Автомобиль көлігімен жолаушылар мен жүктерді тасымалдау кезінде лицензиялық нормалар мен шарттардың сақталуы бойынша заңды және жеке тұлғаларды тексеруді өткізу жөніндегі Ережелерді бекіту туралы

Күшін жойған

Көлік және коммуникациялар министрінің 2001 жылғы 24 қаңтардағы N 19-І бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 24 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 1405. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Көлiк және коммуникациялар министрiнiң 2006 жылғы 5 мамырдағы N 107 бұйрығымен.

       Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Көлiк және коммуникациялар министрiнiң 2006 жылғы 5 мамырдағы N 107 (2006 жылғы 11 тамыздағы N 147(953) "Заң газеті" газетінде жарияланған) бұйрығымен.

--------------Бұйрықтан үзінді----------------

      "Жеке кәсiпкерлiк туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 4-тармағын iске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Автомобиль көлiгiмен жолаушылар мен жүктердi тасымалдау кезiнде лицензиялық нормалар мен шарттардың сақталуы бойынша заңды және жеке тұлғаларды тексерудi өткiзу жөнiндегi Ережелердi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрiнiң 2001 жылғы 24 қаңтардағы N 19-I бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 1405-нөмiрмен тiркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлер Бюллетенiнде жарияланған, 2001 жыл, N 14, 365-құжат) күшi жойылды деп танылсын...
      3. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Министр
------------------------------       

      Автомобиль көлігіндегі лицензияланатын қызметке мемлекеттік бақылаудың бірыңғай саясатын қамтамасыз ету мақсатында  БҰЙЫРАМЫН
      1. Қоса беріліп отырған Автомобиль көлігімен жолаушылар мен жүктерді тасымалдау кезіндегі лицензиялық нормалар мен шарттардың сақталуы бойынша заңды және жеке тұлғаларды тексеруді өткізу жөніндегі ережелер бекітілсін. 
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (Е.Ш. Қалқабаев) заңнамамен белгіленген ретпен осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынсын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Көлік және коммуникациялар бірінші вице-Министрі Қ.Қ. Жақыповқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.    

       Министр

Қазақстан Республикасы    
Көлік және коммуникациялар  
министрінің         
2001 жылғы 24 қаңтардағы N 19-І
бұйрығымен бекітілген     

Автомобиль көлігімен жолаушылар мен жүктерді
тасымалдау кезінде лицензиялық нормалар мен
шарттардың сақталуы бойынша заңды және жеке
тұлғаларды тексеру жөніндегі ережелер  

      Автомобиль көлігімен жолаушылар мен жүктерді тасымалдау кезінде лицензиялық нормалар мен шарттардың сақталуы бойынша заңды және жеке тұлғаларды тексеру жөніндегі ережелер (бұдан әрі - Ережелер) Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілерімен сәйкес әзірленген және автомобиль көлігі саласындағы заңнаманың орындалуын қамтамасыз етуге тексеруді жүзеге асыру тәртібін орнатады. 

1-тарау. Жалпы ережелер  

      1. Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 8 қыркүйегіндегі N 1334  P991334_  қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Көліктік бақылау комитеті туралы Ереженің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 желтоқсандағы N 1621  P961621_  қаулысымен бекітілген Автомобиль көлігінде жолаушылар мен жүктерді, қауіпті жүктерді халықаралық тасымалдауды лицензиялау тәртібі мен шарттары және білімділік талаптары туралы ереженің және басқа да нормативті құқықтық актілердің негізінде  V991027_  , меншік нысанына және ведомстволық бағынысына қарамастан, жеке және заңды тұлғалардың автомобиль көлігімен тасымалдау қызметіне олардың автомобиль көлігінің қызмет ету тәртібін белгілейтін заңдардың нормаларын сақтау, сондай-ақ лицензияда белгіленген талаптар мен онда рұқсат етілген қызмет түрін жүзеге асыру шарттары бөлігінде бақылау жасайды. 
      Комитеттің облыстар және Астана мен Алматы қалаларында аумақтық органдары - Көліктік бақылау басқармалары (бұдан әрі - Басқармалар) бар. 
      2. Комитет бақылауды өз бетінше де, басқа мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарымен бірлесіп те жүзеге асырады. Басқа органдармен бірлесіп тексеру өткізген кезде тексеру жоспарлары келісіледі. 
      3. Тексеруді жүзеге асырған кезде Комитет қызметкерлері автомобиль көлігіндегі қызметті реттейтін нормативті құқықтық актілерді басшылыққа алуға тиіс. 

2-тарау. Негізгі мақсаттар мен міндеттер 

      4. Автомобиль көлігіндегі тасымалдау қызметіне тексеру жүргізудің мақсаты - көліктік қызмет нарығының қалыпты қызмет етуін қамтамасыз ету, тұтынушылардың мүдделерін қорғау, халықаралық автомобиль қатынасы саласындағы үкіметаралық және халықаралық келісімдер мен конвенциялардың (бұдан әрі - халықаралық шарттардың), сондай-ақ Қазақстан Республикасының көліктік заңнамаларының орындалуын қамтамасыз ету болып табылады  Z947000_  . 
      5. Автокөлік құралдарымен тасымалдарды дайындау, ұйымдастыру және жүзеге асырумен, сондай-ақ жолаушы жүгі мен жүктерді өңдеу және сақтаумен байланысты автокөліктік қызметті тексеруді жүргізудің негізгі міндеттері мыналар болып табылады: 
      1) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автомобиль көлігімен жолаушылар мен жүк тасымалын, ірі көлемді, ауыр салмақты және қауіпті жүктердің тасымалын орындауды реттейтін қолданылып жүрген заңнаманың сақталуын бақылау; 
      2) заңды және жеке тұлғалардың автомобиль көлігімен жолаушылар мен жүктердің, қауіпті жүктердің халықаралық тасымалын лицензиялау шарттарын сақтауына бақылауды қамтамасыз ету;
      3) халықаралық шарттар мен Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарының бұзылуын анықтау және оларды ескерту, көліктік бақылау органдарының нұсқамаларын орындамаған тұлғаларды белгіленген тәртіппен және өз құзыреті шегінде жауапкершілікке тарту;
      4) реттелген жолаушылық тасымалдарды маршруттарда жүзеге асыру құқына ие болу бойынша тендерде жеңіп шыққан заңды және жеке тұлғалардың келісім-шарттың шарттарын сақтауына бақылау жасау.

3-тарау. Автокөліктегі лицензияланатын қызметті
тексеруді ұйымдастырудың және  жүргізудің тәртібі

1. Жалпы талаптар

      6. Заңды және жеке тұлғалардың автомобиль көлігіндегі қызметті реттейтін заңдарды, сондай-ақ лицензиялық нормалар мен ережелерді сақтауына тексеру жүргізуді Басқармалар көлікте шаруашылық жасайтын субъекті орналасқан жер бойынша жасайды. 
      7. Тексеруді өткізу туралы шешімді лицензиар - Комитет немесе Басқарма тексеру өткізу графигіне сәйкес, азаматтардың, ұйымдардың, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың өтініштері бойынша, орталық мемлекеттік органдардың тапсырмалары, құқық қорғау органдарының ұсынымдары, сот органдарының шешімдері негізінде, сондай-ақ тасымалдаушылардың Қазақстан Республикасының лицензиялық  Z952200_  және көліктік заңнамаларын бірнеше дүркін бұзуы жағдайларында қабылдайды  Z947000_  . 
      8. Көліктік тасымалдау қызметімен айналысатын және лицензиялануға жататын ұйымды кәсіпкерді тексеруге арналған тапсырмаға Басқарма басшысы мөр басып береді. Тексеруге жіберілетін лауазымды қызметкерлерге сәйкесінше жөн-жоба беріледі. 
      9. Бақылауды жүзеге асыратын Басқарма қызметкерлері: 
      1) қызметі тексерілетін заңды және жеке тұлғаларды тексеру барысындағы олардың құқықтары мен міндеттері туралы хабардар етуге тиіс; 
      2) халықаралық тасымалды орындаудың белгіленген шарттарын бұзудың алдын алу, олардың жасалуына ықпал ететін себептер мен мән-жайларды анықтау және оларды жою үшін өз құзыреті шегінде шаралар қабылдаулары керек; 
      3) тасымалға қатысушы заңды және жеке тұлғаларға өз құзыреті шегінде нақтылы көмек көрсетуі керек; 
      4) қойылған міндеттерді орындамағаны немесе толық орындамағаны үшін, сондай-ақ өздері жіберген бұзушылықтар үшін жауапкершілікте болулары тиіс. 
      10. Көліктік бақылау жүргізген кезде Комитеттің қызметкерлері нысанды киім киіп, кеудеге тағатын белгісі, қызметтік куәлігі болулары керек, тексеру жасауға қажетті құжаттар (актілердің, хаттамалардың, рапорттардың, ұйғарымдардың, есепке алу парақшаларының бланкілері және басқалар), сондай-ақ таяқшасы (өткізу бекеттерінде жұмыс істеген кезде) болуы керек. 

2. Тексеруді өткізудің тәртібі  

      11. Заңды және жеке тұлғаларды тексерулер Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және ақпарат орталығында тексеру тағайындау актісі тіркелгеннен кейін өткізіледі. 
      Шағын кәсіпкерлік субъектілері бір жылда бір реттен артық тексерілмеуі керек, ал саны 10 адамнан аспайтын шағын кәсіпкерлік субъектілері үш жылда бір реттен артық тексерілмеуге тиісті. 
      12. Тексеруге өндірістік-техникалық базаның жағдайын тексеру, құжаттық тексеру кіреді және: 
      1) кезеңді жоспарлы тексеру ретінде; 
      2) анықталған бұзушылықтарды жоюды бақылайтын тексеру ретінде; 
      3) мемлекеттік басқару органдары мен құқық қорғау органдарының, заңды тұлғалардың және азаматтардың заңды және жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының лицензиялық және көлік туралы заңдарын бұзулары жөніндегі хабарламаларын тексерген жағдайларда жүзеге асырылады. 
      13. Лицензияда көзделген шарттар мен талаптардың орындалуын бақылау лицензияланған қызметті жүзеге асыру, техникалық процестерді тексеру және құжаттарды зерделеу үшін пайдаланылатын автокөлік құралдарын, өндірістік жайларды, жабдықтарды қарап, байқау жолымен жүргізіледі. 
      14. Басқарманың өкілетті лауазымды қызметкерлерінің талап етуі бойынша олар бақылау жүргізген кезде лицензияланған қызметті жүзеге асырушы заңды және жеке тұлғалар лицензияларын, олардың есеп карточкаларын және орындалатын қызметтің лицензияда белгіленген талаптар мен шарттарға сәйкестігін куәландыратын басқа да құжаттарды көрсетеді. 
      15. Осы Ережелерге сәйкес бақылауды жүзеге асырушы Басқарманың лауазымды қызметкерлері тексерілуші адамдарға қызметтік куәліктерін және тексеруге берілген тапсырманы (1-қосымша) көрсетуге міндетті. Комиссия төрағасы да тексерілетін адамға комиссия мүшелерін таныстыруға тиіс, тексеруге берілген тапсырма басқарма бланкісіне басылып, оған басқарма басшысы қол қоюға тиіс. Тапсырмада тексерілуге жататын мәселелердің тізбесі, оның жүргізілетін мерзімі көрсетіледі, сондай-ақ атқаратын қызметтері көрсетіле отырып, тексеруді жүргізетін адамдардың тізімі берілуге тиіс. 
      16. Бақылау мынадай кезеңдерді қамтуы мүмкін: 
      1) жұмыс жағдайын алдын-ала зерделеу; 
      2) тексеруді жүргізу; 
      3) тексеру жүргізген кезде алынған нәтижелерге талдау жасау және жинақтау, қорытындыларды тұжырымдау, тиісті құжаттарды рәсімдеу; 
      4) жұмысты қорытындылау; 
      5) ұйымның басшыларына (кәсіпкерге) тексеру нәтижелері туралы хабарлау; 
      6) анықталған бұзушылық фактілері бойынша шара қолдану. 
      17. Тексеруді өткізудің мерзімі алдағы жұмыс көлемін, қойылған тапсырмалар мен жұмыскерлер топтарының құрамын ескере отырып орнатылады, бірақ 30 күнтізбелік күннен аспауға тиісті. 
      Негізделген себептер болған жағдайда, тексеру өткізу мерзімдері 20 күнтізбелік күннен аспайтын уақытқа ұзартылуы мүмкін, ол үшін тексеруші Басқарма басшысының атына тексеру мерзімін ұзартудың объективті себептерін көрсететін баяндама жазбахат жазуға тиісті. Ұзарту туралы белгі сол тапсырмаға жасалады. Бұл жөнінде тексерушілер тексерілетін ұйымның басшысын хабардар етуге тиісті. 
      Тексерудің аяқталу мерзімі тексеру актісіне қол қойған күн болып саналады. 
      18. Құжаттамалық тексеру актісі (2-қосымша) барлық қосымшаларымен қоса екі дана етіп жасалады, оның бір данасы ұйымның басшысына не оны ауыстырып отырған тұлғаға беріледі, екіншісі - тексерушіде қалады. 
      Бұл жағдайда Басқарманың өкілетті лауазымды қызметкерлері келесі талаптарды қадағалауға тиісті: 
      анықталған бұзушылықтарды заңды актілерге сілтеме жасай отырып дәйекті, объективті және анық сипаттау; 
      тексеру актісінің тексті әр түрлі анықтамалық мәліметтермен, екінші кезектегі фактілермен толтырмай, актіге қосымшада көрсетілуге тиісті бірыңғай қайталанатын бұзушылықтарды тізбелемеуге тиісті; 
      актіде бұзушылықтар туралы тек қана нақты, негізделген және құжаттамамен дәлелденген мәліметтер құжаттың датасы мен нөмірі, нормативті құқықтық актінің атауы, бұзушылықтың мазмұны және т.б. көрсетілуге тиісті; 
      Актіге құжаттамамен дәлелденбеген әр түрлі қорытындылар, ұсыныстар мен мәліметтер қосылмауға тиісті. 
      19. Тексеру актісіне барлық тексерушілер қол қояды. Сондай-ақ актінің мазмұнымен ұйымның басшысы немесе оны ауыстырып отырған тұлғаны таныстырып, ол туралы актіде сәйкесінше жазба жасалады және ұйымның басшысының немесе оны ауыстырып отырған тұлғаның қолы қойылады. 
      Ұйымның басшысы жағынан акті бойынша келіспеушілік не ескертулер болса, ол, не оны ауыстырып отырған тұлға, актіге қол қою алдында, арнайы ескерту жасап, жазбаша түсініктеме хатты қосады. 
      Анықталған фактілер бойынша бұзушылықтарды жедел түрде жою немесе оған кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке тарту жөніндегі шараларды қолдану қажет болған жағдайларда, тексеру барысында жеке (аралық) акт жасалып, лауазымды қызметкерлер қажетті түсініктемелерді береді. 
      Аралық актілерде көрсетілген фактілер тексерудің жалпы актісіне қосылады. 
      Тексеру актісі басқарманың арнайы журналына тіркеледі және осы органның басшысына табыс етіледі. 
      20. Лицензия иесінің онда көзделген қызметті жүзеге асыру талаптарын бұзғандығы анықталған жағдайда Басқарманың лауазымды қызметкері тексеру актісі тіркелгеннен бастап үш күн мерзім ішінде мына шешімдердің бірін қабылдауға тиіс: 
      1) лицензия иесіне лицензияда көзделген талаптардың бұзылуын жою мерзімін көрсете отырып нұсқама беру; 
      2) Басқарма басшысына тексеру кезінде анықталған бұзушылықтар туралы хабарлай отырып: 
      тоқтату себебін көрсете отырып, алты ай мерзімге лицензияның қолданылу күшін тоқтата тұру туралы ұсыныстар беру (шағын кәсіпкерлік субъектісі лицензиясының қолданылу күшін сот шешімінсіз тоқтата тұруға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ерекше жағдайларда 3 күннен аспайтын мерзімде, көрсетілген осы мерзім ішінде міндетті түрде сотқа талап арыз беруі арқылы жол беріледі). 
      21. Тексеру нәтижесінде анықталған көліктің лицензияланатын қызметіндегі бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы (3-қосымша) Басқарманың лауазымды қызметкері екі дана етіп жасайды, біріншісі - тексеру аяқталысымен көлікте шаруашылық жүргізуші субъектіге беріледі, не тексеру аяқталған сәттен кейін Басқарма үш күн ішінде жібереді, нұсқаманың екінші данасы Басқармаға өткізіледі. 
      22. Көліктегі шаруашылық жүргізуші субъект бұзушылықтарды көрсетілген мерзім ішінде жоюға және бұл туралы Басқармаға жазбаша түрде хабарлауға тиіс. 
      Бұзушылықты жою туралы жазбаша хабарлама алған соң немесе белгіленген мерзімде нұсқамаға жауап берілмеген жағдайда, Басқарманың лауазымды қызметкері шаруашылық субъектіні нұсқаманың орындалуын тексеру жүргізіледі. 
      Нұсқаманы орындаған жағдайда лауазымды тұлға анықтаманы толтырады (4-қосымша). 
      Анықталған бұзушылықтарды жоймаған жағдайда, Басқарманың лауазымды қызметкері әкімшілдік құқық бұзушылық жөніндегі хаттама жасайды (5-қосымша), оны қосымша материалдармен (қоса тексеру актісі, нұсқама) Қазақстан Республикасының заңнамасымен сәйкес шаралар қолдану үшін әкімшілдік құқық бұзушылық жөніндегі істерді қарауға өкілеті бар органдарына тапсырады.
      Үш күн мерзімнен кешіктірмей Басқарма тиісті шешім қабылдауға және лицензиатқа хабарлауға тиіс.
      23. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру немесе оны қайтарып алу туралы Басқарманың шешіміне, заңдарда белгіленген тәртіппен, сот органдарына шағым жасалуы мүмкін.

3. Тексеруге жататын негізгі сұрақтар

      24. Заңды және жеке тұлғаларды тексеруді өткізген кезде мыналар тексеріледі:
      1) құрылтай құжаттары;
      2) мына құжаттар: 
      лицензияланатын қызметті жүзеге асыратын кезде пайдаланылатын негізгі қорларды иелену және пайдалану құқығын растайтын (жалға беру, лизинг, жалдау және басқалар туралы шарттар, олардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкестігі); 
      мамандар мен жүргізушілердің кәсіби біліктілігін растайтын; 
      халықаралық тасымалдарға қатынайтын көлік құралдарының жүргізушілері үшін жасының 21-ден асқандығын растайтын, (жалпы салмағы 7,5 тоннадан аспайтын көлік құралдарының жүргізушілері үшін жасы 18-ден жоғары); 
      белгіленген маршруттар бойынша жолаушыларды тұрақты түрде тасымалдауды жүзеге асыру үшін қажетті (кестелердің, төлқұжаттардың, келісім-шарттардың, лицензиялардың және қызмет көрсетілетін маршруттарда жұмыс істеу үшін басқа да негіздемелердің болуы); 
      жүргізушілердің еңбек және демалыс режимінің есебі бойынша (тахограммалар, жол парақтары, жеке бақылау кітапшалары); 
      қауіпті жүктерді тасымалдау үшін (лицензиялардың, олардың есептік құжаттарының, авариялық карточкалардың, жүргізушілер мен мамандардың дайындығы туралы куәліктердің, жүргізушіге қауіпті жүктерді және басқаларды тасымалдауға рұқсат етілгендігі туралы куәліктердің болуы); 
      3) жылжымалы құрамның, жөндеу және өндірістік базаның, техникалық құралдардың, тиеу-түсіру механизмдерінің, бақылау-өлшеу жабдықтарының, жабдықталған қызметтік бөлменің бар болуы мен жағдайы (өзіндік жөндеу және өндірістік базасы жоқ және сәйкес жұмыс түрлеріне басқа кәсіпорындармен келісім-шарт жасасқан кәсіпорындардан басқа), сондай-ақ көлікте шаруашылық жүргізетін субъектінің экологиялық қауіпсіздік нормалары мен жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша талаптарды сақтауы; 
      4) лицензиялар, олардың барлығын растайтын есептік құжаттар (көлік құралдарының есептік құжаттары) және олардың көрсетілетін қызмет түріне сәйкестігі; 
      5) жолаушылар мен жүктердің, қауіпті жүктер тасымалын және оларды тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жылжымалы құрам паркінің берілген есептік құжаттар санына сәйкестігі; 
      6) міндетті сақтандыру түрлерінің болуын растайтын шарттар мен сақтандыру полистері; 
      7) алдын-ала техникалық бақылаудан өткен әр көлік құралына берілген техникалық төлқұжат; 
      8) белгіленген нысандардағы жол парақтары мен тауар-көлік құжаттары, билет-есептік парақтар, оларды есепке алу журналдары және басқалары; 
      9) автокөлік құралдарының халықаралық жолаушылар мен тағам өнімдері тасымалына жарамдылығы туралы, сондай-ақ көрсетілген органдардың қорытындысын қажет ететін жүктерді тасымалдау кезінде санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының қорытындысы болуы; 
      10) жүргізушілердің уақытында медициналық тексеруден өтуі; 
      11) бақылау-өткізу бекетінде қажетті құжаттама мен құрал-жабдықтың болуы; 
      12) бақылау-өткізу бекетінде қажетті құжаттар мен құрал-саймандардың, техникалық қызмет көрсетудің (бұдан әрі - ТҚ) және жылжымалы құрамды жөндеудің қабылданған жүйесі, ТҚ-1 мен ТҚ-2 өткізу кестесінің, диагностика постыларының, жуғыштардың болуы және оның жағдайы, жөндеуші жұмыскерлердің болуы және біліктілігі, жұмысқа бақылау қалай және қай жерде жасалатыны және оның сапасы; 
      13) автокөлік құралдарының тұратын орны, сақталуын қамтамасыз ету мен өртке қарсы қауіпсіздік шарттары; 
      14) жүргізушілер құрамы үшін жол-көлік оқиғалары және жол қозғалысы ережелерінің бұзылуы туралы хабарлау әдістері мен жеделдігі, өткізілген нұсқамаларды тіркеу журналдарының, жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойынша іс-шаралар жоспарларының болуы. 

                                       Қазақстан Республикасы
                                     Көлік және коммуникациялар
                                министрінің 2001 жылғы 24 қаңтардағы
                                    N 19-І бұйрығымен бекітілген
                                  Автомобиль көлігімен жолаушылар
                                  мен жүктерді тасымалдау кезінде
                                     лицензиялық нормалар мен
                                 шарттардың сақталуы бойынша заңды
                                   және жеке тұлғаларды тексеру
                                        жөніндегі ережелерге
                                             1-қосымша

                     Тексеруге берілген тапсырма  

N______                                        "___"  _________  ж.

____________________________________________________________________                   (Көліктік бақылау басқармасының атауы)
____________________________________________________________________                  (шаруашылық жүргізуші субъектінің атауы)
___________________ тексеру өткізу үшін _________-ден _________-ге 
дейін _________ күнге 
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________                                           (тексерудің мақсаты)
Көліктік бақылау комитетінің қызметкері(-лері)
____________________________________________________________________
  (Басқарма қызметкерлерінің тегі, аты-жөні, лауазымы, қызметтік
                     куәліктерінің N)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
___________________________________________________________жібереді.
Тапсырманың Көліктік бақылау басқармасы қызметкері(-лері) қызметтік 
куәлікті көрсеткенде күші болады.
_________________________________________              __________   
(КБ Басқармасы басшысының тегі, аты-жөні)                (қолы) 

                                       Қазақстан Республикасы
                                     Көлік және коммуникациялар
                                министрінің 2001 жылғы 24 қаңтардағы
                                    N 19-І бұйрығымен бекітілген
                                  Автомобиль көлігімен жолаушылар
                                  мен жүктерді тасымалдау кезінде
                                     лицензиялық нормалар мен
                                 шарттардың сақталуы бойынша заңды
                                   және жеке тұлғаларды тексеру
                                        жөніндегі ережелерге
                                               2-қосымша

                             Тексеру актісі 
                         (екі дана жасалады)

________                                   "___" _________     ж.

____________________________________________________________________
  (Кәсіпорынның, ұйымның толық атауы, басшысының тегі, аты-жөні)
____________________________________________________________________
Мына құрамдағы комиссия:____________________________________________
                         (тексеруге қатысушылардың тегі, аты-жөні)
____________________________________________________________________
_______________________________________________________   қатысуымен
               (кәсіпорынның қызметкері)

жоғарыда аталған кәсіпорынды тексеруден өткізді.
Тексеру нәтижесінде мыналар анықталды:______________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
"Таныстым"
__________________            ____________________ /     _________
(тексерушінің қолы)          (Басшының тегі, аты-жөні)    (қолы)

Ескертпе: Акт нысаны тексеру мәселелеріне қатысты жекелеген
тармақтармен толықтырыла алады.

                                       Қазақстан Республикасы
                                     Көлік және коммуникациялар
                                министрінің 2001 жылғы 24 қаңтардағы
                                    N 19-І бұйрығымен бекітілген
                                  Автомобиль көлігімен жолаушылар
                                  мен жүктерді тасымалдау кезінде
                                     лицензиялық нормалар мен
                                 шарттардың сақталуы бойынша заңды
                                   және жеке тұлғаларды тексеру
                                        жөніндегі ережелерге
                                               3-қосымша

                   Бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым  
                        (екі дана  жасалады)

____________                                  "___"_________     ж.
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

Осы Ұйғарымды ______________________________________________________
                               (кім берді)
Тексеру өткізу туралы_______________________________________________
            (Көліктік бақылау комитеті аумақтық басқармасының атауы)
берген   200__  жылғы  "___"  ____________ N ___  тапсырмаға  сәйкес
200__  жылғы  "___" ___________  өткізілген тексеру негізінде берді.
Тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтар
____________________________________________________________________    Бұзушылықтар         Анықталған                Жою мерзімі
                     бұзушылықтарды жою       
                      жөніндегі шаралар
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Анықталған жағдайлар көрсетілген мерзімде жойылмаған жағдайда Сізге 
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес шаралар 
қолданылады.

Берді                                          Алды

                     "___"__________ж.   ____________
                   (тапсырылған уақыты)    (лауазымы)

__________________           ____________ /        _______________
(тексерушінің қолы)            (қолы)             (тегі, аты-жөні) 

                                       Қазақстан Республикасы
                                     Көлік және коммуникациялар
                                министрінің 2001 жылғы 24 қаңтардағы
                                    N 19-І бұйрығымен бекітілген
                                  Автомобиль көлігімен жолаушылар
                                  мен жүктерді тасымалдау кезінде
                                     лицензиялық нормалар мен
                                 шарттардың сақталуы бойынша заңды
                                   және жеке тұлғаларды тексеру
                                        жөніндегі ережелерге
                                               4-қосымша

                 Нұсқаманы орындау туралы анықтама 

__________  қаласы                     2000 жылдың "__" ____________

Мен_________________________________________________________________
          (Маманның фамилиясы, аты-жөні, лауазымы,
____________________________________________________________________
       Көліктік бақылау басқармасының атауы, тексеру датасы)
___________________________________________________________берілген
"____" ________ N___нұсқаманың орындалуын тексеру жүргізілді
____________________________________________________________________
   (Басшының фамилиясы, аты-жөні, шаруашылық субъектінің атауы)
Тексеру барысында келесілер анықталды 
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

КББ-ның маманы  _____________                      _______________ 
                                                        (қолы)

Шаруашылық субъектінің 
басшысы                 _____________               _____________
                                                        (қолы)     

                                       Қазақстан Республикасы
                                     Көлік және коммуникациялар
                                министрінің 2001 жылғы 24 қаңтардағы
                                    N 19-І бұйрығымен бекітілген
                                  Автомобиль көлігімен жолаушылар
                                  мен жүктерді тасымалдау кезінде
                                     лицензиялық нормалар мен
                                 шарттардың сақталуы бойынша заңды
                                   және жеке тұлғаларды тексеру
                                        жөніндегі ережелерге
                                               5-қосымша

____________________________________________________________________
               (Көліктік бақылау басқармасының атауы)    

                  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 
                            ХАТТАМА   

      Сериясы _____________                           N ______     

                                         200 жылдың "__"__________

Менімен ___________________________________________________________ 
                (маманның аты-жөні, қызметі)
лауазымды тұлға  (азамат)__________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________                (бұзушының тұлғасы туралы мәліметтер)
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
          (жасалған құқық бұзушылықтың мәнінің қысқа мазмұны)
_______________________________әкімшілік  құқық бұзушылық жасағаны 
жөніндегі осы хаттама жазылды

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі кодексінің ________бабымен
көзделген  жауапкершілік

Құқық бұзушылық  жасаған тұлғаның түсіндірмесі:_____________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Құқық бұзушылықты қарау орны мен қараған орган______________________
Құқық бұзушылықтың куәгерлері ______________________________________
                    (фамилиясы, аты-жөні, мекен-жайы және телефоны)
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі кодексінің ______ бабымен 
ескерілген құқықтары мен міндеттері түсіндірілді   _________
                                                     (қолы)

Хаттаманың түбіршегін алдым
Хаттаманы жазған тұлға __________ куәлік N ____      ____________ 
                                                        (қолы) 
____________________________________________________________________                          N __ хаттаманың түбіршегі

Құқық бұзушылық жасаған тұлға _________Тексеру күні және орны_______
Лицензияның сериясы, нөмірі_________________________________________
Белгіленген бұзушылық_______________________________________________
Құқық бұзушылық қарау орны мен қараған орган________________________
Хаттаманы жазған тұлға _______    куәлік N _____           _________
                                                            (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады