2005-2007 жылдарға арналған облыстық "Ауыз су" бағдарламасы туралы.

Күшін жойған

Павлодар облыстық мәслихатының 2005 жылғы 30 мамырдағы N 48/12 шешімі. Павлодар облысының әділет департаментінде 2005 жылғы 14 маусымда N 3031 тіркелді. Мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды - Павлодар облыстық Әділет департаментінің 2009 жылғы 18 наурыздағы N 4-06/1966 хатымен.

      Ескерту. Мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды - Павлодар облыстық Әділет департаментінің 2009 жылғы 18 наурыздағы N 4-06/1966 хатымен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, облыстық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған 2005-2007 жылдарға арналған "Ауыз су" бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
      2. Облыс қаржы департаментi жыл сайын Бағдарламаның дер кезiнде қаржыландыруын қамтамасыз етсiн.
      3. Қалалар мен аудандар әкiмдерi сумен қамсыздандыру объектiлердiң сапалы қабылдануы мен пайдалануын қамтамасыз ететiн болсын.
      4. Облыс табиғи ресурстар мен табиғат пайдалануды реттеу департаментi жыл сайын 20 қаңтар мерзiмiне орай облыстық мәслихаттың экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссиясына Бағдарламаны iске асыру барысы туралы ақпарат ұсынатын болсын.
      5. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың экология және қоршаған ортаны қорғау мәселелерi жөнiндегi тұрақты комиссиясына жүктелсiн.

      Сессия төрағасы Г. Досжанова

      Облыстық мәслихаттың хатшысы  Р. Гафуров

Павлодар облыстық мәслихатының  
2005 жылғы 30 мамырдағы     
III-сайланған XII-сессиясының   
2005-2007 жылдағы арналған    
"Ауыз су" облыстық бағдарламасы туралы
N 48/12 шешiмiне қосымша     

2005 - 2007 жылдарға арналған "Ауыз су"
облыстық бағдарламасы

1. Паспорт

Атауы

2005 - 2007 жылдарға арналған "Ауыз су" облыстық бағдарламасы

Әзiрлеу үшiн негiздеме

Қазақстанның 2030 жылға дейiн даму стратегиясы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 16 қарашадағы "Халық денсаулығы" мемлекеттiк бағдарламасы туралы" N 4153 және 1998 жылғы 18 мамырдағы "Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын жақсарту жөнiнде бiрiншi кезектегi шаралар туралы" N 3956 Жарлықтары, Қазақстан Республикасы үкiметiнiң 2002 жылғы 23 қаңтардағы "2002 - 2010 жылдарға арналған "Ауыз су" салалық бағдарламасы туралы" N 93  қаулысы

Негiзгi әзiрлеушi

Облыс табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаментi

Мақсаты

Облыстың елдi мекендерiн санитарлық қағидалар мен нормаларға сәйкес келетiн ауыз сумен қамтамасыз ету

Мiндеттерi

Облыс тұрғындарын санитарлық қағидалар мен нормаларға сәйкес келетiн ауыз сумен қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шаралар кешенiн пысықтау және iске асыру

Iске асыру мерзiмдерi

2005 -2007 жылдар

Қаржыландыру  көздерi

Республикалық, облыстық бюджеттердiң, қалалар мен аудандар бюджеттерiнiң қаражаттары

Күтiлетiн нәтижелер

Облыс тұрғындарына санитарлық қағидалар мен нормаларға сәйкес келетiн сапалы ауыз су беру

2. Кiрiспе

      Қазақстанның 2030 жылға дейiн даму стратегиясында негiзгi басымдықтардың бiрi болып азаматтардың денсаулығы анықталған, онда таза су мен пайдалы тағамдарды қолдану, сондай-ақ қазiргi заман технологиялары негiзiнде су тазарту жүйелерiн енгiзу, қоршаған ортаны ластап, экологиялық зиян келтiретiн объектiлердi қысқарту түрлi аурулардың алдын алуға ықпалын тигiзедi деп атап көрсетiлген.
      Талдау барысында облыс тұрғындарын, әсiресе ауылдық жерлерде, су тұтыну сапасы мен мөлшерi жағынан сумен қамтамасыз етудiң төмендеу үрдiсiнiң қалыптасып отырғаны анықталды. Су құбырларын, суды механикалық түрде көтеретiн терең ұңғымаларды жөндеп қалпына келтiру жұмыстарына қаражаттың болмауы сумен қамтамасыз етудiң нашарлауына басты себеп болып отыр. Бағдарламаны жүзеге асыру облыс елдi мекендерiнiң тұрғындарына сапалы ауыз су берудi, жұқпалы аурулардың таралуының алдын алуға мүмкiндiк туғызады.

  3. Облыс елдi мекендерiн ауыз сумен қамтамасыз ету
сапасының қазiргi жағдайын талдау

      Сумен қамтамасыз ету көздерi
      Ертiс өзенi мен "Қаныш Сәтбаев атындағы арнаның" су ресурстары облыс тұрғындарын, өндiрiстiк және ауыл шаруашылығы кәсiпорындарын сумен қамтамасыз ету үшiн пайдаланатын ең iрi су көздерi болып табылады. Облыстағы 130 шағын өзендер мен уақытша ағын сулардың iшiнде қысқа мерзiмдiк көктемгi ағынның орташа жылдық шығысы 0,1-0,5 м 3 /сек құрайтын Шiдертi, Өлеңтi, Сiлетi, Ащысу, Түндiк, Қарасу өзендерiнiң маңызы ерекше. Күзге қарай әдеттегiдей ұсақ өзендер тартылып, сортаң және тұзды сулы жерлерге айналады. Облыстағы 1210 көлдiң 8%-ының ғана суы тұщы. Сондықтан да осы уақытша ағын сулар мен көлдер тұрақты сумен қамтамасыз ету көздерi бола алмайды.
      Облыс аумағында су ресурстары бiркелкi бөлiнбеген. Үстiңгi ағыс негiзiнен Ертiс өзенiнiң сулары (жылына 28,9 км 3 ), ал болжамдық жер асты сулары ресурстарының негiзгi бөлiгi Ертiс өзенiнiң артезиан бассейнiндегi бор және палеогендiк түзiлiмдердiң қысымдық су ағысы кеңiстiгiмен дәлдестiрiлген. Жер асты тұщы суларының басым бөлiгi облыстағы Ертiс өзенiнiң оң жағына тараған, бұлар - Лебяжi, Павлодар, Шарбақты, Успен, Качиры аудандары. Ертiстiң сол жағындағы орталық және оңтүстiк бөлiгi жер асты тұщы суларына тапшы, бұлар - Ақтоғай, Екiбастұз, Баянауыл, Май аудандары.
      2001 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Павлодар облысында қалаларды, елдi мекендердi шаруашылық мақсатындағы ауыз сумен қамтамасыз ету, сондай-ақ жер алқаптарын суландыру үшiн суармалы жерлерге пайдалануға пайдалы жер асты қазбаларының қоры жөнiндегi Мемлекеттiк комиссия және қазақстанның геологиялық басқармаларындағы пайдалы жер асты қазбаларының қоры жөнiндегi Аймақтық Комиссия (АҚК) жер асты тұщы суларының пайдалану қорын жылына (1,4 км 3 ) барлау жұмыстарын жүргiздi және бекiттi. Барлығы 11 жер асты тұщы су көздерi табылды. Республика бойынша болжамдық жер асты су ресурстары көлемiнiң пайдалану қорларының шамамен 47%, ал Павлодар облысы бойынша 30,9% барлау жұмыстары жүргiзiлiп бекiтiлдi. Қазақстан аумағындағы барлау жұмыстары жүргiзiлiп бекiтiлген жер асты сулары қорының 8,8% Павлодар облысының үлесiне тиедi.Тұщы су көздерi орындарын барлау жұмыстары 1953 - 1992 жылдар аралығында жүргiзiлдi. Осы кезеңде бұрғыланған пайдаланудағы құбырларда минералданудың артуы анықталды, пайдаланудағы су көздерi бөлiктерiнiң қоры таусылды. Сондықтан бұрын барлау жұмыстары жүргiзiлген су орындарының гидрогеологиялық, экологиялық және әлеуметтiк-экономикалық жағдайларының өзгергенiн ескере отырып су қорын қайта есептеу керек. Бұл, әсiресе облысымыздың гидрогеологиялық жағдайы нашар, сол жақ жағалауындағы бөлiгiне қатысты. Ертiс ауданының оң жақ бөлiгiнде, Ақтоғай, Екiбастұз, Баянауыл, Май және Ақсу аудандарының тұщы суы бар жерлерiн анықтау мақсатында барлау жұмыстарын жүргiзу қажет. Аймақтың басым бөлiгiнде үстiңгi және ортаңғы белдеудiң геологиялық жолақтары iшуге жарамсыз, 10 г/л-дан жоғары минералдандырылған ащы судан тұрады.
      2004 жылы Железин ауданының Уәлиханов, Башмачное, Церковное ауылдарында, Ақтоғай ауданының Харьков ауылында, Баянауыл ауданының Қойтас, Қараащы ауылдарында, Екiбастұз қаласының Құдайкөл ауылдық аумағында тұрғындарды сумен қамтамасыз ету мақсатында жерасты су қорын анықтау жөнiндегi iздестiру-зерттеу жұмыстары басталды. Геофизикалық зерттеу және ұңғымалар бұрғылау жұмыстары орындалды. 27,0 млн. теңге игерiлдi. 2005 жылы тәжiрибелiк жұмыстарды, тәртiптiк бақылауды, есептiлiктi жасап оны қорғау жұмыстарын орындау жоспарланып отыр.
      Ауылдық елдi мекендердi сумен қамтамасыз ету мақсатында бiрiншi кезекте су ресурстары тайыз орналасқан (100-150 метрге дейiн) белдеулердiң су қорлары игерiледi. Пайдалануға жарайтын жерасты тұщы су ресурстары болжамын анықтау неогендiк, палеогендiк және ширек қыртыстардағы су қоры бар белдеулерде жүргiзiледi.
      Облыстың ауылдық елдi мекендерiн ауыз сумен қамтамасыз ету.
      Қазiргi кезде облысымызда 509 ауылдық елдi мекен бар, оларда 317 мың адам тұрып жатыр. Солардың iшiндегi 97 елдi мекенде су құбырлары жұмыс iстеп тұр, 392 елдi мекенде ауыз суының көздерi орталықтандырылмаған, 20 елдi мекен түрлi су көздерiнен тасымалданатын ауыз сумен қамтамасыз етiлген, қалған 134 елдi мекен санитарлық стандартқа сәйкес келмейтiн ауыз суды пайдалануда.
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 16 қарашадағы  "Халық денсаулығы" мемлекеттiк бағдарламасын бекiту туралы" N 4153 және 1998 жылғы 18 мамырдағы " Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын жақсарту жөнiндегi бiрiншi кезектегi шаралар туралы" N 3956 Жарлықтарына сәйкес облыс тұрғындарын қажеттi мөлшерде және сапасы кепiлденген ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету үшiн 2001 жылғы 19 қаңтардағы Павлодар облыстық Мәслихаты (II сайланған IX сессиясы) сессиясының шешiмiмен 2001-2003 жылдарға арналған "Ауыз су" бағдарламасы бекiтiлдi, онда облыстың 215 елдi мекенiн сумен қамтамасыз етудi жақсарту және осы мақсатқа жергiлiктi бюджеттерден 584 млн. теңге бөлу қаралған. Бұл бағдарлама әкiмшiсi болып облыс су шаруашылығы департаментi белгiлендi.
      "Ай-Су" Концернi" ААҚ мамандандырылған жобалау мекемесiмен ТЭН-лерi жасалып экологиялық сараптамадан өткен соң бекiтiлген болатын. Осы мекеме объектi құрылысының үш кезеңдiк жұмыс жобаларын жасады. Сумен қамтамасыз етудiң нұсқаларын техникалық-экономикалық салыстыру негiзiнде мынадай:
      "Мембранды технологиялар СА" ЖАҚ жасаған су тазалайтын және тұщыландыратын технология бойынша минералдылығы жоғары жер асты суларын пайдалана отырып, елдi мекендерде жергiлiктi су көздерiн салу;
      облыстың қалалары мен ауылдық елдi мекендерiнде су құбырларын қалпына келтiру және қайта құру;
      Беловод және Май топтық су құбырларын қалпына келтiру нұсқалары ұсынылды.
      Жұмыс iстеп тұрған сумен қамтамасыз ету жүйелерiнiң тиiстi техникалық жағдайына қолдау көрсетуге басты назар аударылып отыр. Оларға техникалық қызмет көрсетуге және ұстап тұруға қалалық және аудандық бюджеттерден қаражат бөлу қаралған.

  4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi

      Бағдарламаның мақсаты - облыс тұрғындарын сапасы кепiлденген ауыз сумен қажеттi мөлшерде қамтамасыз ету.
      Бағдарламаның негiзгi мiндеттерi:
      облыс тұрғындарын сапасы кепiлденген санитарлық қағидалар мен нормаларға сәйкес келетiн ауыз сумен қажеттi мөлшерде қамтамасыз етуге арналған шараларды әзiрлеу және iске асыру;
      жұмыс iстеп тұрған су тартқыштарды, су тартқыштары бар су құбырлары жүйелерiн қалпына келтiру және кеңейту;
      жаңа технологиялар негiзiнде су тазарту жүйелерiн енгiзу;
      сумен қамтамасыз ету көздерiнiң қажеттi жұмыс жағдайын қамтамасыз ету жөнiндегi табиғат қорғау шараларын өткiзу;
      су шаруашылығы жүйелерiн тиiмдi пайдалануды, оларға техникалық қызмет көрсетудi және ұстап тұруды қамтамасыз ету, осы жүйелердi техникалық қызмет көрсету және ұстап тұру жөнiндегi маман кадрлары бар заңды тұлғаларға бекiту болып табылады

5. Бағдарламаны iске асырудың негiзгi
бағыттары мен тетiгi

      Облыс тұрғындарын сумен қамтамасыз ету проблемаларын шешу бағыттары болып:
      жұмыс қабiлеттiлiгiн қалыпты жағдайда ұстап тұру мақсатында бұрын жұмыс iстеп тұрған сумен қамтамасыз ету жүйелерiн қалпына келтiру және жетiлдiру;
      пайдаланатын судың сапасын жақсарту болып табылады.
      Бағдарламада аз шығындармен облыс тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкiндiк туғызатын мынадай:
      терең ұңғымалар бұрғылап iздестiру-зерттеу және кейiннен сумен қамтамасыз ету қондырғыларын салу жұмыстарын жүргiзу;
      су тарту және су құбырлары жүйелерi мен қондырғыларды жөндеу, қайта құру және тиiстi қалыпта ұстап тұру, облыс елдi мекендерiнде жерасты суларын пайдалану жөнiндегi;
      жерасты суларының минералдылығы жоғары елдi мекендерде экономикалық жағынан тиiмдi су дайындайтын пункттердi (БМЖ) салу;
      жоба сараптамасын, техникалық бақылауды жобалау-сметалық құжаттамалармен, бағдарлама объектiлерiн жалпы бақылауды қамтамасыз ету;
      БМЖ қондырғыларын дайындауды, жабдықтауды және орнатуды ұңғымалар бұрғылауға мердiгерлiк жұмыстардың көлемiн тендерлiк негiзде сатып алу, ұңғымалардың санитарлық аумағын жайластыру, су шаруашылығы объектiлерi құрылысын пайдалануға "кiлтке" тапсыру шаралары қаралған.

6. Қажеттi ресурстар мен Бағдарламаны
қаржыландыру көздерi

      Бағдарламаның жалпы құны есепке сәйкес нарықтық бағамен республикалық және облыстық бюджеттiң қаражаттары есебiнен 2005-2007 жылдары 5496,09 млн. теңгенi, соның iшiнде облыстық бюджеттен - 534,42 млн. теңгенi, республикалық бюджеттен - 4961,67 млн. теңгенi құрайды.
      Елдi мекендердiң тiзбесi мен объектiлер бойынша қаржыландыру көлемi жыл сайын сметалық бағасына және қаржы бөлуге байланысты анықталады. Республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен салынған барлық объектiлер коммуналдық меншiкке берiледi.
      Қатарға қосылған сумен қамтамасыз ету объектiлерiн пайдалану.
      Осы Бағдарламаны орындау үшiн объектiлер пайдалануға тапсырылғаннан кейiн жабдықтардың кепiлдiк мерзiмi бiткенше мердiгерлiк кәсiпорын техникалық қызмет көрсетедi, ол аудандардың әкiмдерiмен шарт жасаса отырып, кепiлдiк мерзiмi бiткеннен кейiн де техникалық қызмет көрсететiн болады.
      Сумен қамтамасыз ету объектiлерiнде жұмыс iстеудi су өңдеу технологияларын толық сақтай отыра жұмыс ұйымдастыра алатын, қоғамдық тамақтану орындарында жұмыс iстеуге рұқсат қағазы бар (санитарлық кiтапша), санитарлық гигиена бойынша курстан және су өңдеу жабдықтарын пайдалану жөнiнде қысқа мерзiмдiк дайындықтан өткен (заңды немесе жеке) тұлға жүзеге асырады.
      Бағдарламаны әлеуметтiк-саяси жарнамамен қамтамасыз ету - Бағдарламаны әлеуметтiк насихаттау және ақпараттық қамтамасыз етудiң негiзгi мәнi болып табылады. Облыс тұрғындарын, бақылаушы және атқарушы органдарды кең көлемде хабардар етуге қол жеткiзу мақсатында iс шаралардың мынадай тұтас кешенi қаралған:
      облыстық және аудандық газеттерде Бағдарламаның орындалу барысын жариялап отыруды ұйымдастыру;
      арнайы телерепортаждар дайындау;
      облыстық радиода тақырыптық хабарлар ұйымдастыру;
      ауылдық жерлердегi елдi мекендердi сумен қамтамасыз ету жұмыстарын  бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлап отыру.

  7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер

      Бағдарлама сумен қамтамасыз ету жағдайының одан әрi нашарлауын тоқтатуды, ауыз сумен қамтамасыз ету көздерiндегi судың сапасын, суға қол жеткiзу мүмкiндiгiн және облыс тұрғындарының денсаулығын жақсарту мен қорғау мақсатында жүйенi дамыту жөнiнде жоспарлы түрде жұмысты жалғастыруды көздейдi.
      Бағдарламаның iс-шараларында 116 елдi мекен қамтылған.
      Бағдарламада қаралған сумен қамтамасыз етудiң жаңа жүйесiн құру, бұрын жұмыс iстеп тұрған су құбырлары жүйелерiн  қалпына келтiру, саланы ресурстық және нормативтiк құқықтық қамтамасыз ету, ауыз су тарату бойынша қызмет нарығын құру және тағы басқа шаралар:
      ауыз су сапасының стандарт нормалары мен санитарлық қағидаларының талаптарын толық орындау арқылы сумен қамтамасыз ету жүйелерi мен су көздерiнiң сенiмдiлiгiн арттыруға;
      iшуге жарамды жергiлiктi жер асты суларын барынша толық пайдалануға;
      негiзiнен бактериялармен ластанған  жер үстi су көздерiнiң суын орталықтандырылмаған ауыз суы ретiнде пайдалануға жол бермеуге;
      сумен қамтамасыз ету көздерiне экологиялық керi әсер ету мүмкiндiгiнiң алдын алуға;
      облыстағы ауыз су сапасының жедел мониторинг жүйесiн жалғастыруға мүмкiндiк бердi.
      Бағдарламаны iске асыру нәтижесiнде 116 елдi мекенде сумен қамтамасыз ету жүйелерiнiң құрылысы мен қайта құру объектiлерiн пайдалануға тапсыру жұмыстары орындалады деп күтiлуде.
      Ауыз сумен қамтамасыз етудегi түбегейлi өзгерiстер әлеуметтiк-тұрмыстық және санитарлық-эпидемиологиялық қанағаттанарлық жағдайлар туғызып, нәтижесiнде облыс тұрғындарының тән саулығы мен жан саулығына жақсы әсер ететiн болады.

8. 2005-2007 жылдарға арналған "Ауыз су" облыстық
бағдарламасын орындау жөнiндегi iс-шаралар жоспары

N
р/
с

Iс- ш аралар

Аяқталу
нысаны

Орындауға
жауапты
лар

Орын-
дау
мерзi-
мi

Күтi-
летiн
шығын
дар
(млн.
тең-
ге)

Қаржыландыру көздерi

1

2

3

4

5

6

7

1

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу заңнамаларына
сәйкес облыстың ауылдық елдi мекендерiнде:
2005 жылы
2006 жылы
2007 жылы
сумен қамтамасыз ету объектiлерiн салуға және қайта құруға жобалау сметалық құжаттамалар әзiрлеу жұмыстарына қызмет көрсетудi  мемлекеттiк сатып алуға конкурстық құжаттамаларды әзiрлеу және орындаушылармен шарттар жасасу

әрбiр елдi мекен бойынша бекiтiлген жеке жұмыс жобалары, жұмыстарды орындауға арналған құжаттамалар топтамасы

Облыс табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, экономика және бюджеттiк жоспарлау, сәулет, қала құрылысы және құрылыс  департаменттерi

2005, 2006, 2007 жылдардың II тоқсандары

35,00
20,00
20,00

Облыстық бюджет

2

Жұмыстарды ұйымдастыру, олардың орындалу сапасына бақылау жасау,
сумен қамтамасыз ету объектiлерiн пайдалануға қабылдау

Құрылысы аяқталған объектiлердi пайдалануға қабылдау актiсi

Облыс табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаменттерi, аудан әкiмдерi

2005-2007 жылдардың мамыр- желтоқсан айлары

Қаржыландыру қажет емес


3

Мына аудандар бойынша облыстың елдi мекендердегi ауыз су сапасын жақсарту жөнiндегi объектiлердi қайта құру және ұңғымалар бұрғылау:
 

    Павлодар-1 ауыл (Красноармейка ауылы)
Шарбақты-1 ауыл
(Хмельницкий ауылы)
Железин-2 ауыл (Веселая Роща, Новокузьмин ауылдары)
Качиры-1 ауыл
(Березов ауылы)
Ертiс-1 ауыл
(Қосағаш ауылы)

Құрылысы аяқталған объектiлердi
пайдалануға қабылдау актiсi

Облыс табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаменттерi, қалалар мен аудандар
әкiмдерi,

2005 жыл

114,07

         23,40
 

12,60
 

24,00
 

  30,00

24,07

Облыстық бюджет

4

Мына аудандар бойынша елдi мекендердегi ауыз су сапасын жақсарту жөнiндегi объектiлердi салу, қайта құру және ұңғымалар бұрғылау:

    Павлодар қаласы (ауылдық аймақ)-1 ауыл (Мойылды ауылы)
Железин-2 ауыл
(Новокузмин, Веселая Роща ауылдары)
Ақсу (ауылдық аймақ)-2 ауыл
(Сольветка, Алғабас ауылдары)
Баянауыл-1 ауыл
(қаратомар ауылы)
Качиры-1 ауыл
(Березов ауылы)
Ертiс-1 ауыл
(Панфилов ауылы)
Шарбақты-1 ауыл

Құрылысы аяқталған объектiлердi пайдалануға қабылдау актiсi

Облыс табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, сәулет, қала
құрылысы және құрылыс департаменттерi, қалалар мен аудандар
әкiмдерi,

2006 жыл

158,67
 

         3,40
 

  30,00

30,78
 

  19,00

26,19

29,30

20,00

Облыстық бюджет

5

Мына аудандар бойынша елдi мекендердегi ауыз су сапасын жақсарту жөнiндегi объектiлердi салу, қайта құру және ұңғымалар бұрғылау:

    Железин-1 ауыл
(Новокузмин, Веселая Роща ауылдары)
Павлодар-1 ауыл
(Заңғар ауылы)
Баянауыл-4 ауыл
(сұлужон, ЦЭС, қопар, ұзынбұлақ ауылдары)
Ертiс-2 ауыл
(Тоқта, ұзынсу ауылдары)
Успен-1 ауыл
(Ковалев,
богатырь
ауылдары)
Шарбақты-1 ауыл
(Хмельницкий ауылы)

құрылысы аяқталған объектiлердi пайдалануға қабылдау актiсi

Облыс табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаменттерi, қалалар мен аудандар
әкiмдерi

2007
жыл

186,68

         28,66

13,67

59,52

  41,62
 

23,21
 

20,00

Облыстық бюджет

6

Сумен қамтамасыз ету жүйелерiн үздiксiз пайдалануды  қамтамасыз ету

Облыстың ауылдық елдi мекен тұрғындарына үздiксiз ауыз су
беру

Облыс табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаменттерi, қалалар мен аудандардың, кенттердiң, ауылдық округтердiң әкiмдерi

Ұдайы


Қалалар мен аудандардың бюджеттерi, Қазақстан Республикасы заңнамаларымен
тыйым
салынба
ған
қаражат
көздерi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады