Қаражаттар төлеу Ережелеріне және шығындар сметасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2001 жылғы 17 тамыздағы N 257 бұйрығы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 19 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 1643. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2009 жылғы 3 маусымдағы N 323 бұйрығымен

       Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2009.06.03 N 323 бұйрығымен.

      Асыл тұқымды орталық құруға және еттi бағыттағы асыл тұқымды құс шаруашылығын қалпына келтiруге республикалық бюджеттен бөлiнген қаражатты тиiмдi пайдалану және игеру мақсатында
                               БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған "Элиталық тұқым шаруашылығын және мал тұқымын асылдандыру iсiн сақтау және дамыту" - 38 бағдарлама бойынша 2001 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражатты төлеу Ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2001 жылғы 3 наурыздағы N 47 V011451_ бұйрығымен бекiтiлген "Элиталық тұқым шаруашылығы және мал тұқымын асылдандыру iсiн сақтау және дамыту" - 38 бағдарлама бойынша 2001 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражаттар төлеу Ережелерiне және шығындар сметасына енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн. 2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау мал шаруашылығы және мал тұқымын асылдандырудың мемлекеттiк инспекциясы Департаментiне жүктелсiн (Сатығұл С.). 3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi. Министр Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ауыл шаруашылығы бірінші Вице-министрі министрінің 2001 жылғы 17 тамыз 2001 жылғы 18 тамыз N 257 бұйрығымен "келісілді" "бекітілді" "Элиталық тұқым шаруашылығы және мал тұқымын асылдандыру ісін сақтау және дамыту" - 38 бағдарлама бойынша 2001 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат төлеудің ережелеріне және шығыстар сметасына өзгерістер мен толықтырулар
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң 2001 жылы 3 наурыздағы N 47 V011451_ бұйрығымен бекiтiлген "Элиталық тұқым шаруашылығы және мал тұқымын асылдандыру iсiн сақтау және дамыту" - 38 бағдарлама бойынша 2001 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген және 2001 жылға арналған қаражаттар төлеу ережесiне және шығындар сметасына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 2-бөлiмдегi бұқалардың ұрығын сату iсiн қаржыландыру: 11 тармақта: "оны мақсатты пайдаланғанын растағанда" деген сөздер алынып тасталсын; 14-тармақтағы төртiншi абзац алынып тасталсын; 4-бөлiмдегi Асыл тұқымды орталықты құруға және онда жоғары өнiмдi бұқаларды күтiп бағуға бөлiнген қаражаттар шығынын: 31-тармақта: "сатып алуды," деген сөзден кейiн "өндiрiстiк жайларды жоғары сыныптық бұқаларды ұстауға әзiрлеудi," деген сөздермен толықтырылсын; 32-тармақта: 1) тармақшадағы: "54" деген сан "30" деген санмен ауыстырылсын; "7,1" деген сан "3,9" деген санмен ауыстырылсын; 3) тармақшадағы: "300" деген сан "200" деген санмен ауыстырылсын; "21,9" деген сан "14,6" деген санмен ауыстырылсын; 33-тармақта: бiрiншi абзацта: "80" деген сан "56" деген санмен ауыстырылсын; 34-тармақта: екiншi абзацта: "80" деген сан "56" деген санмен ауыстырылсын; үшiншi абзацта: "300" деген сан "200" деген санмен ауыстырылсын; 5-бөлімде Етті бағыттағы асыл тұқымды құс шаруашылығын құруға және онда асыл тұқымды құстарды күтiп бағуға бөлiнген қаражаттар шығынын: 39-тармақта: 1) тармақшадағы: "20000" деген сан "22000" деген санмен ауыстырылсын; "550" деген сан "255" деген санмен ауыстырылсын; "11,0" деген сан "5,6" деген санмен ауыстырылсын; 40-тармақта: бiрiншi абзацтағы: "20" деген сан "22" деген санмен ауыстырылсын; 41-тармақта: екiншi абзацтағы: "20" деген сан "22" деген санмен ауыстырылсын. 2. "Элиталық тұқым шаруашылығы және мал тұқымын асылдандыру iсiн сақтау және дамыту" - 38 бағдарламада 2001 жылға қаралған шығындар сметасында: реттiк нөмiрi 2 жолда: "Шығындар статьясы": "80" деген сан "56" деген санмен ауыстырылсын; "300" деген сан "200" деген санмен ауыстырылсын; "20" деген сан "22" деген санмен ауыстырылсын; "отандық және шет елдiк селекциядан 80 бұқа сатып алу" деген жолдан кейiн шығындардың жаңа бабы қосылсын "жоғары сыныпты бұқаларды ұстауға өндiрiстiк қора-қопсыларды дайындау"; "Сома, млн. теңге" бағанада: "131,8" деген сан "135,4" деген санмен ауыстырылсын; "15,6" деген сан "17,0" деген санмен ауыстырылсын; "105" деген сан "100" деген санмен ауыстырылсын; "64" деген сан "59" деген санмен ауыстырылсын; "12,8" деген сан "9,6" деген санмен ауыстырылсын; "12,8" деген саннан кейін "17" деген санмен толықтырылсын; "17,8" деген сан "6,3" деген санмен ауыстырылсын; "21,9" деген сан "14,6" деген санмен ауыстырылсын; "33,6" деген сан "38,6" деген санмен ауыстырылсын; "11,0" деген сан "5,6" деген санмен ауыстырылсын; "17,3" деген сан "21,4" деген санмен ауыстырылсын; "5,3" деген сан "11,6" деген санмен ауыстырылсын; 12-қосымшадағы "Асыл тұқымды шаруашылықтарға сатылған асыл тұқымды өнiмге (материалға) бөлінетін демеуқаржылардың мөлшерi және 2001 жылға белгiленген квотаның жалпы көлемi": "а) "сатылатын төл малдарға белгiленген квоталар және бағалама" бөлiмдегi реттiк нөмерi 2-бағанда: "Квотаға кiретiн тiрiлей салмақтың жалпы көлемi, тонна": "2029,0" деген сан "2139,0" деген санмен ауыстырылсын; "1110,5" деген сан "1117,5" деген санмен ауыстырылсын; "304,1" деген сан "311,1" деген санмен ауыстырылсын; "918,58" деген сан "1021,5" деген санмен ауыстырылсын; "835,58" деген сан "923,5" деген санмен ауыстырылсын; "31" деген сан "46" деген санмен ауыстырылсын; "3850,7" деген сан "3960,7" деген санмен ауыстырылсын; реттік нөмері 4-бағанда: "Тұқымдарға бөлінетін демеу-ақының жалпы сомасы, мың. теңге": "74420,1" деген сан "78021,5" деген санмен ауыстырылсын; "44420" деген сан "44700" деген санмен ауыстырылсын; "12164" деген сан "12444" деген санмен ауыстырылсын; "30000,1" деген сан "33321,5" деген санмен ауыстырылсын; "27574,1" деген сан "30475,5" деген санмен ауыстырылсын; "868" деген сан "1288" деген санмен ауыстырылсын; "131800" деген сан "135400" деген санмен ауыстырылсын; "б) ұрықтың бір дозасына белгіленген квоталардың жалпы көлемі және бағаламасы" бөлімдегі: реттік нөмері 3-бағанда: "Бұқалардың ұрығының сатылатын көлемінің квотасы, мың доза": "875" деген сан "834" деген санмен ауыстырылсын; "в) бір дана асыл тұқымды жұмыртқаға белгіленген квотаның көлемі және бағаламасы" бөлімдегі: "Асыл тұқымды жұмыртқаның сатылатын көлемінің квотасы, мың дана": "2229" деген сан "2429" деген санмен ауыстырылсын. Мамандар: Омарбекова А.Т. Қасымбеков Б.А.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады