"Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн тексеруге моратория жариялау туралы"

Күшін жойған

Алматы қаласы Әкімінің 2003 жылғы 3 ақпандағы N 1/51 қаулысы. Алматы қалалық Әділет басқармасында 2003 жылғы 28 ақпанда N 513 тіркелді. Қолданылу мерзiмiнің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Алматы қаласы аппарат әкімінің 2005 жылғы 1 тамыздағы N 7-916СК/05 хаты.

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылы 27 желтоқсандағы "Шағын кәсiпкерлiктi тексеруге моратория жариялау туралы"  қаулысын орындау және Алматы қаласында шағын кәсiпкерлiктi қолдау мақсатында Алматы қаласының әкiмшiлiгi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Алматы қаласы Әкiмiнiң орынбасарларына, аудан әкiмдерiне, комитеттерге, басқармаларға, департаменттерге және басқа да органдарға:
      1) Шағын кәсiпкерлiкке жататын шаруашылық субъектiлерiнiң тiзiмiн тиiстi қызмет жүйесi бойынша анықтасын.
      2) 2003 жылы 1 қаңтардан 1 қазан аралығында салық төлеушiнiң өтiнiшi оларды жүргiзу үшiн негiз болатын салық тексерiстерiн, ыңғайласпа салық тексерiстерi мен хронометраждық зерттеулердi, қылмыстық әрекеттер мен әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың жолын кесу мақсатында заңнамаға сәйкес жүргiзiлетiн тексерiстердi, сондай-ақ конституциялық құрылысты, қоғамдық тәртiптi, адамның құқықтары мен бостандықтарын, Қазақстан Республикасының халықтың санитарлық-эпидемиологиялық әл-қуаты туралы заңнамасы нормаларын бұзуға бағытталған iс-әрекеттердi болдырмау үшiн жүргiзiлетiн тексерiстердi қоспағанда, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн тексерудi тоқтатылсын.
      3) Бақылау-қадағалау органдарының қызмет бағыттарына сәйкес шағын кәсiпкерлiктi тексеруге мораторияны жүзеге асыруға бағытталған нормативтi акт қабылдансын, сонымен қатар тексерулердiң санын максималды қысқартуды және олардың шағын кәсiпкерлiктер үшiн мiндеттi түрде жүргiзiлу қарастырылған салаларда жүргiзу мерзiмiн қысқартуды қарастырсын.
      4) Мораторияны жүзеге асыру кезiнде оның iс-шара қорытындысына мониторинг жүргiзiлсiн.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылауды Алматы қаласы әкiмiнiң бiрiншi орынбасары Қ.А.Бүкеновке жүктелсiн.

      Алматы қаласының әкiмi

      Әкiмшiлiк хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады