Қазақстан Республикасының шеңберінде медициналық көрсеткіштері бойынша жіберілетін науқастар, санаторлық-курорттық емделуге жіберілетін мүгедек балалар, олармен еріп баратын тұлғалардың жолақысын төлеу ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2005 жылғы 18 сәуірдегі N А-4/133 қаулысы. Ақмола облысының әділет департаментінде 2005 жылғы 3 мамырда N 3124 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2010 жылғы 16 сәуірдегі № А-4/116 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2010.04.16 № № А-4/116 қаулысымен

      <*> Ескерту. Атауы өзгертілді - Ақмола облысы әкімдігінің 2006 жылғы 27 қазандағы  N А-9/367 қаулысымен
       Қазақстан Республикасының Бюджеттік  кодексіне , "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына , Қазақстан Республикасының "Денсаулық сақтау жүйесі туралы"» Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің "Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету ережелерін бекіту туралы"» бұйрығын орындау үшін, Ақмола облысының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасынан шеңберінде медициналық көрсеткіштері бойынша жіберілетін науқастар, санаторлық-курорттық емделуге жіберілетін мүгедек балалар, олармен еріп баратын тұлғалардың жолақысын төлеу Ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.  <*>
      Ескерту. 1 пункт өзгертілді - Ақмола облысы әкімдігінің 2006 жылғы 27 қазандағы  N А-9/367 қаулысымен
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.М.Бекмағамбетовке жүктелсін.

       Облыс әкімі

Ақмола облысы әкімдігінің 
2005 жылғы 18 сәуірдегі  
N а-4/133 қаулысымен    
БЕКІТІЛГЕН  <*>     

      Ескерту. атауындағы және әрі қарай мәтін бойынша "медициналық көрсеткіштері бойынша емделуге жіберілетін" сөздерінен кейін "санаторлық-курорттық емделуге жіберілетін мүгедек-балалар" сөздерімен толықтырылсын - Ақмола облысы әкімдігінің 2006 жылғы 27 қазандағы  N А-9/367 қаулысымен

  Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге медициналық
көрсеткіштері бойынша жіберілетін науқастар,
санаторлық-курорттық емделуге жіберілетін мүгедек балалар,
олармен еріп баратын тұлғалардың жолақысын төлеу
ЕРЕЖЕСІ

      Осы Ереже Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі N 548 Бюджеттік  кодексінің 51 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"»N№148  Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы "Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету туралы ережелерін бекіту туралы"»N№941  бұйрығын орындау үшін әзірленді.

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге медициналық көрсеткіштері бойынша жіберілетін науқастар, санаторлық-курорттық емделуге жіберілетін мүгедек балалар, олармен еріп баратын тұлғалардың жолақысы (екі жаққа) қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау істері агенттігінің 2001 жылғы 4 шілдедегі "Республикалық клиникаларда көрсетілетін жоғары білікті және арнайы медициналық көмектің тізімін бекіту туралы"»N 633 бұйрығына сай, Ақмола облысының денсаулық сақтау департаменті берген қалыпты үлгідегі жолдама болған жағдайда беріледі.
      2. 253 016 000 "Азаматтардың емделуге елді мекеннен тыс жерлерге тегін және жеңілдікпен баруын қамтамасыз ету"»бағдарламасының әкімшісі Ақмола облысының денсаулық сақтау департаменті болып табылады (бұдан әрі - Департамент).
      3. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге медициналық көрсеткіштері бойынша жіберілетін науқастар, олармен еріп баратын тұлғалардың жолақысының құны (екі жаққа) тиісті құжаттарды беруі бойынша төленеді.
      4. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге медициналық көрсеткіштері бойынша жіберілетін науқастар, олармен еріп баратын тұлғалардың жолақысы құнын (екі жаққа) қаржыландыру облыстық бюджет есебінен төленеді.

2. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге медициналық көрсеткіштері бойынша жіберілетін науқастар олармен еріп баратын тұлғалардың жолақысы құнын төлеу тәртібі

      5. Департамент Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге медициналық көрсеткіштері бойынша жіберілетін науқастар,олармен еріп баратын тұлғалардың жолақысын төлеуді келесі құжаттардың негізінде жүзеге асырады:
      - қалыпты үлгідегі өтініші;
      - СТН көшірмесі;
      - Ақмола облысының қалалары мен аудандарының банк бөлімшелерінде есеп шотының нөмірі және банк реквизиттері;
      - Жеке куәліктің көшірмесі;
      - Департамент берген қалыпты үлгідегі емдеуге жолдама;
      - Бару фактісін растайтын билеттер.
      6. Департамент қорытындысына сай, еріп баруға құқығы бар тұлғалар 18 жасқа дейінгі балалар; бірінші және екінші топтағы көруі бойынша мүгедектер.
      7. Барлық құжаттар аймақтық емдеу-профилактикалық ұйымдарға (ЕПҰ)-аудандық (қалалық) ауруханаларға беріледі. Берілген құжаттардың негізінде аймақтық ЕПҰ департаментке баруына ақы төлеуге өтініштер береді.
      8. Шұғыл жағдайларда аймақтық ЕПҰ өтінішітері бойынша жолақысын төлеу жоғарыда аталған құжаттардың негізінде алдын ала төленеді. Науқасты емдеу аяқтағаннан кейін бару фактісі бойынша аймақтық ЕПҰ екі жаққа жолақы билеттерін береді. құжаттарды уақытында беруге жауапкершілік аймақтық ЕПҰ-на жүктеледі.
      9. Медициналық көрсеткіштері бойынша жіберілетін науқастардың, олармен еріп баратын тұлғалардың жолақысын төлеу (екі жаққа) темір жол және қалааралық автомобиль көлігінде баруға төленеді, бірақ жүрдек темір жол көлігінің купе вагонындағы билеттің құнынан аспау керек. Кейбір жағдайларда Департаменттің рұқсатымен (жедел және аталған көлік болмағанда) экономикалық класс тарифі бойынша әуе көлігіне төленеді.
      10. Емделуге науқастардың, олармен еріп баратын тұлғалардың бару фактісін растайтын құжаттар емдеу орнынан келгеннен кейін 1 айдың ішінде берілуі керек.
      11. Департамент емделуге науқастардың,олармен еріп баратын тұлғалардың жолақысын Ақмола облысы қалалары мен аудандарының банк бөлімшелеріне шоттық (карт) есепке ақша аудару арқылы төлейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады