"Баспасөз күнi" мерекесi құрметiне бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған үздік журналистiк мақалалар топтамасына қазақ журналистикасының негiзiн салушы, профессор Т.С. Амандосов атындағы облыс әкiмiнiң жыл сайынғы сыйлығын тағайындау туралы

Күшін жойған

Атырау облысы әкімінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 227 шешімі. Атырау облысының әділет басқармасында 2001 жылғы 20 шілдеде N 563 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы әкімінің 2009 жылғы 30 наурыздағы N 15 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімінің 2009.03.30 N 15 шешімімен.
      Облыстағы баспа және электронды бұқаралық ақпарат құралдары журналистерiнiң Тәуелсiздік алған жылдардағы табыстар мен жетiстiктердi, аумақтық рухани-мәдени дамуын, әлеуметтiк экономикалық ахуалын, нарық жағдайындағы өзгерiстердi көрсетудегi шығармашылық жұмыстарын көтермелеу мақсатында және Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 10 жылдығының "Баспасөз күнi" кәсiптiк мерекесi құрметiне шешім етемін:
      1. "Баспасөз күнi" мерекесi құрметiне бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған үздік журналистiк мақалалар топтамасына қазақ журналистикасының негiзiн салушы, профессор Т.С. Амандосов атындағы облыс әкiмiнiң жыл сайынғы сыйлығы тағайындалсын.
      2. Қазақ журналистикасының негiзiн салушы, профессор Т.С. Амандосов атындағы облыс әкiмiнiң сыйлығы тағайындалатын үздік журналистiк жұмыстарға конкурс жариялау жөнiндегi ереже бекiтiлсiн (N 1 қосымша).
      3. Үздік журналистiк жұмыстарды айқындайтын комиссия құрылсын (N 2 қосымша) және конкурс қорытындысы "Баспасөз күнi" кәсiптiк мереке қарсаңында 25 маусымға дейiн шығарылсын.
      4. Облыстық мәдениет басқармасына (Б. Иманғалиев) Тәуелсiздіктiң 10 жылдығын өткiзуге бюджетте бөлiнген қаржының аумағында 2634100 "Жергiлiктi жердегi халықтың мәдени демалысын қамтамасыз ету" бағдарламасы бойынша қаржыландыру тапсырылсын.
      5. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Т. Мұрсәлиеваға жүктелсiн.
      Облыс әкімі

  Атырау облысы әкімінің 2001 жылғы 19 маусым N 227 шешiмiне N 1 қосымша

"Баспасөз күнi" құрметiне бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған үздік журналистiк мақалалар топтамасына жыл сайын қазақ журналистикасының негiзiн салушы, профессор Т.С. Амандосов атындағы облыс әкiмiнiң сыйлығын тағайындау туралы конкурстың ережелерi:

      1. Төрт журналистiң мақалалар топтамасы iрiктеледi, оның екеуi электронды бұқаралық ақпарат құралдарында берiлген хабарларға, екеуi газеттерде жарияланған мақалаларға тағайындалады. Екеуi қазақ тiлiндегi, екеуi орыс тiлiндегi материалдар болуы керек. Төрт сыйлық журналистiң әрқайсысына 40 мың теңге көлемiнде берiледi.
      2. Конкурсқа әр жылғы баспасөз күнi аралығында аймақтың бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған жергiлiктi журналистер шығармалары қатыстырылады.
      3. Конкурсқа қатысатын журналистердiң шығармаларында облыстың әлеуметтiк-экономикалық тыныс-тiршiлiгiне, нарықтық реформалардың жүргiзу барысына, елдi демократияландыруға, әлуетiн, рухани-мәдениетiн қалыптастыруға қатысты мәселелер қамтылуы тиiс.
      4. Конкурсқа жоғарыдағы талаптарға сай келетiн проблемалық, публицистикалық бейне көрсетiлiмдер iрiктеледi.
      5. Конкурсқа iрiктелетiн материалдардың тiлi жатық, ойы ұшқыр, көтерiп отырған мәселесi жан-жақты қамтылған, терең талданған, оқырмандар мен көрермендер талабына жауап берерлiктей болуы тиiс.
      6. Iрiктелінген шығармадан журналистiң өзi жазып отырған мәселесiн, көтерген тақырыбын жетiк бiлетiндiгi, бүгiнгi нарықтық қатынастар талабына сай жаңаша ойлау қабiлетiнiң жоғарылығы, жату, мәселенi көрсете бiлу шеберлiгi айқын аңғарылып тұруы қажет.
      7. Егер үздiк шығарма ретiнде бiрнеше журналистiң мақаласы iрiктелген болса, онда журналистердiң конкурс шартындағыдан басқа тақырыптарды көрсету шеберлiктерi де ескерiледi.
      8. Конкурсқа журналистердiң осы ереже талабына сай келетiн тақырыпқа жазылған бiр немесе бiрнеше материалы қатыстырылады.
      9. Конкурсты арнайы құрылған комиссия "Баспасөз күнi" кәсiптiк мерекесi қарсаңында қорытындылайды және оның қорытындысы жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

  Атырау облысы әкімінің 2001 жылғы 19 маусым N 227 шешiмiне N 2 қосымша

Қазақ журналистикасының негiзiн салушы, филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының Жоғары мектебiне еңбегi сiңген қайраткер, профессор Т.С. Амандосов атындағы облыс әкiмiнiң сыйлығын беруде үздік журналистiк шығармаларды айқындау жөнiндегi комиссияның құрамы

      Мұрсәлиева Тасқира Қабиқызы - облыс әкiмiнiң орынбасары, төрайым;
      Қожиев Болат Сандыбайұлы - облыстық ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасының бастығы, төрайым орынбасары;
      Төлеуiшов Әбiлхан Сейтiмұлы - облыстық ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасының бұқаралық ақпарат құралдары бөлiмiнiң бас маманы, хатшы.
      Комиссия мүшелерi:
      Дәулетов Болат - Қазақстан Журналистер Одағы Атырау филиалының төрағасы, мүше;
      Қорқытов Берiк Ыбырашұлы - ардагер, драматург-жазушы, мүше;
      Қуанышқали Хабиболла Жұмабекұлы - облыс әкiмi аппараты әлеуметтiк-мәдени даму бөлiмiнiң меңгерушiсi, мүше;
      Перов Федор Николаевич – журналистика ардагері, "Вечерний Атырау акшамы" тәуелсіз газетінің редактор шолушысы, мүше;
      Айсин Амир – баспасөз және қоғам жұмысы жөніндегі бас маман.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады