Облыс азық-түлiк базарларының байқауын өткiзу туралы

Жаңа

Атырау облысы әкiмiнiң шешiмi 2002 жылғы 24 мамырда N№160. Атырау облысының әділет басқармасында 2002 жылғы 26 маусымда N 1022 тіркелді.

      Азық-түлiк базарларын тиiстi санитарлық-техникалық жағдайға келтiру, тамақпен жаппай уланудың алдын алу, сонымен бiрге "2002 жыл - Денсаулық жылын" ұйымдастыру және өткiзу жөнiндегi iс-шаралар бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында және Қазақстан Республикасының Z010148_ "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 27-бабына сәйкес облыстық әкiмдiк қаулы етеді:
      1. 2002 жылдың 5 маусымынан 5 шiлдеге дейiнгi мерзiмде азық-түлiк базарларының облыстық байқауы өткiзiлсiн.
      2. Базарларды тиiстi санитарлық-техникалық жағдайға келтiру жөнiндегi iс-шаралар жоспары (N 1-қосымша) және белгiленбеген сауда орындарын жою кестесi (N 2-қосымша) бекiтiлсiн.
      3. Қала мен аудан әкiмдерi N 1 және N 2-қосымшаларға сәйкес iс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсiн.
      4. Базарлар иелерi базарлар аумағын көркейту, сумен, әжетханамен жабдықтау, канализация торабының үздiксiз жұмыс iстеуiн, азық-түлiк тауарларының жабық павильонда сатылуын, тез бұзылатын тағамдар сату сауда орындарын тоңазытқыш және витриналармен қамтамасыз ету шараларын алсын.
      5. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық станциясы (Ө. Зинуллин), ауыл-шаруашылық Министрлiгiнiң аумақтық басқармасы (Ш. Бөлекбаев), облыстық iшкi iстер басқармасы (Х. Хайдар) облыстағы азық-түлiк базарларының байқауына бақылау жүргiзудi қамтамасыз етсiн.
      6. "Атырау-Ақпарат" мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорны (Е. Дошаев),

облыстық телерадиокомпаниясы (А. Нұрғалиев) байқау барысын жүйелi түрде 
бұқаралық ақпарат құралдарында жариялап отырсын. 
     7. Қала, аудан әкiмдерi, облыстық санитарлық эпидемиологиялық 
станциясы, облыстық iшкi iстер басқармасы, ауыл-шаруашылығы Министрлiгiнiң 
аумақтық басқармасы байқау қорытындылары жөнiнде облыстық әкiмиятқа 2002 
жылдың 5 шiлдесiне мәлiмет берсiн. 
     8. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң бiрiншi орынбасары
В. Супрунға жүктелсiн.
     Облыс әкiмi     
                                                Облыстық әкiмияттың
                                              2002 жылғы 24 мамырдағы
                                            N 160 қаулысына N 1-қосымша
                  Базарларды тиiстi санитарлық-техникалық
               жағдайға келтiру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
---------------------------------------------------------------------------
Iс-шаралар                    Жоспарланған базарлар     Орындау мерзiмi
---------------------------------------------------------------------------
1. Базарлардың аумағын асфальттау,   Барлық базарларда     2002 ж.15.06
   бетондау немесе тротуарлық
   плиткалар төсеу
--------------------------------------------------------------------------
2. Сауда сөрелерiн, сауда      Барлық базарларда            2002 ж.10.06
   қатарларын бiрыңғай үлгi
   жағдайына келтiру.
---------------------------------------------------------------------------
3. Объектiлердi            1) Аққыстау селосындағы "Универмаг"
   санитарлық жағдайын      базары (Мұханбетқалиев)
   жақсарту және жеке      2) Чапаев селосындағы "Универмаг"
   бас гигиенасын             базары (Мұқанбетқалиев) 
   сақтау үшiн жағдай      3) Аққыстау селосындағы "Еламан"
   жасау мақсатында          базары (Қабдешева)             2002ж.20.06
   су-канализация жүйелерi 4) Махамбет поселкесiндегi "Айгүл"
   iске қосу.                базары (Берғалиев)
                           5) Ганюшкино поселкесiндегi "Серпер" 
                              базары (Жүгiнiсов)
                           6) Доссор поселкесiндегi "Салтанат" 
                               базары (Құлмағанбетов)
                           7) Мақат поселкесiндегi "Барыс"
                                базары (Аманиязов)
                           8) Мақат поселкесiндегi "Баймұрат"
                                 базары (Дюсов)
                           9) Атырау қаласындағы "Мерей"
                                базары (Медеуов)
---------------------------------------------------------------------------
4. Жабық павильондарда     1) Индер поселкесiндегi "Мақсот"
   жөндеу жұмыстарын          базары (Шабдаров)
   жүргiзу.                2) Индер поселкесiндегi "Талап"  
                              базары (Таутенова)            2002 ж.20.06. 
                           3) Құлсары қаласындағы "Беркад"
                              базары (Жексенбаев)
                           4) Атырау қаласындағы Афанасьев
                              көшесiндегi "Мерей" базары
                              (Медеуов)
                           5) Миялы поселкесiндегi "Сенiм"
                              базары (Күзембаев)
     
--------------------------------------------------------------------------
5. Тез бұзылғыш тағамдар    1) Индер поселкесiндегi "Талап"
   сататын сауда орындарына    базары (Таутенова)
   тоңазытқыш және          2) Құлсары қаласындағы "Беркад"
   витриналар орнату.          базары (Жексенбаев)           2002 ж. 25.06
                            3) Аққыстау поселкесiндегi             
                               "Универмаг" базары (Мұханбетқалиев)
                            4) Махамбет селосындағы "Аққу"
                                 базары (Мусинова)
                            5) Мақат поселкесiндегi "Салтанат" 
                               базары (Құлмағанбетова)
                            6) Атырау қаласындағы "Мерей" 
                               базары (Медеуов)
                            7) Атырау қаласындағы "Дина" 
                               базары (Ғұбашев)
                            8) Атырау қаласындағы "Көктем"
                               базары (Баямиров)
                            9) Ганюшкино поселкесiндегi "Серпер"
                               базары (Жүгiнiсов)
---------------------------------------------------------------------------
6. Ветеринарлық зертханаға  1) Индер поселкесiндегi
  сай бөлмелер бөлiп,          "Талап" базары
  жабдықтау, су-канализация 2) Махамбет поселкесiндегi
  құбырымен қамтамасыз ету.    "Айгүл" базары             2002 ж. 25.06
                            3) Мақат поселкесiндегi       дейін
                               "Барыс" базары
                            4) Атырау қаласындағы Афанасьев            
                               көшесiндегi "Мерей" базары
                            5) Ганюшкино поселкесiндегi 
                               "Серпер" базары
                            6) Миялы поселкесiндегi
                               "Сенiм" базары
                            7) Сағыз селосындағы "Аяла"
                               базары
---------------------------------------------------------------------------
7. Жабық сауда павильондары 1) Құлсары қаласындағы 
   құрылысын аяқтау.           "Беркад" базары            2002 ж. 01.07 
                            2) Махамбет поселкесіндегі    дейін
                               "Айгүл" базары             2002 ж. 01.07.
                            3) Атырау қаласындағы         дейін
                               "Насиха" базары            2002 ж. 01.07
                            4) Атырау қаласындағы         дейін
                               "Көктем" базары            2002 ж. 01.10
                            5) Атырау қаласындағы         дейін
                               "Мұрагер" базары           2002 ж. 01.10
                            6) Сағыз селосындағы          дейін
                               "Аяла" базары              2002 ж. 01.07
                                                          дейін
-------------------------------------------------------------------------- 
          
                                             Облыстық әкiмияттың
                                           2002 жылғы 24 маусымдағы 
                                          N 160 қаулысына N 2-қосымша
               Белгiленбеген сауда орындарын жою кестесi
-------------------------------------------------------------------------
Аумақтар аттары       Белгiленбеген сауда           Жою мерзiмi
                        орындарының саны
--------------------------------------------------------------------------
Атырау қаласы               10                  2002 ж. 25 маусымына дейін
Махамбет ауданы              1                  2002 ж. 10 маусымға дейін 
Исатай ауданы                1                  2002 ж. 10 маусымға дейін
Мақат ауданы                 2                  2002 ж. 10 маусымға дейін
Жылыой ауданы               22                  2002 ж. 1 шiлдеге дейiн
--------------------------------------------------------------------------
     
     /Мамандар: Ержанова К.С., Хасанов М.Х./
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады