Алматы қаласы әкімшілігінің 2003 жылдың 3 сәуіріндегі N№1/194-ші "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың бір қызметкеріне арналған ағымдағы шығындардың нормативі туралы" қаулысына өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы Әкімшілігінің 2003 жылғы 30 қазандағы N 5/626 қаулысы. Алматы қалалық Әділет басқармасында 2003 жылғы 13 қарашада N 565 тіркелді. Қолданылу мерзiмiнің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Алматы қаласы Әділет департаментінің 2005 жылғы 15 тамыздағы N 02-16/И4046 хаты.

      ІІ-ші шақырылған Алматы қалалық Мәслихатының XXVI-сессиясының 2003 жылдың 25 шілдедегі "ІІ-ші шақырылған Алматы қалалық Мәслихатының ХХІІ-ші сессиясының 2002 жылдың 26 желтоқсанындағы "Алматы қаласының 2003 жылға арналған бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы" шешіміне сәйкес, Алматы қаласының Әкімшілігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Әділет Басқармасында 2003 жылдың 8 сәуірінде 524-ші нөмірімен тіркелген, 2003 жылдың 17 сәуірінде N 43-ші "Алматы ақшамы" және 2003 жылдың 19 сәуірінде N 58-60-ші "Вечерний Алматы" газеттерінде жарияланған қала Әкімшілігінің 2003 жылдың 3 сәуіріндегі N 1/194-ші "Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың бір қызметкеріне арналған ағымдағы шығындардың нормативі туралы" қаулысына өзгерістер мен қосымшалар енгізілсін.
      1 тіркемеде:
      1) "N 39. Санитарлы-эпидемиологиялық бақылау Басқармасы" енгізілсін.
      3 тіркемеде:
      1) Қаланың Мемлекеттік жер инспекциясы бойынша "595,0" цифрі "577,0" цифріне өзгертілсін;
      2) Сәулет және қала құрылысы Департаменті бойынша "331,0" цифрі "330,0" цифріне өзгертілсін;
      3) Ішкі саясат Департаменті бойынша "333,0" цифрі "324,0" цифріне өзгертілсін;
      4) "N 39. Санитарлы-эпидемиологиялық бақылау Басқармасы 58,0" енгізілсін.

       Алматы қаласының Әкімі

      Әкімшілік хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады