Мемлекеттiк мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегi нұсқаулыққа өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитеті төрайымының 2001 жылғы 30 наурыздағы N 159 бұйрығы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 2 мамырда тіркелді. Тіркеу N 1487. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 4 тамыздағы № 395 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010.08.04 № 395 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.       

      Бұйырамын:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазынашылық

 

департаментiнiң 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 30 бұйрығымен бекiтiлген

Мемлекеттiк мекемелердегi бухгалтерлiк есеп жөнiндегi 


V980489_
 

  нұсқаулыққа

қоса беріліп отырған өзгерiстер мен толықтырулар бекітілсін.

     2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде

мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.


     Төрайым


     Келісілген                                     Бекітілген

     Қазақстан Республикасының                 Қазақстан Республикасының

     Қаржы бірінші вице-министрі                 Қаржы министрлігі

     2001.03.30.                               Қазынашылық комитетінің

                                               2001.03.30. N 159 бұйрығы


          Мемлекеттiк мекемелердегі бухгалтерлік есеп жөніндегi

                 нұсқаулыққа өзгерiстер мен толықтырулар



 
       Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазынашылық департаментiнiң 1998 жылғы 27 қаңтардағы N 30 бұйрығымен бекiтiлген Мемлекеттiк мекемелердегi бухгалтерлiк есеп жөнiндегi V980489_ нұсқаулыққа мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1 және 2-тармақтардағы "есебiн" деген сөзден кейiн "бюджетке түсетiн түсiмдердiң тауарлық және заттай бөлiгiне және оларды жұмсауға байланысты операциялардың есебiн" деген сөздермен толықтырылсын;
      10-тармақтың бесiншi абзацындағы "есебiн" деген сөзден кейiн "бюджетке түсетiн түсiмдердiң тауарлық және заттай бөлiгiне және оларды жұмсауға байланысты операциялардың есебiн" деген сөздермен толықтырылсын;
      32-тармақта:
      Мемлекеттiк мекемелерге арналған шығыстар сметасы орындалуының бухгалтерлiк есебi шоттарының жоспарында:
      V "Ақшалай қаржылар" бөлiмiнде:
      09 "Бюджет бойынша ашылған лимиттер" шоты 098 "Республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердiң тауарлық және заттай бөлiгiне және оларды жұмсауға байланысты операциялар жөнiндегi лимиттер" қосалқы шотымен толықтырылсын;
      10 "Жергiлiктi бюджеттер жөнiндегi лимиттер" шоты 108 "Жергiлiктi бюджетке түсетiн түсiмдердiң тауарлық және заттай бөлiгiне және оларды жұмсауға байланысты операциялар жөнiндегi лимиттер" қосалқы шотымен толықтырылсын;
      VII "Есеп айырысу" бөлiмiнде:
      15 "Орындалған жұмыстар және көрсетiлген қызметтер үшiн берермендермен, мердiгерлермен және тапсырысшылармен есеп айырысу" шоты 158 "Бюджетке түсетiн түсiмдердiң тауарлық және заттай бөлiгiне және оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша есеп айырысу" қосалқы шотымен толықтырылсын;
      115-тармақ:
      098 "Республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердiң тауарлық және заттай бөлiгiне және оларды жұмсауға байланысты операциялар жөнiндегi лимиттер" қосалқы шотымен толықтырылсын;
      120-2-тармақ 120-3-тармақ болып саналсын;
      мынадай мазмұндағы 120-2-тармақпен толықтырылсын:
      "120-2. 098 "Республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердiң тауарлық және заттай бөлiгiне және оларды жұмсауға байланысты операциялар жөнiндегi лимиттер" қосалқы шотында республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердiң тауарлық немесе заттай бөлiгiнiң есебiнен мемлекеттiк мекеменiң шығыстарына және басқа да iс-шараларға арналған ашық лимиттердiң сомасы ескерiледi.
      Мемлекеттiк мекемелерде республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердiң тауарлық және заттай бөлiгiне және оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша қорытындылар:
      республикалық бюджеттiк бағдарламалар үшiн - N 1 нысан бойынша қазынашылық рұқсаттың негiзiнде;
      бағынысты мемлекеттiк мекемелер үшiн - олар N 2 нысан бойынша немесе N 2-а нысаны бойынша алған рұқсаттардың негiзiнде республикалық бюджеттiң есебiнен қаржыландыру ретiнде көрсетiледi. Бұл ретте оларда республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердiң тауарлық және заттай бөлiгiне және оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша көрсетiлген сома 098-қосалқы шотының дебетi бойынша және 230 "Мемлекеттiк мекеменiң шығыстарын және басқа шараларды бюджеттен қаржыландыру", 140 "Мемлекеттiк мекеменiң шығыстарын және басқа шараларды бюджеттен қаржыландыру жөнiндегi есептер" қосалқы шоттарының кредитi бойынша көрсетiледi. Бiр уақытта 158 "Бюджетке түсетiн түсiмдердiң тауарлық және заттай бөлiгiне және оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша есеп айырысу" қосалқы шотының дебетi бойынша және 098-қосалқы шотының кредитi бойынша көрсетiле отырып, екiншi жазба жүргізiледi. Қаржы жылы аяқталғаннан кейiн жүргiзiлген шығыстарды есептен шығару тиiсінше 230, 140-қосалқы шоттарының дебетi бойынша және 200-қосалқы шоттың кредитi бойынша қорытынды айналымдармен жүзеге асырылады.";
      125-тармақ 108 "Жергiлiктi бюджетке түсетiн түсiмдердiң тауарлық және заттай бөлiгiне және оларды жұмсауға байланысты операциялар жөнiндегі лимиттер" қосалқы шотымен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 127-1-тармақпен толықтырылсын:
      "127-1. 108 "Жергiлiктi бюджетке түсетiн түсiмдердiң тауарлық және заттай бөлiгіне және оларды жұмсауға байланысты операциялар жөніндегі лимиттер" қосалқы шотында жергілікті бюджетке түсетін түсiмдердiң тауарлық немесе заттай бөлiгiнiң есебiнен мемлекеттiк мекеменiң шығыстарына және басқа да iс-шараларға арналған ашық лимиттердiң сомасы ескерiледi.
      Жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелерде жергiлiктi бюджетке түсетiн түсiмдердiң тауарлық және заттай бөлiгiне және оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша қорытындылар қаржылық рұқсаттың негiзiнде жергiлiктi бюджеттiң есебiнен қаржыландыру ретiнде көрсетiледi.
      Бұл ретте оларда жергiлiктi бюджетке түсетiн түсiмдердiң тауарлық және заттай бөлiгiне және оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша көрсетiлген сома 108-қосалқы шотының дебетi бойынша және 230 "Мемлекеттiк мекеменің шығыстарын және басқа шараларды бюджеттен қаржыландыру", 140 "Мемлекеттiк мекеменiң шығыстарын және басқа шараларды бюджеттен қаржыландыру жөнiндегi есептер" қосалқы шоттарының кредитi бойынша көрсетiледi. Бiр уақытта 158 "Бюджетке түсетiн түсiмдердiң тауарлық және заттай бөлiгiне және оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша есеп айырысу" қосалқы шотының дебетi бойынша және 108-қосалқы шотының кредитi бойынша көрсетiле отырып, екiншi жазба жүргiзiледi. Қаржы жылы аяқталғаннан кейiн жүргiзiлген шығыстарды есептен шығару тиiсінше 230, 140-қосалқы шоттарының дебетi бойынша және 200-қосалқы шотының кредитi бойынша қорытынды айналымдармен жүзеге асырылады.";
      мынадай мазмұндағы 141-1-тармақпен толықтырылсын:
      "141-1. Мемлекеттiк мекемелерде тиiстi бюджетке түсетiн түсiмдердiң тауарлық және заттай бөлiгiне және оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша қорытындылар тиiстi бюджеттің есебiнен қаржыландыру ретiнде көрсетiледi.
      Бұл ретте оларда тиiстi бюджетке түсетiн түсiмдердiң тауарлық және заттай бөлiгiне және оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша көрсетiлген сома тиiсiнше 098 "Республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердiң тауарлық және заттай бөлiгiне және оларды жұмсауға байланысты операциялар жөнiндегi лимиттер", 108 "Жергiлiктi бюджетке түсетiн түсiмдердiң тауарлық және заттай бөлiгiне және оларды жұмсауға байланысты операциялар жөнiндегi лимиттер" қосалқы шоттарының дебетi бойынша және 140 "Мемлекеттiк мекеменiң шығыстарын және басқа шараларды бюджеттен қаржыландыру жөнiндегi есептер" қосалқы шотының кредитi бойынша көрсетiледi. Бiр уақытта 158 "Бюджетке түсетiн түсiмдердiң тауарлық және заттай бөлiгіне және оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша есеп айырысу" қосалқы шотының дебетi бойынша және 098, 108-қосалқы шотының кредитi бойынша көрсетiле отырып, екіншi жазба жүргiзiледi. Қаржы жылы аяқталғаннан кейін жүргiзiлген шығыстарды есептен шығару 140-қосалқы шотының дебетi бойынша және 200-қосалқы шотының кредитi бойынша қорытынды айналымдармен жүзеге асырылады.";
      149-тармақ 158 "Бюджетке түсетiн түсiмдердiң тауарлық және заттай бөлiгiне және оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша есеп айырысу" қосалқы шотымен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 156-1-тармақпен толықтырылсын:
      "156-1. 158 "Бюджетке түсетiн түсiмдердiң тауарлық және заттай бөлiгiне және оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша есеп айырысу" қосалқы шотында мемлекеттiк мекемелердiң бюджетке түсетiн түсiмдердiң тауарлық немесе заттай бөлiгiне байланысты операциялар бойынша есеп айырысулары ескерiледi.
      Мемлекеттiк мекемелер активтердiң, арзан құнды және тез тозатын заттардың және басқа да материалдық құндылықтардың түсуiн тиiстi 01, 04, 06, 07-қосалқы шоттардың дебетi бойынша және 158-қосалқы шоттың кредитi бойынша ескередi. Бiр уақытта түскен активтердiң және арзан құнды және тез тозатын заттардың құнына 200 "Бюджет бойынша мемлекеттiк мекеменi ұстауға және басқа шараларға арналған шығыстар" қосалқы шотының дебетi бойынша және 250 "Активтердегi қорлар", 260 "Арзан құнды және тез тозатын заттардағы қорлар" қосалқы шоттарының кредитi бойынша жазба жүргiзiледi.
      Кадрларды оқыту, жабдықтарды жөндеу және жұмыстар мен мемлекеттiк мекемеге көрсетiлетiн қызметтердiң басқа да түрлерi бойынша шығыстар 200-қосалқы шоттың дебетi және 158-қосалқы шоттың кредитi бойынша көрсетiледi.
      158-қосалқы шот бойынша есеп айырысулардың талдамалық есебi әрбiр операция бойынша 292-а нысан карточкаларында (292 нысан кiтабында) жүргiзiледi.";
      196-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын:
      "Бұдан басқа, осы қосалқы шотта бюджетке түсетiн түсiмдердiң тауарлық немесе заттай бөлiгi есебiнен мемлекеттiк мекеменi ұстауға және басқа шараларға арналған шығыстар ескерiледi.";
      210-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Мемлекеттiк мекемелерде тиiстi бюджетке түсетiн түсiмдердiң тауарлық және заттай бөлiгiне және оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша қорытындылар тиiстi бюджеттiң есебiнен қаржыландыру ретiнде көрсетiледi.
      Бұл ретте оларда тиiстi бюджетке түсетін түсiмдердiң тауарлық және заттай бөлiгiне және оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша көрсетiлген сома тиiсінше 098 "Республикалық бюджетке түсетiн түсiмдердiң тауарлық және заттай бөлiгiне және оларды жұмсауға байланысты операциялар жөнiндегi лимиттер", 108 "Жергiлiктi бюджетке түсетiн түсiмдердiң тауарлық және заттай бөлiгiне және оларды жұмсауға байланысты операциялар жөнiндегi лимиттер" қосалқы шоттарының дебетi бойынша және 230-қосалқы шоттың кредитi бойынша көрсетіледi. Бiр уақытта 158 "Бюджетке түсетiн түсiмдердiң тауарлық және заттай бөлiгiне және оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша есеп айырысу" қосалқы шотының дебетi бойынша және 098, 108-қосалқы шотының кредитi бойынша көрсетiле отырып, екiншi жазба жүргiзiледi. Қаржы жылы аяқталғаннан кейiн жүргiзiлген шығыстарды есептен шығару 230-қосалқы шоттың дебетi бойынша және 200-қосалқы шоттың кредитi бойынша қорытынды айналымдармен жүзеге асырылады.";
      көрсетiлген нұсқаулықтың 2 "Негiзгi бухгалтерлiк операциялар бойынша қосалқы шоттардың корреспонденциясы" қосымшасында:
      мынадай мазмұндағы 64-1-тармақпен толықтырылсын:
      "64-1. Бюджетке түсетiн түсiмдердiң тауарлық және заттай бөлiгiне және оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша лимиттер ашу, дебет бойынша бағанда - "098, 108", кредит бойынша бағанда - "230, 140".
      Бiр уақытта екiншi жазба жүргiзiледi, дебет бойынша бағанда - "158", кредит бойынша бағанда - "098, 108";
      мынадай мазмұндағы 114-1 және 114-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "114-1. Бюджетке түсетiн түсiмдердiң тауарлық және заттай бөлiгiне

 

және оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша материалдық

құндылықтардың түсуi дебет бойынша бағанда - "013-019, 040-041, 060-069,

070", кредит бойынша бағанда - "158".

     Бiр уақытта активтердi (негiзгi құралдарды) және арзан құнды және тез

тозатын заттарды есепке алу кезiнде екiншi жазба жүргiзiледi, дебет

бойынша бағанда - "200", кредит бойынша бағанда - "250, 260".

     114-2. Бюджетке түсетiн түсiмдердiң тауарлық және заттай бөлiгіне

және оларды жұмсауға байланысты операциялар бойынша (кадрларды оқыту,

жабдықтарды жөндеу және жұмыстар мен қызметтердiң басқа да түрлерi

бойынша) шығыстар, дебет бойынша бағанда - "200", кредит бойынша бағанда -

"158".


     Мамандар:

              Икебаева Ә.Ж.

              Жұманазарова А.Б.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады