Бұзылғаны үшін әкімшілік жауаптылық көзделетін ережелер туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби аудандық мәслихатының 2002 жылғы 28 қарашадағы N 26/165-II шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2002 жылғы 24 желтоқсанда N 755 тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби аудандық мәслихатының 2009 жылғы 6 қарашадағы № 20/146-IV Шешімімен

      Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби аудандық мәслихатының 2009.11.06 № 20/146-IV Шешімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-II Заңының 6-шы бабына және 2001 жылғы 30 қаңтардағы N 155-II "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 300310311387 баптарына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
      Қоса беріліп отырған бұзылғаны үшін әкімшілік жауаптылық көзделетін ережелер бекітілсін.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы
      Аудандық мәслихаттың
      хатшысы

Төлеби аудандық мәслихатының
2002 жылғы 28 қарашадағы
N 26/165-II "Бұзылғаны үшiн
әкiмшiлiк жауаптылық көзделетiн
ережелер туралы" шешiмiмен
бекiтiлген

      Бұзылғаны үшiн әкiмшiлiк жауаптылық көзделетiн ережелер туралы

      Төлеби ауданы аумағында көрiктендiру, санитарлық тазалық пен тазалық жұмыстарын ұйымдастыру Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы", 1997 жылғы 15 шiлдедегi "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Кодексiнiң талаптарына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың арасындағы қарым-қатынасты реттейдi. Сонымен қатар осы ереже аудан аумағында жасыл желектердi күтiп ұстау мен қорғау, мал дәрiгерлiк туралы заңның ережелерiн сақтау, үй жануарларын (иттер және мысықтарды) күтiп ұстау және қала мен елдi мекендердiң аумақтарын санитариялық тазалау мен көрiктендiру ережелерiн сақтаудағы жеке және заңды тұлғалардың жауапкершiлiгiн қарайды.
      Сыртқы жарықтандыру құралдары, жасыл желектер, ғимараттар және басқа да қала инфрақұрылымдарының объектiлерi осы ереженiң негiзгi нысаны болып табылады. Меншiк түрiне қарамастан аудан аумағындағы барлық кәсiпорындар мен ұйымдардың, ғимараттардың, объектiлердiң егелерi сондай-ақ жеке азаматтар осы ереженiң талаптарын орындауға мiндеттi.

      1-бөлiм. Жасыл желектердi күтiп ұстау мен оларды қорғау тәртiбi туралы ереже

      1. Жасыл желектер заңмен қатаң түрде қорғалады. Бекiтiлген аумақтарға меншiк түрiне қарамастан барлық заңды және жеке тұлғалар жасыл желектердiң сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
      Ол үшiн агротехникалық iс-шараларды қатаң сақтауға, атап айтқанда: суғару, қырқу, дiндерiн тазарту, дiндердегi қосалқы өскiндер мен түптерiнiң қырыққан жерлерiн желiмдеу, қуыстарын тығындау, сонымен бiрге арам шөптерден тазарту жұмыстары жүргiзiлiп отыруы қажет.
      2. Үнемi өсiмдiк зиянкестерiмен,аурулары мен зиянды арам шөптермен өз күштерiмен күрес жүргiзiп отыруға тиiс.
      3. Тұрғын үй, өзге де ғимараттардың аумақтарында, гүлзарлар мен саябақтарда жапырақтарды жағуға (өртеуге) жол берiлмейдi.
      4. Жасыл желектер қорын қорғауды Қазақстан Республикасының "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңына сәйкес қамтамасыз етiп отыруға тиiс.
      5. Меншiк түрiне қарамастан барлық құрылыс жүргiзушi тұлғалар құрылыс жұмыстары бiткен соң, жұмыс жүргiзу барысында бұзылған жер учаскелерiн тез арада қалпына келтiрiп, көгалдандыру iс-шараларын өз қаржылары есебiнен жүргiзедi.
      6. Газондарды таптауға, жас ағаштар мен көшеттердi сындыруға, үзуге және қырқуға, жұлып алуға сондай-ақ жасыл алаңдарға (газондарда) гүлзарлар мен басқа да жасыл желектi жерлерге көлiк құралдарын қоюға жол берiлмейдi.
      7. Жасыл желектерге, ағаштарға электр және байланыс сымдарын бекiтуге немесе орауға тиым салынады.
      8. Оңтүстiк Қазақстан облыстық аймақтық Қоршаған ортаны қорғау басқармасының келiсiмiнсiз жасыл желектердi, ағаштарды шырпауға немесе қырқуға шек қойылады.

      2-бөлiм. Мал дәрiгерлiк туралы заңдардың талаптарын орындау тәртiбi туралы ереже

      9. Меншiк түрiне қарамастан барлық заңды жеке тұлғалар мiндеттi мал дәрiгерлiк-санитариялық iс-шараларды уақытылы жүргiзуi тиiс және оларды жүргiзудiң мерзiмдерiн бұзуға жол бермеуi тиiс.
      10. Карантин мен шектейтiн iс-шаралардың шарттары мен талаптарын сақтауға мiндеттi.
      11. Ауру жұқтыратын малдарды жою бойынша мал дәрiгерлiк-санитариялық iс-шараларды өз уақытында немесе толық өткiзуге жауапты болып табылады.
      12. Ауру жұқтыратын малдарды таратуға жол берiлмейдi.
      13. Малдарды өсiру кезiнде мал дәрiгерлiк санитарлық ережелердiң сақтауды қамтамасыз етуге мiндеттi.
      14. Аудан аумағын малдың жұқпалы ауруларын әкелуден қорғау жөнiндегi белгiленген нормативтiк-құқықтық актiлердiң талаптарын орындауға қол жеткiзуi тиiс.
      15. Малдарды тасымалдау (айдап апару) кезiнде мал дәрiгерлiк санитарлық ережелерiнiң орындалуын қамтамасыз етуге мiндеттi.
      16. Мал дәрiгерлiк саласында iндеттiң немесе өзгеде ауыр зардаптардың таралуына әкеп соқпаған басқа да нормативтiк-құқықтық актiлердi сондай-ақ iндетке қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың шешiмдерiн орындау мiндеттi болып табылады.

      3-бөлiм. Ауданда иттер мен мысықтарды күтiп ұстаудың тәртiбi туралы ереже

      18. Осы ереже меншiк түрiне,ведомстволық бағыныстылығына қарамастан аудан аумағында тұратын барлық ит және мысық ұстаушы азаматтарға және заңды тұлғаларға бiрдей қолданылады.
      19. Ленгiр қалалық және Төлеби аудандық аумақтық басқармаларында ұй жануарларына (иттер мен мысықтарға) диагностикалық тексеру және аса қауiптi жұқпалы ауруларға қарсы мал дәрiгерлiк егу жұмыстары жыл сайын мiндеттi түрде жүргiзiлiп отырылады.
      20. Иттер мен мысықтар көпшiлiк қоғамдық орындарда жетексiз, иесiз жүрсе ( бұған дүкеннiң, аурухананың, тұрмыс қажетiн өтеу үйлерiнiң т.б. алдында уақытша қойылған жануарлар кiрмейдi) қаңғыбас жануарлар деп есептелiнiп, олар арнайы ит аулау бригадасы арқылы ауланады.

      1-тарау. Иттер мен мысықтарды ұстаудың тәртiбi

      21. Медициналық мал дәрiгерлiк талаптарға қарама-қайшылык болмаған жағдайларда иттердi және мысықтарды тұрғын үйлерде, пәтерлерде ұстауға болады. Бұл жағдайда зоологиялық және дәрiгерлiк санитариялық талаптар сақталынып, олардың қоршаған ортаны былғауына жол берiлмейдi.
      22. Көлiктерде иттер мен мысықтарды алып жүргенде жолаушылардың денсаулығына қауiп келтiрмеуi тиiс, яғни итке тұмылдырық кигiзiлiп, белгiлi бiр жерге байлануы керек. Мысықтар торда немесе арнайы жасалынған жәшiктерде тасымалданады.
      23. Мас адамдарға, 14 жасқа толмаған жас өспiрiмдерге иттердi жалпы көпшiлiк қолданылатын жерлерге алып баруға рұқсат етiлмейдi.
      24. Қоғамдық орындарда, көпшiлiк пайдаланылатын жерлерде, үйдiң алдында, үйге кiре берiстерде, баспалдақтарда, спорт және балалар алаңдарында, гүлзарларда, парктерде, саябақтарда ит ұстауға жол берiлмейдi.

      2-тарау. Иттер мен мысықтардың егелерiнiң мiндеттерi

      25. Иттер мен мысық егелерi ит пен мысықты асырау кезiнде олардың биологиялық өсiп жiтiлiмiне, ерекшелiктерiне қарап, саналы түрде оларды қараусыз қалдырмай, ауырған жағдайда дер кезiнде мал дәрiгерiне көрсетуi қажет.
      26. Ит пен мысықтың тұрған жерiн таза ұстауға және оларды тұрақты түрде қыдыртып (моцион) отыруға тиiс.
      27. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық Министрлiгiнiң аумақтық басқармасы инспекторларының талабымен егелерi ит пен мысықты мал дәрiгерлiк байқаудан және диагностикалық тексерулерден өткiзiп, қауiптi аурулардың алдын алу мақсатында профилактикалық емдеуден өткiзiп отыруға мiндеттi.
      28. Иттер мен мысықтардың адамдардың денсаулығына қауiп келтiрмеуi үшiн, әрi сақтық шараларын жүргiзу мақсатында, иттердi байлап қоюға немесе арнайы жерде қамап ұстауға, иттердi ұстап тұрған жерлерде ескерту белгiлерiн қоюға, қыдырту кезiнде иттi жетекте ұстап, тұмылдырық кигiзуге мiндеттi әрi моцион уақытысында ит егелерi иттiң былғаған жерлерiн тазалап, күрекше арқылы қалтаға салып, арнайы жерге тастауы тиiс.
      29. Иттердi немесе мысықтарды асыруға мүмкiндiгi болмаған жағдайда, оны басқа азаматтарға беруi немесе мал дәрiгерлiк мекемесiне өткiзуi қажет.
      30. Асырап отырған иттерi мен мысықтары өлiп қалса немесе жоғалып кетсе егесi тез арада Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық Министрлiгiнiң аумақтық басқармасына хабарлауға мiндеттi.
      31. Адамдарды немесе ұй жануарларды тiстеп, қауып алған жағдайда ит пен мысықтың егесi тез арада медициналық мекемеге хабарлап, ит пен мысықты арнайы мал дәрiгерлiк бақылаудан өткiзiп, карантин жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық Министрлiгiнiң аумақтық басқармасына келуi тиiс.
      32. Иттер мен мысықтарды изоляторда оқшаулап ұстап отыруға кеткен жалпы шығын олардың егесiнiң есебiнен өндiрiледi.
      33. Ит пен мысық өлген жағдайда олардың егелерi мiндеттi түрде Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық Министрлiгiнiң аумақтық басқармасына немесе Мал дәрiгерлiк қызмет мекемесiне хабарлаулары керек. Оларды арнайы жерге апарып көмуге кеткен шығын ұй жануарлары егелерiнiң есебiнен жүргiзiледi. Өлген ит пен мысықтың денелерiн егелерiне өз бетiнше тастауға немесе көмуiне тиым салынады.
      34. Кез келген жануарлар ( ит пен мысық) оның егесiнiң меншiгi болып табылады және ол меншiк ретiнде заңмен қорғалады.

      4-бөлiм. Қала мен елдi мекендердiң аумақтарын тазалау, көрiктендiру, сондай-ақ қалалық инфрақұрылым объектiлерiн қорғау туралы ереже

      35. Аудан аумағында көмiр қалдықтарын, шаруашылық-тұрмыстық қалдықтарын, сонымен қатар тұрғын-ұй және сауда мекемелерiнiң, қоғамдық тамақтандыру орындарының, мәдени-тұрмыстық сипаттағы кәсiпорындардың шығаратын тағам қалдықтарын, канализация жүйесi қарастырылмаған ғимараттардың сұйық қалдықтарын, көше қоқыстарын тиiмдi әрi мiндеттi түрде жинауды қарастырады.
      Жыл мезгiлiнiң кез келген мерзiмiнде қоғамдық орындардың (қала, ауыл көшелерi, аяқжолдар, iшкi орамдық жолдар, тұрғын-ұй аулалары, аймағы, саяжайлар, базарлар, саябақтар) және тұрғын үйлердiң тазалығы мен олардың қоқыстарын жинау жұмыстарын қамтиды.
      36. Қала көшелерi мен өздерiне қарасты тұрғын үйлердiң маңын тазалау тиiстi заңды тұлғалар (өндiрiс орындары, АҚ, ЖШС, т.б.) мен жекеменшiк ұй иелерiнiң қатысуымен жүргiзiледi, аумақтан жиналған қоқысты шығару, келiсiм-шарт негiзiнде арнайы мамандандарылған кәсiпорындарына (коммуналдық шаруашылық кәсiпорны) жүктеледi.
      Үйлерге келетiн жолдарды тазалау жеке ұй иелерi мен жекешелендiрген пәтерлер кооперативтерiнiң,базарлардың, өндiрiс орындарының аумақтары, құрылыс алаңдары, қоймалары және оларға келетiн жолдар бағыныстылығына қарай тиiстi заңды тұлғалардың күшiмен тазаланып,жиналған қоқыстар келiсiм-шарт негiзiнде арнайы мамандандырылған кәсiпорындардың (коммуналдық шаруашылық кәсiпорны) күшiмен тазартылады. Ал қала төңiрегiнiң басқа аумақтарының тазалығы (стадион, жәрменке орындары, базарлар, автокөлiктерге арналған ашық автотұрақтар, ауылшаруашылық аймақтары) оны пайдаланып отырған жер учаскелерiнiң иелерiне жүктеледi. Ағымдағы және күрделi жөндеу жұмыстары жүрiп жатқан құрылыс объектiлерiнiң ауласы, сондай-ақ оның айналасының тазалығы сол жұмыстарды жүргiзiп жатқан тұлғалардың күшiмен тазартылады.
      Толассыз жауын мен ерiген қар сулары тасқынының қаупiн болдырмау мақсатында жауын сулары құйылатын қүдықшалар мен орамдық жолдар,көшелердiң суағар жүйелерi кемiнде әр маусымда 2 рет ұй иелерi мен арнайы мамандандырылған кәсiпорындар (коммуналдық шаруашылық кәсiпорны) арқылы тазаланып отырады.
      37. Жаңадан салынып жатқан ғимараттардың аумағындағы құрылыс қалдықтары мен қоқыстарын тазалау сол құрылыстарды салуға тапсырыс берушiлердiң есебiнен қамтамасыз етiледi.
      38. Тұрақты түрде аумақ тазалығын сақтап, күнделiктi тұрмыс өндiрiс қалдықтарын алып отыратын арнайы мамандандырылған кәсiпорын, тұрғын-ұй иелерi мен пәтерлер кооперативтерiнiң арасында жасалынған келiсiм-шарт негiзiнде, санитарлық-эпидемиологиялық мекемесiмен келiсiлген кестеге сай жүргiзiледi.
      39. Қалдық шығаруға арналған автокөлiктердiң әрбiр тасымалының (рейс) жол қағаздарына қоқыс орны полигоны әкiмшiлiгiнiң белгiсi соғылады.
      40. Қалдықтарды арнайы белгiленiп берiлген қоқыс орны полигонынан басқа аумақтарға, ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерге тастауға тиым салынады.
      41. Аумақтарды тазалау мен көрiктендiру жұмыстары қысқы және жазғы кезеңдерге бөлiнiп, бұл кездерде атқарылуға тиiстi үнемi-мерзiмдi жұмыстар мiндеттi жүргiзiлiп отырады.
      Сыпыру, жуу, суғару, қыру, қарды сыпырып күреу, мұзды ою, мұз-қарды ойып алып тастау үнемi атқарылатын жұмыстар болып табылады.
      Жауын-су жүйелерiн тазалау, жол жиегiндегi шөптердi шабу мерзiмдi атқарылатын жұмыстарға жатады.

      3-тарау. Көпшiлiк пайдаланатын қоғамдық орындардың
тазалығы

      42. Саябақ, демалыс орындарының, көпшiлiк қыдыратын орындарының және басқа да қоғамдық орындарының тазалығы осы ереженiң 1-бөлiмiнiң 2-шi бабында белгiленген талапқа сай орындалады.
      43. Барлық алаңдар мен көшелерде, саябақтарда, бақтарда, вокзалдарда, базарларда, қалалық көлiк аялдамаларында және басқада орындарда қоқыс салатын ыдыстар (сауыттар) жеткiлiктi мөлшерде қойылуы қажет.
      44. Қоқыс салатын ыдыстар (сауыттар) ғимараттардың қарсы бет тұсының кiре берiс жерлерiне, ал сауда орындарының, павильондардың, скверлердiң, бульварлардың, саябақтардың, саяжайлардың шыға берiс жерлерiне меншiк иелерi есебiнен қойылады.
      Қоқыс салатын ыдыстар (сауыттар) жөнделген және таза, қоқыстан тазартылған күйiнде, күнiне бiр рет жуылап залалсыздандырылып тұрады қажет және залалсыздандырлып, жылына 2 рет боялуы тиiс.
      45. Дүңгiршiктер мен павильондар, бөлшек-сауда дүкендерiнiң иелерiне ыдыстары мен тауарларының артық бөлшектерiн текшелеп жинап қоюы үшiн, iргелес жатқан аумақты қолдануына жол берiлмейдi.
      46.Қала аумағында арнайы белгiленбеген жерлерден бөлек аумақта көлiк құралдарын жөндеу жұмыстарын жүргiзуге, ластауға, балалардың ойын алаңдарын, үйлердiң аулаларын, аяқжолдарды (тротуарлар) арнайы мамандандырылған кәсiпорынның жинауына, сондай-ақ тұрмыс қалдықтарын алып кетуге кедергi келтiрмеуге тиiс. Бөлшектелген көлiк құралдарын арнайы белгiленген жерлерден бөлек басқа жерлерге қоюға немесе тастауға тиiм салынады.
      47. Аялдамалардағы объектiлердi бұзу немесе қайта құру жұмыстары жүрiп жатқан кезде де олардың егесi қарамағындағы жерлердiң санитарлық тазалығын қамтамасыз етуге мiндеттi.
      48. Аялдама павильонының егелерi күнделiктi тазалық және қоқыс салатын ыдыстардағы (сауыттардағы) қоқыстарды шығару жұмыстарын таңертеңгi уақытта жолушылар қозғалысы басталмай тұрып жүргiзуi тиiс.

      4-тарау. Айрықша нысандар аумақтарының тазалық жұмыстарын жүргiзу

      Iшкi орамдық жолдардың, аяқжолдардың (тротуар) тазалығы мен қоқыс жинау жұмыстары арнайы мамандандырылған кәсiпорындардың күшiмен атқарылады. Бұл ретте аяқжолдар (тротуарлар), iшкi орамдық жолдар көше жолының қозғалыс бөлiгiнiң тазалық жұмыстары, жол үстi төсенiшiнiң шаң-тозаң және қоқысты сыпырып, жууды қамтиды.
      Аяқжолдарды (тротуар) жинау, автомашина көлiгiмен, таңертеңгi уақытта, жаяу жүргiншiлер қозғалысы аз кезде жүргiзiледi.

      5-тарау. Инженерлiк коммуникация жүйелерiн ұстау олардың тазалығын сақтау тәртiбi

      49. Қарамақтарында жерасты және жерүстi инженерлiк коммуникация жүйелерi бар мекеме, кәсiпорын басшылары жүйелi түрде құдықша қақпақтарының (канализация суы, жаңбыр суы және т.б.құдықшалардың) жол деңгейiмен бiрдей болуын, әрi үнемi жұмыс жағдайында болуын қадағалауы тиiс. Құдықшалар, коммуникациялық жүйелер тазартылғанда шығарылатын қоқыс тез арада алынып кетуi керек.
      50. Бағыныстылығанда өндiрiс қоймалары мен базалары, карьерлерi, құрылыс алаңдары сондай-ақ өзгеде нысандары бар объектiлердiң егелерi:
      ғимарат алды жолдарына, көлiктердiң қайырылатын алаңына, кiретiн және шығатын жолдарына, түсiру және арту алаңына қатты төсенiштер (асфальт, бетон) төсеуге;
      лас машиналар мен транспорт механизмдерiн құрылыс алаңдарынан көшеге шығармауға мiндеттi.
      51. Көшелерге, аяқжолдарға (тротуар), газондарға, үйдiң қарсы бет алдына құрылыс заттарын, ағаш-көмiр отындарын, ұй жануарларының көңдерiн, металл сынықтарын, минералды тыңайтқыштар мен улы химикаттарды және өзге де материалдарды жинауға жол берiлмейдi.
      52. Жолдардың қозғалыс бөлiгiн, аяқжолдар (тратуарлар) бөлiгiн, тоғандардың, өзен жағалауларының, құрылыс нысандарының айналасын және жасыл желектер өсiп тұрған, жерлердi көпшiлiк пайдаланатын қоғамдық орындарды тұрмыс қалдықтарымен (темекi қалдығы, қағаз, бөтелке т.б.) ластуға тиiм салынады.
      53. Осы ережелердiң талаптарын орындамаған жағдайда барлық заңды және жеке тұлғалар қолданыстағы "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасы Кодексiнiң 300310311 және 387 баптарына сәйкес әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылады.

      Мазмұны:
      1-бөлiм. Жасыл желектердi күтiп ұстау мен оларды қорғау тәртiбi туралы ереже.
      2-бөлiм. Мал дәрiгерлiк туралы заңдардың талаптарын орындау тәртiбi туралы ереже.
      3-бөлiм. Ауданда иттер мен мысықтарды күтiп ұстаудың тәртiбi туралы ереже.
      1 тарау Иттер мен мысықтарды ұстаудың тәртiбi.
      2 тарау Иттер мен мысықтардың егелерiнiң мiндеттерi.
      4-бөлiм Қала мен елдi мекендердiң аумақтарын тазалау, көрiктендiру сондай-ақ қалалық инфрақұрылым объектiлерiн қорғау туралы ереже.
      3-тарау. Көпшiлiк пайдаланатын қоғамдық орындардың тазалығы.
      4-тарау. Айрықша нысандар аумақтарының тазалық жұмыстарын жүргiзу.
      5-тарау. Инженерлiк коммуникация жүйелерiн ұстау олардың тазалығын сақтау тәртiбi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады