Ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрушi - заңды тұлғалар үшiн арнайы салық режимiн қолданатын қосылған құн салығын төлеушiлерге шот-фактуралар көшiрмесiнiң ережесiн бекіту туралы

Күшін жойған

Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 16 қаңтардағы N 42 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 12 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 1752. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2009 жылғы 9 қаңтардағы N 5 бұйрығымен.

       Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2009.01.09 N 5 бұйрығымен.

      -------------------- Бұйрықтан үзінді -------------------

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылсын.
      2. ...
      3. ...
      4. Осы бұйрық 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

      Министр                                        Б.Жәмішев

Қазақстан Республикасы
Қаржы Министрдің   
2009 жылғы 9 қаңтардағы
№ 5 бұйрығына қосымша

Күші жойылған кейбір нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. ....
      6. "Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші - заңды тұлғалар үшін арнайы салық режимін қолданатын қосылған құн салығын төлеушілерге шот-фактуралар көшірмесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің 2002 жылғы 16 қаңтардағы № 42 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1752 болып тіркелді, "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетені" журналында жарияланды, 2002 ж., № 16, 579-құжат).
      .........

      "Салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" K010209_ Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнiң (Салық кодексi) сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы өнімін өндіруші заңды тұлғалар үшін арнайы салық режимін қолданатын қосылған құн салығын төлеушілерге шот-фактуралар көшірмесінің ережесі бекітілсін. 2. Әдістеме департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін. 3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күшіне енеді және 2002 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі. Министр
Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік кіріс Министрінің 2002 жылғы 16 қаңтардағы N 42 бұйрығымен бекітілді
 
 
          Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушi - заңды тұлғалар үшiн
            арнайы салық режимiн қолданатын қосылған құн салығын
              төлеушiлерге шот-фактуралар көшiрмесiнiң ережесi
 
      Осы Ережелер "Салықтар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" K010209_ Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнiң (Салық кодексi) 242-бабының 6-тармағына сәйкес әзiрлендi және өз өндiрiсiнiң ауыл шаруашылығы өнiмдерiн немесе оны ұқсату өнiмдерiн өткiзу кезiнде ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушi заңды тұлғалар үшiн арнайы салық режимiн қолданатын қосылған құн салығын төлеушiлерге (бұдан әрi - салық төлеушiлер) шот-фактуралар көшiрмесiнiң тәртiбiн айқындайды.
 
                  1. Шот-фактуралар көшiрмесiнiң тәртiбi
 
      1. Салық төлеушiлер осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша шот-фактураларды жазып бередi.
      2. Шот-фактура екi бөлiктен тұрады: негiзгi және түбiртек.
      3. Салық органында шот-фактураларды тiркеу мынадай тәртiпте жүргiзiледi:
      1) салық төлеушiлер патент негiзiнде салық салудың оңайлатылған режимiн қолдануға өтiнiште шот-фактуралардың санын көрсетедi;
      2) салық органында шот-фактуралардың бланкалары өзара қыстырылады және нөмiрленедi. Шот-фактураның нөмiрi әрбiр бланкiде шот-фактураның екi жағына қойылады;
      3) салық органы шот-фактураның түбiртегiне патент құнының есебi кезiнде мәлiмделген болжанған жиынтық жылдық кiрiс бойынша Салық кодексiнiң 388-бабына сәйкес есептелген қосылған құн салығының сомасын жазады;
      4) шот-фактураның әрбiр бланкасына салық органының басшысы немесе оның орнын ауыстыратын тұлға қол қояды, сондай-ақ салық органының мөрiмен расталады;
      5) Патенттердi тiркеу (беру) журналында қосылған құн салығымен шот-фактураларды жазып беруге құқығы бар салық төлеушiлердiң шегiнде қосылған құн салығының жалпы сомасын көрсете отырып тiркелген шот-фактуралардың саны тiркеледi.
      4. Салық төлеушiлер пайдаланылған тiркелген шот-фактуралардың түбiртектерiн есептiден кейiнгi жылдың 20 ақпанынан кешiктiрмей оларды берген салық органына мiндеттi тәртiпте тапсыруға тиiс.
      Егер салық төлеушi қосылған құн салығының есептелген сомасын толық пайдаланбаған жағдайда, онда пайдаланылған шот-фактуралар түбiртегiн бергеннен кейiн қосымша шот-фактураларды тiркеуге құқығы бар.
      Егер салық төлеушi мұндай құқықты пайдаланбаған жағдайда, онда есептiден кейiнгi жылдың 20 ақпанынан кешiктiрмей салық кезеңiнiң (жылының) аяқталуы бойынша шот-фактуралардың пайдаланылмаған бланкiлерiнiң қалғанын оларды берген салық органына мiндеттi түрде тапсыруға тиiс.
 
                           2. Шот-фактураларды жасау
 
      5. Шот-фактураның негiзгi бөлiгiнде мыналар көрсетiледi:
      1-жолда - шот-фактураның нөмiрi және оны толтырған күн;
      2-жолда - жеткiзушiнiң СТН;
      2а-жолда - құрылтайшы құжаттарға сәйкес жеткiзушiнiң толық атауы және заңды мекен-жайы;
      2б-жолда жеткiзушiнi қосылған құн салығы бойынша есепке қою туралы куәлiктiң сериясы, нөмiрi және берiлген күнi;
      2в-жолда - бюджетке салық төлейтiн жеткiзушi негiзiнде патенттiң нөмiрi, сериясы және берiлген күнi;
      2г-жолда - жеткiзушiнiң есеп айырысу шотының нөмiрi және осы есеп айырысу шоты ашылған банктiң (кейбiр банк операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар) атауы;
      3-жолда - сатып алушының СТН көрсетiледi. Егер сатып алушының орналасқан орны басқа мемлекет болып табылса, сол мемлекеттiң заңнамасына сәйкес СТН көрсетiледi;
      3а-жолда - құрылтайшы құжаттарға сәйкес сатып алушының толық атауы және заңды мекен-жайы. Егер сатып алушы жеке тұлға болса, онда жеке тұлғаның аты-жөнi және оның тұрғылықты жерiнiң мекен-жайы көрсетiледi;
      4-жолда тауарларды сатуға жеткiзушi мен сатып алушы арасында жасалған шарттың (келiсiм-шарттың) нөмiрi және күнi;
      4а-жолда - тауарларды сатуға шартқа (келiсiм-шартқа) сәйкес сатып алушының сатып алынған тауарларға ақы төлеу шарты (аванс, алдын-ала төлеу, мерзiмi ұзартылған төлем, касса, арқылы қолма-қол ақшамен есеп, тауар айырбастау (баспа-бап) бойынша қолма-қол емес тәртiптегi есеп және т.б.);
      5-жолда - сатылатын тауарлардың нысаналы пунктi;
      6-жолда - сенiмхаттың нөмiрi және күнi (егер тауарларды сату жеткiзушiнiң сенiмхаты бойынша жүзеге асырылса, көрсетiледi);
      7-жолда - тауарларды жiберу тәсiлi (көлiк түрi);
      8-жолда - тауар-көлiк жүк құжаты көшiрмесiнiң нөмiрi және күнi (Қазақстан Республикасының кеден аумағы шегiнде тауарларды өткiзу кезiнде мiндеттi);
      9-жолда - тауарларды жiберудi жүзеге асыратын ұйымның (жеке тұлғаның) СТН, толық атауы және заңды мекен-жайы;
      10-жолда - тауарларды алуды жүзеге асыратын ұйымның (жеке тұлғаның) СТН, толық атауы және заңды мекен-жайы. Егер тауарларды алуды жүзеге асыратын ұйымның (жеке тұлғаның) орналасқан орны басқа мемлекет болып табылса, сол мемлекеттiң заңнамасына сәйкес СТН көрсетiледi.
      6. Кестеде шот-фактураның негiзгi бөлiгi мынадай көрсетiлуi тиiс:
      1-бағанда - реттiк нөмiрi;
      2-бағанда - меншiк өндiрiстiң ауыл шаруашылығы өнiмiнiң немесе оларды ұқсату өнiмi тауарларының атауы;
      3-бағанда - осы тауар бойынша бiрлiгiн (килограмм, тонна, центнер және т.б.) өлшеуге алынған;
      4-бағанда - оның бiрлiгiн өлшеу бойынша алынғанды ескере отырып тауардың шот-фактурасы бойынша сатылатынның (тиелетiннiң) саны;
      5-бағанда - Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында қосылған құн салығын есепке алмай бiрлiгiн өлшеуге шарт (келiсiм-шарт) бойынша тауардың құны. Егер тауарды сату сыртқы сауда шарты (келiсiм-шарты) бойынша жүзеге асырылса, тауардың бiрлiгiн өлшеу бағасы осы шарттың (келiсiм-шарттың) валютасында көрсетiледi;
      6-бағанда - Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында қосылған құн салығы есепке алмайтын салық салынатын айналым. Егер тауарларды сату сыртқы сауда шарты (келiсiм-шарты) бойынша жүзеге асырылса, салық салынатын айналым осы шарттың (келiсiм-шарттың) ұлттық валютасында көрсетiледi;
      7 және 8-бағандарда - 2-бағанда көрсетiлген тауар бойынша есептелген қосылған құн салығының ставкасы және сомасы. Қосылған құн салығынан босатылған тауарларды өткiзу кезiнде осы бағандарға сызықша қойылады;
      9-бағанда - қосылған құн салығын есеп ала отырып тауарлардың әрбiр атауы бойынша жеткiзушiге төлеуге тиiстi сома. Қосылған құн салығынан босатылған тауарларды жеткiзушi өткiзген жағдайда, қосылған құн салығынсыз құны көрсетiледi;
      "Шот бойынша барлығы" жолында - 6 және 8-жолдардың жиынтық сомасы ретiнде есептелген сатып алынған тауарларға сатып алушы төлеуге тиiстi сома көрсетiледi.
      7. Шот-фактураның түбiртегiнiң 1, 2, 2а, 2б, 2в, 3, 3а-жолдарында шот-фактураның негiзгi бөлiгiнiң тиiстi жолдарында көрсетiлген деректер көрсетiледi.
      8. Шот-фактураның түбiртегiнiң кестесiнде мыналар көрсетiлуi тиiс:
      1-бағанда - шот-фактураның түбiртегiнiң 3 және 3а жолдарында көрсетiлген деректер;
      2-бағанда - Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы патент құнында көзделген қосылған құн салығының сомасы. Осы бағанда екiншi және одан кейiнгі шот-фактураларды жасау кезiнде бұрынғы шот-фактураның түбiртегiнiң 4-бағанында көрсетiлген қосылған құн салығының сомасы көрсетiледi;
      3-бағанда - шот-фактураның негiзгi бөлiгiнiң кестесiнiң 8-бағанында көрсетiлген сатып алушыға қойылған қосылған құн салығының жиынтық сомасы;
      4-бағанда - Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында 2 және 3-бағандардың айырмасы ретiнде айқындалатын қосылған құн салығының пайдаланылмаған қалдық сомасы. Жеткiзушiнiң көрсетiлген қалдық шегiнде қосылған құн салығымен одан кейiн шот-фактураны жазып беруге құқығы бар.
Ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрушi -
заңды тұлғалар үшiн арнайы салық режимiн қолданатын қосылған құн салығын төлеушiлерге шот-фактуралар көшiрмесiнiң ережесiне қосымша
 
 
                20__ ж. "___" ___________ N ______ шот-фактура (1)
Жеткiзушi СТН _______________ (2) Сатып алушы СТН _______________ (3) Жеткiзушi атауы мен мекен-жайы Сатып алушының атауы мен мекен-жайы ______________________________ __________________________________ __________________________ (2а) _____________________________ (3а) Жеткiзушіні ҚҚС бойынша есепке қою туралы куәлiк сериясы _______ N ______ 20__ ж. "___" ________ берілген (2б) Патент N ______ сериясы __ 20__ ж. "___" ________ берілген (2в) Жеткiзушiнiң есеп шоты _____________________ N ______________________ (2г) Тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi) жеткiзуге шарт (келiсiм-шарт)__________________ N ____________ (4) Шарт (келiсiм-шарт) бойынша төлем шарты ____________________________ (4а) Жеткiзілетiн тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) жеткiзілетiн пунктi ____________________________________________________________________ (5) (мемлекет, аймақ, облыс, қала, аудан) ________ N ____ сенiмхат бойынша тауарларды жеткiзу жүзеге асырылды (6) Жiберу тәсiлi ______________________________________________________ (7) ________ N _______________________________ тауар-көлiк құжаттамасының (8) Жүк жiберушiнің СТН ________ ________________________________________ (9) (жүк жiберушiнiң атауы мен мекен-жайы) Жүк алушының СТН ________ __________________________________________ (10) (жүк алушының атауы мен мекен-жайы) ___________________________________________________________________________ Р/с! Тауарлардың ! Өлшем ! Саны !Баға! ҚҚС-сыз ! ! Өткізу. N !(жұмыстардың,!бірлігі!(көлем)! ! тауарлардың ! ҚҚС ! дің ! қызмет ! ! ! ! (жұмыстардың,! ! барлық !көрсетулердi)! ! ! ! қызмет !___________ ! құны ! атауы ! ! ! !көрсетулердің)!Ставка!Сома ! ! ! ! ! ! құны ! ! ! ___!_____________!_______!_______!____!______________!______!_____!________ 1 2 3 4 5 6 7 8 9 ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ Шот бойынша барлығы: ___________________________________________________________________________ Ұйым басшысы Бердiм (жеткiзушiнiң жауапты тұлғасы) _____________________________ ____________________________________ (аты-жөнi, қолы) (лауазымы) Ұйымның бас бухгалтерi _____________________________ ___________________________________ (аты-жөнi, қолы) (аты-жөнi, қолы) .......................................................... М.О. СК....... 20__ ж. "___" ___________ N ______ ШОТ-ФАКТУРАНЫҢ ТYБIРТЕГI (1) Жеткiзушi СТН ______________ (2) Сатып алушы СТН ___________ (3) Жеткiзушi атауы ________________ Сатып алушының атауы мен мекен-жайы ________________________________ _______________________________ ____________________________(2а) _____________________________ (3а) ҚҚС бойынша есепке қою туралы куәлiк сериясы _____ N _______ 20__ ж. "___" ___________ берілген (2б) Патент N _______ сериясы __ 20__ ж. "___" ___________ берілген (2в) ___________________________________________________________________________ сатып алушының атауы, СТН ! Патент құнында ! Сатып алушыға ! ҚҚС қалдығы және мекен-жайы ! көзделген ҚҚС ! қойылған ҚҚС ! (теңге) ! сомасы (теңге) ! сомасы (теңге)! __________________________!________________!________________!_____________ 1 2 3 4 ___________________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ Жеткiзушi (ұйым басшысы) СК төрағасы ___________________________ ___________________________ (аты-жөнi, қолы) (аты-жөнi, қолы) Мамандар: Омарбекова А.Т. Жұманазарова А.Б.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады