Ақтау қаласы мен қала жанындағы елді мекендердегі жасыл көшеттерді ұстау мен қорғаудың ережелері туралы

Күшін жойған

Ақтау қаласы мәлихатының 2002 жылғы 15 қазандағы N 26/241 шешімі. Маңғыстау облыстық Әділет басқармасында 2003 жылғы 9 қаңтарда N 1247 тіркелді. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қаласы мәслихатының 2011 жылғы 12 сәуірдегі № 41/376 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Ақтау қаласы мәслихатының 2011 жылғы 12 сәуірдегі № 41/376 шешімімен
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару
туралы" Қазақстан Республикасы заңына 6-бабы, 1 тармағы 8 тармақшасына сәйкес қалалық мәслихат шешім етеді:
      1. Қала инфрақұрылымы объектілерін, аумағын кемелге келтіру, ұстау,Ақтау қаласы және қала жанындағы поселкелердегі тазалықты сақтау ережелері бекітілсін (жалғанады).
      2. Осы шешім өз күшіне жарияланған күннен кейін күшіне енеді.

      Сессия төрағасы                       Ақтау қалалық
                                            мәслихатының хатшысы

Ақтау қалалық мәслихатының
15.10.2002 жылғы N 26/241
сессиясының "Ақтау қаласы мен
қала жанындағы елді мекендердегі
жасыл көшеттерді ұстау мен
қорғаудың ережелері туралы"

Ақтау қаласы мен қала жанындағы
елді мекендердегі жасыл көшеттерді
ұстау мен қорғаудың
Ережелері

      Осы ережелер адамдарды қоршаған ортаның жүйелі де жақсы болуының негізгі компоненттерінің бірі ретінде Ақтау қаласы және қала жанындағы елді мекендері аумағында көлемі, құрамы және орналасуы жағынан ұтымды тал, бұта және шөп дақылдарының қорын жасау мен сақтау мақсатында енгізіліп отыр.
      Ақтау қаласының барлық жасыл көшеттері, олардың ведомстволық бағынысына, меншік нысанына қарамастан ешкім қол сұға алмайтын қаланың қорын құрайды және "қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 15.07.1997-ж. Заңымен , осы Ережелердің талаптарымен қатаң қорғалады.

1. ӨСІМДІК ҚОРЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫНА ЖӘНЕ
САҚТАЛУЫНА ЖАУАПКЕРШІЛІК

      1. Жасыл желектердің жағдайы мен сақталуына мыналар жауапты:
      1) орман-бақтарда, саябақтарда, скверлерде, бульварларда, автомобиль жолдарының адам жүретін бөлігінде көгалдандыруды жүзеге асыратын ұйымдар;
      2) ұйымдардың, кәсіпорындардың, оқу орындарының, мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінің аумағында осы шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшылары; шағын аудандар аумағында пәтер иелері тұтыну кооперативтерінің басшылары; қала жанындағы поселкелердің аумағында жасыл көшеттерге күтім жасауды жүзеге асыратын, коммуналды кәсіпорындардың басшылары; бау-бақша серіктестіктерінің (одан әрі ББС деп аталады) аумағында басқарма төрағалары;
      3) жасыл көшеттерге жеткіншектер зақым келтірген кезде  олардың ата-аналары, үй  жануарларымен  бүлінген  жағдайда  олардың  иелері;
      4) Тұрғын үйлерде орналасқан орта және шағын бизнес объектілері мен офистерінің иелері жасыл көшеттерді сақтауға, оның  айналасындағы радиусы 5 метр аумағын көгалдандыруға  және жауапты.
      2. Мекемелердің, ұйымдардың, кәсіпорындардың басшылары, пәтер иелері тұтыну кооперативтерінің, ББС-нің төрағалары, коменданттар, үй иелері және басқа да лауазымды адамдар мыналарға міндетті:
      1) Ақтау мен жанындағы елді мекендердің жасыл көшеттеріне ұқыпты қарауға және сақтауға;
      2) бекітілген аумақтарда ұтымды мерзім ішінде суару, кесу, нысандау, қураған бұтақтарын кесу, жеміс ағаштарының штамбыларын тазарту мен ақтау, тыңайтқыштар төгу, жас ағаштардың діңінің айналасын дөңгелентіп қоршау, дің түбіндегі ұсақ бұтақтарды алып тастау, тыңайтқыштар төгу, жараларын бітеу, дезинфекциялау, арам шөптерді тағы сол секілділерді жоқ қылу жөніндегі агротехникалық механикалық өңдеу сияқты, жасыл көшеттерді күту жөніндегі барлық қажетті шараларды жүргізу;
      3) суару жүйелерін техникалық жағынан ақаусыз ұстау және мерзімді (маусымдық) алдын алу мен дайындықты уақытында жүргізу;
      4) өз күшімен немесе тиісті ұйымдармен шарт бойынша тал, бұта тұқымдарының зиянкестерімен, ауруларымен жыл сайын күрес жүргізу;
      5) заңдық және жеке тұлғалар жер пайдаланушылардың өздеріне бекітілген аумақтағы жасыл көшеттердің саны мен сапасының есебін жүргізуге міндетті. Жыл сайын желтоқсанның 1-не дейін жасыл қорға түгендеу жүргізу, түгендеу кесімдерін Ақтау қаласының жасыл көшеттер жағдайын бақылау жөніндегі тиісті ұйымдарына беру.

2. ҚҰРЫЛЫС ҰЙЫМДАРЫ МЕН ОБЪЕКТІЛЕРІ
ТАПСЫРЫСШЫЛАРЫНЫҢ МІНДЕТТЕРІ

      3. Құрылыс ұйымдары мен құрылыс объектілерінің тапсырысшылары мыналарға міндеттері:
      1) құрылыс салу аймағындағы  жасыл көшеттерді күтуді және
суару жүйелерінің сақталуын қамтамасыз етуге;
      2) құрылғылар мен жер асты коммуникациялары құрылысының
жобасын әзірлеген кезде жобалау ұйымдары құрылыс учаскелерінде өсіп тұрған талдар мен бұталардың барынша сақталуын қамтамасыз ететін, жұмысты ұйымдастырудың тәртібін жасақтауға міндетті, құрылыс жұмыстарының сметаларында жасыл көшеттердің иесіне бекітілген нормативтер мен есептер бойынша келтірілетін залалды, оларды қайта еккен жағдайда жасыл көшеттерді қайта отырғызғандағы жұмыстың қосымша құнын көздестіруге;
      3) жол мен тротуарларды асфальттаған кезде құрылыс
алаңдарындағы талдарды қоршауға; талдардан диаметрі 2 метр, бұталардан - 1 метр алшақтықта діңгек айналасында шеңбер қалдыруға;
      4) жер мен басқа да құрылыс монтаж жұмыстарын жүргізген және жер асты коммуникацияларын төсеген кезде саябақтардың, скверлердің, бульварлардың, аумағындағы көше көшеттерін көшіруге немесе қоршаған ортаны қорғау басқармасының (бұдан әрі ҚОҚБ деп аталады) жазбаша рұқсатымен ағаш-бұта тұқымдарын қайта отырғызуға; егерде жасыл көшеттер объектілер мен коммуникациялардың қорғау аймағынан тысқарыда болса - олардың иесіне келтірілген залалға төлем жасауға;
      5) Объектілерді тапсыру кезінде көшеттерді суару үшін суару жүйелерінің қондырғысын немесе өзге инженерлік құрылғыларды көздестіруге.
      4. Мемлекеттік сәулет және жерге орналастыру органдары жасыл көшеттер өсіп тұрған аума?тарда құрылыс салу үшін учаскелерді ҚОҚБ-ның және бөлінетін аумақта көгалдандыруды жүзеге асыратын ұйымның келісімінен кейін ғана бөледі.
      5. Көлік ұйымдары мен электр желілерінің кәсіпорындары және басқа да мүдделі ұйымдар қиылыстардағы көріністі азайтатын, радио мен электр дарытқыштар линияларының үстіндегі бұтақтарды нормалар мен ережелерді, сол өсімдікке тән нысанды сақтай отырып, ҚОҚБ-ның және көгалдандыруды жүзеге асыратын ұйымның келісімімен кесуге міндетті.
      6. Жасыл көшеттерді мәжбүрлікпен көшіру объектілердің құрылысы үшін жер учаскелерін бөлген, жер асты коммуникацияларын төсеген, жасыл көшеттерді жаңғыртқан (декоративті тұқымға алмастыру) кезде экологиялық нормалардың сақталуын жүзеге асыратын, мемлекеттік органның келісімі бойынша ғана жүргізіледі.
      Ал келтірілген залалдың сомасы жасыл көшет иесіне қайтарылуға тиіс, қолданыстағы заңға сәйкес, айып төлету қолданылуға тиіс.
      7. Мыналарға тыйым салынады:
      талдарды, бұталарды, бұтақтарды кесуге және сындыруға,
газондар мен клумбалардан гүлдерді жұлуға, ағаштардан сөл алуға, оларды кесуге,онда жазу жазуға, шеге қағуға, сым орауға, көшеттерге және басқа да жарақаттар жасауға;
      қоршалған жасыл бұталар көшетіне, талдарға бекітілген жіптерге жуылған кірді кептіруге;
      жасыл көшеттер аумағына ағынды суды , жанар-жағар майларды,
химиялық, құрылыс қалдықтарын және басқа да қалдықтарды төгуге;
      газондар мен клумбаларға, саябақтар мен скверлерге сауда
ларектарын, киоскілерді, столдарды, балмұздақ тіркемелерін орналастыруға;
      автокөлік құралдарын жақын жерден арнайы бөлінген жерлерден
басқа жерлерге, яғни саябақтар мен скверлерге, газондарға, көшеттер отырғызылған басқада жерлерге қоюға;
      гүлдерді, ағаштардың екпе көшетін, бұталарды баданасымен және тамырымен қазып алуға;
      үй  жануарларын газондар мен клумбаларда қыдыртуға;
      жасыл көшеттерді ауыл шаруашылық және үй жануарларына
таптатуға, бүлдіртуге.
      8. Осы ережелерді бұзған лауазымды адамдар мен азаматтар
"Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының тиісті баптарына және "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің "Жасыл көшеттерді қорғау мен ұстау ережелерін бұрмалау" деген 300-бапқа сәйкес, жауапқа тартылатындығы белгіленсін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады