Жер қойнауының (жер асты сулары) Мемлекеттік мониторингісінің ақпараттық компьютерлік жүйесінің қызмет етуі жөніндегі Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Геология және жер қойнауын қорғау комитеті төрағасының 2004 жылғы 23 маусымдағы N 102-п бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2004 жылғы 27 шілдеде тіркелді. Тіркеу N 2966. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2008 жылғы 14 шілдедегі N 187 бұйрығымен.

       Күші жойылды - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрінің 2008.07.14 N 187 бұйрығымен.

      ---------------- Бұйрықтан үзінді --------------------

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 1-бабы 5-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) ..;
      2) ..;
      3) "Жер қ ойнауыны ң (жер асты сулары) Мемлекеттік мониторингісіні ң  а қ паратты қ компьютерлік ж ү йесіні ң қ ызмет етуі  жөніндегі Ережені бекіту туралы" Қ аза қ стан Республикасыны ң Энергетика және минералды қ ресурстар министрлігі Геология ж ә не жер қ ойнауын қорғау комитеті т ө ра ғ асыны ң 2004 жыл ғ ы 23 маусымда ғ ы N 102-п б ұ йры ғ ы (Нормативтік құқ ы қ ты қ актілерді ң мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2966 тіркелген);
      4) ...
      2. ...
      3. Осы бұйрық қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді.
 
      Министр                                    С. Мыңбаев

      1996 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Жарлығын , 1997 жылғы 27 қаңтардағы N 106 "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жер қойнауы мониторингі туралы" Ережені іске асыру үшін Бұйырамын:

      1. Жер қойнауының (жер асты сулары) Мемлекеттік мониторингісінің ақпараттық компьютерлік жүйесінің қызмет етуі жөніндегі Ережені бекітуді.

      2. Осы бұйрықтың орындалуы Төрағаның бірінші орынбасары М.Ә.Сайдуақасовқа жүктелсін.

      3. Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап өз күшіне енеді.

      Төраға

Қазақстан Республикасы    
Энергетика және минералдық  
ресурстар министрлігінің   
Геология және жер қойнауын  
қорғау комитеті Төрағасының  
2004 жылғы 23 маусымдағы N 102-п
бұйрығымен БЕКІТІЛГЕН     
Жер қойнауының (жер асты сулары)
мемлекеттік мониторингінің 
ақпараттық компьютерлік   
жүйесінің жұмыс істеу жөніндегі
Ережені бекіту туралы   

Жер қойнауының (жер асты сулары) Мемлекеттік мониторингі ақпараттық компьютерлік жүйесінің жұмыс істеу тәртібі туралы Ереже

1. Жалпы ереже

      1. Осы жер Қазақстан Республикасы (жер асты сулары) мемлекеттік мониторингінің ақпараттық компьютерлік жүйесінің жұмыс істеу жөніндегі Ереже (әрі қарай ЖАСММ АКЖ) 27 қаңтар 1997 жылғы N 106 Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы жер қойнауының мемлекеттік мониторингі туралы Ережені дамыту үшін әзірленген.

      2. ЖАСММ АКЖ жер асты суларының мемлекеттік мониторингісінің бөлінбейтін бөлшегі болып табылады және жер қойнауының Мемлекеттік қорын жер асты сулары бөлімі бойынша тиімді пайдаланудың және қорғаудың ақпараттық қамтамасыздандыруын автоматтандыруға арналған.

2. ЖАСММ АКЖ мақсаттары мен міндеттері

      3. ЖАСММ АКЖ-нің мақсаты болып, жер қойнауының Мемлекеттік қорының жер асты сулары бөлігі бойынша тиімді пайдалану мен қорғаудың компьютерлік жинау, толтыру, сақтау, қайта өңдеу мен ақпаратты беру технологиялық базасының әсерін көтеру, ақпараттық қамтамасыздандырудың сенімділігі мен оралымдылығын көтеру табылады.

      4. ЖАСММ АКЖ міндеттері мыналар:
      1) байқау пункттерде ақпараттарды алудың, жазудың және жіберудің автоматтандырылған жүйесін енгізу;
      2) ЖАСММ АКЖ-ні жүргізудің әр түрлі деңгейлері арасында реттелген және реттелмеген мәліметтерді айырбастауды қамтамасыз ету;
      3) ЖАСММ АКЖ Мәліметтер Банкін құру және жүргізу;
      4) ЖАСММ АКЖ Мәліметтер Банкінде ақпараттарды жинақтау және сақтау;
      5) алғашқы мәліметтерді техника арқылы тексеру және редакторлау;
      6) ЖАСММ АКЖ Мәліметтер Банкінде сақталынатын ақпараттарды жинақтап қорыту және талдау;
      7) қойылған міндетті шешу үшін ақпараттарды мағыналы өңдеу;
      8) реттелген сұрауларға жауаптар дайындау;
      9) келісілмеген сұрауларға жауаптар дайындау;
      10) ЖАСММ АКЖ нормативті-методикалық қамтамасыздандыруын әзірлеу;
      11) ЖАСММ АКЖ бағдарламалық құралдарды жүргізуді әзірлеу, меңгеру және енгізу;
      12) әр түрлі деңгейдегі мамандарды бағдарламалық құралдармен және көрсеткіштер базаларымен таныстыру және оқыту;
      13) ЖАСММ АКЖ мәліметтер банкінің күйін қадағалау;
      14) ЖАСММ АКЖ-нің классификаторлары мен сөздіктерін құрастыру және енгізу.

3. ЖАСММ АКЖ ұйымдастырушылық құрылымы және оның бөлімшелерінің қызметтік тапсырмалары

      5. ЖАСММ АКЖ ұйымдастырушылық құрылымында үш деңгей бар: аймақтық, аумақтық және республикалық.

      6. Аймақтық деңгейдегі қызметті жер асты суларының мемлекеттік мониторингін мемлекеттік тапсырма ретінде орындайтын кәсіпорындарға жүктеледі.

      7. Аумақтық деңгейдегі қызмет геология және жер қойнауын қорғау өкілетті органның жер қойнауын пайдалану және қорғау аумақтық басқармасына жүктеледі.

      8. Республикалық деңгейдегі қызмет геология және жер қойнауын қорғау өкілетті органың құрамындағы жер қойнауының Мемлекеттік мониторингі Республикалық орталығына жүктеледі.

      9. ЖАСММ АКЖ қызметтенуін тікелей ұйымдастыру, қадағалау және жылдам басқару геология жер қойнауын қорғау өкілетті органына жүктеледі.

      10. ЖАСММ АКЖ құрамында жүйені атқарушылар, пайдаланушылар бөлінеді.
      Атқарушылар - көрсеткіштерді тікелей жинау, енгізу, сақтау, өңдеу және ақпаратты пайдаланушыға беруді қамтамасыз етуші негізгі жік болады.
      Пайдаланушылар - тікелей жүйемен жұмыс істейді, сұрау салуды қалыптастырады, көрсеткіштерді өңдейді және қажетті нәтижені дербес алады.

      11. Аймақтық деңгейде ЖАСММ АКЖ-ні жүргізгенде келесі тапсырмалар шешіледі:
      1) ЖАСММ АКЖ көрсеткіштері базасын келесі жүйеліктер бойынша қалыптастыру:
      бақылау пункттерін, жер қойнауын пайдалану объекттерін қоса, хаттамалау (ұңғыма, бұлақ, құдық, гидрометриялық пост және тағы басқалары);
      гидрогеологиялық параметрлер (тәжірибелі жұмыстардың нәтижелері):
      жер асты сулары деңгейлерінің жүйесі;
      жер асты сулары температураларының жүйесі;
      су көздерінің шығыны;
      жер асты суларының сапасы;
      жер асты суларын ластандыратын көздер; гидрогеологиялық және метеорологиялық посттар;
      2) өлшеу, түсіру және байқауғыштар ЖАСММ-ның байқауғыш торабындағы сулардың жағдайлары туралы көрсеткіштерді қағазға жазу;
      3) байқауғыштардан қағазға жаздыртып алынған ақпаратты тексеру және оны алғашқы рет өңдеу;
      4) көрсеткіштер базасына ақпаратты енгізу және оны тексеру;
      5) ЖАСММ АКЖ реттелетін құжаттарын құрастыру, оның ішінде:
      жер асты суларының аймақтағы жағдайлары туралы жылнамалы бюллетень;
      жүргі баланс және жер асты суларын сарқылудан, және ластанудан қорғау бойынша жұмыстардың нәтижесі туралы жылнамалы мәлімет;
      жүргі, баланс және жер асты суларын сарқылудан және ластанудан қорғау бойынша жұмыстардың нәтижесі туралы көпжылнамалы мәлімет;
      жер асты суларының аймақтағы жағдайлары туралы реттелмеген сұрауларына жауаптар;
      6) көрсеткіштердің базаларын әкімшілендіру (түсетін, енгізілетін және берілетін ақпаратты тіркейтін журналды жүргізу);
      7) ЖАСММ АКЖ көрсеткіштер банкі ЖАСММ-ні жүргізгендегі, сонымен қатар қоршаған ортаны қорғау мониторингін өздерінің қалыптасқан тапсырмалары бойынша орындайтын басқа ұйымдардан, жер қойнауын және табиғатты пайдаланушылардан алынған ағымды және ретроспективті ақпарат арқылы қалыптасады;
      Көрсеткіштер базасы тоқсан сайын геология және жер қойнауын қорғау Комитетінің келісті аумақтық басқармасының қадағалауымен магниттік жазба арқылы аумақтық және республикалық жер қойнауының мемлекеттік мониторингі деңгейіне беріледі.
      Егер қауіпті деңгейде жер асты суларының ластануы немесе ахуалды келеңсіз зардапқа апаратын басқа ахуал дәлелденгенде хабарлама сол сәтте кешіктірілмей аймақтық деңгейдегі жүйеге тапсырылады.

      12. Аумақтық деңгейде ЖАСММ АКЖ-ні жүргізгенде келесі міндеттер шешіледі:
      1) жер асты гидросферасының жағдайын сонымен қатар жер қойнауын пайдаланушылардың жер қойнауы мониторингін және жер асты суларын қорғау мен ұтымды пайдалану жағын ұйымдастыруын бағалау мен қадағалау;
      2) ЖАСММ-ні мемлекеттік тапсырма арқылы өткізетін ұйымдардан, одан басқа ұйымдар мен салалардан, жер қойнауы - және табиғатты пайдаланушылардан жер асты мониторингі бойынша көрсеткіштерін әрбір тоқсанда жинақтау (1, 2 қосымша);
      3) мемлекеттік тапсырманы аймақтық атқарушылардан жинақтаған ақпаратты Республикалық деңгейдегі ЖАСММ АКЖ-ге тапсыруды қадағалау;
      4) мемлекеттік тапсырманы аймақтық деңгейде ЖАСММ АКЖ-ні жүргізудің орындалуын қадағалау;
      5) жер қойнауын - және табиғатты пайдаланушылармен лицензиялық және/немесе келісім-шарттық жағдайларды немесе супайдалану жағдайлары туралы көрсеткіштерді ЖАСММ АКЖ-ге тапсыру тәртібін сақтауды қадағалау;
      6) ақпаратты қорыту және өзінің іс-әрекеті бойынша аумақ туралы қойылған және қойылмаған сұрақтарды дайындау;
      7) жер қойнауын пайдаланушылардан түскен көрсеткіштер бойынша аумақтық деңгейде ЖАСММ АКЖ көрсеткіштері банкін жүргізу;
      8) банк көрсеткіштерін жер қойнауы объектілерін қадағалау тексерістер қорытындысы мен жер қойнауын пайдаланушылардың мәліметтерімен толықтыру;
      9) аумақтық деңгейде ЖАСММ АКЖ-ні жүргізу туралы мәліметтер мен жобаларды қарау және келістіру, оның санына жер қойнауы - және табиғатты пайдалану бағытындағы мәліметтер мен жобалар кіреді;
      10) жер асты суларында және оларды пайдаланғанда, төтенше жағдайлар пайда балғаны туралы, геология және жер қойнауын қорғау өкілетті органды, келісті үкімет органдарын және аумақтық деңгейдегі басқармаларды құлақтандыру;
      11) аумақтық деңгейдегі ЖАСММ АКЖ көрсеткіштер банкін әкімшілендіру (түсіп тұратын, жүйеге енгізілетін және тапсырылатын ақпаратты тіркеу мен есепке алуды жүргізу).

      13. Республикалық деңгейде ЖАСММ АКЖ-ні жүргізгенде келесі міндеттер шешіледі:
      1) ЖАСММ АКЖ-ны жүргізудің стратегиясы мен саясатын іске асыру туралы ұсыныстарды әзірлеу;
      2) аймақтық және аумақтық деңгейлерде ЖАСММ АКЖ-нің қызмет етуін оперативтік басқару;
      3) ағымды және ретроспективті ақпаратты аймақтық және аумақтық деңгейде жүргізу жүйелеріне электрондық жазба қылып жинау;
      4) Республикалық деңгейде ЖАСММ АКЖ көрсеткіштері банкін жүргізу;
      5) аймақтық және аумақтық деңгейлерде көрсеткіштер базаларын жүргізуді қадағалау, оның санында толықтығын және дәлелділігін тексеру;
      6) жүйені жүргізу әрбір деңгейлерінде ЖАСММ АКЖ-нің картографиялық қамтамасыздығын ЖАСММ АКЖ-нің барлық деңгейлерінде толықтыру;
      7) ЖАСММ АКЖ-ні жүргізу жаңа бағыттары мен бағдарламалық құжаттарын әзірлеу;
      8) жүйенің қызметтік сөздіктерін және классификаторларын Республика бойынша жалпы жүргізу;
      9) Қазақстан Республикасы территориясы бойынша жер асты сулары жағдайлары және оларды пайдалану туралы жылдық бюллетендерді дайындау;
      10) жер асты сулары қорын және оны пайдалануын мемлекеттік есепке алу;
      11) гидрогеологиялық және геоэкологиялық зерделену жағдайды есепке алу;
      12) Республикалық деңгейдегі реттелмеген сұрастыруларға жауаптар дайындау;
      13) сутартқыш және суағызу құрылыстардың кадастрын жүргізу;
      14) жер асты сулары кен орындарының кадастрын жүргізу;
      15) жер асты сулары ластанған үлескілердің және көздердің кадастрын жүргізу;
      16) жер асты суларын барлау және/немесе игеру, жер қойнауына өнеркәсіптік және басқа ағындарды ағызу, сонымен қатар, жер асты суларына әсер ететін, пайдалы қазбаларды барлаумен және/немесе игерумен байланысты және байланысты емес, жер қойнауын пайдалану операциялары бойынша жұмыстарды іске асыратын жер қойнауын пайдаланушылар туралы кадастрды жүргізу;
      17) зиянды заттарды, көму және өнеркәсіптік пен тағы да басқа ағымдарды жер қойнауына ағызу объектілерінің кадастрын жүргізу;
      18) пайдалы қазбаларды барлау және игеруге байланысты емес, бірақ жер асты сулары жағдайларына теріс әсер ететін жер асты құрылыстарының кадастрын жүргізу;
      19) бағдарламаның құжаттар жүйесін техникалық қолдау мен жолдау;
      20) Республикалық деңгейдегі ЖАСММ АКЖ көрсеткіштері банкін әкімшілендіру (түсіп тұратын, жүйеге енгізілетін және тапсырылатын ақпаратты тіркеу мен есепке алуды жүргізу).

      14. Жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауы мен табиғатты пайдалану үлескілерінде жер асты сулары жағдайлары туралы бағдарламаны реттелген көрсеткіштер бойынша барлау мен пайдалану жобаларына, табиғатты қорғау шараларына сәйкес жинақтауды ұйымдастырады және әрбір тоқсанда жер қойнауы қалпы туралы реттелген көрсеткіштерді (I-ші, ІІ-ші қосымша) қағаз немесе магнитті жазба арқылы келісті аумақтық басқармаға тапсырады.

4. ЖАСММ АКЖ бағдарламалық мазмұны

      15. ЖАСММ АКЖ-нің мазмұны келесіден құрастырылады:
      1) жер асты гидросферасының және қоршаған ортаның сабақтас компоненттерінің нақты көрсеткіштерінің қалпын бақылаудан, оларды пайдаланудан;
      2) қоршаған ортаның сабақтас компоненттерінің және жер асты гидросферасының қалпы туралы аналитикалық бағдарламадан, оны пайдаланудан;
      3) қоршаған ортаның сабақтас компоненттерінің және жер асты гидросферасының қалпы кеңістікте және уақытта өзгеруін болжауда;
      4) ЖАСММ АКЖ көрсеткіштер базаларынан;
      5) қоршаған ортаның сабақтас көрсеткіштері бойынша базалардан;
      6) жер қойнауын пайдалану туралы көрсеткіштері базаларынан;
      7) жүйені картографиялық қамтамасыз етуден;
      8) жүйені анықтау - қалыптастыру және әдістемелік пен қамтамасыз етуден;
      9) жүйенің классификаторлары мен сөздіктерінен;
      10) ЖАСММ АКЖ-ның бағдарламалық құжаттарынан.

5. ЖАСММ АКЖ-ны бағдарламалы-техникалық қамтамасыздандыру

      16. ЖАСММ АКЖ геоақпараттық компьютерлік жүйенің негізінде қызмет етеді және Қазақстан Республикасының мемлекеттік компьютерлік жүйесінің жер қойнауы туралы ақпараттық банкіне енеді.
      Компьютерлік жүйе келесі негізгі блоктарды қосады:
      1) жер асты сулары мониторингінің фактографиялық блогы;
      2) жер асты сулары мониторингінің картографиялық блогы;
      3) гидрогеологиялық процестерді модельдеу блогы;
      4) көмек ретіндегі және сервистік бағдарламаларды теру блогы.

      17. Жетілдіру шарасы бойынша базалық бағдарламалық құжаттар жаңартылады және жаңа блоктармен толықтырылады.

      18. Басқа арнайы бағдарламалық құжаттар, егер де олар базалықпен сыйысқан жағдайда, ЖАСММ АКЖ-де базалық етіліп пайдаланылуы мүмкін.

      19. Базалық бағдарламалық құжаттар МЖКМ жүргізетін ұйымдар арасында орталықтандырылып мемлекеттік тапсырыс негізінде таратылады. Басқа министрліктер және ведомстволар, жергілікті Үкімет органдары және жер қойнауы - мен табиғатты пайдаланушылар оларды, қажеттілігіне пайдалануға, өздерінің меншікті қаржыларына сатып алады.

      20. ЖАСММ АКЖ-нің техникалық қамтамасыздығы оны толық мөлшерде қызмет етуін қамтамасыз етуі қажет, көрсеткіштерді өңдеуді, қорытындыларды беруді және оны адресатқа электрондық байланыс құжаттары немесе ақпаратты машиналық жазба арқылы тапсыруды, ақпаратты жинақтауды, енгізуді, сақтауды қоса.

      21. Техникалық құжаттамалармен қамтамасыздық саны мен оның құрамы әрбір нақты жағдайда жұмыс бағдарламаларымен (жобаларымен) негізделеді және белгіленген тәртіпте бекітіледі.

6. ЖАСММ АКЖ-ны қаржыландыру

      22. ЖАСММ АКЖ-ны қаржыландыру, соның ішінде келісімді орталарды құру және ұстау, оларды техникалық қамтамасыздандыру, бағдарламалық құжаттарды енгізу және әзірлеу, мемлекеттік бюджеттің қаржылары есебінен нормативті-әдістемелік базаны құру, осы жұмыстарды мемлекеттік тапсырма ретінде конкурсқа шығару жолымен геология және жер қойнауын қорғау Өкілетті органы асырады.

Қазақстан Республикасы    
Энергетика және минералдық  
ресурстар министрлігінің   
Геология және жер қойнауын  
қорғау комитеті Төрағасының  
N __ "___" _______2004 жылғы 
бұйрығымен БЕКІТІЛГЕН     
Жер қойнауының (жер асты сулары)
мемлекеттік мониторингінің 
ақпараттық компьютерлік   
жүйесінің жұмыс істеу Ережесіне
1-қосымша         

Жер қойнауын пайдаланушы ұйымның аталуы. Жер қойнауын пайдалану объектісінде жер асты сулары мониторингін жүргізу
Журналы

Жер қойнауын пайдалану объектісінің аталуы (кен орны, үлескі, су тартқыш және басқалары)

Басталған "___" ______________200 ж.
Аяқталған "___" ______________200 ж.
жер қойнауын пайдалануға берілген Келісім-шарттың берілген датасы мен нөмірі (арнайы су пайдалануға рұқсат немесе басқасы)

1. Ұңғымалардың саны, олардың рет сандары, барлығы:
__________________ соның ішінде:
1) пайдаланудағылар
__________________________________________________________________
2) резервтегілер __________________________________________________________________
3) байқаудағылар
__________________________________________________________________

2. Рұқсат берілген су алудың мөлшері (л/с; м3/тәулігіне; мың м3/ жылына)
__________________________________________________________________
3. Су тартқышта, суды рұқсат етілген деңгейге төмендету, м

4. Алынатын судың Келісім-шарт (рұқсат) бойынша мақсаттық саласы
(арнайы су пайдалануға рұқсаты)
__________________________________________________________________
5. Сулы қат-қабаттың геологиялық жасы ____________________________
6. Пайдаланудың жүйесі ___________________________________________
7. Өлшеуіш аппаратураның сипаттамасы _____________________________
1) Су көтергіш жабдықтардың түрі мен маркасы _____________________
2) Су өлшем құралы:
су өлшеуіш есепшінің түрі
__________________________________________________________________
есепшілерді орнататын жерлері
__________________________________________________________________
есепшілерді соңғы рет тексерген дата __________________________________________________________________
3) жер асты суларының деңгейін өлшеуге арналған құралдар:
құралдың түрі (маркасы)___________________________________________
құралдарды соңғы рет тексерген дата ______________________________
4) судың температурасын өлшеуге қолданылатын термометрлер:
маркасы __________________________________________________________
өлшеу жасайтын орындар ___________________________________________
соңғы рет тексерген дата _________________________________________
8. Судың анализін жасайтын лабораторияның аталуы, олардың
аттестаттарын алған күнінің датасы мен рет саны, қайда
аттестатталғаны ______________
9. Жер қойнауын пайдалану объектісінде жер асты сулары мониторингін
жүргізуге міндетті тұлға
________________________________________________
              (қызметі, аты-жөні)

Қазақстан Республикасы    
Энергетика және минералдық  
ресурстар министрлігінің   
Геология және жер қойнауын  
қорғау комитеті Төрағасының  
N __ "___" _______2004 жылғы 
бұйрығымен БЕКІТІЛГЕН     
Жер қойнауының (жер асты сулары)
мемлекеттік мониторингінің 
ақпараттық компьютерлік   
жүйесінің жұмыс істеу Ережесіне
2-қосымша         

Жер қойнауын пайдалану объектісінде жер асты сулары мониторингін жүргізу қорытынды таблицасы Бақылау пунктінің N (рет саны)...

____________________________________________________________________
Өлшеген|                     Бақылау қорытындысы
дата  |____________________________________________________________
       | Жер асты    |  Жер асты      | Тәулігіне м 3   |
       |  сулары     |  суларының     | жинақ су алу  | Ескерту
       |деңгейінің   |   Цельсии      |               |
       |жер үстінен  |   градусы      |               |
       | басталған   |   бойынша      |               |
       |тереңдігі, м | температурасы, |               |
____________________________________________________________________
   1   |     2       |       3        |       4       |     5
____________________________________________________________________
1
2
3
4
5
...
...
...
____________________________________________________________________
Жиынтығы: айда су алынуы, м 3
____________________________________________________________________

      Бақылау жүргізген
      ________________________________________________
                (қызметі, аты-жөні)

      Ескерту:

      1. Әрбір бақылау пункті үшін жеке кесте жүргізіледі;
      2. Өлшеулердің жиілігі жұмыс бағдарламасымен (жобамен) анықталады;
      3. Кестеге барлық сынамаланған бақылау пункттері бойынша, жер асты суларының химиялық және бактериологиялық анализдерінің копиясы қосылып беріледі;
      4. Журнал мен кестенің копиясы тоқсан сайын аумақтық жер қойнауын қорғау және пайдалану басқармасының аумақтық инспекциясына беріледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады