Туберкулездiң жұқпалы түрiмен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу туралы

Мерзімі біткен

Қызылорда облысы әкiмiнiң 2000 жылғы 8 қарашадағы № 347 шешімі. Қызылорда облысының Әдiлет басқармасында 2000 жылғы 17 қарашада № 456 болып тіркелдi. Мерзімі біткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің "Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын азаматтарды мәжбүрлеп емдеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңын жүзеге асыруды қамтамасыз ету мақсатындағы 2000 жылғы 18 мамырдағы № 79-Ө өкімін орындау және облыс халқының арасында туберкулездің кең тарауын тоқтату үшін ШЕШІМ ЕТЕМІН:

      1. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы (Д.Дәулетбаев), Қызылорда қаласының әкімі (Қ.Баймаханов):

      1) 2001 жылдың қаңтар айының 1-нен бастап Қызылорда қалалық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің құрамында туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын, емделуден жалтарып жүрген азаматтарды мәжбүрлеп емдейтін 30 төсектік бөлімше ашсын;

      2) мәжбүрлеп емдеу бөлімшесінің ерекшелігіне сәйкес қалалық туберкулезге қарсы күрес диспансерінің штаттық кестесіне және қаржыландыруына өзгерістер енгізсін;

      3) осы бөлімшені күрделі жөндеуден өткізу және күзету мәселелері бойынша қосымша қаржы бөлуді қарасын.

      2. Облыстық ішкі істер басқармасы (Т.Рахимов), республикалық мемлекеттік "Күзет" кәсіпорнының "Қызылорда" бөлімшесі (Ж.Досжанов):

      1) мәжбүрлеп емдеу бөлімшесінің тәулік бойы күзетілуін, дабыл қағу және шұғыл байланыс жүйесі құралдарымен жабдықталуын;

      2) науқастарды мәжбүрлеп емдеуге және медициналық куәландыру орындарына жеткізілуін қамтамасыз етсін.

      3. Аудан және Қызылорда қаласы әкімдеріне мәжбүрлеп емдеуден өткен науқастардың әлеуметтік қалыптасуына, жұмысқа орналасуына тұрақты түрде көмек көрсету тапсырылсын.

      4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Н.Ерімбетовке жүктелсін.

      С. НҰРҒИСАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады