Аз қамтамасыз етілген отбасылардағы студенттерге әлеуметтік қолдау беру ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2003 жылғы 7 қарашадағы N 196 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 19 қарашада N 1060 тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы N 323 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2007.12.27 N 323 Қаулысымен

      Аз қамтамасыз етілген отбасылардағы студенттерге кәсіби жоғары білім алу үшін әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27 бабы 1 тармағы 17 тармақшасы негізінде және "Кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі бағдарламаны бекіту туралы" облыстық мәслихаттың екінші шақырылған 24 сессиясының 2003 жылғы 27 наурыздағы N 24/3 шешімін орындау үшін облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 

      1. Аз қамтамасыз етілген отбасылардағы студенттерге әлеуметтік қолдау берудің қоса берілген Ережесі бекітілсін.

      2. Облыстық білім департаменті Солтүстік Қазақстан облысының жоғары оқу орындарында оқу кезеңіне әлеуметтік қолдау алуға аз қамтамасыз етілген отбасылардағы студенттер таңдауды жыл сайын және дер уақытта қамтамасыз етсін.

      3. 6-2-258-51 "Жергілікті өкілетті органдар шешімі бойынша жеке азаматтар санаттарына әлеуметтік төлемдер" бағдарламасының әкімшісі болып еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаменті анықталсын.

      4. Қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Қ.Е.Есімхановқа жүктелсін.

      Облыс әкімінің м.а.

Облыс әкімдігінің
2003 жылғы 7 қарашадағы
"Аз қамтамасыз етілген отбасылардағы
студенттерге әлеуметтік қолдау беру
ережесін бекіту туралы"
N 196 қаулысымен бекітілген

Аз қамтамасыз етілген отбасылардағы
студенттерге әлеуметтік қолдау беру
ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже аз қамтамасыз етілген отбасылардағы студенттерге ақшалай әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібін және шарттарын белгілейді.
      2. Әлеуметтік қолдауға Солтүстік Қазақстан облысы аумағында тұрақты тұратын және мемлекеттік жалпы білім гранттары мен кредиттерінің жүлдегерлері бола алмаған Қазақстан Республикасының азаматтары құқылы.
      3. Осы Ережеде мынандай ұғымдар пайдаланылады:
      әлеуметтік қолдау - студенттердің кәсіби оқуын төлеуге бағытталған әлеуметтік төлем түріндегі халықты әлеуметтік қорғаудың бір нысаны;
      әлеуметтік қолдау көрсету құқын айқындау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - облыстық комиссия) - облыс әкімі жанында облыс әкімі орынбасарының төрағалығымен білім, еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаменттері, көші-қон және демография басқармасы өкілдерін міндетті түрде енгізе отырып құрылатын және әлеуметтік қолдау көрсету мүмкіндігі туралы шешім шығаруды жүзеге асыратын комиссия;
      алушы - мемлекеттік жалпы білім гранттары мен кредиттері (күндізгі оқу нысаны) жүлдегерлері бола алмаған және ең төменгі күнкөріс мөлшерінен төмен жан басына шаққандағы орташа табысы бар отбасы мүшесі болып табылатын студент;
      әлеуметтік қолдауды тағайындау жөніндегі, әлеуметтік қолдау көрсетуге контингент айқындау жөніндегі және төлеу жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - департамент) - Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаменті;
      ақшалай қаржыны беру жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - банк) - банкілік операциялардың жеке (кейбір) түрлерін жүзеге асыруға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы бар, екінші деңгейдегі және осы түрдегі банкілік қызмет көрсету конкурсын жеңіп алған банк.

2. Ақшалай қаржыны алудың шарттары мен тәртібі

      4. Ақшалай қаржыны алу үшін студенттер департаментке мынандай құжаттарды ұсынады:
      1) өтініш (1 қосымша);
      2) тұлғаны куәландыратын құжаттың көшірмесі (нотариалды куәландырылған);
      3) отбасы құрамы туралы анықтама;
      4) отбасының табыстары туралы анықтама;
      5) білімі туралы құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      6) кешенді тестілеу нәтижесі туралы белгіленген үлгідегі мемлекеттік сертификаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      7) Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік жоғары оқу орнымен оқыту туралы келісім.
      Студенттер әлеуметтік қолдау тағайындауға келесі арыз бергенде жоғарыда аталған құжаттардан басқа, жоғары оқу орнынан осы ЖОО-ның студенті болып табылатындығын растау-анықтаманы, сондай-ақ сынақ кітапшасының көшірмесін ұсынады.
      5. Әлеуметтік қолдау алуға қажетті құжаттар түпнұсқасында және көшірмесінде департаментке ұсынылады, олар істерді қалыптастырады және құжаттардың толық пакеті түскен күннен бес күндік мерзімде әлеуметтік қолдау тағайындау не тағайындамау туралы шешім жобасын (2 қосымша) және арызданушылардың қалыптастырылған істерін әлеуметтік қолдау көрсету құқын айқындау жөніндегі облыстық комиссияға жібереді.
      6. Облыстық комиссия он күндік мерзімде ұсынылған құжаттарды қарастырады және әлеуметтік қолдау тағайындау не тағайындамау туралы шешім шығарады. Арызданушылардың істерін және комиссия мәжілісі хаттамасының көшірмелерін департаментке жібереді.
      Облыстық комиссия әлеуметтік қолдау беру туралы шешім шығару барысында кешенді тестілеуде алған балл санын, үздік аттестаттардың немесе арнаулы орта білімнің үздік дипломы бар болуын есепке алады.
      7. Әлеуметтік көмек тағайындау облыстық бюджетпен осы мақсатқа қарастырылған қаржылар шегінде жүзеге асырылады.
      8. Оң шешім болған жағдайда департаментпен хабарландырылған алушылар банкте жеке шот ашады.
      Департамент бас тартқан жағдайда бас тарту себебін жазбаша көрсете отырып, арызданушыға құжаттарды қайтарады.
      Әлеуметтік қолдауды тағайындаудан бас тарту үшін негіздеме: білім мекемесіне түсу туралы біле тұра жалған мәліметтер және 4-тармақта көрсетілген құжаттар бойынша жалған мәліметтер ұсыну болып саналады.
      9. Департамент алушылардың екі данада тізім-ведомостін жасайды, оның біреуін банкке жібереді.
      10. Банк ақылы қызмет көрсету келісімі және тізім-ведомосы негізінде алушылар ашқан жеке шоттарға сомаларды аударады.

3. Қаржыландыру механизмі

      11. Студенттерге әлеуметтік қолдау көрсету жөніндегі шығындарды қаржыландыру 6-2-258-51 "Жергілікті өкілетті органдар шешімі бойынша азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік төлемдер" бағдарламасы бойынша облыстық бюджетте осы мақсатқа қарастырылған қаржылар есебінен жүргізіледі.
      12. Әлеуметтік қолдау жылына бір студентке 120000 (жүз жиырма мың) теңгеден аспайтын сомада беріледі.

4. Бақылауды жүзеге асыру

      13. Әлеуметтік қолдау тағайындау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнама актілеріне сәйкес әлеуметтік қолдауды дұрыс тағайындауға жауапты.
      14. Әлеуметтік қолдау тағайындаудың және төлеудің дұрыстығын бақылау қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

Аз қамтамасыз етілген отбасылардағы
студенттерге әлеуметтік қолдау беру
ережесіне 1 қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің
еңбек, жұмыспен қамту және
халықты әлеуметтік қорғау
департаментіне
_________________________________
мекен-жайында тұратын
_________________________________
_________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
ТСН(РНН)_________________________
төлқұжат(куәлік)_________________
(қашан, кім)_____________________
_________________________________
берген.

ӨТІНІШ

      _____________________________________ мемлекеттік жоғары
оқу орнында жоғары кәсіби білім алу үшін маған ______________
________________________________ теңге сомасында ақшалай қаржы
                 (жазбаша)
беруіңізді сұраймын және _____________________ банк филиалында
ашылған __________________ жеке шотыма аударуыңызды сұраймын.
      Мынандай құжаттар ұсынамын:
      - тұлғаны куәландыратын құжат көшірмесі (нотариалды
куәландырылған);
      - отбасы құрамы туралы анықтама;
      - отбасының табыстары туралы анықтама;
      - білімі туралы құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      - кешенді тестілеу нәтижесі туралы белгіленген үлгідегі
мемлекеттік сертификаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;
      - Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік жоғары оқу
орнымен оқыту туралы келісім.

                                 200__ жыл "___" __________

                                 Қолы:

Аз қамтамасыз етілген отбасылардағы
студенттерге әлеуметтік
қолдау беру ережесіне 2 қосымша

ШЕШІМ

____________________                 200__ жыл "__" __________
      (елді мекен)
________________________________________________ мекен-жайында
     (Елді мекен, көшесі, үйдің және пәтердің N№, телефоны)
тұратын азамат (азаматша) ____________________________________
                                         (тегі, аты, әкесінің аты)
әлеуметтік қолдау беру (беруден бас тарту) туралы.
      Отбасының табысы туралы ұсынылған мәліметтерді, кешенді
тестілеу нәтижесі туралы мемлекеттік сертификатты қарастыра
отырып, облыстық комиссия ШЕШТІ:

     1. Азамат(азаматша) ___________________________________
                                (Тегі, аты, әкесінің аты)
мемлекеттік жоғары оқу орнында оқуды төлеу үшін
______________________________________________ теңге сомасында
ақшалай қаржы берілсін.

      2. _____________________________________________________
____________________________________ ақшалай қаржы берілмесін.
        (оның себебі көрсетілсін)

      Қолдары:

      Комиссия төрағасы:              _____________________
                                          (Тегі, аты-жөні)

      Комиссия мүшелері:              _____________________
                                                    (Тегі, аты-жөні)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады