Төтенше жағдайлар жөнiндегi органдар жүйесi мемлекеттiк мекемелерiнiң мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерi үшiн мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеу ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің 2002 жылғы 19 маусымдағы N 468 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 5 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 1912. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2011 жылғы 4 сәуірдегі № 135 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - ҚР Төтенше жағдайлар министрінің 2011.04.04 № 135 (мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізілді) Бұйрығымен.

      "Мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк қызметшi емес
қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41 қаулысын iске асыру мақсатында және төтенше жағдайлар жөнiндегi органдар жүйесi мемлекеттiк мекемелерiнiң қызметкерлерi үшiн мамандығы
бойынша жұмыс стажын есептеу кезiнде бiрдей көзқараста болу мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк қызметшi болып саналмайтын, төтенше жағдайлар жөнiндегi органдар жүйесi мемлекеттiк мекемелерiнiң мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерi үшiн мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеу ережесi бекiтiлсiн.
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөнiндегi агенттiгi Төрағасының бiрiншi орынбасары Н.Қ.Бижановқа жүктелсiн.
      3. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және 2002 жылғы 1 қаңтардан басталатын қатынастарға таратылады.

     Төраға

Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты 
әлеуметтік қорғау 
вице-министрімен 
келісілді    
2002 ж. 20 маусым

Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар 
  жөніндегі агенттігі
Төрағасының бұйрығымен
бекітілген     
2002 ж. 19 маусым N 468

Төтенше жағдайлар жөнiндегi органдар жүйесi мемлекеттiк
мекемелерiнiң мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерi үшiн
мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеу
ЕРЕЖЕСI

      1. Осы Ереже Төтенше жағдайлар жөнiндегi органдар жүйесi мемлекеттiк мекемелерiнiң мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерi үшiн мамандығы бойынша жұмыс стажын есептеу тәртiбi мен шарттарын реттейдi.

      2. Төтенше жағдайлар жөнiндегi органдар жүйесi мемлекеттiк мекемелерiнде және ұйымдық-құқықтық нысандарына қарамастан басқа да ұйымдарда мамандығы бойынша жұмыс iстеген барлық уақыты кiредi, сондай-ақ:
      1) сол мамандығы бойынша мемлекеттік қызметке келуi;
      2) Қарулы Күштердегi, Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерiндегi, басқа да әскерлердегi және әскери құрамалардағы, құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттiк өртке қарсы және суда-құтқару құтқару қызметтерiндегi және құрамаларындағы жұмысы;
      3) жүктiлiгi және тууы бойынша демалысы, сондай-ақ заңға сәйкес балаға қарау үшiн берiлген айлықақысы сақталмайтын қосымша демалыс уақыты;
      4) Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттарының, маслихат депутаттарының өкiлеттiгiн жүзеге асыру уақыты;
      5) шетелдегi жұмысы, егер қызметкер шетелге барар алдында мамандығы бойынша мемлекеттiк мекемеде жұмыс iстесе және шетелден келген күннен бастап екi ай iшiнде, көшкен күнiн есептемей, мемлекеттiк мекемеге жұмысқа орналасса;
      6) соттардағы, прокуратура органдарындағы, мемлекеттiк өртке қарсы қызметтегi, Қазақстан Республикасының және бұрынғы КСР Одағының iшкi қызметтерiндегi, мемлекеттік қауiпсiздiк органдарындағы, ұлттық қауiпсiздiк және Қазақстан Республикасының бұрынғы мемлекеттiк тергеу комитетiндегi еңбек сiңiрген жылдары үшiн үстемеақы алуға құқық беретiн лауазымдағы жұмыстары;
      7) КСРО-ң Мемлекеттiк банкi және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi жүйесiндегi қызметi;
      8) мерзiмдi әскери қызмет атқаруы, сондай-ақ интернационалдық борышын орындауы, оның iшiнде қолында тиiстi құжаты бар тұтқында болған әскери қызметшiлер, офицер құрамы адамдарының, прапорщиктердiң, мичмандардың, әскери қызметшiлердiң Қарулы Күштердегi, iшкi, шекара әскерiндегi, басқару органындағы және Қазақстан Республикасының және бұрынғы КСР Одағының азаматтық қорғаныс бөлiмдерiндегi, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi және КСОО Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетi органдары жүйесiндегi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiндегi және Қазақстан Республикасының Республикалық ұланындағы мерзiмнен тыс қызметi, жағымсыз себептермен қызметтен босатылған адамдарды қоспағанда;
      9) басшы құрам адамдарының iшкi iстер органы жүйесiнде, мемлекеттiк өртке қарсы қызметте, прокуратура органының қызметiнде, Қазақстан Республикасы және бұрынғы КСР Одағы соттарының аппаратындағы қызметiнде, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тергеу комитетi қызметiнде атқарған қызметi, жағымсыз себептермен қызметтен босатылған адамдарды қоспағанда;
      10) заңсыз жұмыстан шығарылуы салдарынан бос жүруi және кейiн қайтадан жұмысқа алынуы;
      11) мемлекеттiк мекеменiң жолдамасы бойынша жұмыстан қол үзiп даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi курстардағы оқуы;
      12) өз мамандығы бойынша сала ұйымдарындағы ғылыми жұмыстары;
      13) қызмет аясына қарамастан, ұқсас мамандық бойынша оның еңбек жолында атқарған лауазымдағы жұмысының уақыты кiредi.

      3. "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің және оның ведомстволық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері үшін жұмыс өтіліне сондай-ақ байланыс, жөндеу-құрылыс, құрылыс, гидрометеорологиялық, жобалау-іздестіру және инженерлік-гидрологиялық, ғылыми-зерттеу және білім беру қызмет аясын ұйымдастыратын лауазымдардағы уақыт енгізіледі.
      Ескерту: 3-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 9 қаңтардағы N 17 бұйрығымен .

      4. Осы Ережеге сай мамандығы бойынша есептелетін жұмыс өтілі күнтізбелік есептеу кезінде есепке алынады.
      Күнтізбелік ай ішінде лауазымдық айлықақысын (төлемін) көтеру құқығы берілетін қызметкерлерге жұмыс өтілін есепке ала отырып, лауазымдық айлықақысын есептеу осындай құқық берілетін күннен бастап жүзеге асырылады.
      Ескерту: 4-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 9 қаңтардағы N 17 бұйрығымен .

      5. Мамандығы және ұқсас мамандығы бойынша еңбек стажын, еңбек стажын белгiлеу жөнiндегi мемлекеттiк мекеме комиссиясы белгiлейдi, оның құрамын тиiстi мемлекеттiк мекеменiң басшысы бекiтедi.

      6. Мамандығы бойынша еңбек стажын белгiлеу туралы комиссия шешiмi хаттамамен ресiмделедi. Шешiмнiң көшiрмесi екi данада жасалады, оның бiр данасы-кадр қызметiне, екiншiсi-бухгалтерияға берiледi.

     7. Мамандығы бойынша еңбек стажын белгiлеу үшiн қызметкердiң еңбек жолын растайтын құжаттары - еңбек кiтапшасы (ол бар болған жағдайда) немесе жеке еңбек шарты немесе жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату туралы бұйрықтың көшiрмесi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады