Облыс Әкiмiнiң 2000 жылғы 29 мамырдағы "Науқастардың түрлерi бойынша дәрi-дәрмектердiң тiзбесi және оларды дәрiгерлердiң рецепттерi бойынша тегiн босатудың нормалары туралы" N 127 шешiмiне толықтыру енгiзу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы әкімінің шешімі 2000 жылғы 25 желтоқсандағы N 127 Павлодар облысының әділет басқармасында 2001 жылғы 24 қаңтарда N 560 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 25 шешімімен.

       Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облыстық әкімінің 2004 жылғы 29 қазандағы N 25 шешімімен.

            Науқастардың мүшелерiн трансплантациялағаннан кейiн тиiстi дәрi-дәрмектермен қамтамасыз ету қажеттiлiгiне байланысты ШЕШIМ қабылдаймын:
      Облыс әкiмiнiң 2000 жылғы 29 мамырдағы "Науқастардың түрлерi бойынша дәрi-дәрмектердiң тiзбесi және оларды дәрiгерлердiң рецепттерi бойынша тегiн босатудың нормалары туралы" N 127 шешiмiне мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      жоғарыда аталған шешiммен бекiтiлген науқастардың түрлерi бойынша дәрi-дәрмектердiң тiзбесiнде және дәрiгерлердiң рецепттерi бойынша бiр адам басына тегiн босатудың жылдық нормаларында мынадай мазмұндағы:

     "28. Мүшелiк трансплантациядан кейiнгi жағдайы;

     преднизолон; 14400 мг;

     сандиммун неорал; 70000 мг;

     азатиоприн; 36000 мг"

     28-тармақпен толықтырылсын.

     Облыс әкімі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады