"Жасыл желектерді және қураған ағаштарды кесу тәртібі туралы" ережесі мен комиссияның құрамын бекітуі туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының 2003 жылғы 27 наурыздағы N 33-159 шешімі. Алматы облыстық Әділет басқармасында 2003 жылы 7 мамырда N 1132 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының 2004 жылғы 29 қарашадағы N 54 шешімімен

       Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының 2004.11.29 N 54 Шешімімен

       Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабының 2 тармағы мен Қазақстан Республикасының "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Заңының 10 бабының 1 бөлімінің 2 тармағына және 2003 жылғы наурыздың 4-гі N 66 P Аудан әкімінің өкіміне сәйкес, Іле аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
       1. Жасыл желектерді және қураған ағаштарды кесуге байланысты бақылау мен үйлестіру мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы бекітілсін (N 1 қосымша).
       2. "Жасыл желектерді және қураған ағаштарды кесу тәртібі туралы" ережесі бекітілсін (N 2 қосымша).
       3. Осы шешім орындалуын бақылау бюджет, әлеуметтік экономикалық даму, көлік, құрылыс, байланыс, сауда, өнеркәсіп және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (К. Атыманов).

      Сессия төрағасы

      Аудандық мәслихат
      хатшысы

Іле аудандық мәслихатының
2003 ж. наурыздың 27-гі
N 33-159 шешіміне
N 1 қосымша

Жасыл желектерді және қураған ағаштарды кесуге байланысты
бақылау мен үйлестіру мәселелері жөніндегі
КОМИССИЯ ҚҰРАМЫ

      Андасов О.О. - Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор, комиссия төрағасы;
      Огнев В.М. - аудан әкімі аппаратының төтенше жағдай жөніндегі бас маманы, комиссия төрағасының орынбасары.

Комиссия мүшелері:

      Құдайбергенов Н.К. - ауданның бас сәулетшісі;
      Саламатов Е.М. - жер ресурстарын басқару жөніндегі Іле аудандық комитетінің төрағасы;
      Қожанов А.Т. - Іле аудандық телекоммуникация торабының директоры;
      Жақсыбаев Ж. - АӘЖ аға мастері (келісім бойынша);
      Малиев М. - Іле АІІБ ЛРС бастығы, полиция аға лейтенанты (келісім бойынша).

Іле аудандық мәслихатының
2003 ж. наурыздың 27-гі
N 33-159 шешіміне
N 2 қосымша

Жасыл желектерді және қураған ағаштарды кесу тәртібі туралы
ЕРЕЖЕ

      Бұл ереже қозғалысқа қауіп туғызатын, елді мекендерді көгалдандыру нормаларына сай келмейтін жасыл желектер мен қураған ағаштарды кесуді тәртіпке келтіру үшін жасалған.
      1. Өтініш иесі тиісті өтінішімен ауылдық, поселкелік округ әкіміне арыз береді.
      2. Ауылдық және поселкелік округ әкімі өтінішті үш күн ішінде қарап, өтінішпен бірге әкім ұсынысын комиссияның қарауына жібереді: комиссия құрамына қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік инспектор, ауданның төтенше жағдай жөніндегі бас маманы, ауданның бас сәулетшісі, жер ресурстарын басқару жөніндегі аудандық комитет төрағасы, ауданның телекоммуникация және энергиямен жабдықтау жөніндегі кәсіпорын өкілдері және АІІБ қызметкері кіреді.
      3. Комиссия бір апта ішінде ауылдық және поселкелік округ әкімінің қатынас қағазы мен өтінішті қарастырып, кесілетін ағаш орнын көргеннен кейін өтініш иесіне бекітілген үлгіде рұқсат береді немесе дәлелді түрдегі қарсылық жауабын береді.
      4. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік өкілетті инспекторы ағаш кесу рұқсатын 3 күндік мерзімге береді және ол ауылдық және поселкелік округ әкімінің тіркеу журналына тіркеледі. Осы жерде өтініш иесі техника қауіпсіздігі туралы нұсқау алып, журналға қолын қояды.
      5. Өтініш иесі ағаш кесуді орындағаннан кейін рұқсат беру құжаттарын ауылдық және поселкелік округ әкіміне қайтарады, ол оны есеп жүргізу үшін қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік өкілетті инспекторға тапсырады.
      6. Өтініш иесі ағаш кескен учаскені қоқыстан тазалауға және жерге өңдеу жүргізуге міндетті.
      7. Кесілген ағаштың орнына өтініш иесі жыл мезгілінің тиісті уақытында жасыл көшет отырғызуды ұйымдастыруға құқылы.
      8. Осы талаптарды бұзған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады