Қала бюджетінің қаражатынан шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы Әкімшілігінің 2005 жылғы 9 наурыздағы N 1/130 қаулысы. Алматы қалалық Әділет департаментінде 2005 жылғы 29 сәуірде N 651 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 27 маусымдағы N 4/723 қаулысымен

       Ескерту.   Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 27 маусымдағы N 4/723 қаулысымен
       

      Шағын бизнесті дамытуға мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында және Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" N 148-II  Заңына , Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 05 ақпанындағы "Республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалу Ережесін бекіту туралы" N 110  қаулысына  сәйкес Алматы қалалық әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Шағын бизнес субъектілері үшін қысқа мерзімді несиелердің шарттары бекітілсін (1 қосымша).
      2. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін қалалық бюджет қаражатынан несиелеу үшін заемшы-банктерді таңдау үшін конкурстық комиссия құрылсын (2 қосымша).
      3. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін қалалық бюджет қаражатынан несиелеу үшін заемшы-банктерді таңдау үшін құрылған конкурстық комиссия, ашық конкурсты ұйымдастырып, өткізіп жеңімпаз банкіні анықтасын.
      4. Алматы қаласы әкімдігінің 2002 жылғы 8 тамыздағы N 4/520 "Қала бюджеті қаражатынан шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу туралы", (Әділет Басқармасында 2002 жылғы 6 қыркүйекте N 467 болып тіркелген, "Алматы Ақшамы", "Вечерний Алматы" газеттерінде 2002 жылғы 17 қыркүйекте жарияланған), Алматы қаласы әкімдігінің 2002 жылғы 23 желтоқсанындағы N№5/814 "Алматы қаласы әкімдігінің 2002 жылғы 08 тамыздағы "Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қалалық бюджеттің қаражатынан несие беру туралы" 08 тамыздағы N№4/520 қаулысына өзгерістер енгізу жөнінде" (Әділет Басқармасында 2003 жылдың 17 қаңтарында N 509 болып тіркелген, "Вечерний Алматы", "Алматы Ақшамы" газеттерінде 2003 жылғы қаңтарда жарияланған), Алматы қаласы әкімшілігінің 2004 жылғы 11 қарашадағы N 4/926 "Қала бюджеті қаражатынан шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу туралы" қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкімінің бірінші орынбасары Қ.А. Бүкеновке жүктелсін.

       Алматы қаласының Әкімі            И. Тасмағамбетов

      Әкімдік хатшысы                  К.Тәжиева

Алматы қаласы Әкімдігінің
2005 жылғы "9" наурыздағы
"Қала бюджетінің қаражатынан
шағын кәсіпкерлік субъектілерін
несиелеу туралы" N 1/130 қаулысына
N 1 қосымша

Шағын бизнес субъектілерін қалалық бюджет
қорынан несиелеудің
шарттары

      1. Бюджет несиесінің беру үлгісі - жедел несие, заемшы-банкінің есеп шотына барлық бюджет несиесінің сомасы бір жақты аударым жолымен беріледі.
      2. Бюджет несиесінің берілу мерзімі өндіріспен айналысу және бұқаралық қызмет көрсету сферасын дамыту үшін бір жылға дейін;
      3. Ең соңғы заемшыға сыйлық ставкасы жылдық теңгемен - 6,42 %.
      4. Ең соңғы заемшыға берілетін бюджет несиесінің мөлшері 5 000 000 (бес миллион) теңге.
      5. Несие валютасы - теңге.

      
      Әкімдік хатшысы                  К.Тәжиева

 

Алматы қаласы Әкімдігінің
2005 жылғы "9" наурыздағы
"Қала бюджетінің қаражатынан
шағын кәсіпкерлік субъектілерін
несиелеу туралы" N 1/130 қаулысына
N 2 қосымша

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін қала
бюджетінен несиелендіру үшін несие-банк
анықтау жөніндегі конкурстық Комиссиясының
ҚҰРАМЫ

 
      1. Бүкенов Қайрат          Алматы қаласы әкімінің
      Ахмадиұлы                  Бірінші орынбасары
                                 Комиссия Төрағасы
      
      2. Жүнісбеков Серік        Қазақстан Республикасы
      Балапашұлы                 Ұлттық банкісі Алматы
                                 қаласы филиалының
                                 бастығы
                                 Комиссия төрағасының
                                 орынбасары

Комиссия мүшелері:

 
      3. Ибрагимов Әли           Қалалық қаржы
      Хамзатұлы                  Департаменті бастығының
                                 орынбасары
      
      4. Мұхамбетов Мәлік        Кәсіпкерлік және
      Айсағалиұлы                өнеркәсіп
                                 Департаменті
                                 директорының міндетін
                                 атқарушы
      
      5. Тастемірова Жанат       Алматы қаласы бойынша
      Өрнекқызы                  Салық комитеті 
                                 төрағасының орынбасары

      6. Бексұлтанов Азамат      Қазына Департаменті 
      Иммұханбетұлы              бастығының орынбасары
      
      7. Қабдулов Сардар         Экономика және бюджеттік
      Серікұлы                   жоспарлау Департаменті
                                 бастығының орынбасары

 
       Әкімдік хатшысы                  К.Тәжиева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады