Жер учаскелерін беруіне байланысты, сұрақтарды қарау комиссиясын құру туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Қапшағай қалалық әкімиятының 2003 жылғы 04 тамыздағы N 320 қаулысы. Алматы облыстық Әділет басқармасында 2003 жылы 02 қыркүйекте N 1306 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Қапшағай қалалық әкімдігінің 2008 жылғы 29 қыркүйектегі N 2662 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қапшағай қалалық әкімдігінің 2008.09.29 N 2662 Қаулысымен

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148-ІІ Қазақстан Республикасының Заңының 31-баптың 1-тармақтың 17-тармақшасын, 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442-ІІ Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 43-баптың 2-тармағын орындау мақсатымен, қала әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
       1. N 1 қосымша бойынша, жер учаскелерін беруіне байланысты, сұрақтарды қарау комиссиясын құру.
       2. N 2 қосымша бойынша, жер учаскелерін беруіне байланысты, сұрақтарды қарау комиссия туралы ережені бекіту.
       3. Комиссия жеке құрамын қала мәслихатына бекітуіне енгізу.
       4. І.С. Сүгіров бірінші қала әкімінің орынбасарына осы қаулының атқарылуын бақылау жүктелсін.

      Қала әкімі                                 С. Зеленский

Қала әкімиятының 2003 жылғы
04 тамыз N 320 қаулысына
N 1 қосымша

Жер учаскелерін беруіне байланысты, сұрақтарды қарау комиссия
ҚҰРАМЫ

Ілияс Сейтбекұлы Сүгіров

- қала әкімінің бірінші орынбасары,
Комиссияның төрағасы;

Жүрсін Нұрахметұлы Сапарғалиев

- Алматы облысы жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетінің Қапшағай қаласы бойынша жетекші маманы (келісім бойынша)

Комиссия мүшелері:

1. Семейғазы Қажыбайұлы Молдақасымов

- бас суретшінің міндетін атқарушы - бас маман (келісім бойынша)

2. Николай Иванович Ефименко

- Қапшағай қалалық мәслихатының депутаты

3. Серік Жамбалбайұлы Шенкебаев

- жер ресурстарын басқару жөніндегі комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

Қала әкімиятының 2003 жылғы
04 тамыз N 320 қаулысына
N 2 қосымша

Жер учаскелерін беруіне байланысты, сұрақтарды қарау комиссия туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелері

      1. Жер учаскелерін беруіне байланысты, сұрақтарды қарау комиссия (бұдан былай комиссия) деп аталсын қала әкімият жөнінде консультативтік-кеңесші орган болып табылады әрі мемлекеттік және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға, Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетел азаматтарына, жеке және тұлғаларға жер учаскелерін беруіне байланысты, сұрақтарды қарау мақсатында құрылған.
      2. Комиссия өзінің жұмысында Жер кодексі, "Жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының, Қазақстан Республикасындағы басқа нормативтік құқықтық актілерін және осы ережені басшылыққа алады.
      3. Комиссияның жеке құрамын қала әкімиятымен анықталады және қалалық сессия мәслихатымен бекітіледі.

2. Комиссияның негізгі міндеттері

      4. Комиссияның негізгі міндеттері болып қаралады:
      1) нысаналы мақсатымен сұралған жер учаскесін беруіне мүмкіндігін;

3. Комиссия құзыры

      5. Комиссия келесі міндеттерді атқарады:
      1) өтініш иесіне басқа жер учаскесі бар немесе
      2) жер учаскесінің сұралатын пайдалану құқығын анықтау.
      3) жер учаскесін пайдаланудың мақсатын оның болжамды мөлшерін анықтау.
      4) сұралған жер учаскесінде орналасқан мүлікке құқық белгілейтін құжаттарды барын анықтайды.
      5) қала әкімиятына қарап талқылауына, жер учаскелерін беру туралы ұсыныс дайындайды.

4. Комиссия өкілеттігі

      6. Комиссия өкілетті:
      1) комиссияға жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті материалдар мен құжаттарды бөлімдерден, комитеттерден, басқармалардан, мемлекеттік басқармалардың басқа да органдарынан талап ету;
      2) жер учаскесіне қаралып жатқан материалдарға келісімдер жүргізген кездерде қажеттілігіне орай басқа мемлекеттік органдар және мекемелерінің мамандары мен қызметкерлерін жұмысқа тартады.

5. Комиссия жұмысын ұйымдастыру

      7. Комиссия жұмыс жоспары негізінде жүзеге асырылады. Комиссия мәжілісі әр айда кемінде екі рет, сондай-ақ қажеттілікке орай өткізіліп тұрады.
      8. Комиссия мәжілісін оның төрағасы, болмаса өзінің тапсыруына орай басқа комиссия мүшелері жүргізеді. Комиссия мәжілісі оның мүшелерінің жартысынан астамы қатысқан жағдайда құқылы.
      9. Комиссия шешімі қатысушылардың көпшілік даусымен қабылданады, хаттама ретінде ресімделіп, комиссия мүшелері және төраға қол қояды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады