Бюджет комиссиясының құрамы мен ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Лебяжі аудандық әкімиятының 2003 жылғы 20 маусымдағы N 71-5 қаулысы. Павлодар облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 1 шілдеде N 1914 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 7 тамыздағы N 125/8 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 7 тамыздағы N 125/8 қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148
"Қазақстан Республикасында жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 6 желтоқсандағы N 261-II "Бюджеттiк жүйе туралы" Заңының 6 бабының 4 тармағына сәйкес аудан әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған бюджет комиссиясы туралы ереже мен бюджет комиссиясының құрамы бекiтiлсiн.
      2. Аудан әкiмдiгiнiң 2002 жылғы 25 сәуiрдегi "Бюджет комиссиясының құрамы мен ережесiн бекiту туралы" N 14/4 қаулысының күшi жойылсын.

      Аудан әкiмi

Аудан әкiмиятының 2003 жылғы 
20 мамырдағы "Бюджет комиссиясының
құрамы мен Ережесiн бекiту туралы"
N№71/5 қаулысына қосымша  

Бюджеттiк комиссияның
ҚҰРАМЫ

Смағұлов
Бауыржан Рахметұлы

- Аудан әкiмiнiң экономика және қаржы мәселелерi жөнiндегi кеңесшісі, комиссия төрағасы

Комиссия мүшелерi:

Байжанов
Беимбет Танатұлы

- Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы

Жанпеисова
Раушан Зейноллақызы

- Қаржы бөлiмiнiң меңгерушiсi

Имамағзамова Баян Қабдрашитқызы

- Iшкi саясат, мәдениет және спорт бөлiмiнiң меңгерушiсi

Молдакәрiмова
Майкен Жұмабекқызы

- Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы

Наурызалиева
Баян Өтешқызы

- Лебяжi ауданды бойынша салық комитетi төрағасының орынбасары

Садықова Гүлнәр Нығметоллақызы

- Денсаулық сақтау бөлiмiнiң меңгерушiсi

Смағұлова
Атйжамал Ахметбекқызы

- әлеуметтiк қорғау бөлiмiнiң меңгерушiсi

Әлтаев
Қанат Мынтайұлы

- Лебяжi селолық округiнiң әкiмi

Аудан әкiмиятының 2003 жылғы   
"20 " мамырдағы "Бюджет комиссиясының
құрамы мен Ережесiн бекiту туралы"
N 71/5 қаулысымен бекiтiлген  

Ауданның бюджет комиссиясының
ҚАҒИДА

1. Жалпы қағида

      1. Бұл қағида тұрақты негiзде әрекет жасайтын ауданның бюджет комиссиясының (одан әрi де комиссия) қызметiн реттейдi.
      2. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының заңнамалық және басқа нормативтiк құқықтық актiлерi, ауданның жергiлiктi атқарушы және өкiлдi органдарының нормативтiк актiлерi, сол сияқты осы ереже комиссия қызметiнiң құқықтық негiзiн құрайды.

2. Комиссияның мақсаты

      3.Тиiстi қаржы жылына аудан бюджетiнiң уақытылы әрi сапалы жобасын жасауды, сол сияқты аудан бюджетiн нақтылау мен орындау жөнiнен ұсыныстар тұжырымдауды қамтамасыз ету комиссияның негiзгi қызметi болып табылады.

3. Комиссияның мiндетi мен қызметi

      4.Комиссияның негiзгi мiндеттерi:
      1) ауданның орта мерзiмдi кезеңге әлеуметтiк экономикалық дамуының индикативтiк жоспары негiзiнде үш жылдық кезеңге аудан бюджетiнiң негiзгi болжамдық көрсеткiштерiн анықтау;
      2) алдағы үш жылдық кезеңге аудан бюджетi жобасының көрсеткiштерiн, тиiстi қаржы жылына аудан бюджетiнiң жобасын, аймақтық бағдарламаларды, тиiстi кезеңге ауданның әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспарын қарау және анықтау;
      3) тиiстi қаржы жылына аудан бюджетiн нақтылау жөнiнен ұсыныстар қорытындылау;
      4) аудандық бюджеттiк бағдарламаларды iске асыру барысындағы мониторингтiң нәтижесiн қарау және олар бойынша ұсыныстар қорытындылау.
      5. Комиссия өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес келесi қызметтердi жүзеге асырады:
      1) Комиссия жұмыс органдары дайындаған материалдарды қарайды және анықтайды:
      алдағы үш жылдық кезеңге аудан бюджетiнiң болжамдық көрсеткiштерiн;
      аудан бюджетiне түсiмдердi;
      аудан бюджетiнiң тапшылығы (профицит);
      аудандық бюджеттiк бағдарламалар әкiмгерлерi ауқымында бюджетiнiң жұмсалу лимитiн;
      жергiлiктi бюджеттен инвестициялық жобаларды қаржыландырудың тiзiмдемесi мен көлемiн;
      аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердiң, үстiмiздегi қаржы жылының басына қалыптасқан аудандық бюджеттiк бағдарламалар бойынша несиелiк қарыздарын жабудың көлемiн;
      Қазақстан Республикасы  "Бюджеттiк жүйе туралы" Заңының 18 бабымен белгiленген басқа да көрсеткiштердi.
      2) Комиссияның жұмыс органы мен ауданның атқарушы органдарын арасындағы жергiлiктi бюджеттiң болжамдық көрсеткiштерi бойынша алауыздықты қарайды және оларды реттейтiн шешiм шығарады.
      2) Комиссияның жұмыс органының аудандық бюджеттiк бағдарламалар әкiмгерлерiнiң бюджеттiк өтiнiштерi бойынша тұжырымдамасын қарайды және шешiм шығарады.
      4) Алдағы қаржы жылына аудан бюджетiнiң жобасын қарайды және анықтайды.
      5) Облыстық әлеуметтiк-экономикалық дамуының аудандық бағдарламаларын жобасын қарайды, қаржы көздерi мен қаржыландыру мерзiмi ауқымында бағдарламалық шараларды қаржыландыру көлемi жөнiнде, сол сияқты бұрын бекiтiлген бағдарламаларға өзгерiстер енгiзу туралы тұжырымдамаларын бередi.
      6.Келесi мәселелер жөнiнен:
      1) тиiстi қаржы жылына аудан бюджетiн нақтылау;
      2) аудандық бюджеттiк бағдарламалардың төлқұжаттарын және аудандық қаржы бөлiмiнiң ақпараты негiзiнде бұл бағдарламаларды одан әрi iске асыру бойынша ұсыныстарды қарайды және қорытындылайды;
      7. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басқа да қызметтердi жүзеге асырады.

4. Комиссияның құқысы

      8. Өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес комиссияның:
      1) Атқарушы және басқа мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен өзара қатынас жасауға, сол сияқты өзiнiң мiндеттерiн iске асыру үшiн мамандар мен сарапшыларды жұмысқа тартуға;
      2) Өзiнiң құзырына жататын мәселелер бойынша шешiмдер қабылдау,а, ұсыныстар енгiзуге.
      3) Заңмен белгiленген тәртiпте мемлекеттiк органдар мен басқа да ұйымдардан өзiнiң мiндеттерiн iске асыру үшiн қажеттi материалдарды сұратуға және алуға;
      4) Комиссияның мәжiлiсiне мемлекеттiк органдардың және басқа ұйымдардың бiрiншi  басшыларын, ал олар жоқ кезде бiрiншi басшылардың мiндетiн атқарушы тұлғаларды комиссияның мiндеттерiн iске асыруға байланысты мәселелермен шақыруға және тыңдауға құқысы бар.

5. Комиссияның құрылуы мен қызметiнiң тәртiбi

      9. Комиссияның құрамын аудандық қаржы бөлiмiнiң ұсынысы бойынша аудан әкiмияты бекiтедi.
      10. Комиссияның органы болып табылады.
      Комиссияның жұмыс органы;
      Комиссия төрағасы;
      Комиссия төрағасының орынбасары;
      Комиссия хатшысы
      11.Комиссияның мәжiлiстерi аралығындағы кезеңде оның ұйымдастырушылық мәселелерiн жұмыс органы шешедi.
      Комиссия төрағасы оның қызметiн басқарады, мәжiлiстерiн жүргiзедi, комиссияның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiнiң iске асырылуына жалпы бақылау жасайды және комиссия жүзеге асыратын қызметке жақсы бередi. Комиссия төрағасы жоқ кезде оның қызметiн өзi тағайындаған орынбасары атқарады.
      12. Комиссия хатшысы комиссия мәжiлiсiнiң күн тәртiбi бойынша ұсыныстарды, қажеттi материалдарды дайындайды, сол сияқты мәжiлiстiң хаттамасын рәсiмдейдi.
      13. Жұмыс жоспар-кестесiн Комиссия белгiлейдi. Аудандық бюджеттiң жобасын жасау кезiнде Комиссияның жұмыс жоспар-кестесi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен республикалық және жергiлiктi бюджеттiң жобаларын жасау Ережесiмен айқындалған мерзiмге сәйкес белгiленедi.
      14. Комиссия мүшелерiнiң мәжiлiстерге қатысу жөнiнен өздерiнiң өкiлеттiктерiн басқа тұлғаға тапсыруға құқылары жоқ.
      15. Комиссияның шешiмi ашық дауыспен, сол сияқты Комиссия мүшелерiн сұрау арқылы қабылданады, шешiмге Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгi дауыс берсе, ол қабылданған болып саналады. Комиссия мүшелерi шешiм қабылдау кезiнде тең дауысқа ие. Дауыс тең түскен жағдайда төраға дауысы шешушi болып табылады.
      16. Комиссия мәжiлiсiнiң күн тәртiбiндегi мәселелердi қараудың нәтижесi әрбiр мәселе бойынша дауыс берудiң қорытындысы көрсетiлiп, тиiсiнше хаттамаға енгiзiледi, төраға айқындайтын жағдайда мәжiлiске қатысқан комиссия мүшелерiмен қолтаңбаланады.
      17. Қабылданған шешiм хаттамамен рәсiмделiп, оған төраға мен хатшы қол қояды.
      18. Қабылданған шешiммен келiспеген жағдайда комиссия мүшелерi өздерiнiң ерекше пiкiрлерiн жазбаша түрде беруге құқысы бар, ол мәжiлiс хаттамасына қосылады.
      19. Өзiне жүктелген мiндеттемелердi орындау мақсатында қабылданған Комиссия шешiмiн жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын барлық атқарушы органдар мiндеттi түрде қарауға және көрсетiлген мерзiмде орындауы тиiс.
      20. Комиссияның жұмыс органының қызметi ауданның қаржы бөлiмiне жүктеледi.
      21. Комиссия айқындаған мерзiм мен күн тәртiбiне сәйкес мәжiлiсiне материалдар дайындау, комиссия мүшелерiне аудандық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмгерлерiне, жергiлiктi атқарушы органдарға  мәжiлiс материалдарын жiберу, комиссия мәжiлiсiнiң хаттамасын дайындау, сол сияқты нормативтiк құқықтық актiлерден және осы Ережеден туындайтын басқа да қызметтер жұмыс органының қызметi болып табылады.

6. Комиссияның қызметiн тоқтатуы

      22.Аудан әкiмиятының Комиссияның қызметiн тоқтату туралы қаулысы оның қызметiн тоқтату үшiн негiз болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады