Аламесек ауылдық округінде жаппай құқықтық оқуды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы Аламесек ауылдық округі әкімінің 2002 жылғы 01 қарашадағы N 16 шешімі. Қызылорда облыстық Әдiлет басқармасында 2002 жылғы 12 қарашада N 2674 тiркелдi. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданының Аламесек ауылдық округі әкімінің 2010 жылғы 12 сәуірдегі N 10 Шешімімен.

      Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданының Аламесек ауылдық округі әкімінің 2010.04.12 N 10 Шешімімен.

      

      Аудан әкімиятының 2001 жылғы 27 қарашасындағы N 104 "Ауданда жаппай құқықтық оқуды ұйымдастырудың жайы туралы" қаулысына сәйкес ШЕШІМ ЕТЕМІН:

      1. Ауылдық округте жаппай құқықтық оқуды ұйымдастыру, ауылдық округ әкімінің жанындағы тұрақты құқықтық білім беру мектебіне жүктелсін. Оқуға ауыл әкімі аппаратының және мәдениет үйінің қызметкерлері тартылсын.

      2. 124 орта мектеп, 203 орта мектеп, Ақарық ауылдық ауруханасы Жаңадария ауылдық фельдшерлік пункті басшылары өз салалары бойынша қызметкерлердің құқықтық оқуын ұйымдастырсын және оның жайы туралы жыл сайын 5 шілдеге аудан әкімиятына, облыстық Әділет басқармасына хабарлама беріп тұрсын.

      3. Ауылдық округте жаппай құқықтық оқудың жайы туралы тоқсан сайын аудандық әдістемелік кеңеске хабарлама беріп тұру бас маман Тәжібаевқа жүктелсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырылсын.

      Әкім

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады