Қазақстан Республикасы Iшкіісминi мен Әдiлет министрлiгiне бекiтiлген контингентi арасында ВИЧ/ЖҚТБ инфекциясы таралуын ескерту жөнiндегi шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 6 желтоқсандағы N 140, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 7 желтоқсандағы N 862, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2001 жылғы 10 желтоқсандағы N 1122 Бірлескен Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 29 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 1717. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 20.11.2002 ж. N 169, ҚР Ішкі істер министрінің 20.11.2002 ж. N 728, ҚР Десаулық сақтау министрінің 25.09.2002 ж. N 893 бірлескен бұйрығымен.

      " ЖҚТБ ауруының алдын алу туралы ", " Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексiнiң 97-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Iшкіісминiне және Әдiлет министрлiгiне бекiтiлген контингентi арасында ВИЧ/ЖҚТБ инфекциясы таралуын ескерту жөнiндегi жұмысты ұйымдастырудың Ережесi бекiтiлсiн.

      2. ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөнiндегi республикалық орталық (Т.Е. Чакликов):

      1) Қазақстан Республикасы Iшкіісминi мен Әдiлет министрлiгiне тiркелген контингент арасында ВИЧ/ЖҚТБ инфекциясының алдын алу, оны анықтау мен емдеу жөнiндегi әдiстемелiк көмектi қамтамасыз ету.

      2) Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң қабылдау-тарату орындарындағы, Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейiмдеу және ақтау орталықтарындағы, тергеу изоляторларындағы, уақытша ұстау изоляторларында және Әдiлет министрлiгiнің мекемелерiндегi контингенттi ВИЧ/ЖҚТБ затына ақысыз тексерудi қамтамасыз ету;

      3) Әдiлет министрлiгiнің Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiмен, Iшкіісминiң Қамауда ұстау орындары департаментiмен (М.М. Баймұхамбетов), Қоғамдық қауiпсiздiк департаментiмен (Г.С. Алпысбаев), Медициналық басқармасымен (Б.Х. Әлiбеков) бiрлесе отырып, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгі мен Iшкіісминiнің ведомстволық денсаулық сақтау мекемелерiнiң медициналық қызметкерлерiн ВИЧ/ЖҚТБ инфекциясы мәселесі жөнінде оқытуды ұйымдастыру;

      4) Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң Медициналық басқармасымен (Б.Х. Әлiбеков), Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнің Сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету басқармасымен бiрлесе отырып, ВИЧ-инфекциясының алдын алу жөнiндегi бiлiм беру бағдарламаларын Қазақстан Республикасы Iшкіісминi мен Әдiлет министрлiгiне тiркелген контингентi арасында арналған әдiстемелiк құралдарды дайындау.

      3. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнің Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiне, Iшкіісминiң Қамауда ұстау орындары департаментiне (М.М. Баймұхамбетов), Қоғамдық қауiпсiздiк департаментiне (Г.С. Алпысбаев), Медициналық басқармасына (Б.Х. Әлiбеков):

      1) қабылдау-тарату орындарында, Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейiмдеу және ақтау орталықтарында, Iшкіісминiнiң тергеу изоляторларында, уақытша ұстау изоляторында және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнің түзеу мекемелерiнде ұсталатын азаматтардың ВИЧ/ЖҚТБ-ны анықтау үшiн тексерудi ұйымдастыру;

      2) ВИЧ-инфекциясын жұқтырғандарды және ЖҚТБ-мен ауыратындарды, туберкулезбен тiркескен ВИЧ-инфекциясын жұқтырғандарды және ЖҚТБ-мен ауыратындарды, айыпталушыларды, сезіктілерді және сотталғандарды негiзгi массасынан оқшау ұсталуын қамтамасыз ету;

      3) ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөнiндегi республикалық орталықпен (Т.Е. Чакликов) бiрлесе отырып, жыл бойы арнайы оқыту сағаттарын бөлу арқылы "ВИЧ/ЖҚТБ проблемасы және оның алдын алу" атты бiлiм беру бағдарламасы бойынша:

      Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi мен Iшкіісминiнiң оқу орындарындағы курсанттарымен тыңдаушыларын, жеке құрамын;

      Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнің Қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелеріндегі және Iшкіісминiнiң тергеу изоляторларында, уақытша ұстау оқшаулау контингентін.

      4. Бұйрық 2002 жылғы 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

      5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің және Ішкіісминінің қоса бұйрығымен бекітілген 2001 жылғы 12 сәуірдегі N 313/334 "Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің қоса бұйрығымен бекітілген Ішкіісминінің тіркелген контингенті арасында ВИЧ/ЖҚТБ таралуының алдын алу жөніндегі шаралары туралы" 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылады.

      6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер вице-Министрі ішкі қызмет генерал-майоры Н.А. Власовқа, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-Министрі А.Т. Айдархановқа және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасына жүктелсін.

Қазақстан Республикасы


Ішкі істер министрі


генерал-майор


Қазақстан Республикасы


Әділет министрі


Қазақстан Республикасы


Денсаулық сақтау министрі



  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер Министрімен
2001 жылғы 7 желтоқсан N 862
Қазақстан Республикасы
Әділет Министрімен
2001 жылғы 6 желтоқсан N 140
Қазақстан Республикасы
Денсаулық Министрімен
2001 жылғы 10 желтоқсан N 1122
Қоса біріккен бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Iшкіісминi мен Әдiлет министрлiгiне бекiтiлген контингент арасында ВИЧ/ЖҚТБ инфекциясы таралуының ескерту жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру
ЕРЕЖЕЛЕРI
1. Жалпы ережелер

      1. Жұқтырылған қорғаныс тапшылығы белгiсi (бұдан әрi - ЖҚТБ) қорғаныс және жүйке жүйелерiн зақымдау арқылы ететiн, ауыр инфекциялық, паразитарлық аурулар мен қатерлi жаңадан пайда болулардың дамуымен байқалатын вирустық этиология ауруы болып табылады. Қазiргi кезде инфекцияны жұқтырудың мынадай жолдары анықталған: жыныстық, парентеральдық (терi және шырышты жамылғының тұтастығы бұзылған кезде), трансфузиондық (донор қанын және оның препараттарын қайта құю кезiнде), сондай-ақ анасынан нәрестесiне (жүктi болу, туу, төсiнен емiзу кезiнде).

      Ауру көбiне инъекциялық нашақорлар, ретсiз жыныстық қатынастар жасаушы тұлғалар, гомонәпсiқұмарлар арасында тiркеледi.

      Республикамызда пенитенциарлық мекемесiне келiп түсу кезiнде анықталатын адамның иммунтапшылығы вирусын (бұдан әрi - ВИЧ) жұқтырған адамдар санының өсуi байқалып отыр. Пенитенциарлық мекемелерге келiп түсетiн адамдардың көпшiлiгi тексеру сәтінде ВИЧ-инфекциясының лабораторлық әдiспен анықталмайтын жасырын түрде өтуi кезеңiнде (серонегативтiк кезең) болуы мүмкiн, алайда, бас бостандығынан айыру жағдайларында олар маңайындағыларға үлкен қауiп төндiредi.

      Қазақстан Республикасында ЖҚТБ-мен ауру жағдайлары санының өсуi және бұл инфекцияның эпидемиологиялық ерекшелiктерi денсаулық сақтау органдары мен мекемелерiне ведомстволық тиесiлiгiне қарамастан ВИЧ-инфекциясын жұқтырған тұлғаларды дер кезiнде анықтауды ұйымдастыру, инфекция жұқтырғандарды бақылау, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi мен Iшкіісминiне бекiтiлген контингент арасында (iшкi iстер органдарында және қылмыстық атқару жүйесi қызметкерлерi, оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушылары, тергеу изоляторлары, уақытша ұстау изоляторлары, қабылдау-тарату, уақытша оқшаулау, бейiмдеу және ақтау орталықтарында, түзеу мекемелерiндегi тұлғалар) ЖҚТБ-ның одан әрi таралуына кедергi жасайтын эпидемиологиялық қадағалау iс-шараларын жүргiзу қажеттiлiгiн талап етiп отыр.

2. Денсаулық сақтау мемлекеттiк ұйымдарының, ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөнiндегi орталықтарының мiндеттерi

      2. Денсаулық сақтау ұйымдарының, ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөнiндегi орталықтардың негiзгi мiндеттерi:

      1) ЖҚТБ-ның - алдын алу және оған қарсы күрес жөнiндегi орталықтар зертханаларының материалдарды қабылдап алуы мен ВИЧ-инфекциясына зерттеудi иммуноферменттiк анализ (бұдан әрi - ИФА) әдiсiмен жүргiзуi, қажет болғанда ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөнiндегi Республикалық орталыққа ВИЧ-инфекциясына қарсы денелердi анықтау жөнiндегi зерттеулер жүргiзушi зертхана жүзеге асыратын иммуноблотинг әдiсiмен анализдер немесе басқа да тереңдетiлген зерттеулер жүргiзу үшiн материалдар қабылдау;

      2) Қазақстан Республикасы Iшкіісминi мен Әдiлет министрлiгiнiң денсаулық сақтау қызметтерiне тергеу изоляторларында (бұдан әрi - ТИ), түзеу колонияларында (бұдан әрi - ТК), қабылдау-тарату орындарында, кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейiмдеу және ақтау Орталықтарындағы (бұдан әрi - КТУОБАО) ұсталатын, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесiнiң түзеу мекемелерiнде (бұдан әрi - ТМ ) ұсталатын ВИЧ-инфекциясы табылған және ЖҚТБ-мен ауырған адамдар туралы уақытылы ақпарат беру;

      3) анықталған ВИЧ-инфекциясын жұқтырғандарға және ЖҚТБ-мен ауыратындарға бiлiктi маманданған кеңес берудi қамтамасыз ету;

      4) Iшкіісминiнiң аумақтық бөлiмшелерi және Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесi ЖҚТБ бойынша сол аумақтағы эпидемиологиялық жағдай туралы, сондай-ақ қатерлi топтар бойынша эпидскрининг нәтижелерi туралы ай сайын ақпарат беру;

      5) Қазақстан Республикасы Iшкіісминi мен Әдiлет министрлiгiнiң денсаулық сақтау қызметтерiне ВИЧ/ЖҚТБ-ның алдын алу мәселелерi бойынша бекiтiлген контингенттi оқыту жөнiнде әдiстемелiк көмек көрсету;

      6) ТИ-де, ТК-да, қабылдау-тарату орындарында, УҰИ-да, КТУОБАО-да ұсталатын адамдарды ВИЧ-инфекциясына тексеру (ИФА, иммуноблотинг) " ЖҚТБ ауруының алдын алу туралы ", " Қазақстан Республикасында азаматтардың денсаулығын сақтау туралы " Қазақстан Республикасының Заңдарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң нормативтiк құқықтық кесiмдерiне сәйкес республикалық және жергiлiктi бюджеттер, мекеме, ұйым, кәсiпорынның жеке меншiк түрiне қарамастан ерiктi жарнама, азаматтар мен қоғамдық бiрлестiк, құрмалдық, қайырымдылық көмек, сондай-ақ қорлар есебiнен жүзеге асырылады.

3. Iшкi iстер органдары мен қылмыстық-атқару жүйесi
бөлiмшелерiнiң ЖҚТБ-ның алдын алу жөнiндегi мiндеттерi

      3. Алматы қаласы IIББ-нiң, облыстардағы IIББ-IIБ-нiң, облыстардағы ҚАЖ Комитетi басқармаларының медициналық қызметтерi (бұдан әрi - МҚ):

      1) ВИЧ/ЖҚТБ-ның алдын алу мәселелерi бойынша медициналық-ағарту жұмыстарын жүргiзудi қамтамасыз етедi;

      2) мыналарға:

      емдеу-алдын алу мекемелерiнiң стерилизациялау бөлiмшелерiнiң жұмысын ұйымдастыруға және дезинфекциялық-стерилизациялау режимдерiнiң Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық кесiмдерiнiң талаптарына қатаң сәйкестiкте болуына;

      ЖҚТБ-ны жұқтырғандарға жататын контингенттiң Қазақстан Республикасы Iшкіісминi мен Денсаулық сақтау министрлiгiнiң және Әдiлет Министрлiгiнiң нормативтiк құқықтық кесiмдерiне сәйкес тексеру жүргiзуге толық қамтылуына;

      бағыныстағы мекемелердiң статистикалық есеп берудi дер кезiнде ұсынуына;

      ВИЧ-инфекциясын жұқтырған сотталғандарды қылмыстық-атқару жүйесiнiң арнайы мекемелерiне этаптау кезiндегi құпиялылықтың сақталуына бақылау орнатады.

      4. Алматы қаласы IIББ-нiң, облыстардағы IIББ-IIБ-ның, облыстардағы ҚАЖ Комитетi басқармаларының Санитарлық-эпидемиологиялық станциялары (бұдан әрi - СЭС):

      1) мыналарға:

      қатерлi топқа жататын адамдарды анықтауға, есепке алуға және олардың толық тексерiлуiне;

      медициналық персонал қанмен жұмыс iстеген кезде дезинфекциялық режимнiң сақталуына және оларды жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етiлуiне;

      серопозитивтiк адамдарды есепке алуға, диспансерлiк бақылауға және қайта тексеруге;

      ВИЧ-инфекциясын жұқтырғандармен немесе ЖҚТБ-мен ауыратындар ауыратындармен байланыста болғандарды есепке алу және байланыстан кейiн 3 және 6 ай өткен соң, ал одан әрi ерiктi түрде лабораторлық тексеруге;

      ведомстволық емдеу-алдын алу мекемелерiнiң ВИЧ-инфекциясын жұқтырғанды анықтаудың әрбiр жағдайына белгiленген нысандардағы төтенше хабарламаларды уақытылы жiберуiне;

      ведомстволық бағыныстағы мекемелердiң статистикалық есеп берудi дер кезiнде ұсынуына;

      анықталған инфекция жұқтырған адамдардың немесе ЖҚТБ-мен ауыратындардың инфекциялық ауруларды белгiленген үлгiдегi есепке алу журналында тiркелуiне және төтенше хабарлардың Қазақстан Республикасы Iшкіісминi мен Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң тиiстi медициналық басқармаларына (бұдан әрi - медициналық басқарма) жiберiлуiне бақылау орнатады;

      2) медициналық басқармаға ВИЧ-инфекциясын жұқтырудың әрбiр анықталған жағдайы жөнiндегi жазбаша ақпаратты мынадай схема бойынша ұсынады:

      төлқұжат деректерi (Т.А.Ә.), туған датасы мен жылы, мекен-жайы, инфекция жұқтырған адам ұсталатын мекеме;

      келiп түскен датасы, бап, қатерлi топқа қатысы, байланыста болған адамдары туралы мәлiметтер (жыныстық партнерлерi, нашақор-партнерлерi, ауру адамға қаны құйылған донорлар туралы, ауру адам қанының реципиенттерi, медициналық байланыстар туралы);

      тексеру: анализдiң нөмiрi көрсетiлген ИФА мен иммуноблотинг нәтижесi, жүргiзiлген датасы, клиникалық диагнозы;

      ауруға (жұқтырушыға) ЖҚТБ-ны бiле тұра жұқтырғаны үшiн қылмыстық жауапкершiлiк туралы ескертудiң жасалған-жасалмағаны;

      мамандандырылған мекемеге жiберiлген датасы;

      3) статистикалық есеп берудi медициналық басқармаға есептiк кезеңнен кейiнгi айдың 10 күнiне қарай ұсынуды қамтамасыз етедi;

      4) аумақтық денсаулық сақтау мекемелерiмен (облыстық ЖҚТБ орталықтарымен, наркологиялық диспансерлермен, терi-венерологиялық диспансерлермен және т.б.) ақпарат алмасу және ВИЧ/ЖҚТБ-ның алдын алуға бағытталған iс-әрекеттердi үйлестiру бойынша өзара iс-қимыл жасайды;

      5) ВИЧ/ЖҚТБ-ны жұқтырғандар Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң және Әдiлет министрлiгiнiң мекемелерiнен босатылған жағдайда есепке қою және диспансерлiк бақылауға алу үшiн олар кеткен жердегi республикалық және аумақтық (облыстық, Астана, Алматы қалаларының) ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөнiндегi орталықтарға жазбаша түрде хабарлайды.

      5. ТИ мен ТМ-ның бастықтары:

      1) мекеме бойынша бұйрықпен медициналық, жедел-режимдiк және тәрбиелеу қызметтерiнен қатерлi топқа жататын контингенттi анықтау мен есепке алуға жауапты қызметкерлердi, олардың ВИЧ-инфекциясына дер кезiнде және толық тексерiлуiн, есеп берудi ұсынуды, есеп беру-есепке алу құжаттамасын жүргiзудi, санитарлық-ағарту жұмысын ұйымдастыруды тағайындайды;

      2) Қазақстан Республикасы Iшкiiсминi мен Денсаулық сақтау министрлiгi және Әдiлет министрлiгiнiң кесiмдерiне сәйкес, айыпталушылар, сезiктiлер мен сотталғандар қатарындағы контингенттiң мекемеде тексерiлуiн ұйымдастырады;

      3) статистикалық есеп берудiң МҚ-ға есептiк кезеңнiң 5 күнiне қарай уақытылы ұсынылуын қамтамасыз ету;

      4) ЖҚТБ-ға қан алу үшiн жеке кабинет бөлiп, оны жабдықтайды, алынған материалды оның сапасына кепiлдiк беретiн талаптарды сақтай отырып, аумақтық диагностикалық зертханаларға мекеме көлiгiмен жеткiзедi.

      Қан немесе қан сарсуы үлгiлерiне мекеменiң атауы, тексерiлушiнің Т.А.Ә., туған жылы, жынысы, материалды алу датасы, қатерлi тобы көрсетiлген бланк қоса берiледi, клиникалық көрсетулер бойынша тексеру кезiнде - диагнозы көрсетiледi;

      5) ВИЧ-инфекциясын жұқтырған және ЖҚТБ-мен ауыратын айыпталушыларды, сезiктiлер мен сотталғандарды, сондай-ақ қатерлi топқа жататын адамдарды медициналық бөлiмде жүргiзiлетiн журналда (1-қосымша) есепке алуды қамтамасыз етедi.

      Қатерлi топ контингентiн ғана картотекалық есепке алуды мекеменiң жедел бөлiмi жүргiзедi, онда мiндеттi түрде ВИЧ инфекциясына тексеру туралы (2-қосымша) белгi болуы тиiс. ВИЧ инфекциясына тексерiлетiндердiң картотекасы жедел бөлiмде сақталады, оны жедел және медициналық бөлiмдердiң қызметкерлерi толтырады. Айыпталушыларды, сезiктiлер мен сотталғандарды бiр мекемеден екiншi мекемеге ауыстырған кезде есепке алу карточкасы жеке iсiне қосылады.

      Қатерлi топтың инфекция жұқтырмаған адамдары тек олардың жаза мерзiмi аяқталғаннан кейiн ғана есептен шығарылған болып саналады. ВИЧ-инфекциясын жұқтырған адамдар өмiрiнiң барлық кезеңiнде диспансерлiк бақылауда болады.

      6. Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң уақытша ұстау изоляторлары мен қоғамдық қауiпсiздiк қызметтерi арнайы мекемелерiнiң бастықтары:

      1) қабылдау-тарату орындарында, КТУОБАО-ға келiп түсетiн барлық контингенттi ВИЧ-ке тексерудi дерматовеноролог, ал әйел жынысты жасөспiрiмдердi - қажет болғанда гинеколог алдын ала қарағаннан кейiн ұйымдастырады; КТУОБАО-да ұсталатын тұлғаларды ВИЧ инфекциясын тексеру азаматтардың денсаулығын сақтау саласында Қазақстан Республикасы уәкiлеттi Орталықтың атқарушы органымен бекiтiлген ережелерге сәйкес өткiзiледi;

      2) медициналық столмен, тоңазытқышпен, қол жууға арналған раковинамен, медициналық қызметкерге арналған ауыстырылып отыратын белгi салынған санитарлық киiммен және аяқ киiммен қамтамасыз етiп, ЖҚТБ-ға қан алу үшiн жұмыс орнын бөледi;

      3) қан немесе қан сарсуы үлгiлерiн мекеме көлiгiмен диагностикалық зертханаға дер кезiнде (бiр тәулiк iшiнде) жеткiзудi қамтамасыз етедi;

      4) ТИ-ға, бiлiм берудiң арнаулы ұйымдарына жiберiлетiн тұлғалардың жеке iсiне ЖҚТБ-ға тексерудiң датасы мен нәтижесiн және қатерлi топқа қатысы (ол анықталған жағдайда) көрсетiле отырып, белгiленген үлгiдегi анықтаманы қоса бередi.

4. Тексеру әдiстемесi мен тәртiбi

      7. ВИЧ-ке қарсы денелерi бар тұлғаларды қанын ИФА әдiсiмен зертханалық тексеру анықтаудың негiзгi әдiсi болып табылады.

      Қан ИФА-дағы бастапқы серодиагностикалау үшiн күре тамырдан 3-5 мл. мөлшерiнде алынып, дәл сол күнi зерттеу үшiн ВИЧ-ке қарсы денелердiң болуын анықтайтын аумақтық денсаулық органдарының зертханасына жiберiледi. Тез арада жеткiзу мүмкiндiгi болмаған жағдайда қан сарсуын бөлiп алып, оны стерильдi флаконға ауыстыру керек және зертханаға жеткiзу арқылы оны жетi тәулiктен аспайтын мерзiм iшiнде плюс төрт градус температурада сақтау керек.

      8. Тексерiлушi ВИЧ-ке оң нәтиже берген болса, ол алғаш рет тексерiлiп отырған жағдайда бастапқы оң нәтиженiң дұрыстығын растау үшiн қан сарсуын комиссиялы түрде қайта алу қажет.

      Нәтиженiң ақырғы расталуын ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөнiндегi республикалық орталықтың референс-зертханасы иммуно-блотингi реакциясы арқылы жүргiзедi.

      9. Иммуноблотында күдiктi нәтижелерi бар адамдар анықталған жағдайда оларға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi кесiмдерiне сәйкес бақылау жүргізiледi.

6. Медико-деонтологиялық шарттар

      10. ВИЧ инфекциясын жұқтырған немесе ЖҚТБ-мен ауыратын адам ВИЧ-инфекциясын жұқтырғаны және ЖҚТБ-ның диагнозы туралы, өзiнiң отбасына және онымен байланыста болатын адамдарға төндiретiн қаупi, жұқтыруды болдырмау шаралары туралы бiлуi, сондай-ақ айналасындағыларға жұқтырғаны үшiн қылмыстық жауапкершiлiк туралы ескертiлуi керек.

7. Диспансерлiк бақылау тәртiбi

      11. ВИЧ-ке қарсы денелер болуының оң нәтижелерiнен кейiн (ИФА) барлық ВИЧ-инфекциясын жұқтырғандар және ЖҚТБ-мен ауыратындар диспансерлiк есепке алынады: iшкi iстер органдарының жеке құрамы Iшкіісмин, IIББ-IIБ-нiң емханасында, ТИ-дiң медициналық бөлiмдерiнде айыптаушылар мен сезiктiлер, Әдiлет министрлiгiнiң қылмыстық-атқару жүйесiндегi сотталғандар мамандандырылған мекемелерде.

      12. ВИЧ-инфекциясын жұқтырғандар және ЖҚТБ-мен ауыратындарды диспансерлiк бақылауды ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөнiндегi аумақтық Орталықтардың мамандары инфекционист-дәрiгермен немесе пенитенциарлық мекеменiң ВИЧ/ЖҚТБ бойынша жауапты дәрiгерiмен бiрлесiп жүргiзедi, ал аумақтық орталықтардың диспансерлiк бақылау мүмкiндiктерi болмағанда (қашық орналасуы) ВИЧ-инфекциясын жұқтырған және ЖҚТБ-мен ауыратын адам ұсталатын түзеу мекемесiнiң дәрiгерi жүргiзедi. Диспансерлiк бақылауға клиникалық көрiнулерiне қарай 6 айда 1 рет: бастапқы көрiнулер кезеңiнде - 3 айда 1 рет, ЖҚТБ-мен ауыратындар - клиникалық көрсетулерi бойынша аурудың жағдайына қарай кемiнде жүргiзiлетiн зертханалық және клиникалық тексеру жатады. ВИЧ-инфекциясын жұқтырғандармен байланыста болған адамдарға тексеру байланыстан кейiн 3 және 6 ай өткен соң, одан әрi - ерiктi түрде жүргiзiледi.

      13. Зерттеулердiң нәтижелерi мен клиникалық статусындағы өзгерiстер диспансерлiк бақылаудың медициналық картасында енгiзiледi.

      14. ВИЧ-инфекциясын жұқтырғандардың және ЖҚТБ-мен ауыратындардың медициналық құжаттамасында (сыртқы бетiне) "ВИЧ" немесе "ЖҚТБ" деген жазба белгiлерi жасалуы керек. Тексеру нәтижелерi "анализдер мен тексерулер" деген бетте көрсетiлуi тиiс.

      15. Қазақстан Республикасы Iшкiiсминiнiң, облыстардағы IIББ-IIБ-нiң емханаларына бекiтiлген контингент қатарындағы иммуноблотингтiң оң нәтижелерi және ЖҚТБ-ның клиникалық көрiнулерi бар адамдар денсаулық сақтау органдары мекемелерiнiң арнайы бөлiнген бөлiмшелерiндегi госпитальға жатқызылады.

      Иммуноблотингтiң оң нәтижелерi бар сотталғандар Қазақстан

      Республикасы Әдiлет министрлiгi қылмыстық-атқару жүйесiнiң мамандырылған түзеу мекемелерiнде, қалған сотталғандардан оқшау ұсталады.

  1-қосымша

      ВИЧ жұқтырушылыққа тексерілген қатерлі топқа жататын

      адамдарды есепке алу

      ЖУРНАЛЫ

      ____________________________________________________________________NN Т.А.Ә. Туған Есепке ИФА. Диспан. Иммуно- Қашан Ақпарат Дерек.

      күні, алу дағы серлік блотинг және қашан терді

      айы, датасы зерт.есепке әдісімен қайда және толтыр.

      жылы (айы, хана. алу зертхана. кетті кімге ған

      жылы) лық датасы лық зерт. жібе. медқыз.

      зерт. теу дата. рілді меткер.

      теу сы мен дің

      датасы нәтижесі қолы

      мен

      нәти.

      жесі

      ____________________________________________________________________1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ____________________________________________________________________

  2-қосымша

      ЖҚТБ-ға тексерілетін адамның

      ЕСЕПКЕ АЛУ КАРТОЧКАСЫ

      Жедел бөліммен толтырады:

      1. Тегі______________________________________

      2. Аты ______________________________________

      3. Әкесінің аты _____________________________

      4. Туған күні, айы, жылы_____________________

      5. Қатерлі тобы _____________________________

      6. Тұтқындалғанға немесе сотталғанға

      дейінгі мекен-жайы (жеке ісіндегі

      деректер бойынша)____________________________

      Медициналық бөліммен толтырылады:

      ____________________________________________________________________ Мекеме, Қан алу ИФА-дағы Иммуно- Диспансерлік Кеткен

      келген датасы зертханалық блотинг есепке алу немесе

      датасы зерттеу датасы датасы босатылған

      датасы мен мен датасы

      нәтижесі нәтижесі

      ____________________________________________________________________

      1 2 3 4 5 6

      ____________________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады