Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру резервтерінің ең аз мөлшерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2002 жылғы 3 маусымдағы N 210. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 4 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 1909. Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгi Басқармасының 2004 жылғы 27 қарашадағы N 321 қаулысымен.

  ------------------Қаулыдан үзінді---------------------      

       Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгiнің (бұда әрі - Агенттік) Басқармасы қаулы етеді:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.

Күшi жойылды деп танылған
Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық
актiлерiнiң тiзбесi

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының сақтандыру резервтерiнiң ең аз мөлшерiн бекiту туралы" 2002 жылғы 3 маусымдағы N 210 қаулысы (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 1909 тiркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң "Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 15 (237) басылымдарында 2002 жылғы 15-28 шiлдеде жарияланған)....

      Төраға

_______________________________ 

      "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  43-бабының 5) тармақшасына сәйкес және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді: 
      1. "Жалпы сақтандыру" саласындағы қызметті жүзеге асыратын сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары үшін сақтандыру резервтерінің мынадай ең аз мөлшері белгіленсін: 
      1) ерiктi түрде сақтандырудың сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша, "медициналық сақтандыру" класы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын қоспағанда - қолданылып жүрген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақысы сомасының кемiнде 50 процентi; 
      2) міндетті сақтандырудың қолданылып жүрген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақысы сомасының қолданылып жүрген сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша кемінде 65 проценті.
       Ескерту: 1-тармаққа толықтыру және өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 жылғы 13 қарашадағы N 450   қаулысымен 2003 жылғы 6 желтоқсандағы N 432   қаулысымен .
      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап алпыс күнтізбелік күн өткеннен кейін күшіне енеді. 
      3. Банктерді және сақтандыруды қадағалау департаменті (Мекішев А.А.): 
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне және аумақтық филиалдарына, актуарийлер мен сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына жіберсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсін.

       Ұлттық Банк
       Төрағасы 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады