Павлодар облысы Баянауыл ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы

Жаңа

Павлодар облыстық мәслихатының 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 86/9 шешімі. Павлодар облысының әділет департаментінде 2005 жылғы 11 қаңтарда N 2855 тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы"  Заңының  6 бабы 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы"  Заңы  11 бабының 3 тармақшасына, Баянауыл ауданы мәслихаты мен әкiмдiгiнiң (III сайланған IХ сессиясы) 2004 жылғы 30 маусымдағы "Павлодар облысы Баянауыл ауданының бос қалған селолық елдi мекендердi тарату туралы" N 62 бiрлескен шешiмiне, облыс әкiмдiгiнiң 2004 жылғы 17 қарашадағы "Баянауыл ауданының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысындағы өзгерiстер туралы" N 275/9 қаулысына сәйкес облыстық Мәслихат пен облыс әкiмдiгi ШЕШIМ ЕТЕДI:
      1.Павлодар облысы Баянауыл ауданының  әкiмшiлiк-аумақтық құрылысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      Ақсан ауылдық округiнiң қоянды, Пограничник, Сымтас, Юность ауылдары, Бiрлiк ауылдық округiнiң Байты, Жаман, Жантайма ауылдары, Жаңажол ауылдық округiнiң Қарашоқы, Топбасы ауылдары, Қаратомар ауылдық округiнiң Үшқайын, Жайма ауылдары, Құндыкөл ауылдық округiнiң  Базарбек, Керегетас-1, Керегетас-2 ауылдары, Қызылтау ауылдық округiнiң Бабалы ауылы, Ұзынбұлақ ауылдық округiнiң  Оңай ауылы, Күркелi ауылдық округiнiң Ақтай ауылы  елдi мекен мәртебесiнен айырылуына байланысты таратылсын және кейiннен есептiк деректерден шығарылсын.
      2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыстық Мәслихаттың азаматтардың құқығы мен заңды мүдделерiн қорғау және ақпараттық саясат жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.

       Сессия төрағасы А. Гуськов

       Облыс әкiмi Қ. Нұрпейiсов

      Облыстық Мәслихаттың хатшысы Р. Гафуров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады