Облыс қалаларының, ауылдық елді мекендерінің аумақтарын санитарлық тазалау, көріктендіру және жасыл желектендіру айлығын өткізу туралы

Мерзімі біткен

Ақтөбе облысы әкімиятының 2003 жылғы 28 наурыздағы № 66 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 9 сәуірде № 2071 тіркелді. Қаулының қолданылу мерзімінің өтіп кеткендігіне байланысты күші жойылды - Әділет Министрлігінің 2004 жылғы 9 желтоқсандағы № 4-2-21 хатымен.

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - Әділет Министрлігінің 09.12.2004 № 4-2-21 хатына сәйкес.

      "Халықтың санитарлық - эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы № 361-ІІ Заңының 9 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 27 бабына сәйкес елді мекендердің аумақтарын санитарлық тазалау, көріктендіру және жасыл желектендіру мақсатында облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Облыстың Ақтөбе қаласы мен аудандарының әкімдері:

      1) 2003 жылғы 15 сәуір 15 мамыр аралығында облыс елді мекендерінің аумақтарын санитарлық тазалау, көріктендіру және жасыл желектендірудің айлығын ұйымдастырсын және өткізсін;

      2) елді мекендердің айналасындағы ретсіз төгілген қоқыс орындарын, қатты-тұрмыстық қалдықтарды, қоқыстарды жою және белгіленген жерге шығару жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырсын;

      3) облыстың қалалары мен елді мекендерін жасыл желектендіру жөнінде шаралар қабылдансын.

      2. "Облыстың орман және биоресурстар жөніндегі аймақтық басқармасы" ММ-не (М. Аязбаев), облыстың қалалры мен елді мекендерін жасыл желектендіру үшін тиісті санда ағаштармен және бұта тектес өскіндермен қамтамасыз ету ұсынылсын.

      3. "Облыстық қаржы басқармасы" ММ (Ж. Аманбаев) елді мекендерді көріктендіруге, жасыл желектендіруге көзделген қажетті ақшалай қаражатты бөлуді қамтамасыз етсін.

      4. "Облыстық санэпидемстанция" ММ (Қ. Әлжанова) облыс қалалары мен елді мекендеріндегі санитарлық тазалау, көріктендіру және жасыл желектендіру айлығын өткізу барысына бақылауды қамтамасыз етсін.

      5. Облыстың Ақтөбе қаласы мен аудандарының әкімдері, "Облыстық санэпидемстанция" ММ (Қ. Әлжанова), "Облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы" ММ (А. Иманбеков) жүргізілген жұмыстардың қорытындылары туралы облыс Әкімінің аппаратына 2003 жылғы 20 мамырға дейін ақпарат берсін.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары С. Ғилымовқа жүктелсін.

      Облыс әкімі Е. Имантаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады