Нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2606 санымен тіркелген "Әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған тұлғалар жөніндегі орталықтандырылған деректер банкін құру туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы N 67 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Бас Прокурорының 2004 жылғы 27 маусымдағы N 25 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 21 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 2958. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2009 жылғы 29 қыркүйектегі N 53 Бұйрығымен

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2009.09.29 N 53 бұйрығымен.

      Әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған тұлғаларды есепке алуды жетілдіру мақсатында, "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 11-бабы 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Бұйырамын:

      1. "Әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған тұлғалар жөніндегі орталықтандырылған деректер банкін құру туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2003 жылғы 5 желтоқсандағы N 67  бұйрығына (нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2606 санымен тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған тұлғалар жөніндегі орталықтандырылған деректер банкін жүргізу туралы Нұсқаулықта:
      3-тармақтың:
      бесінші азат жолы алынып тасталынсын;

      9-тармақтағы "айына" сөзі "тоқсанына" сөзімен ауыстырылсын;

      23-тармақ келесі редакцияда берілсін:
      "23. 8-жолда мынадай әкімшілік құқық бұзушылық субъектілері туралы мәліметтер бейнеленеді: жеке тұлғалар; жеке кәсіпкерлер; заңды тұлғалар; шетелдік заңды тұлғалар; шет елдің қатысуымен заңды тұлғалар; мынадай органдардың қызметкерлері: әділет; қаржы полициясы; ішкі істер; қорғаныс министрлігі; ұлттық қауіпсіздік; кедендік қызмет; шекара қызметі; прокуратура; салық қызметі; төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі; мемлекеттік билік; арнайы қызмет; өзге де мемлекеттік құрылымдар.";

      29-тармақтағы:
      бірінші азат жол келесі редакцияда берілсін:
      "29. 14.1-жолында құқық бұзушының туған күні, айы, жылы және тұрғылықты мекен-жайы қысқартусыз жазылады.";
      мынадай мазмұндағы азат жолмен толықтырылсын:
      "14.5-жолында алкогольдік, есірткілік, токсикомандық мас күйінде әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған тұлғалар туралы мәліметтер бейнеленеді. Бұл жол бірінші сатылы соттармен толтырылады.";

      34-тармақ келесі редакцияда берілсін:
      "34. Кәртішкені толтырған қызметкердің аты-жөні мен лауазымы және толтырылған күні 21-жолда көрсетіледі.";

      төмендегідей мазмұндағы 2-1-тарауымен толықтырылсын:
      "2-1-тарау. N 1-АП нысанды электрондық кәртішкесі
      34-1. N 1-АП нысанды электрондық кәртішкені толтыру жеке тұлғалар үшін "Тегі, аты, әкесінің аты және туған күні" деректемелерінен немесе заңды тұлғалар үшін "Заңды тұлғаның аталуы", "куәліктің N" деректемелерінен басталады.
      Жеке немесе заңды тұлғаға деректерді енгізу кезінде, жеке немесе заңды тұлғаларға қатысты мәліметтерді енгізу үшін тағайындалған барлық деректемелік бөліктер жасырылады.
      Жеке немесе заңды тұлғалардың белгілену деректерін толтырғаннан кейін, бағдарлама, соңғыларын жоюсыз түзетуге мүмкіндігінің болуы арқылы, енгізілетін тұлғаларға арналған мәліметтердің бары туралы ақпаратты ұсынады, сонымен қатар мәліметтерді сақтау толық көлемде жасалады. Жаңа ақпаратты енгізу "Жаңа кәртішке" терезесінде қаралады.
      Электрондық форматты толтыру үшін бірінші деректеме "құқық бұзушылықты анықтаған орган" деректемесі болып табылады. Бұл деректеме ведомство кодын қою арқылы толтырылады. Аталған деректеме "3", "4" пернелерін басу арқылы, кодтауларымен қоса әкімшілік практика субъектілерінің толық анықтамасын экранға шақыру мүмкіндігінен тұрады.
      "Жасалған жері" және "Материалды қараған орган" деректемелік бөліктері ведомство кодын қою арқылы немесе әкімшілік практика субъектілерінің толық анықтамасының көмегімен толтырылады.
      "Материалдың нөмірі мен басталған күні", "Істі қараған тұлғаның аты-жөні", "Тіркеу күні мен тіркелу нөмірі" және "ҚСжАЕКБ-на келіп түскен күні" деректемелері N 1-АП нысанды кәртішкеде немесе әкімшілік құқық бұзушылық туралы материалдарда (хаттамада, істе) көрсетілген деректерді енгізу арқылы толтырылады. Ведомстволық деректер банкіне ие әкімшілік практика субъектілері "ҚСжАЕКБ-на келіп түскен күні" деректемесін толтыру кезінде оған кәртішкенің нақты енгізілген күнін қояды.
      "Субъект", "Дәрежелеу" және "Айыптың түрі" деректемелері ведомство кодын енгізу арқылы немесе әкімшілік практика субъектілерінің кодификациялық тізімінен, тармақтар мен тармақшаларға бөлу арқылы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодекс баптарының тізбесінен, сондай-ақ айып нысандарының түрінен тұратын анықтаманы пайдалану арқылы толтырылады.
      "Құқық бұзушылықты дәрежелеу" деректемесінде тармақты немесе тармақшаны көрсету қажет болған жағдайда, енгізу кезінде олардың алдында "0 (нөль)" саны көрсетіледі. Мысалы, 479-бап 02-тармақ 01-тармақша.
      Өндіріп алу шараларының "Негізгі" және "Қосымша" деректемелері сол не өзге өндіріп алу түріне сәйкес келетін кодты қою немесе тек жоғарыда көрсетілген бапқа ғана қатысты қолданылатын өндіріп алу түрлерін санамалау арқылы толық анықтаманы экранға шығарумен толтырылады.
      Осылайша, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің  423-бабы көрсетілген кезде, анықтама "айыппұл", "тәркілеу", "лицензиядан айыру/оны тоқтату" жазаларынан тұрады, себебі бұл баптың диспозициясы тек осы жаза түрлерінің салынуын қарастырады.
      "Салынған айыппұлдың мөлшері" және "Өндіріп алынған айыппұлдың мөлшері" деректемелері материалдарда (хаттамада, істе) көрсетілген сомаларын көрсету арқылы толтырылады.
      Кәртішкеде салынған сома туралы мәліметтермен қатар толық өндіріп алу көрсетілген жағдайда, әкімшілік жаза салу жөніндегі қаулының орындалуы туралы хабарлама толтырылмайды.
      "Жұмыс орны, лауазымы, оқу орны" деректемесі материалда (хаттамада, істе) көрсетілген деректердің негізінде толтырылады.
      "Заңды тұлғаның ұйымдастыру-құқықтық нысаны" деректемесі нысанды көрсету арқылы немесе кодтаулары бар заңды тұлға және жеке кәсіпкер нысандары түрлерінің толық анықтамасын экранға шақыру жолымен толтырылады.
      "Заңды тұлғаның/жеке кәсіпкердің аталуы, заңды мекен-жайы, куәлігінің N " деректемелері қысқартусыз, материалда (хаттамада, істе) көрсетілген деректерді енгізу арқылы толтырылады.
      "Қаулы" және "Қарастырылу нәтижелері" деректемелері кодын қою арқылы немесе анықтама көмегімен толтырылады.
      Әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулыға наразылық келтірілген жағдайда, "қаулыға наразылық келтірілді" деректемесі толтырылады, онда материалда (хаттамада, істе) көрсетілген наразылықтың күні көрсетіледі.
      "Қарастыру нәтижесі" деректемесі бұзылған не өзгертілген қаулы бойынша мәліметтерді енгізу немесе қабылдануы мүмкін шешім түрлерінің тиісті тізімінен тұратын анықтаманы пайдалану арқылы толтырылады.
      "Кәртішкені толтырған қызметкердің аты-жөні мен лауазымы" деректемесі тегін, атын, әкесінің атын және лауазымын қысқартусыз көрсету арқылы толтырылады.
      34-2. Әкімшілік құқық бұзушылық субъектілері туралы ведомстволық деректер банкіне ие әкімшілік практика субъектілері N 1-АП нысанды электрондық кәртішкелерді осы Нұсқаулықта көзделген талаптарға сәйкес толтырады. Ақпаратты, осы Нұсқаулықтың 11-тармағында көрсетілген мерзімдерде Комитет белгілеген электрондық форматта Басқармаларға жолдайды.
      34-3. Ведомстволық деректер банкіне ие әкімшілік практика субъектілері "әкімшілік жауаптылықтан және әкімшілік жазадан босату туралы", "әкімшілік жаза салу жөніндегі қаулының орындалуы туралы" хабарламаларын енгізу кезінде "ҚСжАЕКБ қызметкерінің аты-жөні" және "лауазымы" деректемелерін толтырмайды.";

      35-тармақтағы "соттар әкімшілігі" сөздері "мәжбүрлеп орындатуды жүзеге асыратын атқарушылық іс жүргізу органы," сөздерімен ауыстырылсын;

      Нұсқаулыққа қоса берілген 1 қосымшада:
      8-жол келесі редакцияда берілсін:
      "8. Субъект: жеке тұлға "1"; жеке кәсіпкерлер "2"; заңды тұлғалар "3"; шетелдік заңды тұлғалар "4"; шет елдің қатысуымен заңды тұлғалар "5"; мынадай органдардың қызметкерлері: әділет "6"; қаржы полициясы "7"; ішкі істер "8"; қорғаныс министрлігі "9"; ұлттық қауіпсіздік "10"; кедендік қызмет "11"; шекара қызметі "11"; прокуратура "12"; салық қызметі "13"; төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі "14"; мемлекеттік билік "15"; арнайы қызмет "16"; өзге де мемлекеттік құрылымдар "17".";
      14.1-жолындағы "туған жері" сөздері алынып тасталынсын;
      "14.4. Жұмыс орны, лауазымы, оқу орны" сөздерінен кейін мынадай мазмұндағы 14.5-жолымен толықтырылсын:
      "14.5. Алкогольдік "1"; есірткілік "2"; токсикомандық "3" мас күйінде.";
      21-жолдағы "Аты-жөні" аббревиатурасынан кейін "және лауазымы" сөздерімен толықтырылсын;

      Нұсқаулыққа қоса берілген 2 Қосымшада:
      2-бағандағы "келіп түсулер" сөздері "жіберулер" сөзімен ауыстырылсын.

      Нұсқаулыққа қоса берілген 3 Қосымшада:
      "куәліктің N " жолынан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын "Құқық бұзушылықты анықтаған органның аталуы";

      Нұсқаулыққа қоса берілген 4 Қосымшада:
      "Тұрғылықты мекен-жайы" жолынан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын "құқық бұзушылықты анықтаған органның аталуы".

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (Г.В.Ким):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуіне шаралар қабылдасын;
      2) осы бұйрықты құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне және Комитеттің аумақтық органдарына жолдасын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Төрағасы Г.В.Кимге жүктелсін.

      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Бас Прокуроры

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады