Аудан әкімияты резервінің қаражатын пайдаланудың Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Көксу ауданы әкімиятының 2003 жылғы 19 мамырдағы N 5-22 қаулысы. Алматы облыстық Әділет басқармасында 2003 жылы 5 маусымда N 1182 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 12 қаңтардағы N 07 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Көксу ауданы әкімдігінің 2011.01.12 N 07 Қаулысымен

       Қазақстан Республикасының "Бюджет жүйесі туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінің қаражатын пайдаланудың Ережесін бекіту туралы" N 1408 Қаулысына сәйкес аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Қоса беріліп отырған аудан әкімияты резервінің қаражатын пайдаланудың Ережесі бекітілсін.
       2. Осы қаулы Алматы облыстық әділет басқармасына мемлекеттік тіркеуден өту үшін жіберілсін.
       3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г.И.Савиновқа жүктелсін.

      Аудан әкімі

Аудан әкімиятының
2003 жылғы 19 мамырдағы
N 5-22 қаулысымен
бекітілген

Аудан әкімияты резервінің қаражатын пайдаланудың
Ережесі

      Осы Ереже аудан әкімияты резервінің қаражатын бөлудің және пайдаланудың ретін белгілейді.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ережеде келесі ұғымдар пайдаланылады:
      Аудан әкімиятының резерві (одан әрі - резерв) - тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджетте қарастырылған және бір жолғы сипаттағы көлденең шығыстарды қаржыландыру үшін аудан әкімиятының қаулысы бойынша бөлінетін қаражат;
      Көлденең шығыстар - ағымдағы қаржы жылына арналған аудандық бюджетті қалыптастыру кезінде күні бұрын жоспарлау мүмкін емес және ағымдағы қаржы жылына кейінге қалдырмай қаржыландыруды талап ететін шығыстар;
      Аудан әкімінің және жергілікті мемлекеттік органдардың міндеттемелерін өтеу үшін резервінің құрамындағы қаражат көзделетін және резерв құрамында сот шешімдері бойынша аудан әкімінің немесе жергілікті мемлекеттік органдардың міндеттемелерін өтеу үшін жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімгерлеріне бөлінетін қаражат;
      2. Резерв қаражаты есебінен қаржыландырылатын бір жолғы сипаттағы көлденең шығыстары мыналарды қамтиды:
      1) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою, бұлар:
      - төтенше жағдайларды алдын алу және олардың зардаптарын жою;
      - төтенше жағдайлардың пайда болуы нәтижесінде зардап шеккендерге материалдық көмек көрсету;
      - зардап шеккендер үшін тұруға және тамақтанатын уақытша орындар дайындау және ұстау;
      - шұғыл қимыл жасайтын авариялық-құтқару және авариялық-қалпына келтіру бөлімшелерін құтқарудың техникалық құралдармен, жабдықтармен және жарақтармен қосымша жарақтандыру;
      - төтенше жағдайлар аймағына күштер мен құралдың тасымалдануын қамтамасыз ету.
      2) Сот шешімдері бойынша аудан әкімінің, жергілікті мемлекеттік органдардың міндеттемелерін өтеу.
      Резерв қаражаты өзге шығыстарды қаржыландыруға бағытталмауы керек.

2. Резервінің қаражатын бөлудің және пайдаланудың тәртібі

      3. Резервтен қаражат бөлуді аудан әкімиятының қаулысы негізінде, заңдармен белгіленген тәртіп бойынша тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджетті несиелендіруімен шығыстары құрамында осы мақсаттарға бекітілген мөлшерлер шегінде аудандық қаржы бөлімі жүзеге асырады, онда алушы, бөлінетін қаражаттың көлемі мен оларды пайдаланудың мақсаттары, сондай-ақ қаражат қайтарымды негізде бөлінген жағдайда, оларды берудің шарттары мен қайтарудың мерзімдері көрсетіледі.
      4. Резерв қаражатының қатаң арнаулы мақсаты болады және осы Тәртіпте және резервтен қаражат бөлу туралы аудан әкімиятының қаулысында көзделмеген мұқтаждарға пайдалануға болмайды.
      5. Резервтен қаражат бөлу туралы аудан әкімиятының қаулыларын дайындаған кезде мынандай шарттар ескеріледі:
      1)аудандық бюджетте ағымдағы қаржы жылына арналған қаржының болмауы;
      2) сот шешімдері бойынша әкімнің және жергілікті мемлекеттік органдардың міндеттемелерін өтеу жағдайларын қоспағанда, резерв қаражатына ағымдағы қаржы жылында мұқтаждығы және олардың қажеттілігі алушының бұрынғы міндеттемелерімен байланысты болмауы.
      6. Әкімияттың резервінен қаражат бөлу туралы әкімияттың тиісті қаулысы негізінде жыл аяқталғанға дейін күшін жояды.

3. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға
қаражат бөлу

      7. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайда, резервтен қаражат бөлу туралы өтініштері аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясы қарайды. Бұл ретте туындаған төтенше жағдайдың аудандық ауқымы болуы керек.
      8. Негіздемелік материалды берудің тәртібі және олардың тізбесі аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясы айқындайды.
      9. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою қажеттілігі туындағанда төтенше жағдайлар жөніндегі бас маман белгіленген тәртіппен аудан әкіміне төтенше жағдайды жоюға қаржы бөлу туралы ұсыныс енгізеді.
      10. Аудандық және объектілік көлемдегі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою аудандық жергілікті атқарушы органның резервтік қаражаты есебінен және меншікті нысанына және қатысына қарамастан, кәсіпорындардың қаражатынан қаржыландырылуы керек.

4. Сот шешімдері бойынша аудан әкімінің және жергілікті
атқарушы органның міндеттемелерін өтеуге қаржы бөлу

      11. Сот шешімдері бойынша аудан әкімінің және жергілікті мемлекеттік органның міндеттемелерін өтеу, соттың атқарушы құжаттары болған жағдайда, резерв қаражаты есебінен қамтамасыз етіледі.
      12. Аудан әкімінің міндеттемелерін өтеуге аудан әкімиятының резервінен қаражат бөлу туралы аудан әкімиятының қаулысының жобасын аудандық қаржы бөлімі заңдармен белгіленген тәртіп бойынша дайындайды.
      13. Жергілікті мемлекеттік органдардың міндеттемелерін өтеуге резервтен қаражат бөлу туралы әкімияттың қаулысының жобасын органның өзі заңдармен белгіленген тәртіппен дайындайды.

5. Бақылау және есептілік

      14. Аудан әкімиятының резервінен бөлінген қаражатты алушылар аудандық қаржы бөлімі белгілеген тәртіппен және мерзімінде олардың пайдалануы, орындалған жұмыстардың көлемі мен құны туралы есеп беруі керек.
      15. Аудандық қаржы бөлімі ай сайын аудан әкімиятына резерв қаражатының пайдалануы және оның тиісті кезеңдегі қалдықтары туралы ақпарат береді.
      16. Резервтен бөлінетін қаражаттың мақсатты пайдаланылғаны үшін алушы Қазақстан Республикасы заңдарында көзделген тәртіппен жауап береді.
      17. Аудан әкімиятының резервінен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдалануына бақылау жасауды тиісті мемлекеттік органдар жүзеге асырады.

      Аудан әкімі
      аппаратының басшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады