Атырау облысында білім беруді дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы туралы

Күшін жойған

Атырау облыстық Мәслихатының 2005 жылғы 27 сәуірдегі N 209-ІII шешімі. Атырау облыстық әділет департаментінде 2005 жылғы 31 мамырда N 2426 тіркелді. ҚР Атырау облысы әділет департаментінің 2006 жылғы 23 мамыр 3-2185/06 хаты негізінде мемлекеттік тіркелуге жатпайды. Күші жойылды - Атырау облыстық Мәслихатының 2011 жылғы 3 қазандағы № 275/1711/-МШ хатымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облыстық Мәслихатының 2011.10.03 № 275/1711/-МШ хатымен.
       ҚР Атырау облысы әділет департаментінің 2006 жылғы 23 мамыр 3-2185/06 хатынан үзінді:

      Атырау облыстық әділет департаменті ертеде тіркелген нормативтік құқықтық актілеріне қайта тексеріс жүргізілген қорытындысы бойынша және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментінің 2006 жылғы 31 наурыздағы N 4-2-1/и623 хатына сәйкес, Сізге Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 38-бабының талаптарына сәйкес келмейтін тіркелген нормативтік құқықтық актілердің тізімін, "Заң" деректер базасына тиісті жазбаларды енгізу үшін, жолдайды.
      Қосымша 2 бетте.

      АОӘД бастығы
      Қосымша:
      8) Атырау облыстық мәслихатының 2005 жылғы 27 сәуірдегі N 209-ІІІ "Атырау облысында білім беруді дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы туралы" шешімі (Атырау облыстық әділет департаментінде 2005 жылғы 31 мамырда N 2426 тіркелді)

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 23 қаңтардағы  N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес, III шақырылған Атырау облыстық мәслихаты ХІІ сессиясында шешім етті:
      1. Облыс әкімиятының 2005 жылғы 18 сәуірдегі N 143 "Атырау облысында білім беруді дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы туралы" қаулысымен ұсынылған Атырау облысында білім беруді дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы" бекітілсін (жалғанды).
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Ж.Б. Өмірбекова).

       Облыстық мәслихаттың ХІІ
      сессиясының төрағасы

      Облыстық мәслихаттың хатшысы

Облыс әкімиятының 2005 жылғы 18 сәуірдегі N 143 қаулысы

Атырау облысында білім беруді дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы туралы

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы N 1459 Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы N 1180 "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" қаулысына сәйкес облыс әкімияты қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Атырау облысында білім беруді дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) мақұлдансын және облыстық мәслихаттың кезекті сессиясына бекітуге енгізілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.Қ. Мүрсәлиеваға жүктелсін.

       Облыс әкімі

Облыс әкімиятының  
2005 жылғы 18 сәуірдегі
№ 143 қаулысына қосымша

Атырау облысында білім беруді дамытуды 2005-2007 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы
Мазмұны

1. Паспорт
2. Кіріспе
3. Облыстағы білім берудің қазіргі жай-күйін талдау
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі
6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже
8. Атырау облысында білім берудің 2005-2007 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

1. Бағдарламаның паспорты

Атауы:     Атырау облысында білім беруді дамытудың 2005-2007
           жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы
Әзірлеу    Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы
үшін       11 қазандағы N 1459 "Қазақстан Республикасында
негіздеме: білім беруді дамытуды 2005-2010 жылдарға арналған
           мемлекеттік бағдарламасы туралы" Жарлығы және Қазақстан
           Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы N 1180
           "Қазақстан Республикасында білім беруді
           дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік
           бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007
           жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту
           туралы" қаулысы

Негізгі
әзірлеуші: Атырау облысы Білім беру департаменті
Бағдарла-  Облыстың білім беру жүйесіндегі негізгі стратегиялық
маның      бағыттарды анықтау, көп деңгейлі білім беру жүйесін
мақсаты:   жаңғырту
Бағдарла-  Экономиканың барлық салалары үшін жоғары білікті және
маның      бәсекеге қабілетті кадрларды даярлаудың сапасын арттыру
міндеттері
Қаржылан-  Республикалық, жергілікті бюджеттер, Қазақстан
дыру       Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге
көздері    де қаржыландыру көздері

Күтілетін
нәтижелер  Білім беру жүйесін жетілдіру
Іске асыру
мерзімдері 2005-2007 жылдар

2. Кіріспе

      Атырау облысында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы N 1459 "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 11 қарашадағы N 1180 "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді.
      Бағдарлама 2007 жылға дейінгі кезеңге арналған облыстық білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттарын айқындайды.
      Бағдарлама мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, жалпы орта, бастауыш және кәсіптік орта білім берудің басты аспектілерін қамтиды, облыстағы білім беру жүйесінің нақтылы жай-күйінің бағасын құрайды, мақсаттарға жету үшін болашақтарды және нақты іс-шараларды белгілейді.

3. Облыстағы білім берудің қазіргі жай-күйін талдау

       Облыста осы уақытта 86 мектепке дейінгі тәрбие мекемелерін, 193 жалпы орта білім беретін мектептерді, 36 мектептен тыс мекемелерді, 18 бастауыш және кәсіптік орта білім беретін мемлекеттік мекемелерді, жалпы орта білім беру үлгісіндегі интернаттық мекемелер мен арнаулы интернаттарды, мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған арнаулы білім беру мекемелерін, облыстық педагог кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтын кірістіретін білім беру мекемелерінің кең желісі жайылған.
      Бүгінгі күні облыста мектепке дейінгі жастағы 29013 бала өмір сүреді, оның ішіндегі мектепке дейінгі тәрбие мекемелерімен 9158 бала қамтылған (31,6%). 2000 жылмен салыстырғанда қамту 17,1% өсті. Балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамтудың өсуіне қарамастан, қамту деңгейі төмен болып қалуда. Облыс бойынша 3,5 мыңнан астам бала балабақшаға орналастыру кезегінде тұр. Мүмкіндіктері шектеулі
балаларды мектепке дейінгі мекемелермен қамтуда қиындықтар бар. 
      Қазіргі уақытта облыс бойынша 8770 бала 166 мектепте және 57 мектепке дейінгі мекемелерде мектепалды дайындықтан өтуде. Қамту 90% құрайды. Бұл 2000 жылмен салыстырғанда 6,3% артық. Мектепалды дайындық оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен толық қамтамасыз етілген.
      86 балабақшада 1044 педагогикалық қызметкерлер тәрбие-білім беру үдерісін жүзеге асыруда, олардың 722-сінің (69,2%) арнайы мектепке дейінгі білімі бар.
      Мектепке дейінгі мекемелердің материалдық-техникалық базасы әлі де төмен деңгейде.
      Балабақшаның 35%-ы бейімделген ғимараттарда орналасқан, 38 балабақшада канализация жоқ, 4-і - пеш жағып жылытылады, 2-і - апатты жағдайда. Жиһаздар, спорт мүкәммалы, кітапхана қоры, ойыншықтар ескіріп, істен шығуда; баспа құралдары, оқытудың көрнекі құралдары жарамсызданып қалуда, бұл өз кезегінде балабақшалар көрсететін қызметтердің сапасын төмендетеді.
      Облыстық орта білім беру жүйесіне 193 жалпы орта білім беретін мектеп, соның ішінде 108900 оқушы контингентімен - 13 бастауыш, 21 негізгі, 159 орта мектеп кіреді. Сонымен қатар 4 арнаулы түзеу мектебі, 2 жұмыс істейтін жастардың кешкі мектебі жұмыс істейді.
      Облыста 48 шағын жинақталған мектеп (жалпы мектептер санының 25%) жұмыс істейді. Оларда 6339 оқушы оқиды. Мектептердің тұрғын жерлерден алыс орналасуына байланысты 962 баланы тасымалдау ұйымдастырылған.
      130 (67,4%) қазақ тілінде оқытатын жалпы білім беретін мектептер, 58 (30,1%) қазақ және орыс тілдерінде оқытатын мектептер жұмыс істейді. Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі оқушылар контингенті көбеюде.
      Облыста 12 846 педагогикалық қызметкер қызмет істейді, оның ішінде 9,4 мыңының - жоғары білімі, 2,5 мыңнан астамының арнайы орта білімі бар. Барлық педагогикалық қызметкерлердің 31,4%-ының жоғарғы және бірінші біліктілік санаты бар.
      Республикада облыстық жалпы білім беретін мектептері толық қамтылған жаңа буын оқулықтарын енгізу үдерісі жалғасуда. Облыстық жалпы білім беретін мектептері оқушыларын оқу әдебиетімен қамтамасыз ету үшін 2004 жылы бюджеттен 228 млн.теңге бөлінді.
      4 ауданда емдеуге және арнайы оқытуға мұқтаж балаларды анықтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін түзеу кабинеттері ашылған.
      Облыста 3693 оқушы, оның ішінде жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасыларының балалары, мінез-құлқында ауытқушылығы бар балалар оқытылып, тәрбиеленетін 7 интернаттық мекеме, 22 жалпы білім
беретін мектептер жанындағы интернат жұмыс істейді. "Ақбота" балалар үйінде толық мемлекеттік қамсыздандырудағы 146 бала тәрбиеленеді.
      Облыста отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және "Шаңырақ" жасөспірімдер үйі үйлестірілген, онда өмір сүру жағдайлары отбасына жақындатылған. Патронаттық тәрбие беру даму үстінде.
      Сонымен қатар, жалпы орта білім беруде өз шешімін күткен проблемалар да анықталуда.
      Ескіргендерді пайдалану және қазіргі заманғы оқу жиhаздары мен жабдықтарының, спорт мүкәммалының болмауы (әсіресе ауыл мектептерінде) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын толық көлемде орындауға мүмкіндік бермей отыр және
балалар мен жасөспірімдердің денсаулығына кері әсерін тигізеді.   
      Бүгінде 64 мектеп, яғни облыстағы мектептердің барлық санының 32,5% бейімделген ғимараттарда орналасқан, 26 мектеп  апатты жағдайда тұр. Пешпен жылытылатын мектептер бар, 74 мектеп тасылатын суды пайдалануда. 1540 мектеп жасындағы бала тұратын облыстағы 28 елді мекенде жалпы білім беретін мектептер жоқ.
      Облыс бойынша оқушы орындарына тапшылық 20912 құрайды. Оқушы орындарымен қамтамасыз етілу 80,8% құрайды. Облыс бойынша 11 мектеп сабақтарды 3 кезекте жүргізеді, мұнда 12017 оқушы оқиды немесе оқушылардың барлық санының 11,0%. Үшінші кезекте облыс оқушыларының барлық контингентінің 0,9% құрайтын 1 000 оқушы оқиды.
      Атырау облысының бастауыш және кәсіптік орта білім беру жүйесін 10152 оқушы жалпы контингентімен 13 кәсіптік мектеп пен лицейлер, 4 мемлекеттік, 1 ведомстволық және 5 мемлекеттік емес колледждер құрайды. Исатай ауданынан басқа, барлық аудандарда кәсіптік мектептер (лицейлер) қызмет етеді. Білім беру қызметтердің реттелмейтін нарығының дамуы, жұмыс беруші мен бастауыш және кәсіптік орта білім беру жүйесінің арасында әлеуметтік серіктестіктің болмауы экономика секторы бойынша кадрларды даярлаудағы сәйкессіздікке әкеліп соқтыртуда.
Қызмет көрсету саласы мен өндірістік емес сектор үшін кадрларды даярлаудың артуы байқалады, сонымен қатар техникалық, құрылыс мамандықтарына қажеттілік қанағаттанарлықсыз болып қалуда.
      Ауылдық жердегі 13 кәсіптік мектептің тек 4-і ғана - типтік ғимараттарда орналасқан. Қалған 9 кәсіптік мектеп пен 5 колледж бейімделген ғимараттарда орналасқан. Оқу мекемелерінің оқу-материалдық базалары ескірген. Кабинеттер мен зертханалардың жабдықтары кадрлар даярлаудың қазіргі заманғы талаптарына жауап
бермейді. Мемлекеттік тілдегі оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиеттер жетіспейді, бұл еңбек нарығында жас жұмысшылар мен кәсіптік мектептер, лицейлер мен колледждердің мамандар-түлектерінің әлсіз бәсекеге қабілеттілігін тудырады.
      Атырау қаласында орналасқан барлық кәсіптік оқу мекемелерінде жатақхана жоқ. Соның нәтижесінде тілек білдірушілердің көбі, әсіресе ауыл жастары, кәсіптік білім беретін оқу мекемелерінде оқи алмайды.
      Облыстық педагогикалық кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының материалдық базасы нашар. Жатақхананың, "Интернет"»желісіне қосылған кабинеттің болмауы педагогикалық қызметкерлерді арақашықтықта оқытуды іс-тәжірибеге енгізуге мүмкіндік бермеуде.
      Қазіргі уақытта "Интернет" желісіне қосылуға 164 жалпы білім беретін мектеп (82,3%) және 16 кәсіптік білім беретін мекемелер қол жеткізген.
      Көптеген мектептерде ескірген маркалы компьютерлер пайдаланылуда. Білім беру мекемелері компьютерлерді ауыстыруды және толық жиынтықтауды талап етеді.

4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

       Бағдарламаның мақсаты - облыстың білім беру жүйесіндегі негізгі стратегиялық бағыттарды анықтау, көп деңгейлі білім беру жүйесін жедел жаңарту.
      Бағдарламаның негізгі міндеттері:
      12-жылдық жалпы орта білім беруге көшу;
      экономиканың барлық салалары үшін жоғарғы білікті және бәсекеге қабілетті кадрларды даярлаудың сапасын арттыру;
      әлемдік білім беру кеңістігімен бірігу;
      білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін енгізу;
      білім беру үдерісін оқу-әдістемелік және ғылыми қамтамасыз етуді жетілдіру;
      білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту;
      білім беру сапасын арттыру үшін экономика секторларының ресурстарын тарту;
      педагогикалық қызметкерлер үшін әлеуметтік жағдайлар құру болып табылады.

5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері

       Қойылған міндеттерді іске асыру үшін:
      білім беру мекемелерінің материалдың-техникалық базасын, пәндік-кеңістіктік ортаны және оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуін қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық жағдайларға және оқу-тәрбие үдерісінің талаптарына сәйкес келтіру;
      білім берудің барлық деңгейлерінің кадрлар даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру кәсіптік білім беру бағдарламаларының құрылымын және мазмұнын жетілдіру;
      білім беру мазмұны және оқыту ұзақтығы деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ету.
      Халықтың мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту қызметтеріне қажеттілігінің өсуін қанағаттандыру мақсатында:
      балабақшаларды қалпына келтіру, мектепке дейінгі мекемелердің желісін кеңейту:
      әр түрлі саладағы мектепке дейінгі мекемелер құру;
      мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жаңарту және нығайту;
      мектепте оқыту үшін тең сөрелік жағдайлар құру мақсатында жалпы білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі мекемелердің базасында бес жастағы балаларды мектепалды даярлау бағдарламаларымен қамту қажет.
      Жалпы орта білім беруде үш сатыны көздейтін 12-жылдық оқытуға көшу жүзеге асырылады:
      бірінші саты - жалпы бастауыш білім беру;
      екінші саты - жалпы негізгі білім беру;
      үшінші саты - жалпы орта білім беру.
      Жалпы орта білім беруді дамыту үшін:
      Жалпы білім беретін мектептер салу;
      оқытудың жаңа педагогикалық, ақпараттық технологияларын енгізу;
      қашықтықтан оқытуды енгізу;
      даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқыту үшін жағдайлар жасау;
      дарынды балалармен жұмыс түрлері мен әдістерін жетілдіру;
      білім беру саласында халықаралық байланыстарды дамыту;
      толық және сапалы оқыту мақсаттарында ауылдық мектептерді дамыту;
      қосымша білім беру мекемелерінің желісін нығайту және дамыту қажет.
      Кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта білім беруді дамыту үшін:       кәсіптік білім беру мекемелерінің желісін дамыту және кеңейту, материалдық-техникалық базаны нығайту;
      инженерлік-педагогикалық қызметкерлерінің және өндірістік оқыту шеберлерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлау;
      бәсекеге қабілетті кадрларды даярлау саласында шетелдік оқу мекемелерімен тәжірибе алмасу;
      оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді жасақтауға және енгізуге қатысу;
      кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта білім беру мекемелерін ақпараттандыру болжанып отыр.

6. Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері

      Бағдарламаның іске асырылуы келесі көздерден жүзеге асырылатын болады:
      жергілікті бюджет;
      республикалық бюджет.
      Халықаралық±ұйымдардың техникалық және гранттық көмегін, үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық қорлардың демеушілік қолдауын және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздерді тарту болжанып отыр.
      Бағдарламаны іске асыру
      2005 жылы 248,5 млн.теңге;
      2006 жылы 326,3 млн.теңге;
      2007 жылы 313,3 млн.теңге жергілікті бюджет қаражатынан қаржыландыруды талап етеді;
      республикалық бюджеттен:
      2005 жылы 507,4 млн.теңге;
      2006 жылы 686,0 млн.теңге;
      2007 жылы 792,2 млн.теңге қаржы талап етіледі.

7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер

      Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту жүйесінде балабақшаларды қалпына келтіру, салу есебінен мектепке дейінгі мекемелердің желісі кеңейеді.
      Жалпы орта, бастауыш және орта кәсіптік білім беру жүйесінде оқытудың жаңа педагогикалық және ақпараттық технологиялары енгізіледі.

8. Атырау облысында білім беруді дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

N

Іс-шара

Аяқтау нысаны

Орындауға (іске асыруға)
жауаптылар

Орындау (іске асыру)
мерзімі

1

2

3

4

5

1

Білім берудің жаңадан іске қосылатын объектілерін ұстауға арналған мақсатты трансферттерді бөлу

Қабылдау
кесімі

Атырау қаласы мен
аудандар
әкімдері

жыл сайын

2

Аудандардың (қаланың) елді мекендері бойынша
мектеп жасына дейінгі
балалардың жеке есебі

БҒМ ақпарат

ББД

жыл сайын

3

5-6 жастағы балаларды мектепалды даярлықпен 100%-дық қамту

БҒМ
ақпарат

Атырау қаласы мен
аудандар
әкімдері

жыл сайын

4

"Тәй-тәй" бағдарламасы
әдістемесі негізінде
мектептерде 2-үлгілік
мектепалды сыныптарын,
мектепке дейінгі мекемелерде 2-үлгілік
топтарын ашу (әр ауданда, қалада)

БҒМ
ақпарат

Атырау қаласы мен
аудандар
әкімдері

жыл сайын

5

Облыстың мектепке дейінгі мекемелері педагог кадрларының және ғылыми әлеуеттерінің өңірлік деректер қорын құру

ББД
бұйрығы

КБА ҚДИ

2005

6

Мектеп жасындағы балалардың есебін уақтылы және сапалы жүргізу

БҒМ ақпарат

Атырау
қаласы мен
аудандар
әкімдері

жыл сайын

7

Жалпыға бірдей оқу
қоры есебінен аз
қамтылған отбасылар
балаларын тегін ыстық
тамақпен қамтуды
кеңейту

БҒМ ақпарат

Атырау
қаласы мен
аудандар
әкімдері

жыл сайын

8

Оқушыларды тасымалдауды ұйымдастыру үшін жағдайлар жасау

БҒМ ақпарат

Атырау қаласы мен
аудандар
әкімдері

жыл сайын

9

12-жылдық жалпы орта
білім беруге көшу жөніндегі Атырау облысының іс-шаралар жоспарын әзірлеу

БҒМ ақпарат

Атырау қаласы мен
аудандар
әкімдері,
ББД

2005

10

12-жылдық орта білім беруге көшуді есепке ала отырып, мемлекеттікжалпы білім беру стандартын, пәндер бойынша оқу бағдарламаларын жасақтауға қатысу

ББД бұйрығы

ББД, КБА
ҚДИ

жыл сайын

11

Білім беру мекемелері үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды сатып алу және оларды жеткізу

Қабылдау
кесімі

Атырау қаласы мен
аудандар әкімдері, ББД

жыл сайын

12

Мемлекеттік мекемелердің типтік штаттарын ұстау

БҒМ ақпарат

Атырау қаласы мен
аудандар
әкімдері

жыл сайын

13

Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау

ББД
бұйрығы

ББД, КБА
ҚДИ

жыл сайын

14

Педагог қызметкерлерді әлеуметтік қорғау және ауылдық жерлерде білікті мамандарды тұрақтандыру

БҒМ ақпарат

Атырау қаласы мен
аудандар
әкімдері

2005-
2007

15

Білім беру мекемелері үшін компьютерлік техникалар сатып алу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Атырау қаласы мен
аудандар
әкімдері,
ББД

2005-
2006

16

Білім беру мекемелерін Интернет жүйесіне қосу және трафикті төлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Атырау қаласы мен аудандар әкімдері, ББД

жыл сайын 

17

Білім беру жүйесіне қашықтан оқыту технологиясын енгізу

БҒМ ақпарат

Атырау қаласы мен аудандар әкімдері,
ББД

жыл сайын

18

Ақпараттандыру

БҒМ
ақпарат

Атырау қаласы мен
аудандар
әкімдері,
ББД

жыл сайын

19

Білім беру мекемелерін мемлекеттік аттестаттауды жергілікті деңгейде өткізу

БҒМ
ақпарат

Атырау қаласы мен
аудандар
әкімдері,
ББД

жыл сайын

20

Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу

БҒМ
ақпарат

Атырау қаласы мен
аудандар
әкімдері,
ББД

жыл сайын

21

Оқушылардың білім сапасының мемлекеттік аралық бақылауын жүргізу

БҒМ
ақпарат

Атырау
қаласы мен
аудандар
әкімдері,
ББД

жыл сайын


Барлығы республикалық бюджет трансферті қаржылары есебінен





Барлығы жергілікті бюджет трансферті қаржылары есебінен




кестенің жалғасы


Болжамды шығыстар (млн.теңге)

Республикалық бюджет

Жергілікті бюджет


2005 

2006

2007

2005

2006

2007

  6

7

8

9

10

11

1

419,  

556,9

611,2




2







3




6,8

6,8

6,8

4




4,0

4,0

4,0

5







6







7







8







9







10







11

15,0 

7,7

9,0

213,9

213,9

213,9

12

42,0  

88,3

139,0




13

20,0  

20,0

20,0




14




8,0

8,0

8,0

15





30,2

24,6

16

10,7  

13,1

13,0

6,0

14,7

13,8

17







18




9,8

48,7

42,2

19







20







21








507,4  

686,0

792,2








248,5

326,3

313,3

      кестенің жалғасы

Қаржыландыру көздері 

Республикалық бюджет трансферттері

Жергілікті бюджет

2005

2006

2007

2005

2006

2007

12

13

14

15

16

17

419,7

556,9

611,2













6,8

6,8

6,8




4,0

4,0

4,0





































15,0

7,7

9,0

213,9

213,9

213,9

42,0

88,3

139,0




20,0

20,0

20,0







8,0

8,0

8,0





30,2

24,6

10,7

13,1

13,0

6,0

14,7

13,8










9,8

48,7

42,2



















507,4

686,0

792,2







248,5

326,3

313,3

Ескерту:
Әріптік қысқартулардың толық жазылуы:
БҒМ - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
ББД - Атырау облысы Білім беру департаменті
КБА ҚДИ - Кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институты

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады