Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттамалық аккредитивтерімен операциялар жүргізу ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 25 сәуірдегі N 178 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2002 жылғы 18 сәуірдегі N 138. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 21 мамырда тіркелді. Тіркеу N 1860. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 199 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 199 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол жасалмайтын ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыруды реттейтін нормативтік құқықтық базаны жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттамалық аккредитивтерімен операциялар жүргізу ережесін бекіту туралы" 2000 жылғы 25 сәуірдегі N 178 V001150_ қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттамалық аккредитивтерімен операциялар жүргізу ережесіне:
      кіріспедегі "Қазақстан Республикасындағы банктер банк қызметі туралы" Заң күші бар Жарлығына, "Ақша төлемі мен аударымы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына," деген сөздер "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Ақша төлемі мен аударымы туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына және" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтың он үшінші азатжолы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Өтем жасалған аккредитив - аккредитив ашылған кезде бұйрық беруші эмитент банктің басқаруына аккредитив сомасына тең ақша сомасын (өтемді) осы ақшаны аккредитив бойынша төлеу үшін пайдалануға болатын шарттармен аккредитивтің қолданылу мерзіміне береді.";
      1-тарау мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Банк Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген жағдайларда ұсынушыға аккредитив ашады.";
      5-тармақ мынадай редакциядағы азатжолмен толықтырылсын:
      "Ұсынушыға аккредитив ашқан кезде бұйрық беруші аккредитив ашу өтінішінде бенефициардың атауын және мекен-жайын, сондай-ақ оның банктік деректемелерін көрсетпеуге құқылы.";
      8-тармақ мынадай редакциядағы азатжолмен толықтырылсын:
      "Егер ұсынушыға аккредитив ашқан кезде бенефициардың деректемелері белгісіз болса, эмитент банк аккредитивте және Қазақстан Республикасының заңдарында тікелей көзделген шарттар орындалғанға дейін мұндай аккредитивті өзінде қалдырады.";
      7-тарау мынадай редакциядағы 77-1-тармақпен толықтырылсын:
      "77-1. Ұсынушыға арналған аккредитивтің орындалуы Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.".
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін күшіне енеді.
      3. Төлем жүйесі басқармасы (Мұсаев Р.Н.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан

 

Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу

шараларын қабылдасын;

     2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік

тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі

бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге

жіберсін.

     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық

Банкі Төрағасының орынбасары Е.Т. Жангелдинге жүктелсін.

      Ұлттық Банк

        Төрағасы



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады