Байланыс формасы

Акционерлердiң бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқықтарын iске асыру жөнiндегi ережені бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 25 шілдедегі N 252 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 22 тамызда тіркелді. Тіркеу N 2453. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы N 151 қаулысымен.

        Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 12 тамыздағы  N 151  қаулысымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз).
____________________________________

      Ескерту: Атауында "нұсқаулықты" деген сөз "ережені" деген сөзбен ауыстырылды - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі басқармасының 2004 жылғы 12 шілдедегі N 196   қаулысымен

      "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  16-бабының 2-тармағын iске асыру және акционерлердiң құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы қаулы етеді:

      1. Акционерлердiң бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқығын iске асыру жөнiндегi ереже бекiтiлсiн.
       Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі басқармасының 2004 жылғы 12 шілдедегі N 196   қаулысымен .

      2. Осы қаулы күшiне енгiзiлген күннен бастап Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының "Басымдықпен сатып алу құқығын пайдалану жөнiндегi ұсынысты акционерлерге ұсыну тәртiбi туралы" 1999 жылғы 23 ақпандағы N 23  қаулысының  (Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттік тiркеу тiзiлiмiнде N 722 тiркелген, 1999 жылғы мамырда "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналында жарияланған, N 5) күшi жойылды деп танылсын.

      3. Қаржылық қадағалау департаментi (Бахмутова Е.Л.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, бағалы қағаздар рыногы кәсiби қатысушыларының өзiн-өзi реттейтiн ұйымдарына және бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушысына жiберсiн.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсiн.

      5. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн күшiне енедi.

       Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының  
Ұлттық Банкi Басқармасының  
"Акционерлердiң бағалы    
қағаздарды басымдықпен    
сатып алу құқықтарын iске  
асыру жөнiндегi ережені    
бекiту туралы" 2003 жылғы  
25 шілдедегі N 252 қаулысымен 
бекiтiлген        

       Ескерту: Жоғары оң бұрышында және атауында "нұсқаулықты" және "нұсқаулық" деген сөздер тиісінше "ережені" және "ереже" деген сөздермен ауыстырылды   - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі басқармасының 2004 жылғы 12 шілдедегі N 196   қаулысымен

  Акционерлердiң бағалы қағаздарды басымдықпен сатып
алу құқықтарын iске асыру жөнiндегi ереже

      Акционерлiк қоғамдардың (бұдан әрi - қоғам) жарияланған акцияларын немесе қоғамның жай акцияларына айырбасталатын басқа бағалы қағаздарды, сондай-ақ эмитент бұрын сатып алған, орналастырылатын бағалы қағаздарды (бұдан әрi - орналастырылатын бағалы қағаздар) акционерлердiң басымдықпен сатып алу құқықтарын iске асыру мақсатында "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  16-бабының 2-тармағын орындау үшiн Акционерлердiң бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқықтарын iске асыру жөнiндегi ереже (бұдан әрi - Ереже) әзiрленген.
       Ескерту: Кіріспеге өзгертулер енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі басқармасының 2004 жылғы 12 шілдедегі N 196   қаулысымен .

      1. Орналастырылатын бағалы қағаздарды сатып алуы туралы акционерлердiң мынадай хабарлама тәсiлiнiң бiрi қоғамның жарғысымен белгiленедi:
      1) уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiмен белгiленген талаптарға жауап беретiн, баспасөз басылымдарында акционерлiк қоғам жариялайтын, орналастырылған бағалы қағаздарды сатып алу туралы хабарлама;
      2) әрбiр акционерге қоғам жiберетiн орналастырылған бағалы қағаздарды сатып алу туралы жазбаша хабарлама.

      2. Орналастырылатын бағалы қағаздарды сатып алу туралы ұсыныс бар жазбаша хабарламада немесе баспасөз басылымдарындағы жарияланымда:
      1) орналастырылатын бағалы қағаздардың саны және түрлерi;
      2) орналастырылған (қоғам сатып алғандарды шегерiп тастағанда) акция санының орналастырылатын бағалы қағаздарға ара қатынасы;
      3) "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  16-бабының 1-тармағының талаптарын ескере отырып бағалы қағаздар сатып алу шарты;
      4) бағалы қағаздарды орналастыру бағасы;
      5) орналастырылатын бағалы қағаздарды акционерлердiң сатып алу орны (орындары);
      6) орналастырылатын бағалы қағаздарды акционерлердiң сатып алу мерзiмi болуға тиiс.

      3. Қоғамның орналастырылатын бағалы қағаздарын сатып алу үшiн акциясының саны жеткiлiксiз акционер "Акционерлiк қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының  16-бабының 1-тармағымен белгiленген сатып алу талаптарына сәйкес басқа акционерлермен ортақ меншiк құқығында орналастырылатын бағалы қағаздарды сатып алуға құқылы.

      4. Орналастырылатын бағалы қағаздарды басымдықпен сатып алу құқығы бар акционерлердiң тiзiмiн бағалы қағаздарды орналастыру туралы қоғамның директорлар кеңесiнiң шешiмi қабылданған күнгi қоғам акциясын ұстаушылардың тiзiлiм деректерi негiзiнде тiркеушi жасайды.

      5. Басымдықпен сатып алу құқығына сәйкес орналастырылатын бағалы қағаздарды сатып алуға акционерлердiң өтiнiш беру мерзiмi акционер жазбаша хабарлама алған немесе баспасөз басылымдарында жарияланған күннен бастап кем дегенде отыз күндi құрауға тиiс.

      6. Орналастырылатын бағалы қағаздарды сатып алуға қоғам акционерiнің өтiнiшi жазбаша нысанда жасалады, осы Ереженің 5-тармағында белгiленген мерзiмде қоғамға ұсынылады.
      Өтiнiште:
      1) қоғамның акционерi сатып алуға ниет бiлдiрген бағалы қағаздардың саны мен түрi;
      2) акционердiң не егер қоғам акционерi жеке тұлға болса - оның уәкiлеттi өкiлiнiң жеке басын куәландыратын құжаттың аты, деректемелерi, орналасқан жерi, қолы;
      3) лауазымды тұлғалардың не егер қоғам акционерi заңды тұлға болса - олардың уәкiлеттi өкiлдерiнiң атауы және орналасқан жерi, мөрi және қолдары.
       Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі басқармасының 2004 жылғы 12 шілдедегі N 196   қаулысымен .

      7. осы Ережемен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шешiледi.
       Ескерту: 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі басқармасының 2004 жылғы 12 шілдедегі N 196   қаулысымен .

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады