Алматы қаласында коммуналдық қызметтерді есептейтін жеке және коммерциялық приборларды тексеру, орнату және орнынан алу тәртібін бекіту туралы

Күшін жойған

ІІ сайланған Алматы қалалық Мәслихатының ХХVII сессиясының 2003 жылғы 16 қыркүйектегі шешімі. Алматы қалалық Әділет басқармасында 2003 жылғы 17 қазанда N 559 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2007 жылғы 2 сәуірдегі N 337 шешімімен

       Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2007 жылғы 2 сәуірдегі N 337 шешімімен.
      
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы  заңының  6 бабының 1 тармағының 14 тармақшасына сәйкес ІІ-сайланған Алматы қалалық Мәслихаты  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ :

      1. Алматы қаласында коммуналдық қызметтерді есептейтін жеке және коммерциялық приборларды тексеру, орнату және орнынан алу тәртібі бекітілсін, қоса беріліп отыр.

      2. Алматы қаласының әкіміне:
      - 2004 жылғы Алматы қаласының бюджетін қалыптастыру кезінде қаланың әлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған тұрғындарға бюджет қаражат есебінен орнатылған коммуналдық қызметтерді есептейтін приборларды тексеруді төлеу үшін төлем қарастыру;
      - қала бюджеті есебінен халықтың есептегіштерін тексеру үшін коммуналдық қызметтерді есептейтін приборларды айырбастау қорын құру;
      - есептейтін приборларға тексеруді жүргізу кезінде Алматы қаласының әлеуметтік ахуалын шиеленістірген ұйымдарға әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану ұсынылсын;
      - су үшін бұрын берілген есепшотты төлеу тоқтатылсын. Коммуналдық қызметтерді көрсетушілер төленген түбіртектерді қайта есептеу бойынша шаралар қабылдасын.
      
      3. Алматы қаласы бойынша табиғи монополияны реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігінің Департаментіне тауар нарығында басым жағдайды иеленетін нарық субъектілерінің есептеу приборларын тексеру жөніндегі қызметтер үшін мемлекеттік бағаны реттеуді енгізу ұсынылсын.
      
      4. Алматы қаласында коммуналдық қызметтерді есептейтін приборларды тексеру, орнату және орнынан алу тәртібі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған сәттен бастап күшіне енгізілсін.
      
      5. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қалалық Мәслихатының экология және ТЖ мәселесі жөніндегі тұрақты комиссияға (Бөлекбаев В.Е.) және Алматы қаласының орынбасары Қ.-Қ.Е. Жаңбыршинге жүктелсін.

       ІІ-сайланған Алматы қалалық
      Мәслихаты кезектен тыс
      ХХVII-сессиясының төрағасы

      ІІ-сайланған Алматы
      қалалық Мәслихатының
      хатшысы

ІІ-сайланған Алматы қалалық
Мәслихатының кезектен тыс 
ХХVІІ-сессиясының     
2003 жылғы 16 қыркүйектегі 
шешіміне қосымша     

Алматы қаласында коммуналдық қызметтерді
есептейтін жеке және коммерциялық приборларды
тексеру, орнату және орнынан алу тәртібі

1. Жалпы ережелер

      1.1. Осы тәртіп " Өлшемдер  бірліктерін қамтамасыз ету туралы", " Жылу энергетикасы  туралы" Қазақстан Республикасы заңдарына және республиканың өзге нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді және коммуналдық қызметтерді есептейтін жеке және коммерциялық приборларды тексеру, орнату және орнынан алу тәртібін белгілейді.
      1.2. Қазақстан Республикасында коммуналдық қызметтерді көрсету тұтынушылар құқығы мен экономиканы қорғау мақсатында приборлық есептеуге жатады.
      1.3. Есептеу приборларының үлгісінің бекітілуі стандарттау, метрология және сертификациялау жөніндегі өкілетті органның сертификатымен куәландырылады. Есептеу приборларының бекітілген үлгісі өлшемдер бірліктерін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің тізбесіне енгізіледі. Ішінара әкелінген есептеу приборлары мемлекеттік метрологиялық қызметте аттестациялауға жатады. Бекітілген үлгідегі есептеу приборларына өкілетті органның белгісі жазылады.
      1.4. Үлгіні белгілеу немесе метрологиялық аттестациялау мақсаты үшін сынақтан өтпеген есептеу приборларын айналымға шығаруға, өткізуге және пайдалануға тыйым салынады.
      1.5. Есептейтін приборларды шығаруды, тексеруді, орнатуды және жөндеуді осы қызмет түрлері үшін өкілетті мемлекеттік орган берген лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар жүргізе алады.
      1.6. Коммуналдық қызметтерді есептейтін приборлар оларды пайдалану немесе жөндеу кезінде тексеруге жатады. Өз уақытында тексерістен өтпеген есептеу приборларын қолдануға рұқсат етілмейді.
      1.7. Тексеріс тәртібі мен мерзімін метрология және сертификациялау жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
      1.8. Коммуналдық қызметтерді есептейтін жеке және коммерциялық приборларды тексеруді мемлекеттік метрологиялық қызмет, тіркелген заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері сондай-ақ стандарттау, метрология және сертификациялау жөніндегі өкілетті орган сенімді өкілдері ретінде аттестацияланған жеке тұлғалар белгіленген тәртіппен жүргізеді.
      1.9. Белгіленген үлгідегі есептеу приборларды тексеру мерзімі оның техникалық паспортында көрсетіледі.
      1.10. Тексерудің оң нәтижелері есептеу приборларының пломбасына және пайдалану құжатындағы (паспортында) мемлекеттік тексерушінің қойған қолына басылған тексеру белгісімен куәландырады.
 

   2. Коммуналдық қызметтерді есептейтін
жеке және коммерциялық приборларды
тексеру, орнату және орнынан алу
тәртібі мен шарттары

      2.1. Есептеу приборларын орнату мен алуды техникалық талаптарға сәйкес осы қызмет түрлері үшін өкілетті мемлекеттік орган берген лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар жүргізеді.
      2.2. Тұтынушы 1.3.тармақ талаптарына сай келетін коммуналдық қызметтерді есептейтін приборларды жеке алуға құқылы.
      2.3. Орнатылған есептеу приборын оны орнатқан ұйым немесе орнатылған сәттен бастап 3 күннің бойында коммуналдық қызметті көрсетушінің өкілі пломбалайды.
      2.4. Есептеу приборларын орнату мен алу тиісті акті жасау арқылы айғақталады (үш дана):
      - орнату мен алуды жүргізген ұйымды есептеу приборларын пайдалануға жіберу;
      - коммуналдық қызметті көрсетушінің пломбалауы және пломба мен есептеу приборлары көрсетілімін алуы.
      2.5. Пломбаны қою мен акті жасағандығы үшін төлем алынбайды.
      2.6. Есептеу приборларын орнату мен алуды жүргізген ұйым (адам) 3 күн мерзімінде тұтынушыға есептеу приборларының орнатылғандығы/алынғандығы туралы коммуналдық қызметті көрсетушінің абоненттік бөліміне мәлімет тапсыруға міндетті.
      2.7. Коммуналдық қызметті көрсетушінің келесі 3 күннің бойында тұтынушыда есептеу приборының бар екендігі немесе алынғандығы туралы мәліметтер ақпараттық есептеу орталығына оларды есепшот-хабарламаға енгізу үшін тапсырады.
      2.8. Коммуналдық қызметтер құнын есептеу:
      - есептеу приборларын 1 м 3  үшін өкілетті орган белгілеген баға бойынша есептеу приборларын көрсетілімін ескере отырып орнату кезінде;
      - есептеу приборларын 1 м 3  үшін өкілетті орган белгілеген баға бойынша соңғы 3 айдағы есептеу приборларының көрсетілімін ескере отырып алу кезінде жүргізіледі. Есептеу мерзімі 3 айдан аспауға тиіс.
      2.9. Жөндеу мен тексеру үшін есептеу приборларын орнынан алу мерзімі тұтынушы тарапынан 3 айдан аспауы тиіс.
      2.10. Тексеру ұзатылған жағдайда жеткізуші тұтынушыға есептеу приборын тексеру қажеттігі туралы хабарлауға құқылы.Жеткізушінің хабарламасы осы Тәртіптің қосымшасына сәйкес, белгіленген үлгіде болуы керек және тұтынушының отбасының кәмелетке толған мүшесіне табыс етіледі.
      Хабарлама бойынша тұтынушы шара қолданбаған жағдайда жеткізуші тұтынушы хабар алған күннен бастап екі айдан кейін тұтынылған коммуналдық қызмет (тауар) үшін өкілетті орган белгіленген 1 адамға шаққандағы баға бойынша есептеме жүргізуге құқылы.
       Ескерту. 2.10. тармақ өзгерді - IІІ сайланған Алматы қалалық мәслихатының XХ сессиясының 2005 жылғы 23 желтоқсандағы N 214  шешімімен .
      2.11. Есептеу приборларын тексеру, орнату және орнынан алу, жөндеу бойынша қызметтер үшін төлем қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленген баға бойынша жүргізіледі.
      2.12. Тауар нарығында басым жағдайға ие ұйымдар нарық субъектілерінің қызметтерге монополиялық жоғарғы баға қоюына немесе олардың баға бойынша ымырасына жол бермеу мақсатында өкілетті орган бағаны мемлекеттік реттеуді енгізуге құқылы.
      2.13. Тұтынушылар көрсетілімді алу үшін есептеу приборына жеткізуші өкілінің еркін келуін қамтамасыз етуге міндетті.
      2.14. Тұтынушыда есептеу приборларын қосу сұлбасының өзгерісі, оның зақымдалуы пломбаның жұлынуы, есептеу приборы көрсетілімінің бұзу мақсатында икемделгіштер қою және өзге бұзушылықтар анықталған жағдайды тұтынушы заңнамада көзделген жауапкершілікті көтереді. Қызметті пайдаланғандығы үшін бұл жағдайды қайта есептеу соңғы тексеріс сәтінен бастап немесе бүкіл өткен талап мерзімінің бойында белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
      2.15. Есептеу приборларын тексеру, орнату және орнынан алу, жөндеу бойынша қызмет көрсететін жеткізушілер мен ұйымдар өкілдері тұрғын және тұрғын емес ғимараттарға барған кезінде қызмет куәліктерін алып жүруге және көрсетуге міндетті.

       ІІ-сайланған Алматы қалалық
      Мәслихаты кезектен тыс
      ХХVII-сессиясының төрағасы

      ІІ-сайланған Алматы қалалық
      Мәслихатының хатшысы

Алматы қаласында       
коммуналдық қызметтерді    
есептейтін жеке және      
коммерциялық приборларды    
тексеру, орнату және орнынан  
алу тәртібіне қосымша     

 ХАБАРЛАМА

      Аз.______________________________________________,
      
      Алматы қаласы, ______________________ көшесі
      (ықшамауданы), N _____үй ______пәтер тұрғыны,
      осы хабарлама бойынша сіздің үйіңізде
      орнатылған суық және ыстық суды, жылуды (керегінің
      асты сызылсын) есептеу құралы 20 ____ жылдың
      "__"»_________ айында орнатылған. Қызмет ету
      мерзімінің өтіп кетуіне байланысты есептеу құралын
      тексеруден өткізу қажет. Тексеруді осы хабарламаны
      алған күннен бастап екі ай ішінде өткізу қажет,
      тексеру өткізілмеген жағдайда ІІІ сайланған Алматы
      қалалық Мәслихатының 2003 жылғы 16 қыркүйектегі
      ХХVІІ-ші сессиясының шешімімен бекітілген "Алматы 
      қаласында коммуналдық қызметтерді есептейтін жеке
      және коммерциялық приборларды тексеру, орнату және
      орнынан алу Тәртібінің" 2.10 тармағына сәйкес
      (құқықтық-нормативтік актілерді мемлекеттік
      тіркеудің тізбесінде 2003 жылғы 17 қазанында N 559
      рет санымен тіркелген, 2003 жылғы 25 қазанда
      "Алматы Ақшамы" және "Вечерний Алматы" газеттерінде
      жарияланған, енгізілген өзгерістер мен
      толықтырулар 200__ жылғы "___"   _________ N___ рет
      санымен тіркелген, "Алматы Ақшамы" газетінің
      200__ жылғы "___"   _________ және "Вечерний Алматы"
      газетінің 200__ жылғы "___"   _________ сандарында
      жарияланған) тұтынылған коммуналдық қызмет (тауар)
      үшін өкілетті орган белгілеген 1 адамға шаққандағы
      баға бойынша жүргізу құқығымызды пайдаланамыз.

      Есептеу құралдарын орнату мен мен алуды техникалық
      талаптарға сәйкес осы қызмет түрлері үшін өкілетті
      мемлекеттік орган берген лицензиясы бар жеке және
      заңды тұлғалар жүргізеді.

      Хабарламаны алдым  ____________________________,
                                (А.Ж.Ф)

      "___" _________ 20 __ жыл   ___________________
                                          (қолы)

       Жеткізушінің реквизиттары

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады