Тіркелген N 2019, "Қазақстан Республикасы бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2002 жылғы 26 қыркүйектегі N 4 бұйрығына N 5 өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2004 жылғы 2 тамыздағы N 115 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 27 тамызда тіркелді. Тіркеу N 3039. Күші жойылды - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы N 172 бұйрығымен.

  -----------Бұйрықтан үзінді-----------

      "Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелiгiнiң құрылымын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрiнiң 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 168 бұйрығының Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде
мемлекеттiк тiркелуiне байланысты БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрiнiң мынадай бұйрықтарының күшi жойылды деп танылсын:
      6) тiркелген N 3039, "Тiркелген N 2019, "Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелiгiнiң құрылымын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрiнiң 2002 жылғы 26 қыркүйектегi N 4 бұйрығына N 5 өзгерiстер енгізу туралы" 2004 жылғы 2 тамыздағы N 115.

      Министрдің
      міндетін атқарушы
-----------------------------       

      Бұйырамын:
      1. Тіркелген N 2019, "Қазақстан Республикасы бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2002 жылғы 26 қыркүйектегі N 4  бұйрығына  мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымында:
      140 "Шығындар" деген сыныпшада:
      146 "Ғимараттарды, үй-жайларды, жабдықтарды және басқа да негiзгi құралдарды ұстау, оларға қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу" ерекшелік бойынша:
      "Анықтама" деген бағанда он бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "ғимаратты және оған жанасатын аумақты күзету бойынша күзет дабылымен және басқа да құралдармен қамтамасыз ету; өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету";
      он жетінші абзац "негізгі құралдарды" деген сөздерден кейін ", олардың жұмыс істеуі үшін қажетті есептегіш, ұйымдық және телекоммуникациялық техникаға қосалқы бөлшектерді" деген сөздермен толықтырылсын;
      330 "Жеке тұлғаларға берiлетiн ағымдағы трансферттер" деген сыныпшада:
      333 "Зейнетақылар" деген ерекшелік бойынша:
      "Анықтама" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы ерекшелік бойынша зейнетақыларды төлеу төлемдері көрсетіледі";
      420 "Негізгі капиталды құру" деген сыныпшада:
      "Анықтама" деген баған мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы сыныпшада құрылыс қызметімен байланысты өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы негізгі қорларды жаңа тиісті объектілерді (ғимараттарды, құрылыстар мен олардың кешендерін және телекоммуникацияларын) тұрғызу және (немесе) өзгерту, онымен байланысты технологиялық және инженерлік жабдықты монтаждау (демонтаждау), құрылыс материалдарын, бұйымдар мен конструкцияларын жасау, сондай-ақ қалпына келтіру мен күрделі жөндеуді қоспағанда, құрылысы аяқталмаған объектілердің құрылысын тоқтатып қою және өз ресурсын тауысқан объектілерді кейіннен кәдеге жарату бойынша жұмыстарды жүргізу арқылы құру жөніндегі барлық шығындар көрініс табады.
      Жобаға дейінгі құжаттаманы (техникалық-экономикалық негіздемені) әзірлеуге және сараптауға арналған шығындар 149 ерекшелік бойынша жіктеледі.";
      430 "Күрделі жөндеу" деген сыныпшада:
      "Анықтама" деген бағанда "жобалау-іздестіру жұмыстарына арналған шығындар" деген сөздер "жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына арналған шығындар" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Бюджеттік процесс әдіснамасы және функционалдық талдау департаменті (Д.М.Шәженова) Заң басқармасымен (М.Д.Әйтенов) бірге осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық ол Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады