Спорттық, мәдени және өзге де бұқаралық іс-шаралар өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Ішкі істер министрінің 2003 жылғы 6 қарашадағы N 619 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2003 жылғы 23 желтоқсанда тіркелді. Тіркеу N 2629. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 20 ақпандағы № 124 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 20 ақпандағы № 124 (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Спорттық, мәдени және өзге де бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Спорттық, мәдени және өзге де бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкіісминінің Ішкі әскерлер комитеті, Астана және Алматы қалаларының Ішкі істер бас басқармаларының, облыстардағы Ішкі істер бас басқармаларының - Ішкі істер басқармаларының бастықтары Спорттық, мәдени және өзге де бұқаралық іс-шараларды өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті сақтауға тартылатын қалалық, аудандық ішкі істер органдары басшылығының, ішкі әскерлердің әскери құрамалары, жедел мақсаттағы бөлімдері мен арнайы моторландырылған бөлімдері қолбасшылығының, патрульдік полицияның, ішкі істер органдарының басқа да қызметтері мен бөлімшелері жеке құрамының осы Нұсқаулықты оқып-үйренуін қамтамасыз етсін және оның орындалуын ұйымдастырсын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі полиция генерал-майоры И.И.Оттоға және Ішкі істер министрлігінің Қоғамдық қауіпсіздік департаментіне (Ғ.А.Алпысбаев) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.

Министр



      "КЕЛIСIЛДI"

  Қазақстан Республикасының
Мәдениет министрi
2003 ж. 30 қазан
"КЕЛIСIЛДI"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрi
2003 ж. 21 қазан
"КЕЛIСIЛДI"
Қазақстан Республикасының
Туризм және спорт жөнiндегi
агенттiгiнiң төрағасы
2003 ж. 14 қазан
"КЕЛIСIЛДI"
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар жөніндегі
агенттiгiнiң төрағасы
2003 ж. 6 қазан
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрінің
2003 жылғы 6 қарашадағы
N 619 бұйрығымен
бекітілген

Спорттық, мәдени және өзге де бұқаралық
іс-шаралар өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі
НҰСҚАУЛЫҚ
1. Жалпы ережелер

      1. Көрермендердің қатысумен өтетін Спорттық, мәдени және өзге де бұқаралық іс-шаралар (бұдан әрі - бұқаралық іс-шаралар) қоғамдық тәртіп пен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін міндетті түрде ішкі істер органдарының және Мемлекеттік өртке қарсы қызметін тарта отырып өткізіледі.

      2. Жоспар бойынша бұқаралық іс-шаралар өткізетін ұйымдар, Спорттық, мәдени және өзгеде ғимараттардың (бұдан әрі - ғимараттар) әкімшілігі және ішкі істер органдары және Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі (бұдан әрі - ТЖА) Мемлекеттік өртке қарсы қызметінің органдары оларды өткізу кезінде өз құзыреті шегінде қатысушылар мен көрермендердің қауіпсіздігі үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге жауап береді.

      3. Бұқаралық іс-шаралар Спорттық, мәдени және өзге де ғимараттарда және ішкі істер органдары мен ТЖА-ның Мемлекеттік өртке қарсы қызметі тартыла отырып, мемлекеттік комиссиялар мен төреші алқалары ресми түрде пайдалануға қабылдаған жерлерде оларды өткізуге қатысушы барлық ұйымдардың ғимараттарды инженерлік жүйелерді спорттық-технологиялық жабдықтар мен керек-жарақты пайдаланудың қолданыстағы нормалары мен ережелерін, сондай-ақ нұсқаулықтарға сәйкес басқа да нормативтік актілерді сақтаған жағдайда ғана өткізіледі.

2. Бұқаралық іс-шараларды
дайындау мен өткізуді ұйымдастыру

      4. Іс-шараны өткізуде көрермендер мен қатысушылардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілмеген жағдай анықталған кезде ішкі істер органы және ТЖА-ның Мемлекеттік өртке қарсы қызметі бұқаралық іс-шараларды өткізуді тоқтату немесе көрерменсіз өткізу туралы ұсыныс енгізеді. Бұқаралық іс-шараларды тоқтатуға мыналар негіз бола алады: эвакуация жолдарының қолданылып жүрген нормалар мен ережелерге сай келмеуі, трибуна конструкциясының ескіруі, апаттық жарықтандырулардың болмауы, жарыс өткізілетін үй-жайдың астына қауіпті жанғыш заттардың, материалдардың орналасуы, өртке қарсы қорғаныс құралдарының болмауы және бұзылуы, (монтаж және электр жабдықтарын пайдалану ережелерін бұзуы) сондай-ақ басқа да өрттің тууына себеп болатын өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы.

      5. Нақты іс-шараға сәйкес құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге дайындық ішкі істер органдары мен Мемлекеттік өртке қарсы қызмет бағдарламасы және регламентін алған сәттен бастап іс-шаралар басталар алдында кемінде 10 тәулік бұрын басталады, оны жарысты ұйымдастырушылар ұсынады. Спорттық, мәдени және өзге де ғимараттардың әкімшілігі алдын ала, іс-шаралар өткізуден бұрын екі тәуліктен кешіктірілмей ішкі істер органдарына көрермендердің саны туралы хабар береді және жарыс басталар алдында төрт сағат бұрын сатылған билеттердің, берілген рұқсат қағаздардың, оның ішінде автокөлікке берілген рұқсат қағаздардың саны туралы хабарлайды. Бұл ретте жедел штаб басқару пунктінің орналасқан орындары, ішкі істер органдарының қызметтік, ТЖА-ның Мемлекеттік өртке қарсы сақтық қызметі және жедел жәрдем көрсету, сондай-ақ резервтегі автокөлік қоятын жерлері анықталады.

      6. Тиісті іс-шаралар басталар алдында кемінде екі тәулік бұрын қоғамдық тәртіпті сақтауға жұмылдырылған ішкі істер органдарының күш құралдарын орналастыру-жоспары бекітіледі және жедел штаб құру туралы шешім қабылданады. Оның құрамына: бастық және оның орынбасары; жедел кезекші; күштерді және құралдарды басқару тобы; ақпарат және талдау тобы; жедел-тергеу тобы кіреді және ТЖА өкілдері, жедел жәрдем көрсету, іс-шараларды ұйымдастырушылар шақырылады.

      Аймақтардың, секторлардың, учаскелердің бастықтары тағайындалады, олардың функционалдық міндеттері анықталады, жеке құрамның есебі жүргізіледі. Бұл ретте қаладағы жедел жағдай, өткізілетін іс-шаралардың көлемі мен сипаты, жергілікті тұрғындар және өзге де өңірлер тарапынан қызығушылық тудыратын метеорологиялық жағдайы, қатысушылар мен көрермендердің саны, олардың көңіл-күйлері туралы жедел ақпараттың болуы ескеріледі. Билеттерді сату және рұқсат қағаздарды беру кезінде орындары белгіленбеу фактілерін жібермеуге, сондай-ақ белгіленген нормадан асып кеткен сол немесе өзге де ғимараттарға таратылатын билеттердің санына аса назар аудару керек.

      7. Нақты іс-шараға арналған күштер мен құралдардың есебін ғимараттарға тиісті тәртіппен нарядты қамтамасыз ету осы объектіге жалғасып жатқан аймақта құқық тәртібін сақтаудың төмендемеу түрінде жүргізілуі тиіс. Турникеттерді орналастыру орны мен саны анықталады. Жағдай қиындаған кезде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін жедел штаб жетекшілері мен сектор бастықтарынан резерв құрылады. Резерв құрамындағы жедел аға бастығының өкімінде болып табылатын күштер мен құралдар 15 процентке дейін, аға секторлар резервіне осы учаскеде пайдаланылатын жеке құрамның 10-15 проценті беріледі. Сонымен қатар қажеттілік туындаған жағдайда белсенді қатысушылар мен тәртіпсіздікті ұйымдастырушыларды анықтау үшін көзбен шолып байқау, фотоға түсіру, бейне және дыбыс жазу құралдарымен жарақталған криминалдық полициясы қызметкерлері қатарынан фиксация тобын ескеру қажет.

      8. Іс-шаралардың басында және аяқталған (үзіліс) кезде және төрешілердің спорт алаңына (манеж) шыққан (кеткен) кезінде спорттық іс-шаралардың қатысушыларына қатысты көрермендер тарапынан шабуыл және бұзақылық іс әрекеттерін жою мақсатында штаб жетекшісі еріп жүру және дәлізді қамтамасыз ету тобын орналастырады. Сонымен қатар қажеттілік туған жағдайда ұйымдастырушылардың келісімімен спорт аренасында іс-шараларға қатысушылардың арасында бұзақылық іс-әрекеттерді болдырмау үшін әбден дайындалған полиция қызметкерлері қатарынан (кемінде 5 адам) топ құрады. Аталған топ іс-шаралар ұйымдастырушыларынан таяу жерде орналасады.

      9. Іс-шараларды өткізу объектілерінде нарядтардың нұсқамасы олармен жаттығу және дайындық жүргізу жеке құрамның қызмет ету дайындығының негізгі бөлігі болып табылады. Бұл ретте көрермендерді ғимараттардан эвакуациялауға, қала көліктеріне азаматтарды отырғызуға, іс-шаралар кезінде көрермендердің тәртіп ережесін сақтауға және заңдылығына байланысты мәселелерге ерекше назар аударылады. Нұсқама кезінде схемаларды және объектілердің макеттері пайдаланылады, адамдардың және көліктердің қозғалу бағыты, басқару пункттерінің орналасу орны және резервтері, медициналық пункттер, сауда орындары анықталады, кіруге рұқсат беретін билеттердің үлгілерімен, рұқсат қағаздармен және өзге де құжаттармен танысу жүзеге асырылады.

3. Бұқаралық іс-шаралар өткізу

      10. Үлкен бұқаралық іс-шаралар өткізу кезінде жедел штабты Астана, Алматы қалаларының ішкі істер бас басқармалары жетекшілерінен бір адам және облыстарда ішкі істер бас басқармалары - ішкі істер басқармаларының немесе қоғамдық қауіпсіздік басқармаларының бастықтары басқарады, ал аймақтардың, учаскелердің және секторлардың бастықтары болып қалалық және аудандық ішкі істер бөлімдерінің бастықтары тағайындалады. Күштер мен құралдарды басқару алдын ала әзірленген байланыс схемасы бойынша ақпарат берудің тәртіпке келтірілген жүйесі бойынша жүзеге асырылады.

      11. Қазақстан Республикасының Ішкіісмині (бұдан әрі - Ішкіісмин) ішкі істер органдарының жеке құрамы және ішкі әскери бөлімшелері бұқаралық іс-шаралар өткізу орнына 2 сағат 30 минут бұрын келеді. Спорт, мәдени және өзге де ғимараттар және оған жалғасып жатқан аумақтар жарыс басталар алдында кемінде 2 сағат бұрын ерекше режимде болады, көрермендер 1 сағат қалғанда кіргізіледі. Штаб бастығының командасы бойынша іс шаралар басталардан бұрын және аяқталғаннан кейін қатысушылар мен көрермендерге қауіп төндіретін (жануға икемді құрылыс қоқысы) және снарядтарды лақтыру орнына пайдаланылуы мүмкін бөгде заттарды (кірпіштердің, тастардың жиналуы) алып қою және анықтау мақсатында ғимарат трибуналарын және оған жалғасып жатқан аумақтарға тексеріс жүргізіледі.

      12. Ішкі істер органдарының қызметкерлері бақылау-басқару қызметіне көрермендердің ұйымдасқан түрде өтуін және олардың спорт трибуналарына, мәдени және өзге де ғимараттардың көрермендер залына олардың сыйымдылығын жүзеге асыруда ықпалын тигізеді. Әкімшілікпен бірлесе отырып ғимараттарға азаматтардың билетсіз және рұқсат қағазсыз өтуіне жол бермейді. Ең басты ғимарат аумағына және трибуналарға, көрермендер залына азаматтардың мас күйінде келмеуіне, сондай-ақ спирттік ішімдіктерді, жарылғыш заттарды және қаруды алып өтуге болатын түйіншектерге, портфельдерге және басқа да заттарға назар аударылады. Қажетті жағдайда әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 626-бабына сәйкес жеке адамды тінтіп, оның қолындағы заттарға тексеріс жүргізеді. Ғимарат аумақтарына спирттік, сондай-ақ салқындатылған сусындарды шыны ыдыста сату, алып өту фактілерінің жолын кесу бойынша шаралар қолданады. Сонымен қатар билет сату кезінде касса маңында және ғимаратқа жалғасып жатқан аумақтарда қоғамдық тәртіпті сақтау жүзеге асырылады.

      13. Трибуналарда қызмет атқарып жүрген Қазақстан Республикасының Ішкіісмині ішкі істер органдарының және ішкі әскерлер нарядтары көрермендердің сектордан секторға немесе трибунадан трибунаға ауысуына жол бермейді, кіру және шығу кезінде олардың секторларда жиналуының алдын ала отырып, көрермендермен үздіксіз жұмыс істейді. Көрермендерді тәртіпсіздіктер жасауға, жарыстың тоқтатылуына итермелейтін және дұрыс өтуге, шығуға қауіп туғызатын адамдарға шаралар қолданылады.

      14. Іс-шаралар аяқталғаннан кейін учаскелер мен нарядтардың бастықтары бақылаушылармен бірге жұртшылықтың Спорт, мәдени және өзге де ғимараттардан шығуын ұйымдастырады, көпшіліктің еркін қозғалысын қамтамасыз ете отырып, азаматтардың топырлауына, сығылысуына, құлап қалмауына және олардың үрейленуіне жол бермейді, баспалдақтар арқылы бірқалыпты және кезегімен қозғалуы үшін шығатын негізгі есіктерге апаратын жолдарға кіретін қауіпсіз жерлерде адамдар топтарын бөгейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады