Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2513 тіркелген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының "Медицина ұйымдарының өзара іс-қимылдары ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 12 қыркүйектегі N 678 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2004 жылғы 4 ақпандағы N 121 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 12 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 2703. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009 жылғы 26 қарашадағы N 785 Бұйрығымен.

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2009.11.26 N 785 бұйрығымен.

      Жасөспірімдерге медициналық көмек көрсету мен оның сапасын арттыру деңгейлерінің арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету мақсатында бұйырамын:

      1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 2513 тіркелген, 2003 жылғы 25 қазандағы N 43 (148) "Ресми газетте" жарияланған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының "Медицина ұйымдарының өзара іс-қимылдары ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 12 қыркүйектегі N 678 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      Медицина ұйымдарының өзара іс-қимылдары ережесінде:

      3-тармақ мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшасымен толықтырылсын:
      "5-1) ересектерге қызмет көрсететін қалалық емханаларда, емханалық бөлімшелерде, аудандық, орталық аудандық, қалалық ауруханаларда (бұдан әрі - емханалар) медициналық қамтамасыз етуге 15 жасқа жеткен жасөспірімдерді қалалық балалар емханаларынан (емхананың балалар бөлімшесінен), аудандық, аудандық орталық ауруханалардың, қалалық емхананың балалар консультацияларынан (бұдан әрі - балалар консультациясы) емханаға медициналық қамтамасыз етуге аудару жұмысын ұйымдастыру";

      мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
      "6-1. Балаларға (оның ішінде жасөспірімдерге) қызмет көрсететін амбулаториялық-емханалық ұйымдардың қызметіндегі сабақтастық мыналардан тұрады:
      1) комиссия жүргізген 15 жасқа жеткен жасөспірімдерді емханада медициналық қамтамасыз етуге қалалық балалар емханасынан, балалар консультациясынан аудару (аудару емхананың бас дәрігері бекіткен және қалалық балалар емханасының бас дәрігерімен, балалар консультациясының меңгерушісімен келісілген кесте мен мерзімдер бойынша жүзеге асырылады);
      2) медицина комиссиясының құрамын емхананың (бөлімшесі бар аурухананың, АОА) бас дәрігерінің бекітуі мен оған бас дәрігердің медицина бөлігі бойынша орынбасарын, жасөспірімдер дәрігерін немесе жасөспірімдермен жұмыс істеуге жауапты дәрігерді, маман-дәрігерлерді (хирург, окулист, невропатолог, отоларинголог, психиатр), қалалық балалар емханасы педиатриялық бөлімшесінің (емхананың балалар бөлімшесінің), балалар консультациясының меңгерушісін енгізу;
      3) ауруы бойынша диспансерлік есепте тұратын немесе ауыстыру кезінде қандай да бір ауруы бар жасөспірімдерді қалалық балалар емханасынан, балалар консультациясынан жасөспірімдер емханасындағы медициналық қамтамасыз етуге ай сайын комиссия арқылы аударады. Комиссия науқас жасөспірімдердің диспансерлік тобын тексереді және ұсынылған медициналық құжаттардың толықтығы мен сапасын бағалайды;
      4) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес аудару эприкиздердің қосымшалары бар жеке тізіммен ресімделетін дені сау жасөспірімдерді жасөспірімдер дәрігеріне (немесе жасөспірімдермен жұмыс істеуге жауапты дәрігерге) тоқсан сайын табыстау;
      5) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес 15 жасқа жеткен жасөспірімдерді қалалық балалар емханасынан (емхананың балалар бөлімшесінен), балалар консультациясынан емханаға аудару актісін ресімдеу мен атаулы тізімді әзірлеу;
      6) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес атаулы ауыстыру эпикриздеріне сәйкес емхананың маман-дәрігеріне беру.";

      осы бұйрыққа 1, 2-қосымшаларға сәйкес көрсетілген Ережеге 1, 2-қосымшалармен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Емдеу-алдын алу ісі, лицензиялау, мемлекеттік сатып алу және ақпаратты талдау департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіндегі мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр

Қазақстан Республикасы         
Денсаулық сақтау министрінің     
"Қазақстан Республикасы         
Денсаулық сақтау министрінің     
міндетін атқарушының          
"Медицина ұйымдарының өзара      
іс-қимылдары ережесін бекіту туралы"
2003 жылғы 12 қыркүйектегі      
N 678 бұйрығына толықтырулар     
енгізу туралы" 2004 жылғы       
4 ақпандағы N 121 бұйрығына      
1-қосымша                 

"Қазақстан Республикасы        
Денсаулық сақтау министрінің     
міндетін атқарушының         
2003 жылғы 12 қыркүйектегі      
N 678 бұйрығымен бекітілген      
Медицина ұйымдарының өзара      
іс-қимылдары ережесіне         
1-қосымша"              

15 жасқа жеткен жасөспірімдерді қалалық балалар
емханасынан (емхананың балалар бөлімшесінен),
балалар консультациясынан емханаға аудару
актісі
(үлгі сызба)

      Емхананың (бөлімшесі бар ауруханалардың, АОА) бас дәрігерінің
      "_____"__________                              N ________
        күні, айы, жылы

      бұйрығына сәйкес құрылған комиссияның құрамы:
      төрағасы____________________________________________________
                  емхананың бас дәрігерінің (медицина жөніндегі)
                    орынбасарының аты, тегі, әкесінің аты

      мүшелері:
      1. __________________________________________________
         жасөспірімдер дәрігерінің немесе оның міндеттерін
           орындаушы дәрігердің аты, тегі, әкесінің аты
      2. __________________________________________________
         қалалық балалар емханасының педиатрия бөлімшесінің
         (емхананың балалар емханалық бөлімшесінің), балалар
          консультациясы меңгерушісінің және басқаларының
                    аты, тегі, әкесінің аты

      3. __________________________________________________
           учаскелік дәрігер-педиатрдың немесе балалармен
         жұмысқа жауапты дәрігердің аты, тегі, әкесінің аты

      4. __________________________________________________
         сәйкес бағдардағы дәрігер-мамандардың (невропотолог,
          хирург, көз дәрігері, ЛОР, психиатр) аты, тегі,
                          әкесінің аты
      _____________________________________________________

      амбулаториялық науқастың ауыстыру эпикриздерін, емханалық науқастың медициналық картасына қосымша парақтарын, ішінара баланың даму тарихынан, табысталған жасөспірімдердің тізімін қарап, тапсырылатын жасөспірімдердің жалпы санынан ұсынылғанынан анықтағаны:
      барлық жасөспірім: _________, саулары_________, аурулары_________, олардың ішінде _________, барлық бозбала_________, саулары_________, аурулары_________.
      Барлық қабылданған жасөспірімдер:_________, саулары_________, аурулары_________, олардың ішінде _________, барлық бозбала_________, саулары_________, аурулары_________.
      Эпикриздің, баланың даму тарихының мазмұнына сәйкес болмағандықтан, егулер туралы мәліметтердің жоқтығынан т.с.с. қабылданбаған эпикриздер:
      Барлығы: _________, олардың ішінде бозбалалар_________.
      Ескерту: эпикриздер қандай себептермен қабылданбағандығын, кемшіліктерін көрсету қажет.
      Комиссия ауру себебімен диспансерлік бақылауда тұрған жасөспірімдерді қарады. Қаралғандардың тізімі мен жасөспірімдерді қарау қорытындылары қоса тіркелді.
      Жеке аурулар бойынша пікірлер ауыстыру эпикризіне жазылды.
      Комиссия қалалық балалар емханасына (емхананың балалар бөлімшесіне, балалар консультациясына) аталған кемшіліктерді жойып, құжаттарды емханаға (бөлімшесіне) ____________________________ға дейін қайта хаттап беруді ұсынады (мерзімі көрсетіледі).
      Науқас және сау жасөспірімдерді табыстау тізімдері қоса беріледі.

      Қолдар:                    Комиссияның төрағасы:

                                  Комиссияның мүшелері:

                                  Мөрдің орны

Қазақстан Республикасы         
Денсаулық сақтау министрінің     
"Қазақстан Республикасы         
Денсаулық сақтау министрінің     
міндетін атқарушының          
"Медицина ұйымдарының өзара      
іс-қимылдары ережесін бекіту туралы"
2003 жылғы 12 қыркүйектегі      
N 678 бұйрығына толықтырулар     
енгізу туралы" 2004 жылғы       
4 ақпандағы N 121 бұйрығына      
2-қосымша                 

"Қазақстан Республикасы        
Денсаулық сақтау министрінің     
міндетін атқарушының         
2003 жылғы 12 қыркүйектегі      
N 678 бұйрығымен бекітілген      
Медицина ұйымдарының өзара      
іс-қимылдары ережесіне         
2-қосымша"              

Аудару эпикризі
(үлгі сызба)

      Жасөспірімді емханаға (бөлімшесіне) беру кезінде балаларға
      арналған алдын алу-емдеу ұйымдарымен қарастырылады

      1. _____________________________________________________
                       аты, тегі, әкесінің аты
      2. _____________________________________________________
                    (туған жылы, айы, күні, жері)
      3. _____________________________________________________
         (балалар емханасында (емхананың балалар бөлімшесінде,
        балалар консультациясында) қай жасынан бастап бақылауда)
      4. _____________________________________________________
        (даму кезінде болған аурулар, жарақаттар, операциялар)

      Іш құрылысының, психикалық ауытқу, үстіңгі тыныс алу
      органдарының ауруларына, есту, сезу, көздің көру қабілетінің
      төмендеуіне (қандай, қай жаста болғанын көрсету) аса назар
      аудару.
      5. Бұрын диспансерлік тіркеуде тұрды ма ___________
      6. Аудару кезінде диспансерлік тіркеуде тұра ма ___________
      7. Аудару сәтіндегі жағдайын бағалау: "сау", функциялық
      ауытқулары бар ма (қандай екенін көрсету) ___________
      8. Учаскелік педиатрдың қорытындысы
__________________________________________________________________
   (жалпы жағдайы, дене және жыныстық дамуы, жеке ағзалары мен
                          жүйелерінің жағдайы)

      9. Әрі қарай диспансерлік бақылау мен емдеу бойынша ұсыныстар
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

      "___"____________                 Дәрігердің қолы _________
      (күні, айы, жылы)

                                        Мөрдің орны

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады