Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1520 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру брокерінің қызметін лицензиялау, лицензияның қолданылуын тоқтату және қайтарып алу ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 9 сәуірдегі N 92 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 12 шілдедегі N 198 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 18 тамызда тіркелді. Тіркеу N 3021. Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы№N 11 қаулысымен.

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы№N 11   қаулысымен .
____________________________

      Сақтандыру брокерлерін лицензиялау тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру брокерінің қызметін лицензиялау, лицензияның қолданылуын тоқтату және қайтарып алу ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 9 сәуірдегі N 92  қаулысына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1520 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 17 (214) басылымдарында 2001 жылғы 13-26 тамызда  жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру брокерінің қызметін лицензиялау, лицензияның қолданылуын тоқтату және қайтарып алу ережесінде:

      мәтін бойынша "мемлекеттік" деген сөз алынып тасталсын;

      4-тармақтағы "N 1 қосымшаға" деген сөздер "осы Ереженің 1-қосымшасына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "4-1. Жарғылық капиталдың ең аз мөлшерінің толық төленгенін растайтын құжаттар мыналар:
      жарғылық капитал қолма-қол ақшамен төленетін болса - төлем құжаттарының көшірмелері, сондай-ақ сақтандыру брокерінің ағымдағы банк шотынан үзінді жазба;
      жарғылық капитал қолма-қол ақшадан басқа өзге мүлікпен төленетін болса - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағалаушы берген құжат болып табылады.

      4-2. Сақтандыру брокерінің басшы қызметкерлері лауазымына тағайындалатын (сайланатын) адамдар туралы мәліметтер қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін келісу тәртібін реттейтін уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген нысан бойынша ұсынылады.
      Лицензиаттың басшы қызметкерлері Заңның 34-бабында белгіленген талаптарға сәйкес болулары тиіс.";

      5-тармақта:
      "қадағалау" деген сөзден кейін "жауапты" деген сөзбен толықтырылсын;
      "сақтандыруды қадағалау" деген сөздер алынып тасталсын;

      9-тармақтағы "N 2 қосымшаға" деген сөздер "осы Ереженің 2-қосымшасына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11-тармақтағы "- "Вестник Национального Банка Казахстана" және "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысында" деген сөздер алынып тасталсын;

      16-тармақ мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      "Лицензиялық алымның төленгенін растайтын төлем құжатының көшірмесін лицензиат лицензияны алуға (қайта ресімдеуге, дубликатын беруге) құжаттар пакетімен бірге уәкілетті органға ұсынады.";

      1-қосымшаның жоғары оң бұрышындағы "N" белгісі алынып тасталсын;

      2-қосымша мынадай редакцияда жазылсын:

"Сақтандыру брокерінің   
қызметін лицензиялау,   
лицензияның қолданылуын  
тоқтату  және қайтарып  
алу ережесіне 2-қосымша 

(Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген бланкіге басылады)

Сақтандыру брокері қызметін жүзеге
асыру құқығына берілген
ЛИЦЕНЗИЯ

Лицензия N___________

__________________________________________________________________
                 (сақтандыру брокерінің толық атауы)
__________________________________________________________берілді.
Сақтандыру брокерінің мекен-жайы _________________________________

Лицензия Қазақстан Республикасының аумағында қолданылады

Лицензияның қолданылу мерзімі - мерзімсіз

Лицензия иеліктен шығарылмайтын, яғни лицензиат басқа жеке және
заңды тұлғаларға бермейтін болып табылады.

Лицензияны берген орган __________________________________________
                            (лицензиар органының толық атауы)

Лицензияның берілген күні - "____"___________________ 200_____жыл.

Лицензиар органының басшысы (уәкілетті тұлғасы)

Мөр орны

                            Алматы қаласы".

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      3. Лицензиялау басқармасы (Жұмабаева З.С.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне және сақтандыру брокерлеріне жіберсін.

      4. Агенттіктің қызметін қамтамасыз ету департаменті (Несіпбаев Р.Р) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттігі Төрағасының орынбасары Қ. Досмұқаметовке жүктелсін.

      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады