 5 қазан N 620 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 1 желтоқсанда N 1316 тіркелді. Бұйрықтың 2002 жылдың 1 қаңтарынан күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 7 желтоқсандағы N 863, Әділет министрінің 2001 жылғы 6 желтоқсандағы N 141, Денсаулық сақтау министрінің 2001 жылғы 10 желтоқсандағы N 1123 Бірлескен бұйрығымен. ~V011713

      "Қазақстан Республикасындағы азаматтардың денсаулығын сақтау туралы" Z970111_ Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 мамырдағы Заңын, "Халық денсаулығы" U984153_ мемлекеттiк бағдарламасын және Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексiнiң Z970208_ 97-бабына сәйкес 1999-2000 жылдарға арналған жыныстық жолмен жұғатын аурулардың алдын алу және оған бақылау жасау жөнiндегi бағдарламаны P990193_ орындау үшiн

                          БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қоса берiлiп отырған Көбiнесе жыныстық жолмен жұғатын жұқпалы аурулармен ауыратын қамауға алынған адамдарды және сотталғандарды тексеру, емдеу және ол аурулардың алдын алуды ұйымдастыру тәртiбi бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Iшкiiсминiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi (П.Н. Посмаков), Медицина басқармасы (М.З. Ахметов):
      1) көбiнесе жыныстық жолмен жұғатын жұқпалы аурулармен ауыратын қамауға алынған адамдарды және сотталғандарды анықтау мен емдеудi;
      2) эпидемияға қарсы қажеттi iс-шаралар өткiзудi қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Терi-венерология ғылыми-зерттеу институты, облыстардағы, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының (департаменттерiнiң) бастықтары:
      1) Iшкiiсминнiң Қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын адамдардың көбiнесе жыныстық жолмен жұғатын жұқпалы ауруларын анықтау үшiн тегiн диагностикалық зерттеулер жүргiзудi қамтамасыз етсiн;
      2) Iшкіісмин Қылмыстық-атқару жүйесiнiң медициналық мекемелерiне көбiнесе жыныстық жолмен жұғатын жұқпалы аурулармен ауыратын науқастардың диагнозын қоюда, емдеуде және оның алдын алуда әдiстемелiк және кеңес беру көмектерiн көрсетудi қамтамасыз етсiн;
      3) көбiнесе жыныстық жолмен жұғатын жұқпалы аурулар проблемасымен

айналысатын Iшкіісмин Қылмыстық-атқару жүйесiнiң медицина қызметкерлерiнiң 
диплом алғаннан кейiнгi кәсiби шеберлiктерiн арттыруға ықпал жасасын.
     4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Iшкi 
iстер вице-министрi iшкi қызмет генерал-майоры Н.А. Власовқа және 
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi 
төрағасының бiрiншi орынбасарына жүктелсiн.
     
     Қазақстан Республикасының         Қазақстан Республикасының
     Iшкi iстер министрi -             Денсаулық сақтау iсi жөніндегi
     Iшкi әскерлер қолбасшысы          агенттiгiнiң төрағасы
     генерал-лейтенант


         Қазақстан Республикасының    Қазақстан Республикасының
         Iшкi iстер министрлiгi       Денсаулық сақтау iсi
                                      жөнiндегi агенттiгi
         2000 жылғы 2 қазан N 526     2000 жылғы 5 қазан N 620
         бұйрығымен бекітілген         бұйрығымен бекітілген
     
           "Келісілді"
     Қазақстан Республикасы    
     Бас Прокурорының орынбасары
     3-дәрежелі мемлекеттік
     әділет кеңесшісі
     2000 жылғы 27 қыркүйек
     
                 Көбінесе жыныстық жолмен жұғатын жұқпалы 
            аурулармен ауыратын қамауға алынған адамдарды және 
         сотталғандарды тексеру, емдеу және ол ауырулардың алдын
                         алуды ұйымдастыру
     
                             ТӘРТІБІ
     


      1. Тергеу изоляторына қамаудың алдында тері-жыныс ауруларының бар-жоғын анықтау үшін әрбір адамды мұқият тексеруден өткізу керек. Көбінесе жыныстық жолмен жұғатын жұқпалы ауруы (бұдан әрі - КЖЖЖЖА) бар деген күдікті адамның ауру немесе сау екендігін растау үшін оны міндетті түрде дермато-венеролог дәрігер қарауы керек. Тері-жыныс ауруы диагнозының дәлелі медициналық амбулаторлық картаға жазылады. Серологиялық зерттеуге жолдама қосымшаға сәйкес беріледі.
      2. Бақылау вассерманизациясы бар тергеу изоляторына келіп түскен барлық контингент 3 айдан кейін мерезді анықтаудағы міндетті түрдегі серологиялық зерттеуден өткізіледі. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің K970167_ 115, 116, 120, 121, 122, 123, 124-баптары бойынша жауаптылыққа тартылатын адамдар, сондай-ақ барлық әйелдер мен жас өспірімдер созды анықтаудағы міндетті түрдегі клиникалық-зертханалық зерттеуден өткізіледі.
      3. Туа біткен мерездің алдын алу мақсатында тергеу изоляторлары мен түзеу мекемелерінде барлық жүкті әйелдерге Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісі жөніндегі нормативтiк кесiмдерiне сәйкес мiндеттi түрдегi серологиялық зерттеулер жүргiзiледi.
      4. Егер де зерттелушi адамның анамнезiн алу кезiнде қылмыстық жауаптылыққа тартылғанға дейiн оның КЖЖЖЖА бойынша емделгенi анықталса немесе терi-венерологиялық диспансерде есепте (серобақылауда) тұрса, тергеу изоляторының медициналық бөлiмi үш күндiк мерзiмде көрсетiлген мекемеге диагнозы, қолданылған емдеу шаралары мен серобақылаудың мерзiмдерi туралы сұрау салады. Мұндай ауруларды одан әрi емдеудi немесе серобақылауды тергеу изоляторының медициналық бөлiмi алынған жауаптарға сәйкес жүргiзедi.
      5. КЖЖЖЖА-ның қорытынды диагнозы анықталғаннан кейiн ауру адаммен аурудың сипаты, оны емдеудiң қажеттiлiгi, жүрiс-тұрыс ережелерi, емдеу және бақылау мерзiмдерi, терi-жыныс ауруымен ауыратын адамның жауапкершiлiгi туралы әңгiме өткiзiледi. Қарсы көрсетулер болмаған жағдайда ауру адамдар Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгiнiң нормативтiк кесiмдерiне сәйкес дереу емделедi. Терi-жыныс ауруларына душар болған адамдар ауру диагнозын анықтау сәтiнен бастап, емдеу мен бақылаудың барлық мерзiмiнде, есептен шығарылғанға дейiн ауру адамдар болып есептеледi.
      6. Егер де КЖЖЖЖА-ның диагнозы алғаш рет тергеу изоляторында анықталған болса медициналық бөлiм ауру адамның қамауға алынғанға дейiнгi тұрғылықты жерiндегi терi-венерологиялық диспансерге шұғыл хабарлама жiбередi.
      7. КЖЖЖЖА-мен ауыратын адамның тергеу изоляторынан түзеу мекемесiне кетуiнен бұрын дерматовенеролог-дәрiгер немесе терапевт дәрiгер оның медициналық амбулаторлық картасында одан әрi емдеу және бақылау нұсқаулары болатын этаптық эпикриз түрiндегi жазбалар жасайды.
      8. Түзеу мекемелерiне келiп түскеннен кейiн КЖЖЖЖА одан әрi емдеу мен серологиялық бақылаудан өткiзiлу үшiн диспансерлiк есепке алынады.
      9. Ұзақ мерзiмдi кездесулер алған және түзеу колония қоныстарынан қайта оралған сотталғандар түзеу мекемелерiнiң медициналық бөлiмдерiндегi мерездi анықтаудағы мiндеттi түрдегi серологиялық зерттеулерден өткiзiледi.
      10. Сотталған адамның ұзақ мерзiмдi кездесулер кезiнде КЖЖЖЖА-ны жұқтыру фактiсi анықталған кезде түзеу мекемесiнiң медициналық бөлiмi терi-венерологиялық диспансерге жұқтырушы деп шамалаған адамды венерологиялық ауруын анықтаудағы зерттеуге тарту туралы тапсырма жолдайды.
      11. Қамау орындарынан босатылатын және КЖЖЖЖА бойынша диспансерлiк

есептен шығарылмаған ауруларға қатысты түзеу мекемесiнiң медициналық 
бөлiмi олардың босатылуына бiр ай қалғанда таңдап алған тұрғылықты 
жерiндегi терi-венерологиялық диспансерге шұғыл хабарлама жiбередi. Бұл 
ретте аурудың диагнозы, қолданылған емдеу шаралары мен серобақылаудың 
мерзiмдерi көрсетiледi.


      Қазақстан Республикасы
      Iшкіісминiнiң 
      Медициналық басқармасы
     
     
     
                                                                Қосымша
     
          Тері-венерологиялық диспансердегі серологиялық зерттеуге
     
                           ЖОЛДАМА
     
     
     ________________________________________________________ұсталатын
                        (ұстау орны)
     ұлты_____________________,___________________________ жылы туылған
     азамат(ша)_______________________________________________________.
     
     
     Датасы
     Жіберуші мекеменің мөрі
     
     
     Мамандар:
              Омарбекова А.Т.          
              Икебаева Ә.Ж.
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады