Облыс ауыл шаруашылығын қолдауға және дамытуға облыстық бюджеттен кредит беру туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы әкімиятының 2004 жылғы 12 ақпандағы N 23 қаулысы. Жамбыл облыстық әділет департаментінде 2004 жылғы 12 ақпанда 1198 нөмерімен тіркелді. Қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Жамбыл облысы Әділет департаментінің 2007 жылғы 24 сәуірдегі № 4-1874 Хатымен

      Еркерту. Қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды - Жамбыл облысы Әділет департаментінің 2007.04.24 № 4-1874 Хатымен.

      Облыстың ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерiне нақты қаржылық қолдау көрсету мақсатында, Қазақстан Республикасының "Бюджет жүйесi туралы"  Заңына сәйкес және "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 27 бабы 4 және 5 тармақтарының негiзiнде облыс әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. 2004 жылдың 30 қаңтарындағы облыстық мәслихаттың үшiншi шақырылған II сессиясының "2004 жылғы облыстық бюджет туралы және 2002 жылғы облыстық бюджеттiң орындалуы туралы" N 2-4 шешiмiне сәйкес, облыстың ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерiне ассигнациялар есебiнен кредит беруге облыстық бюджеттен 110,0 миллион теңге бөлiнсiн.

      2. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге кредит беру жөнiндегi бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi болып облыс Әкiмiнiң ауыл шаруашылығы басқармасы бекiтiлсiн.

      3. Бюджеттiк кредит берудiң қаржылық агентiнiң мiндетiн атқарушы және қатысушы банктердi конкурс бойынша iрiктеу, сол сияқты соңғы несие алушылардың өткiзген құжаттарын қарау үшiн мынадай құрамда облыстық конкурстық комиссия құрылсын:
      Жексембин Бөрiбай Биқожаұлы - облыс Әкiмiнiң орынбасары, комиссия төрағасы;

      Кәрентаев Амангелдi - облыс Әкiмi ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, комиссия төрағасының орынбасары;

      Тiлегенов Нұрмахан - облыс Әкiмi ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары, комиссия хатшысы.

Комиссия мүшелерi:

      Аманбеков Болат - облыс Әкiмi қаржы басқармасының бастығы;

      Мәдиев Алмас Өскенбайұлы - облыс Әкiмi экономика басқармасының бастығы;

      Иманалиев Бақытбек Зүбайраұлы - облыс Әкiмi аппараты экономика, қаржы және әлеуметтiк қорғау бөлiмiнiң меңгерушiсi.

      4. Кредит беру Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 25 шiлдедегi N 832 "Мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер үшiн бюджеттiң атқарылуы және есептiлiк нысандарын жүргiзу жөнiндегi қаржылық рәсiмдер Ережесiн бекіту туралы"  қаулысына сәйкес жүзеге асырылсын (әрі қарай Ереже).

      5.  Ереженің 18 тарауына сай соңғы несие алушы-ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге бюджеттiк кредит берудi жүзеге асырушы қаржылық агентiнiң мiндетi жүктелетiн заем берушi-банктi анықтау үшiн конкурстық комиссия екiншi деңгейдегi банктер арасында тендер өткiзсiн.

      6.  Ереженiң 18 тарауының 162 тармағына сәйкес бөлiнген бюджеттiк кредит мыналарға жұмсалатын болсын:

      1) қала маңындағы сүт фермаларына асыл тұқымды құнажындар сатып алу үшiн 15 млн. теңге көлемiнде;
      2) жүзiм шаруашылығына 20 млн. теңге, бау-бақшаны дамытуға - 5 млн. теңге көлемiнде;
      3) картоп пен көкөнiс өсiрудi ұлғайту мақсатында "Жамбыл облысының 2003-2005 жылдарға арналған аграрлық азық-түлiк "Ауыл" бағдарламасын" жүзеге асыруға - 15 млн. теңге, майлы дақылдар өндiруге - 5 млн. теңге көлемiнде;
      4) қант қызылшасын өндiрудi ұлғайту мақсатында - 30 млн. теңге көлемiнде;
      5) ауылдық тұтыну кооперациясы жүйесiндегi мекемелерге ауыл шаруашылығы өнiмдерiн сатып алуды ұйымдастыруға 10 млн. теңге көлемiнде;
      6) облыстың машина жасау зауыттарының ауыл шаруашылығы техникасы үшiн қосалқы бөлшектер, агрегаттар мен бунақтардың бөлшектерiн дайындауды ұйымдастыруға 10 млн. теңге көлемiнде.

      7. 6 тармақта көрсетiлген бағыттар бойынша бөлiнетiн бюджеттiк кредиттер 2004 жылдың 1 мамырына дейiн игерiлмеген жағдайда, пайдаланылмаған қаражаттар жалпы негiзде қайта бөлiнуi тиiс.     

      8. Бюджеттiк кредит сомасынан жылдық 0,01% (нөл бүтiн жүзден бiр пайыз) көлемiнде сыйақы төленетiн болсын. 

      9. Осы бюджеттiк кредиттi қайтару мерзiмi 2005 жылдың 30 қарашасына дейiн деп белгiленсiн.

      10. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкiмiнiң орынбасары Б.Б. Жексембинге жүктелсiн.

      Облыс Әкiмi                    С. Үмбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады