2005-2007 жылдарға көшіп келу квотасы бойынша Жамбыл облысына келетін оралмандарды қабылдау мен орналастыруды ұйымдастыру туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы әкімиятының 2005 жылғы 31 наурыздағы N 100 қаулысы. Жамбыл облыстық әділет департаментінде 2005 жылғы 19 сәуірінде 1613 нөмірімен тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімиятының 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 409 қаулысымен

       Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімиятының 2008.12.25 №  409 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы "Оралмандардың 2005-2007 жылдарға арналған көшіп келу квотасы туралы" N 1508 Жарлығын орындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 2 наурыздағы "Қазақстан Республикасы Президентінің "Оралмандардың 2005-2007 жылдарға арналған көшiп келу квотасы туралы" 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 1508 Жарлығын іске асыру туралы" N 192 қаулысын іске асыру мақсатында және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының негізінде облыс әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2005-2007 жылдарға арналған оралмандардың көшіп келу квотасы бойынша облысқа Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Ресей Федерациясы, Қытай Халық Республикасы, ТМД-ның басқа елдерінен келетін оралмандар отбасылары Тараз қаласы мен облыстың аудандарына орналастырылсын.

      2. Көші-қон комитетінің облыс бойынша басқармасы (Қ.Ж. Тоқтағұлов) (келісімі бойынша) оралмандарды қабылдауды, оларға қолданыстағы заңнамаларға сәйкес үй-жай алуға, біржолғы жәрдемақылар төлеуге және көлік шығындарын өтеуге республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат есебінен төлемдер төлеуді қамтамасыз ету ұсынылсын.

      3. Аудандар мен Тараз қаласы әкімдері, облыс әкімиятының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті (А.Д.Қарабалаев) оралмандар отбасыларын елді мекендерге орналастыруды қамтамасыз етсін, қажет болған жағдайда оларға тұрғын үй салу және шаруа қожалықтарын ұйымдастыру үшін жер телімдерін бөлсін, оралмандарды еңбек рыногындағы сұранысқа ие мамандықтарға даярлау мен қайта даярлауды, еңбекке жарамдыларын жұмыспен қамтуды ұйымдастырсын.

      4. Облыстың ішкі істер басқармасы (С.Т. Күнғожинов) оралмандарды қабылдау кезінде, жол жүріп келе жатқанда және облыс аумағындағы тұрғылықты жерінде олардың жеке басы мен мүліктік қауіпсіздігін, заңда белгіленген тәртіппен уақтылы тіркеуді және орналасқан жерінде тұруға және Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға рұқсат беретін қажетті құжаттардың берілуін қамтамасыз ету (келісімі бойынша) ұсынылсын.

      5. Облыс әкімиятының білім департаменті (Д.И. Әбдірайымов) оралмандар балаларының шетелде алған білімі туралы құжаттарын зерделеуді жолға қойсын, қажет болған жағдайда олардың білімінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік білім стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз ету үшін оларды қысқартылған мерзімді өтпелі оқу жоспарлары бойынша қосымша оқытуды ұйымдастырсын.

      6. Облыс әкімиятының денсаулық сақтау департаменті (К.Б.Құралбаев), облыс әкімиятының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті (Б.Қ.Жетібаев) көшіп келген оралмандардың Қазақстан Республикасы азаматтарымен бірдей жалпы негізде медициналық тексерілуін және науқастарының емделуін қамтамасыз етсін.

      7. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің облыс бойынша департаменті (А.М.Тұрысов) және Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтың облыстық филиалы (Б.Б.Нұрымбетов) (келісімдері бойынша) облыс әкімиятының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментімен (А.Д.Қарабалаев) бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары мен ережелеріне, сондай-ақ халықаралық келісімдерге сәйкес көшіп келген оралмандарға зейнетақы және жәрдемақы тағайындау жөніндегі мәселелерді шешсін.

      8. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс Әкімінің орынбасары М.Н. Байбековке жүктелсін.

      Облысы Әкімі                               Б.Жексембин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады