"Тұрғын үй көмегін ережелері мен жиынтық табысты есептеу ережелерін бекіту туралы" Қостанай қалалық мәслихатының 2003 жылғы 22 сәуірдегі № 239 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, тіркеу нөмірі 2215

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2004 жылғы 12 қазандағы № 89 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2004 жылғы 21 қазанда № 3200 тіркелді

      "Тұрғын үй көмегін көрсету ережелері мен жиынтық табысты есептеу ережелерін бекіту туралы" Қостанай қалалық мәслихатының 2003 жылғы 22 сәуірдегі № 239 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, тіркеу нөмірі 2215 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне байланыс мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қалалық телекоммуникация желілерінің абоненттері болып табылатын, әлеуметтік қорғалатын азаматтарға телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Қостанай қалалық мәслихат ШЕШТІ:
      1. "Тұрғын үй көмегін көрсету ережелері мен жиынтық табысты есептеу ережелерін бекіту туралы" Қостанай қалалық мәслихатының 2003 жылғы 22 сәуірдегі № 239 шешіміне (тіркеу нөмірі 2215, 2003 жылғы 29 мамырдағы № 5 "Қостанай" газеті), бұрын "Тұрғын үй көмегін көрсету ережелері мен жиынтық табысты есептеу ережелерін бекіту туралы" Қостанай қалалық мәслихатының 2003 жылғы 22 сәуірдегі № 239 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Қостанай қалалық мәслихатының 2003 жылғы 12 қарашадағы № 9 шешімімен (тіркеу нөмірі 2591, 2003 жылғы 27 қарашадағы № 135 "Қостанай" газеті); "Тұрғын үй көмегін көрсету ережелері мен жиынтық табысты есептеу ережелерін бекіту туралы" Қостанай қалалық мәслихатының 2003 жылғы 22 сәуірдегі № 239 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қостанай қалалық мәслихатының 2004 жылғы 17 ақпандағы № 34 шешімімен (тіркеу нөмірі 2812, 2004 жылғы 25 наурыздағы № 33 "Қостанай" газеті) өзгерістер енгізілген, № 1-қосымшасына мына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 1-тармағы мына редакцияда жазылсын:
      "Тұрғын үй көмегі отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді ұстауға, телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің көтерілуі мен коммуналдық қызметті пайдалануға ақы төлеу шығынын өтеу үшін беріледі. Тұрғын үй көмегіне құқық жеке меншікте тұрғын үйі бар, оны мемлекеттік және жеке тұрғын үй қорынан жалдайтын азаматтарға беріледі.
      Тұрғын үй көмегі халықтың әлеуметтік қорғау нысандарының бірі болып табылады.";
      2) 2-тармақта:
      "коммуналдық қызметтер" деген сөздерден кейін "телефон үшін абоненттік ақы" деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 10-тармақта:
      "көрсетілетін қызметтерді" деген сөзден кейін "телефон үшін абоненттік ақы төлеу" деген сөздермен толықтырылсын;
      4) 14-тармақта:
      "Тұрғын үй көмегі" деген сөздерден кейін "телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу" деген сөздермен толықтырылсын;
      5) 15-тармақ мына редакцияда жазылсын:
      "Тұрғын үй көмегі және телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу жылыту маусымы және жаз маусымы мерзіміне зейнеткерлер мен мүгедектерге, басқа санаттағы азаматтарға тоқсан мерзіміне (жылыту маусымының аяқталуына байланысты, көмек 1-тоқсан және сәуір айына тағайындалатын 1-тоқсанды қоспай отырып) тағайындалады. Ағымдағы айға құжаттарды қабылдауы осы айдың 24-ші жұлдызында аяқталады.
      Отбасының тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерді пайдалануға ақы төлеу шығынының ұйғарымды шегінің үлесі, отбасының табысы, сондай-ақ коммуналдық қызметтері мен телефон пайдалану үшін абоненттік ақы төлеу тарифтері өзгерген жағдайда, уәкілетті орган бұрын есептелген соманың қайта есептеуін жүргізеді";
      6) 18-тармақта:
      "осы мақсаттарға" деген сөздерден кейін "сондай-ақ телефон үшін абоненттік ақы тарифтерінің көтерілуіне өтемақы төлеу" деген сөздермен толықтырылсын;
      7) 19-тармақ мына редакцияда жазылсын:
      "Тұрғын үй көмегін қаржыландыруы қалалық бюджет есебінен, ал телефон үшін ақы тарифтерінің арттырылуына өтемақы төлеу республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.";
      8) 21-тармақта:
      "7" саны "5" санына ауыстырылсын;
      9) 23-тармақ 24-тармақ болып есептелсін;
      10) 23-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "Төленген сомалар бойынша қалалық уәкілетті органы және қызмет көрсету жеткізушілері арасында тоқсан сайын облыстық уәкілетті органға берілетін, салыстырып тексеру актілері жасалады".
      Осы шешімнің орындалуына бақылау әлеуметтік мәселелер, білім, денсаулық, жастар ісі және спорт мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (төрайымы Недуева И.В.).
      2. Осы шешім әділет департаментінде тіркелген күннен бастап күшіне енеді.

      Сессия төрағасы
      Қалалық Мәслихат хатшысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады