Ауданның бюджеттік комиссиясы туралы

Жаңа

Ақмола облысының Жақсы ауданы әкиматының 2003 жылғы 16 мамырдағы N а-4/161 қаулысы. Ақмола облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 28 мамырда N 1822 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңы және Қазақстан Республикасындағы "Бюджеттік жүйе туралы" Заңына сәйкес аудан әкімдігі қаулы етті:
       1. Ауданның бюджеттік комиссиясының құрамы 1 қосымшаға орай құрылсын.
       2. Ауданның бюджеттік комиссиясының дербес құрамы аудандық мәслихаттың сессиясына бекітілуге ұсынылсын.
       3. Ұсынылып отырған ауданның бюджеттік комиссиясы туралы Ереже бекітілсін. 2 қосымша.
       4. Жақсы ауданы әкімдігінің 2002 жылғы 29 қазандағы N а-21/44 "Тиісті қаржы жылына арналған аудан бюджетінің жобасын қалыптастыру жөніндегі Бюджеттік комиссиясы туралы" қаулысының күші жойылған деп есептелсін.

      Аудан әкімі

Жақсы аудандық
әкімдігінің 16.05.2003 ж.
N а-4/161 қаулысына
1 қосымша

Ауданның бюджеттік комиссиясының
құрамы

      Әубәкіров Руслан Шохметұлы - Аудан әкімі, Комиссия төрағасы.

      Фидченко Вячеслав Геннадьевич - Аудан әкімі орынбасары,
                                      төраға орынбасары

      Кулешова Наталия Ивановна - Аудандық қаржы бөлімінің
                                  меңгерушісі, төраға орынбасары.

Комиссия мүшелері:

      Яровая Вера Андреевна - Бюджеттік бөлімінің бастығы.

      Власенко Галина Дмитриевна - Қаржы бөлімінің бухгалерлік есеп
                                   және есептілік бөлімінің бастығы.

      Молдахалықова Айман Савелқызы - Бюджеттік бөлімінің бас маманы

      Қайырбеков Есілбай Шаймерденұлы - Аудандық қазына бөлімінің
                                        бастығы (келісім бойынша)

      Цабека Нина Николаевна - Аудандық мәслихатының тексеру
                               комиссиясының төрайымы
                               (келісім бойынша)

      Жүнісов Мұрат Ғаббасұлы - Аудандық экономикалық реформа
                                бөлімінің бастығы.

      Садықов Қанат Наскенұлы - Салық комитетінің төрағасы.
                                (келісім бойынша)

      Кириченко Татьяна Николаевна - Аудандық қаржы бөлімінің
                                     бюджеттік бөлімінің бас
                                     маманы, хатшы

            Жақсы ауданы
әкімдігінің 16.05.2003 ж.
N а-4/161 қаулысына
бекітілген
2 қосымша

Ауданның бюджеттік комиссиясы туралы
Ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже тұрақты негізде қызмет атқаратын аудандық бюджеттік комиссиясының қызметін ретке келтіреді (әрі қарай - Комиссия).
      2. Комиссиясының қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституция мен Заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері, Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілері, сонымен қатар осы Ережелер құрайды.

2. Комиссияның мақсаты

      3. Комиссияның қызметінің басты мақсаты тиісті қаржы жылына аудандық бюджеттің жобасының сапалы және уақытында әзірленуін қамтамасыз ету және аудандық бюджеттің нақтылануы мен орындалуы бойынша ұсыныстар дайындау.

3. Комиссиясының міндеттері мен қызметтері

      4. Комиссияның негізгі міндеттері болып аудандық орташа мерзімдік кезеңде арналған индикативтік әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының негізінде 3 жылдық кезеңге аудан бюджетінің негізгі болжалды көрсеткіштерін қарау.
      ауданың жергілікті өкіл органына келесі қаржыландыру жылына ауданның бюджеттік жоспарын және ауданның бюджеттік негізгі көрсеткіштерін келесі үш жылдық мерзімге құру және көрсету;
      алдағы үш жылдық кезеңге аудан бюджетінің негізгі болжалды көрсеткіштерінің, тиісті қаржы жылына аудандық бюджетінің жобасының, мемлекеттік салалық бағдарламалардың, аудандық индикативтік әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының тиісті кезеңге сәйкестігін анықтау.
      тиісті қаржы жылына аудан бюджетінің нақтылануы бойынша ұсыныстар дайындау:
      5. Комиссия жүктелген міндеттерге сәйкес келесі атқарымдық қызметтерді атқарады:
      1) Комиссияның жұмысшы органымен дайындалған материалдарды қарап, аңықтайды:
      алдағы 3 жылдық кезеңге арналған аудан бюджетінің болжалды көрсеткіштерін;
      аудан бюджетінің алдағы үш жылғы мерзімдегі шығын лимиті;
      ағымдағы жылда жүзеге асырылатын инвестициялық жобалардың есепке алынуымен, алдағы үш жылдық кезеңге жергілікті бюджеттен қаржыландырудың көлемі мен тізбесін;
      аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің ағымдағы қаржы жылының басында бюджеттік бағдарламалар (бағдарламашылар) бойынша қалыптасқан несиегерлікк берешегінің жоспарланудағы қаржы жылында өтелу көлемін;
      алдағы қаржы жылына аудандық бюджеттің жобасын;
      Қазақстан Республикасының "Бюджеттік жүйе туралы" Заңының 18-2 баптарымен белгіленген басқа да көрсеткіштерді;
      2) төмендегі мәселелерді қарап, шешімін шығарады:
      аудандық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдері;
      3) төмендегі мәселелерді қарап ұсыныстар әзірлейді:
      аудандық бюджетті нақтылау бойынша;
      бюджеттік бағдарламалардың төлқұжаттарын нақтылау және бюджеттік бағдарламалардың алдағы уақытта жүзеге асырылуының нәтижелері туралы ақпараттың негізінде бюджеттік бағдарламалардың алдағы уақытта жүзеге асырылуы жөнінде;
      экономикалық және әлеуметтік аумақтық дамыту бағдарламасы;
      4) Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес басқа да қызметтерді атқарады.

4. Комиссия құқықтары

      6. Өз міндеттеріне сәйкес Комиссия құқылы:
      1) аудандық бөлімдерімен және үйымдармен өзара іс-қимыл жасауға және Комиссияның міндеттерін жүзеге асыру үшін мамандарды, сарапшыларды жұмысқа тартуға;
      2) құзырына енетін басқа да мәселелер бойынша ұсыныстар дайындауға және шешімдер қабылдауға;
      3) заңдылықтармен белгіленген тәртіпте аудандық және басқа да үйымдардан Комиссияның міндеттерін жүзеге асыру үшін қажетті материалдарды сұратып алдыруға;
      4) Комиссия міндеттерінің жүзеге асырылуына байланысты мәселелер бойынша аудандық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін Комиссия мәжілісіне шақырып, есебін тыңдауға.

5. Комиссияның құрылуы мен қызметінің реті

      7. Комиссия құрамы аудан әкімдігімен аңықталады, және аудан мәслихатының сессиясында бекітіледі.
      8. Комиссия органдары:
      1) жұмысшы органдары;
      2) Комиссия төрағасы;
      3) Комиссия төрағасының орынбасары;
      4) хатшы;
      9. Комиссия мәжілістерінің аралығында оның қызметін ұйымдастыру мәселелерін Комиссияның жұмысшы органы шешеді.
      10. Комиссия төрағасы оның қызметін басқарады, Комиссия мәжілістерінде төрағалық етеді, жұмысын жоспарлайды, Комиссияның атқаратын қызметі үшін жауапкершілікпен жауап береді, шешімдерінің жүзеге асырылуына бақылау жасайды;
      Комиссия төрағасы болмаған кезде оның қызметін төрағамен тағайындалған орынбасары атқарады.
      11. Комиссия хатшысы комиссия мәжілісінің күн тәртібі жөнінде ұсыныстар жасап, қажетті құжаттар мен материалдарды дайындайды, ал өткізілгеннен кейін хаттамаларын ресімдейді.
      12. Жұмыстың кесте-жоспары Комиссиямен белгіленеді. Аудан бюджетінің жобасын әзірлеу кезеңінде жұмыстың кесте - жоспары Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілетін жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу Ережелерімен белгіленген мерзімге орай аңықталады.
      13. Комиссия мүшелері мәжіліске қатысу жөніндегі өз өкілеттілігін басқа тұлғаларға табыстауға құқысы жоқ.
      14. Комиссия шешімдері ашық дауыспен, сонымен бірге комиссия мүшелерінің пікірін сұрау арқылы да қабылданады және қабылданды деп есептеледі, егер комиссия мүшелерінің жалпы құрамының көбі өз дауыстарын берсе.
      Комиссия мүшелері шешім қабылдағанда тең дауыстарға ие.
      Дауыстар тепе-тең болған жағдайда, Комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі.
      15. Комиссияның күн тәртібіндегі сұрақтардың қаралу нәтижесі әр мәселе бойынша дауыс беру қорытындысымен тиісті хаттамаға енгізіліп және төрағамен аңықталған жағдайларда мәжіліске қатысушы Комиссия мүшелерімен бұрыштама қойылады. Комиссияның қабылдаған шешімі бойынша хаттама ресімделіп, Комиссия төрағасы мен хатшы қолдарын қояды.
      Комиссия мүшелері қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда өз көзқарасын жазбаша түрде жазып беруге құқылы және ол хаттамаға қосылады.
      16. Жүктеген міндеттерді атқару мақсатында қабылданған Комиссияның шешімдері барлық мемлекеттік органдармен міндетті түрде қаралып көрсетілген мерзімде орындалу тиіс.
      17. Комиссия жұмысшы органының қызметтік міндеттері аудан әкімімен қаржыны басқаруға уәкілеттік берілген жергілікті уәкілетті орган-аудандық қаржы бөліміне жүктеледі.
      18. Комиссия жұмысшы органының қызметтік міндеттері болып Комиссиямен аңықталған күн тәртібі мен көрсетілген мерзімде мәжіліске қажетті материалдарды дайындау, оларды Комиссия мүшелері мен жергілікті атқарушы органдарға және аудандық бағдарламалар әкімшілеріне тарату, Комиссия мәжілісінің хаттамаларың дайындау, нормативтік құқықтық актілерден және осы Ережеден туындайтын басқа да міндеттерді орындау болып табылады.

6. Комиссияның қызметін тоқтату

      19. Комиссия қызметінің тоқтатылуы аудандық мәслихаттың, сессиясында бекітілген аудан әкімдігінің қаулысы болып табылады.
      20. Осы Ереженің 19 тармағында айтылған жәйттер туындап, Комиссия өз қызметін тоқтатқан жағдайда аудандық мәслихатқа атқарылған жұмыс жөнінде есеп-хат жіберіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады