N 2299 тіркелген "Кеден органдарының кедендік төлемдер мен салықтардың төленуін қамтамасыз етуді қолдануы ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 13 мамырдағы N 199 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және кейбір нормативтік-құқықтық кесімдердің күші жойылды деп тану туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республимкасы Кедендік бақылау агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 27 мамырдағы N 240 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 17 маусымда тіркелді. Тіркеу N 2901. Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кеден бақылау комитеті төрағасының м.а. 2007 жылғы 20 қыркүйектегі N 273 бұйрығымен.

        Ескерту: Бұйрықтың күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кеден бақылау комитеті төрағасының м.а. 2007 жылғы 20 қыркүйектегі N 273 бұйрығымен.

-------------Бұйрықтан үзінді----------------

      «"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Кеден бақылау агенттігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
      2. ....
      3. ....
      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     Төрағаның міндетін атқарушы

                                 Қазақстан Республикасы Қаржы 
министрлігі Кеден бақылау  
комитеті төрағасының м.а.  
2007 жылғы 20 қыркүйектегі  
N 273 бұйрығына        
қосымша            

      Қүшін жойған кейбір бұйрықтардың тізбесі 

      1. ....;
      2. N 2299 тіркелген "Кеден органдарының кедендiк төлемдер мен салықтардың төленуiн қамтамасыз етудi қолдануы ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 13 мамырдағы N 199 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және кейбір нормативтік-құқықтық кесімдердің күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі Төрағасының 2004 жылғы 27 мамырдағы N 240 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 17 маусымда тіркелді N 2901, Жариялануы: "Ресми газет" 2004 жылғы 4 қыркүйек N 36 (192)). 
-----------------------------------

      "Заңға тәуелді кесімдерді жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 20 наурыздағы N 77-ө  өкімін  орындау үшін, нормативтік-құқықтық кесімдерді Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік-құқықтық кесімдеріне сәйкес келтіру мақсатында бұйырамын:

      1. "Кеден органдарының кедендік төлемдер мен салықтардың төленуін қамтамасыз етуді қолдануы ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 10 мамырдағы N 199  бұйрығына  (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2299 болып тіркелген, "Ресми газетте" 2003 жылғы 26 шілдеде N 30 (135) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Кеден органдарының кедендік төлемдер мен салықтардың төленуін қамтамасыз ету ережесінде:

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "33. Банк кепілдігін кеден органына төлеуші ұсынады.";
      мынадай мазмұндағы 33-1-тармағымен толықтырылсын:
      "33-1. Кеден органдары төлеуші ұсынған банк кепілдігінің түпнұсқалылығына және/немесе мазмұнына қатысты негізді күмәндар туындаған жағдайда, кепілдікті берген банктен жазбаша нысандағы растау сұратуы мүмкін.";

      35, 36 және 37-тармақтар алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының қосымшаға сәйкес бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Ішкі жұмыстар басқармасы (Н.Ә. Махмұдов) Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне осы бұйрықты мәлімдесін.

      4. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің баспасөз қызметі (М.К. Исаева) осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

      5. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы. Аңсарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      6. Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі аумақтық бөлімшелерінің бастықтары осы бұйрықтың орындалуын қамтамасыз етсін.

      7. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      8. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
      Кедендік бақылау агенттігі
      төрағасының міндетін
      атқарушы

"N 2299 тіркелген "Кеден    
органдарының кедендік төлемдер 
мен салықтардың төленуін    
қамтамасыз етуді қолдануы   
ережесін бекіту туралы"    
Қазақстан Республикасының    
Кедендік бақылау агенттігі   
төрағасының 2003 жылғы     
10 мамырдағы N 199 бұйрығына  
өзгерістер мен толықтырулар  
енгізу және кейбір       
нормативтік-құқықтық      
кесімдердің күші жойылды    
деп тану туралы" Қазақстан   
Республикасы Кедендік бақылау 
агенттігі төрағасының     
2004 жылғы 27 мамырдағы    
N 240 бұйрығына қосымша    

Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі
төрағасының күші жойылған кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Жүк кеден декларациясының расталған көшірмесін ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы N 133  бұйрығы  (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2118 болып тіркелген, "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде" жарияланған, 2003 ж., N 11, 815-бап).
      2. "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2003 жылғы 14 қаңтарда N 2118 тіркелген, Жүк кеден декларациясының расталған көшірмесін ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2002 жылғы 4 желтоқсандағы N 133 бұйрығына толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 22 сәуірдегі N 160  бұйрығы  (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2269 болып тіркелген, 2003 жылғы 26 шілдедегі N 30, (135) "Официальная газетте" жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады