Аудандық бюджеттік комиссия құру және аудандық бюджеттік комиссия туралы Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы әкімиятының 2003 жылғы 19 қыркүйектегі N 481 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет басқармасында 2003 жылғы 3 қазанда N 1413 тіркелді. Күші жойылды - Зайсан ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 6 қазандағы N 896 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Зайсан ауданы әкімдігінің 2009.10.06 N 896 қаулысымен.

      "Бюджеттік жүйе туралы" Қазақстан Республикасы 1999 жылғы 1 сәуірдегі Заңының 6-4 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 1 тармақ 17 тармақшасына, Шығыс Қазақстан облысы Әкімиятының 2002 жылғы 6 мамырдағы N 145 Қаулысына сәйкес Зайсан ауданы әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Зайсан ауданы әкімінің жанынан аудандық бюджеттік комиссия құрылсын.
      2. Беріліп отырған аудандық бюджеттік комиссия туралы Ереже бекітілсін (N 1 қосымша).
      3. Комиссияның дербес құрамы N 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      Аудан әкімі

Зайсан ауданы Әкімиятының
2003 жылғы 19 қыркүйек N 481
қаулысына N 1 қосымша

Аудандық бюджеттік комиссия туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы Ережелер

      1. Бұл ереже қаржы жылына арналған аудан бюджеті мен аудандық бюджетті қалыптастыру жөніндегі бюджеттік комиссияның іс-қимылдарын реттейді.
      2. Комиссияның құқықтық негізін Конституция мен Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасының құқықтық актілері, сондай-ақ осы Ереже құрайды.

2. Комиссия міндеттері

      3. Қаржылық жылға сәйкес бюджет жобасын әзірлеу және үш жылдық мерзімге арналған аудан бюджетінің негізгі болжамдық көрсеткіштерін анықтау.

3. Комиссияның функциялары

      4. Комиссия өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес және заңдармен белгіленген тәртіпте мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      1) өкілетті органның ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспары негізінде дайындаған материалдарын қарайды және анықтайды;
      2) алдағы үш жылдық мерзімге арналған аудан бюджетінің болжамдық көрсеткіштерін;
      3) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспары негізінде алдағы жылға арналған бюджет қаражаттары шығыстарының басымдық бағыттарының тізбесін;
      4) алдағы ағымдағы жылы секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджет бағдарламаларының тізбесін.
      5. Осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген аудан бюджетінің болжамдық көрсеткіштерін ескере отырып, алдағы және үш жылдық мерзімге арналған аудандық бюджеттің мына болжамдық көрсеткіштерін қарайды және анықтайды:
      1) кіші сыныптар бойынша аудандық бюджетке түсімдер;
      2) аудандық бюджет тапшылығы және заңдарға сәйкес тапшылықты қаржыландыру;
      3) қаржы жылының соңындағы жергілікті атқарушы органдар берешектерінің шегі;
      4) ағымдағы жылы жүзеге асырылғандарын ескере отырып, инвестициялық жобалардың жергілікті бюджеттен қаржыландыру көлемдері мен тізбесі;
      5) аудандық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің ағымдағы жылдың басындағы несиелік борыштарын өтеу көлемі;
      6) Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігімен белгіленген үлгідегі аудандық бюджет қаражаттарының шығындануының басымдық бағыттары, аудандық индикативті жоспарының, аумақты дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының негізінде құрылған жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік тапсырыстары;
      7) ауданның жергілікті атқарушы органының борышқа қызмет көрсетуі және өтеуіне арналған шығындар көлемі;
      8) аудандық бағдарламалар әкімшілері бойынша аудандық бюджет шығындары мен несиелендіруді бөлу шегі.
      6. Аудандық бюджет жобасына енгізу үшін аудандық бағдарламалар әкімшілері ұсынатын бюджеттік бағдарламалар бойынша негізделген белгілі нысан бойынша әзірленген шешімдер шығарады.
      7. Өкілетті органның алдағы қаржы жылына арналған аудандық бюджет жобасын аудан Әкімиятының қарауына енгізуі туралы ұсыныстар дайындайды.
      8. Өз құзыретінің шегінде өкілетті орган енгізген басқа да мәселелерді қарайды.

4. Комиссияның құқықтары

      9. Өз міндеттеріне сәйкес Комиссияның мынадай құқықтары бар:
      1) атқарушы және басқа да мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара ынтымақтаса қызмет істеуге, сондай-ақ Комиссия міндеттерін жүзеге асыру үшін жұмысқа мамандар мен сарапшыларды тартуға;
      2) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шешімдер қабылдап, ұсыныс енгізуге;
      3) заңдармен белгіленген тәртіпте мемлекеттік және басқа да ұйымдарға Комиссия міндеттерін жүзеге асыруға қажетті материалдарға сұрау салуға және алуға;
      4) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бірінші басшыларын Комиссия отырысына шақыруға және оларды Комиссия міндеттерін жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша тыңдауға.

5. Комиссияны қалыптастыру және оның
іс-қимылдарының тәртібі

      10. Комиссия құрамын аудан Әкімияты құрады және бекітеді.
      Комиссия құрамына кіретіндер:
      Аудан Әкімиятының мүшелері;
      Аудан Мәслихатының депутаттары (келісім бойынша);
      Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары және (немесе) олардың орынбасарлары.
      Қажет болған жағдайда аудан Әкімиятының қаулысы бойынша Комиссия құрамына басқа да адамдар кіруі мүмкін.
      11. Комиссия органдары:
      1) жұмыс органы;
      2) комиссия төрағасы;
      3) комиссия төрағасының орынбасары;
      4) хатшы.
      12. Комиссия отырыстары арасындағы мерзімде оның қызметін ұйымдастыру мәселесін Комиссияның жұмыс органы шешеді.
      13. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, оның жұмысын жоспарлайды, отырыстарда төрағалық етеді, оның шешімдерінің іске асырылуы бойынша жалпы бақылауды жүзеге асырады, Комиссияның жүзеге асыратын қызметіне жауап береді. Комиссия төрағасы болмаған уақытта оның қызметін орынбасары атқарады.
      14. Комиссия хатшысы комиссияның күн тәртібіне арналған ұсыныстар, керекті құжаттар, мәліметтер әзірлейді және ол өткеннен кейін хаттамаларды ресімдейді.
      15. Комиссия жұмысының жоспар-кестесі республикалық және жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу Ережелерімен анықталған Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен мерзімдерге сәйкес белгіленеді.
      16. Комиссия шешімдері ашық түрде дауыс берумен, сондай-ақ Комиссия мүшелерінен сауалдама алу арқылы қабылданады және оларға көпшілік дауыстар берілген жағдайда қабылданады деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының шешімі қабылданды деп есептеледі.
      17. Комиссия отырысының күн тәртібіндегі мәселелерді қарау нәтижелері әр мәселе бойынша шешімді енгізумен хаттамаға тіркеледі және төраға мен хатшы қол қояды.
      18. Комиссия шешімдерін барлық мемлекеттік органдар міндетті түрде қарап, белгіленген уақытта орындауға тиіс.
      19. Комиссияның жұмыс органының қызметі Зайсан ауданының қаржы бөліміне жүктеледі.
      20. Жұмыс органының функциясы отырыста, сондай-ақ заңдарға сәйкес аудан бюджеті мен аудандық бюджеттің орындалу үрдісінде қаралған бюджет жобасын қалыптастыру бойынша мәселелер мен материалдар даярлау болып табылады.

6. Комиссияның іс-қимылын тоқтату

      21. Комиссияның іс-қимылын тоқтату үшін мыналар негіз болып табылады:
      1) Комиссияға жүктелген міндеттердің орындалуы, оның қызметін тоқтату туралы аудан Әкімиятының қаулы қабылдауы жатады.
      2) Осы Ереженің 6 тармағында көрсетілген жағдайлар туған кезде аудан Әкіміне комиссияның орындаған жұмысы туралы есеп-хат жіберіледі.

      Аудан әкімі аппаратының басшысы

Зайсан ауданы Әкімиятының
2003 жылғы 19 қыркүйек N 481
қаулысына N 2 қосымша

Зайсан ауданы әкімі жанындағы аудандық
бюджеттік комиссияның
ҚҰРАМЫ:

Комиссия төрағасы

ЖАНАҚОВ БАУЫРЖАН ТОРFАЙБЕКҰЛЫ-
аудан әкімі

Комиссия төрағасының
орынбасары

ҚИНАШЕВ БОЛАТ ҚИНАШҰЛЫ-аудан
әкімінің орынбасары

Комиссия хатшысы

ҚАЛИМОЛДАНОВА ФАРИХА КӨЛБАЙҚЫЗЫ-
ұйымдастыру кадр жұмысы және
бақылау бөлімінің бас маманы


ЖАЛЕЛХАН СЫРЫМ-экономика бөлімінің
жетекші маманы

Комиссия мүшелері:

ЗАЙНУЛДИН СЕРІК ЗИНАБЕКҰЛЫ

аудан әкімі орынбасары

ЗАВАЛКО ВАЛЕНТИНА
ВЛАДИМИРОВНА

аудандық қаржы бөлімінің
меңгерушісі

АҚТЕКЕНОВ ОРАЗКЕН
ҚАНАFАТҰЛЫ

аудандық салық комитетінің бастығы

МАНКУПОВА ГУЛЬНАР

аудандық қаржы бөлімі
меңгерушісінің орынбасары

МЕҢБАЕВ МАЙДАН
ҚИНАЯТОЛЛАҰЛЫ

аудандық экономика бөлімінің
меңгерушісі

КӨШЕРБАЕВ МҰРАТ СЛЯМБЕКҰЛЫ

аудандық білім бөлімінің
меңгерушісі

ГАЙСИНА НҰРFИЗА
КӨПЖАСАРҚЫЗЫ

аудандық денсаулық сақтау бөлім
меңгерушісі

СЕЙІТОВ САЙЛАУБЕК СЕЙІТҰЛЫ

аудандық еңбек, халықты әлеуметтік
қорғау басқармасының бастығы

САПАРFАЛИЕВА МИРГҮЛ
СОВЕТХАНҚЫЗЫ

аудан әкімі аппаратының бас маманы

САНСЫЗБАЕВ РИЗАБЕК ҚАМАШҰЛЫ

аудандық мәслихаттың хатшысы (өз
келісімімен)

АСҚАРОВА FАЛИЯ

аудандық мәдениет және спорт
бөлімінің меңгерушісі

Аппарат басшысы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады