Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кастодиандық қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 142 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы N 77 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 28 сәуірде тіркелді. Тіркеу N 3604. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009 жылғы 5 тамыздағы N 191 Қаулысымен.

      Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.08.05 N 191 Қаулысымен.

      Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногында кастодиандық қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2003 жылғы 21 сәуірдегі N 142  қаулысына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2342 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" және "Вестник Национального Банка Казахстана" N 12 басылымдарында 2003 жылғы 2 - 15 маусымда жарияланған, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 3239 тіркелген, Агенттік Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 229  қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Бағалы қағаздар рыногында кастодиандық қызметті жүзеге асыру ережесінде:
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар нарығында кастодиандық және брокерлік-дилерлік қызметті қоса атқаратын екінші деңгейдегі банк:
      1) банктің ұйымдық құрылымында бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыратын жекелеген бөлімшенің болуын;
      2) кастодиандық қызметті жүзеге асыратын бөлімшенің қаржы нарығында өзге қызмет түрлерін жүзеге асырмауын;
      3) кастодиандық қызметті жүзеге асыратын бөлімшенің, жекелеген үй-жайлардың болуын;
      4) кастодиандық қызметті жүзеге асыратын бөлімше алатын үй-жайларда оларға реттелетін кіру жүйелерінің болуын;
      5) кастодиандық қызметті жүзеге асыратын бөлімшеде брокерлік-дилерлік қызметті жүзеге асыратын бөлімшеден бөлек есепке алу және құжат айналымы жүйелерінің болуын;
      6) жоғарыда аталған бөлімшелердің біреуінің қызметкерлерін екіншінің құжаттамаларына және бағдарламалық-техникалық кешендерге (оның ішінде деректердің электрондық массивтеріне) кіруіне жол бермеуді;
      7) лауазымды тұлғалар мен қызметкерлердің банктің жоғарыда аталған бөлімшелердің біреуінде қолда бар (олар өздерінің лауазымдарына немесе оларға берілген құқықтар мен өкілеттіктерге орай алуға рұқсаты бар) ақпаратты банктің жоғарыда аталған бөлімшелердің екіншісінің қызметкерлеріне бермеуді қамтамасыз етеді.";
      мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:
      "22-1. Кастодиан халықаралық депозитарлық-есеп айырысу жүйелеріне кірудің мынадай түрлерінің біреуі ("Еuroclear" және "Сlearstream Internatіonal" типті) болған кезде жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін сақтау және есепке алу қызметін көрсете алады:
      1) тікелей кіру;
      2) бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті көрсететін және көрсетілген жүйелерге тікелей кіруге рұқсаты бар шетелдік ұйымдармен кастодиандық шартты жасау арқылы;
      3) орталық депозитарийдің қызметін пайдалану арқылы.".

      2. Осы қаулы қолданысқа енген күннен бастап:
      1) Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы Директоратының "Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін сақтау және есепке алу қызметін көрсететін кастодиан банктерге қойылатын талаптар туралы" 2000 жылғы 6 қарашадағы N 711  қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 1321 тіркелген, 2001 жылғы қаңтарда "Рынок ценных бумаг Казахстана" N 1 журналда жарияланған);
      2) "Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында кастодиандық және брокерлік-дилерлік қызметті қоса атқаратын екінші деңгейдегі банктерге қойылатын талаптар туралы" Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының 2000 жылғы 30 қыркүйектегі N 83 және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 3 қарашадағы N 145 бірлескен  қаулысының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2000 жылғы 8 желтоқсанда N 1323 тіркелген, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы жөніндегі Нормативтік құқықтық және нормативтік актілер жинағында жарияланған, 2001 жыл, IV-том) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      4. Бағалы қағаздар рыногының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалардың бірлестігіне жіберсін.

      5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады