Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегі компанияларға бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензиялар беру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы 2000 жылғы 15 қарашадағы N 88 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 20 желтоқсан N 1338 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкінің 2003 жылғы 16 сәуірдегі N 117 қаулысымен (қаулыдан үзіндіні төменнен қараңыз).

--------------Қаулыдан үзінді-----------------------

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясының "Зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегі компанияларға бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиялар беру туралы" 2000 жылғы 15 қарашадағы N 88 қаулысының  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1338 тіркелген, 2001 жылғы қаңтарда "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналының N 1 жарияланған) күші жойылды деп танылсын....

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

-----------------------------------------------------

      "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы заңының  58-бабы екiншi бөлiгінiң және "Бағалы қағаздар рыногындағы кәсiби қызмет түрлерiн қоса атқару туралы" Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөнiндегі ұлттық комиссиясының (бұдан әрi "Ұлттық комиссия" деп аталады) 2000 жылғы 26 ақпандағы N 66 қаулысының  1-тармағы 2) тармақшасының негізiнде Ұлттық комиссия қаулы етеді:
      1. Бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру үшiн зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегі компанияның Ұлттық комиссияның 1998 жылғы 12 маусымдағы N 7 қаулысымен  бекiтiлген Бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегi қызметтi лицензиялау қағидалары 5-тармағының 1), 6), 7), 11), 15), 16), 19), 21) тармақшаларында аталған құжаттарды Ұлттық комиссияға ұсыну керек екендiгi белгiленсiн. Егер аталған Қағидалардың 5-тармағының 6) тармақшасында көрсетiлген құжаттар Ұлттық комиссияға бұрын ұсынылған болса, оларды қайтадан ұсыну талап етiлмейдi.
      2. Осы Қаулының Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде тiркелген күнiнен бастап күшiне енетiндiгi белгiленсiн.
      3. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасы:
      1) осы Қаулыны (ол күшiне енгiзiлгеннен кейiн) бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензия алуға ниет бiлдiрген зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың назарына жеткiзсiн;
      2) осы Қаулының орындалысына бақылау жасасын.
      4. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау
басқармасының Зейнетақыны реформалау бөлiмi осы Қаулыны (ол күшiне
енгізілгеннен кейін) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің және
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің назарына жеткізсін.    

      Ұлттық комиссиясының Төрағасы
      Комиссияның мүшелері

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады