Ақмола облысында орманды пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облыстық мәслихатының 2004 жылғы 01 маусымдағы N 3С-5-6 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 07 шілдеде N 2669 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 2009 жылғы 6 ақпандағы № 4С-12-14 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облыстық мәслихатының 06.02.2009 № 4С-12-14 шешімімен.

      Салық кодексінің 473 бабының 1 тармағына, 470 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасының  Орман кодексінің 14-бабының 3 тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ақмола облысында орманды пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары бекітілсін (қоса беріледі).
      2. Ақмола облысының Әділет басқармасында 2002 жылғы 5 тамызда N 1247 тіркелген, облыстық мәслихаттың 2002 жылғы 19 шілдедегі 
N С-18-12 "Ақмола облысында орманды пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы" шешімі күшін жоғалтты деп есептелсін.
      3. Шешім Ақмола облысының Әділет Департаментінде тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.

      Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы
      Облыстық мәслихаттың хатшысы

  Облыстық мәслихаттың
01.06.2004 жылғы N 3С-5-6
"Ақмола облысында
орманды пайдалану үшін
төлемақы ставкаларын
бекіту туралы"
шешіміне қосымша

Ақмола облысында орманды пайдалану
үшін төлемақы ставкалары

№ р-р

Орманды пайдаланудың түрі Өлшем бірлігі төлемақы ставкасы, теңге

1.

Шөп шабылатын шабындықтар:
Өнімділігі 5ц/га дейін
Өнімділігі 6ц/га дейін

га

  га

120

  144

2.

Механикаландырылған әдіспен шөп шабу (20% ұлғаю)  

  га

  173

3.

Ара ұялары мен омарталарды орналастыру

  балұя

  298

4.

Мал жайылымдары
(бір ІҚМ, жылғы)


  жыл


  120

5.

Мал жайылымдары (басқа түрлері)


  жыл


  60

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады