Бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегi қызметтi лицензиялау қағидаларын бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының қаулысымен бекітілген 1998 жылғы 12 маусымдағы N 7. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 29.06.1998 ж. тіркелді. Тіркеу N 528. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 373 (V043400) қаулысымен (Қолданысқа ену тәртібін қаулының 2-тармағынан қараңыз).

      Ескерту. Қаулының атауы жаңа редакцияда жазылды, өзгерту енгізілді - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 2000 жылғы 30 қыркүйектегі N 82 қаулысымен , ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 256 қаулысымен , 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 267 қаулысымен .

     Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы (бұдан әрі "Ұлттық комиссия" деп аталады) Қаулы етеді:
     1. Бағалы қағаздар портфелiн басқару жөнiндегі қызметтi лицензиялау қағидалары бекiтiлсiн (қоса берiлдi).
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды, өзгерту енгізілді - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 2000 жылғы 30 қыркүйектегі N 82 қаулысымен , ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 21 тамыздағы N 256 қаулысымен , 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 267 қаулысымен .
     2. Жоғарыда аталған Қағидалардың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде тiркелген күнiнен бастап күшiне енетiндiгi белгіленсiн.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда жазылды, өзгерту енгізілді - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 2000 жылғы 30 қыркүйектегі N 82 қаулысымен , ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қыркүйектегі N 267 қаулысымен .
     3. Ұлттық комиссияның 1997 жылғы 24 қазандағы N 176 қаулысымен бекітілген "Инвестициялық қорлардың қызметiн лицензиялау" қағидасының күші жойылды.
     4. Ұлттық комиссия орталық аппаратының Лицензиялау және қадағалау басқармасы жоғарыда аталған Қағидалардың және Нұсқаулықтың орындалысына бақылау жасасын.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Бағалы  қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 2000 жылғы 30 қыркүйектегі N 82 қаулысымен .

      Ұлттық комиссияның Төрағасы
     Комиссияның мүшелері

Қазақстан Республикасы    
Бағалы қағаздар жөніндегі  
ұлттық комиссиясының    
1998 жылғы 12 маусымдағы N 7
қаулысымен бекітілген    

Бағалы қағаздар портфелiн басқару
жөнiндегi қызметтi лицензиялау қағидалары

      Ескерту. Ереженің атауы өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 2000 жылғы 30 қыркүйектегі N 82 қаулысымен .

       Осы Ережелер "Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 6 наурыздағы заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 көкектегі "Лицензиялау туралы" заң күші бар жарлығына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар портфелін басқару жөніндегі қызметті лицензиялаудың және олардың қызметіне бақылау жасаудың тәртібін белгілейді.

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

     1. Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы (бұдан әрі "Ұлттық комиссия" деп аталатын) лицензиаттардың клиенттері - инвесторлардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау, сондай-ақ лицензиаттардың қызметіне бақылау жасау мақсатында бағалы қағаздар портфелін басқару жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асырады.

     2. Бағалы қағаздар портфелін басқару жөніндегі лицензия (бұдан әрі "Лицензия" деп аталады) уақытша болып табылады. Лицензияны қолдану мерзімі - 3 жыл.

     3. Лицензияның аумақтық қолданылуы лицензиаттың және оның филиалының орналасқан жері - елді мекендердің аумақтарымен шектеледі.
     Осы тармақпен белгіленген шектеу қолданылып жүрген заңға сәйкес аударымдар операцияларын жүзеге асыруға уәкілетті ұйымдар (екінші деңгейдегі банктерді қоса) арқылы, олармен жасалынған келісімдердің негізінде лицензиаттың ақша алған жағдайларға және лицензиат Орталық депозитарий арқылы инвесторлардан бағалы қағаздар алған жағдайларға қолданылмайды.

2. ЛИЦЕНЗИАТТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

      4. Лицензиат қызметі жүзеге аса бастаған барлық кезең ішінде Ұлттық комиссия белгілеген және:
     1) лицензиаттың және оның әрбір филиалында қолданылып жүрген 3-ші санатты біліктілік куәліктерін иеленген ең кемі үш маманның болу талабы.
     Жоғарыда аталған біліктілік куәліктерін:
     - лицензиаттың бірінші басшысы немесе оның бағалы қағаздар портфелін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға жауапты орынбасары;
     - лицензиат филиалдарының басшысы немесе оның бағалы қағаздар портфелін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға жауапты орынбасары;
     - лицензиаттың бағалы қағаздар портфелін басқаруды жүзеге асыратын бөлімшелерінің (лицензиат филиалдарының) басшылары;
     - лицензиаттың (лицензиат филиалының) бағалы қағаздар портфелін басқару жөніндегі шешімдерді қабылдауға және орындауға қатысатын өзге де қызметкерлері міндетті түрде иеленулері керек;
     2) лицензиаттың жарғылық капиталының ең төменгі мөлшеріне және лицензиат үшін белгіленген пруденциалық нормативтерді сақтауға қойылатын талап;
     3) лицензиаттың қызметін тиісті жағдайлармен қамтамасыз ететін (оның клиенттеріне қызмет көрсетуді қоса) үй-жайдың болу талабы;
     4) лицензиатта лицензиаттың бағалы қағаздар портфелін тиісті басқаруды қамтамасыз ету үшін жеткілікті бағдарламалық-техникалық құралдардың, кеңселік және телекоммуникациялық құрал-жабдықтардың болу талабы;
     5) лицензиаттың қызметін ұйымдастыруды айқындайтын және оның ішінде қолданылып жүрген заңға сәйкес келетін фирмаішілік қаржылық және тәртіптік бақылау жүйесі жазылған лицензиат қызметінің регламентінің болу талабы;
     6) егер лицензиат акционерлік қоғамның ұйымдық - құқықтық нысанында жұмыс жасайтын болған жағдайда, бағалы қағаздар эмиссиясын мемлекеттік тіркеуді реттейтін қолданылып жүрген заңдарды сақтау туралы талап және осы мәселеге байланысты енгізілген өзге де талаптарға сәйкес болуы керек.

3. ЛИЦЕНЗИЯ АЛУ ҮШІН ҰСЫНЫЛАТЫН ҚҰЖАТТАР

     5. Лицензия алу үшін Ұлттық комиссияға мынадай құжаттарды ұсыну керек:
     1) белгіленген үлгідегі өтініш;
     2) өтінушінің заңды тұлға ретіндегі қолданылып жүрген мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
     3) өтінушінің статистикалық карточкасының нотариалды куәландырылған көшірмесі;
     4) өтінушінің құрылтай құжаттарының оларға енгізілген барлық өзгерістерімен және толықтыруларымен бірге нотариалды куәландырылған көшірмелері;
     5) өтінушінің бірінші басшысы және бас бухгалтері қол қойған және оның мөрімен куәландырылған аяқталған соңғы қаржы жылының және Лицензия алуға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанның қаржылық есебінің құжаттары;
     6) өтінушінің аяқталған соңғы қаржы жылының және Лицензия алуға өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанның қаржылық есеп берушiлiкке КСА/МСА13 нысаны бойынша аудиторлық есеп;
     7) бағалы қағаздар портфелін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін Ұлттық комиссия белгіленген пруденциялық нормативтердің есебі және Лицензия алуға өтініш берген соңғы тоқсанның алдындағы тоқсанның аяғына осы есепті орындауға негіз болған қаржылық есеп берудің құжаттары;
     8) өтінушінің жарғылық капиталының қолданылып жүрген заңға сәйкес қалыптастырылуын растайтын құжаттардың көшірмелері;
     9) өтінушінің құқықтарды тіркеудің тәртібі заңмен арнаулы белгіленген мүлікке (бағалы қағаздар, жылжымайтын мүлік, автомобильдер және басқалар) құқықтарын растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;
     10) өтінушінің органдары туралы ақпарат және оның бөлімшелері туралы ережелер енгізілген өтінушінің ұйымдық құрылымы туралы мәліметтер;
     11) өтінуші қызметінің:
     - клиенттердің ақшаларын және бағалы қағаздарын басқаруға алудың тәртібі туралы;
     - бағалы қағаздар портфелін басқару жөніндегі шешімдерді қабылдаудың және орындаудың тәртібі туралы;
     - клиенттердің ақшаларымен және бағалы қағаздарымен жасалынған мәмілелердің орындалысына бақылау жасаудың тәртібі туралы;
     - фирмаішілік қаржылық және тәртіптік бақылау жасаудың тәртібі туралы;
     - ақпараттардың, оның ішінде:
     - құжаттарды тіркеудің, сақтаудың және архивте сақтаудың, архивтегі мәліметтерді қалыпқа келтірудің тәртібі және архивпен жұмыс жасауға рұқсат берудің тәртібі туралы;
     - мәліметтердің электрондық жүйесін сақтаудың тәртібі туралы;
     - бағдарламалық-техникалық құралдармен, мәліметтердің электрондық жүйесімен және архивке өткізілмеген құжаттармен жұмыс жасауға рұқсат берудің тәртібі туралы;
     - өртке қарсы шаралар және бөгде жағдаяттардағы әрекеттер туралы ақпараттардың тұтастығын, сақталуын және құпиялығын қамтамасыз етудің тәртібі туралы ережелерден тұратын регламенті;
     12) өтінуші қызметкерлерінің аты-жөндері, сондай-ақ оларды жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтардың күндері және нөмірлері көрсетілген штаттық кесте;
     13) өтінушінің осы Ережелердің 4-тармағының 1-тармақшасында аталған қызметкерлерінің біліктілік куәліктерінің көшірмелері;
     14) өтінушінің осы Ережелердің 4-тармағының 1-тармақшасында аталған қызметкерлерінің еңбек кітапшаларының көшірмелері (олар бар болса) немесе жеке еңбек шарттарының не жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтардың үзiндi-көшiрмелерiн;
     15) өтінушінің осы Ережелердің 4-тармағының 1-тармақшасында аталған қызметкерлерінің, олардың өкілеттіктері және міндеттері толық жазылған лауазымдық нұсқаулықтары;
     16) үй-жайдың, бағдарламалық-техникалық құралдардың, кеңселік және телекоммуникациялық құрал-жабдықтардың бар болуы және олардың осы Ережелердің 4-тармағының 3 және 4-тармақтарымен айқындалған талаптарға сәйкестігі расталатын аудиторлық есеп; <*>
     17) өтінушінің филиалдарының орналасқан жерлерін көрсетіп филиалдары және қызметкерлердің аты-жөндерін және оларды жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтардың күндерін және нөмірлерін көрсетіп филиалдың штаттық кестесін қоса беріп филиалдардың тізбесін;
     18) өтінушінің филиалдарын есепке алуды тіркеу туралы куәліктердің нотариалды куәландырылған көшірмелері;
     19) өтінуші мен клиенттердің арасында бағалы қағаздар портфелін басқару жөнінде жасалатын бірыңғай келісімнің үлгілері;
     20) егер, лицензиат акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында жұмыс жасаған жағдайда, бағалы қағаздар эмиссияларын мемлекеттік тіркеуді реттейтін қолданылып жүрген заңды сақтауды растайтын құжаттарды және осы мәселеге байланысты өзгелер;
     21) өтінушінің лицензиялық алымды төлегендігі туралы оның келіп түскендігі туралы белгімен төлем құжаттарының көшірмелері;
     Осы тармақтың (10), (11), (15), (17), (19) тармақшаларында аталған құжаттар екі данада ұсынылады және тігілуі және мөрмен және бірінші басшының қолымен куәландырылуы керек.
     Осы тармақтың (7), (8), (12)-(14) тармақшаларында аталған құжаттар тігілуі және мөрмен және бірінші басшының қолымен куәландырылуы керек.
      Ескерту. 5-тармақтың 14)-тармақшасы толықтырылды - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 2000 жылғы 26 ақпандағы N 62 қаулысымен .
      Ескерту: 5-тармақ өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 106 қаулысымен .  

     6. Ұлттық комиссия өтінушіден ол және оның қызметі туралы мәліметтерді осы Ережелердің 5-тармағында аталғандардан басқа құжаттарды ұсыну жолымен қосымша мәліметтерді ашуды талап етуге құқылы.

     7. Ұлттық комиссияға осы Ережелердің 5 және 6-тармақтарына сәйкес ұсынылған құжаттарға қол қойған тұлғалар осы құжаттардағы деректердің нақтылығы үшін заңмен белгіленген жауапкершілікте болады.

4. ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАРАУ ЖӘНЕ ЛИЦЕНЗИЯЛАР БЕРУ

     8. Ұлттық комиссия осы Ережелердің 5-тармағында аталған барлық құжаттар болмаған жағдайда Лицензия беруге өтінішті қабылдамайды және қарамайды.

     9. Лицензия алу үшін Ұлттық комиссия қабылдаған құжаттарды комиссия қабылдаған күннен бастап бір ай ішінде қарайды. Осы Ережелердің 6-тармағына сәйкес қосымша құжаттар ұсынылған жағдайда қарау мерзімі жаңартылады.

     10. Құжаттарды Ұлттық комиссияның ескертпелерімен пысықтап қайта ұсынған жағдайда өтінуші Ұлттық комиссияға соңғы өткен тоқсанның КСА/МАС13 үлгісі бойынша аудиторлық есепке сәйкес қаржылық есеп беру құжаттарын ұсыну керек.
      Ескерту: 5-тармақ өзгертілді - ҚР Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 2001 жылғы 20 сәуірдегі N 106 қаулысымен .  

     11. Өтінушінің Лицензия алуға ұсынған құжаттары қолданылып жүрген заңның және осы Ережелердің талаптарына сәйкес келген жағдайда оған Лицензия және Ұлттық комиссияның қойған белгісімен осы Ережелердің 5-тармағының (10), (11), (15), (17) (19) тармақшаларында аталған құжаттар (бір данада) беріледі. Лицензияны алысымен лицензиат өзінің қызметін тек қана аталған құжаттарға сәйкес жүзеге асыруға құқылы. Аталған құжаттарға лицензиат енгізген өзгерістер және толықтырулар Лицензия алуға өтінішті қарау үшін белгіленген мерзімде Ұлттық комиссияның бекітілуіне жатады және тек оларды бекіткендік туралы Ұлттық комиссияның жазбаша ескертпесін алғаннан кейін ғана күшіне енгізіледі.

     12. Лицензия және оған осы Ережелердің 11-тармағына сәйкес қоса берілген құжаттар өтінушінің бірінші басшысына немесе өтінушінің тиісті үлгімен ресімделген сенімхатының негізінде кез-келген өзге тұлғаға беріледі.     

5. ЛИЦЕНЗИЯ БЕРГЕНДІК ҮШІН АЛЫМ

     13. Лицензиялық алымның мөлшері және оны төлеудің тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады.     

6. ЛИЦЕНЗИЯ БЕРУДЕН БАС ТАРТУ ЖӘНЕ
ОЛ ЖӨНІНДЕ ШАҒЫМ ЖАСАУ

     14. Лицензия:
     1) өтінуші жатқызылған ұйымдардың санатына бағалы қағаздар портфелін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға заң түрінде тыйым салынған;
     2) өтінуші осы Ережелердің 4-тармағымен белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;
     3) егер өтінушіге қатысты оған соттың бағалы қағаздар портфелін басқару жөніндегі қызметпен шұғылдануға тыйым салатын шешімі болған;
     4) егер Лицензия алу үшін ұсынылған құжаттар тиісті үлгімен ресімделмесе не егер өтінуші Ұлттық комиссияға құжаттарды осы Ережелердің 5-тармағына сәйкес ұсынбаған;
     5) Лицензия алу үшін ұсынылған құжаттарда нақты емес мәліметтер анықталған;
     6) өтінуші лицензиялық алымды төлемеген жағдайларда берілмейді.

     15. Лицензия беруден дәлелді жазбаша бас тарту өтінушіге Лицензия алу жөніндегі өтінішті қарау үшін белгіленген мерзімде берілуі керек.

     16. Лицензия алу жөніндегі өтінішті қарау үшін белгіленген мерзім ішінде өтінушіге Лицензия берілмеген не ол алған Лицензия беруден бас тарту өтінушіге негізсіз берілген жағдайда, ол Ұлттық комиссияның әрекеті жөнінде сотқа шағымдануға құқылы.     

7. ЛИЦЕНЗИЯНЫ ҚОЛДАНУДЫ ТОҚТАТУ

     17. Лицензияны қолдану:
     а) лицензиаттың қызметі тоқтатылған;
     б) лицензия берілген мерзім аяқталған;
     в) лицензия қайтарылып алынған жағдайларда тоқтатылады.

     18. Лицензияның күші лицензиатты заңды тұлға ретінде ол Лицензия берілуі мүмкін ұйымдарға қойылатын заң талаптарына сәйкес келуін жалғастыру шартымен мемлекеттік қайта тіркеген кезде сақталады.

     19. Лицензияны қолдануды тоқтатуға байланысты даулар сотпен шешілуге жатады.     

8. ЛИЦЕНЗИЯНЫ ҚОЛДАНУДЫ ТОҚТАТА ТҰРУ
ЖӘНЕ ОНЫ ҚАЙТАРЫП АЛУ

     20. Лицензияны қолдану:
     а) Лицензия алу үшін ұсынылған құжаттарда нақты емес мәліметтер анықталған;
     б) лицензиат бағалы қағаздар портфелін басқару жөніндегі қызметті реттейтін заңды бұзған;
     в) Лицензиат осы Ережелердің 4-тармағымен белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда тоқтатыла тұрады.

     21. Ұлттық комиссия тоқтатыла тұру себептерін көрсете отырып Лицензияны қолдануды алты ай мерзімге дейін тоқтата тұруға құқылы.
     Ұлттық комиссия лицензияны қолдануды тоқтата тұрудың себептерін жоюдың шектеулі мерзімін белгілеуге құқылы.

     22. Лицензияны қолдану тоқтатыла тұрылған жағдайда лицензиат осындай тоқтатыла тұрудың себептерін жоюға міндетті.

     23. Лицензиаттың Лицензияны қолдануды тоқтата тұру туралы Ұлттық комиссияның жазбаша ескертпесін алғаннан кейінгі бағалы қағаздар портфелін басқару жөніндегі қызметі заңсыз болып табылады және қолданылып жүрген заңмен белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.
     Лицензияны қолдануды тоқтата тұрудың себептері жойылғаннан кейін оны қолдану Ұлттық комиссияның жазбаша ескертпесінің негізінде жаңартылады.

     24. Лицензия:
     а) Ұлттық комиссия Лицензияны тоқтата тұру үшін негіз болған себептерді лицензиат жоймаған;
     б) лицензиат бағалы қағаздар рыногын реттейтін, қолданылып жүрген заңның талаптарына сәйкес келмеген;
     в) егер лицензиатқа қатысты соттың оған бағалы қағаздар портфелін басқару жөніндегі қызметпен шұғылдануға тыйым салатын шешімі болған жағдайларда қайтарылып алынуы мүмкін.

     25. Лицензия қайтарылып алынған жағдайда лицензиат Ұлттық комиссияның ресми жазбаша ескертпесін алған күннен бастап он күн ішінде оған Лицензияның тұпнұсқасын және Ұлттық комиссияның қойған белгісімен осы Ережелердің 5-тармағының (10), (11), (15), (17), (19) тармақшаларында аталған құжаттары қайтаруға міндетті.

     26. Ұлттық комиссияның Лицензияны қолдануды тоқтата тұру немесе оны қайтарып алу туралы шешімі жөнінде лицензиат сотқа шағымдануға құқылы.
     Ұлттық комиссияның Лицензияны қолдануды тоқтата тұру немесе оны қайтарып алу туралы шешімі жөнінде сотқа шағымдану осындай шешімнің күшін тоқтатпайды.

9. ЛИЦЕНЗИЯЛАУ ЕРЕЖЕЛЕРІНІҢ САҚТАЛЫСЫНА БАҚЫЛАУ ЖАСАУ

     27. Осы Ережелердің сақталысына бақылау жасауға:
     а) бағалы қағаздар портфелін басқару жөніндегі қызметті реттейін қолданылып жүрген заңдардың талаптарына лицензиаттың сәйкестігін тексеру;
     б) осы Ережелердің 4-тармағында белгіленген талаптарға лицензиаттың сәйкестігін тексеру;
     в) Ұлттық комиссия бекіткен, осы Ережелердің 5-тармағының (10), (11), (15), (17), (19) тармақшаларында аталған құжаттардың шарттарына лицензиат қызметінің сәйкестігін тексеру енгізіледі.

     28. Ұлттық комиссия осы Ережелердің сақталысына бақылау жасауды лицензиаттарды тексерудің мерзімділігін және лицензиаттарды тексерістермен қамту белгіленетін жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырады.

     29. Бағалы қағаздар портфелін басқару жөніндегі қызметті реттейтін, қолданылып жүрген заңдардың талаптарын лицензиаттың бұзуы туралы ақпарат келіп түскенде жоспардан тыс тексерістер жүргізілуі мүмкін.

     30. Тексерістердің нәтижелері актімен ресімделеді.
     31. Лицензиат Ұлттық комиссияға мерзімді және қолданылып жүрген заң талаптарына сәйкес өзге де есеп беруге міндетті.

     32. Лицензиат Ұлттық комиссияны лицензия алуға ұсынылған құжаттардағы кез-келген өзгерістер туралы мәліметтердегі өзгерістер болған күннен бастап 10 күн ішінде (осы Ережелердің 4-тармағының (1) тармақшасында аталған қызметкерлердің құрамындағы өзгерістерге қатысты - екі күн ішінде) жазбаша ескертуге міндетті.
     Осы тармақта белгіленген талаптар осы Ережелердің 5-тармағының (10), (11), (15), (17), (19) тармақшаларында аталған, оларға қатысты осы Ережелердің 11-тармағының шарттары қолданылатын құжаттардағы мәліметтерге қолданылмайды.

     33. Лицензиат Ұлттық комиссияға оның жазбаша талап ету бойынша осындай талап етуді алған күннен бастап он күн ішінде, егер Ұлттық комиссия талап етілген ақпаратты берудің аса ұзақ мерзімін белгілемесе, бағалы қағаздар портфелін басқару жөніндегі өзінің қызметі туралы кез-келген ақпаратты беруге міндетті.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады