Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1865 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының және бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың апта және ай сайынғы есепті ұсыну тәртібі туралы" 2002 жылғы 13 сәуірдегі N 130 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2003 жылғы 27 қазандағы N 375 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 26 қарашада тіркелді. Тіркеу N 2578. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы N 173 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007.06.25 N 173 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      Бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының және бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың есепті ұсыну тәртібін жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының және бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушылардың апта және ай сайынғы есепті ұсыну тәртібі туралы" 2002 жылғы 13 сәуірдегі N 130 қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1865 тіркелген, 2002 жылғы мамырда "Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы" журналында жарияланған, N 5) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1-тармақтың:
      1) тармақшасының үшінші абзацы алынып тасталсын;
      2) тармақшаның үшінші абзацы алынып тасталсын;

      4-тармақтың екінші абзацы алынып тасталсын;

      1-қосымшадағы кестедегі 11-бағанның атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Орналастыру";

      3-қосымшаның кестесі мынадай мазмұндағы 11-бағанмен толықтырылсын:
      "Орналастыру";

      5-қосымшаның кестесі мынадай мазмұндағы 10, 11-бағандармен толықтырылсын:
      "10 "Қарсы бұйрықтың күні";
      11 "Қарсы бұйрықтың номері";

      6-қосымшаның кестесі мынадай мазмұндағы 9, 10, 11-бағандармен толықтырылсын:
      "9 "Қарсы бұйрықтың күні";
      10 "Қарсы бұйрықтың номері";
      11 "";

      8-қосымшаның кестесі мынадай мазмұндағы 10-бағанмен толықтырылсын:
      "Орналастыру";

      9-қосымшаның:
      2-тармағындағы "1-4, 6-8" деген сандар "1, 3, 6, 8" деген сандармен ауыстырылсын;

      3-тармағындағы "1-8" деген сандар "1, 3, 5, 6, 8" деген сандармен ауыстырылсын және "Күні" деген сөздің алдына "Қарсы бұйрықтың" деген сөздермен толықтырылсын;

      4-тармақтағы "2" деген сан "3" деген санмен ауыстырылсын;
      5-тармақ алынып тасталсын;
      6-тармақтағы "1-3, 7" деген сандар "1, 3" деген сандармен ауыстырылсын;
      7-тармақтағы "1-3, 7" деген сандар "1, 3" деген сандармен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 7-1 тармақпен толықтырылсын:
      "7-1. "Орналастыру" бағанын толтыру кезінде 1, 3, 8-қосымшаларда мынадай символдар пайдаланылады:
      "1" - бағалы қағаздарды бастапқы орналастыру;
      "2" - бағалы қағаздарды екінші рет орналастыру.";

      8-тармақтағы "4, 5-қосымшаларда" деген сөздер "5-қосымшада" деген сөздермен ауыстырылсын;
      9-тармақ алынып тасталсын;

      11-тармақтың 4) тармақшасының үшінші абзацындағы "операцияларды" деген сөзден кейін ", сондай-ақ тараптардың бірі осы бағалы қағаздардың эмитенті болып табылатын мәмілелер бойынша бағалы қағаздар ұстаушыларының жеке шоттары бойынша операцияларды" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      3. Қаржылық қадағалау департаменті (Бахмутова Е.Л.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қолдансын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, сауда-саттық ұйымдастырушыларға өзін-өзі реттейтін ұйымдарға, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногында брокерлік және дилерлік қызметті және бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімі жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, сауда-саттық ұйымдастырушылардың және өзін-өзі реттейтін ұйымдардың мүшелері болып табылмайтын ұйымдарға жіберсін.

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулының Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарына жарияласын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ә.Ғ.Сәйденовке жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады