Атырау облысында құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрестің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы 

Күшін жойған

Атырау облыстық мәслихатының 2005 жылғы 25 мамырдағы N 227-ІІІ шешімі Атырау облыстық әділет департаментінде 2005 жылғы 23 маусымда N 2433 тіркелді. ҚР Атырау облысының әділет департаментінің 2006 жылғы 23 мамырдағы 3-2185/06 хатымен мемлекеттік тіркелуге жатпайды. Күші жойылды - Атырау облыстық Мәслихатының 2011 жылғы 3 қазандағы № 275/1711/-МШ хатымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облыстық Мәслихатының 2011.10.03 № 275/1711/-МШ хатымен.
      ҚР Атырау облысы әділет департаментінің 2006 жылғы 23 мамыр 3-2185/06 хатынан үзінді:

      Атырау облыстық әділет департаменті ертеде тіркелген нормативтік құқықтық актілеріне қайта тексеріс жүргізілген қорытындысы бойынша және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаментінің 2006 жылғы 31 наурыздағы N 4-2-1/и623 хатына сәйкес, Сізге Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 38-бабының талаптарына сәйкес келмейтін тіркелген нормативтік құқықтық актілердің тізімін, "Заң" деректер базасына тиісті жазбаларды енгізу үшін, жолдайды.
      Қосымша 2 бетте.

      Департамент бастығының
      орынбасары

      Қосымша:
      1) Атырау облыстық мәслихатының 2005 жылғы 25 мамырдағы N 227-ІІІ "Атырау облысында құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрестің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы" шешімі (Атырау облыстық әділет департаментінде 2005 жылғы 23 маусымда N 2433 тіркелді)

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" N 148 Заңының 6 бабына сәйкес, Атырау облыстық әкімиятының 2005 жылғы 23 мамырдағы N 174 қаулысын талқылап Атырау облыстық мәслихаты ХІІІ сессиясында шешім етті:
      1. Қоса берілген "Атырау облысында құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрестің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы" бекітілсін.
      2. Осы шешімнің орындалысын бақылау Атырау облыстық мәслихатының заңдылық сақтау, құқық тәртібі және депутаттық этика жөніндегі тұрақты комиссиясына (Ж.Дүйсенғалиев) жүктелсін.

      Облыстық мәслихаттың
      ХІІІ сессиясының төрағасы

      Облыстық мәслихаттың хатшысы

Атырау облыстық әкімиятының қаулысы
2005 жылғы 23 мамыр N 174

Атырау облысында құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрестің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы туралы

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1335 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрестің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру мақсатында облыс әкімияты қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Атырау облысында құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрестің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) облыстық мәслихатқа бекітуге ұсынылсын.
      2. Аудандар мен Атырау қаласының әкімияттары, Атырау облысы ішкі істер басқармасы (келісім бойынша) және өзге де мемлекеттік органдар (келісім бойынша) Бағдарламаны орындауды қамтамасыз етсін, жыл сайын 15 маусымнан және 15 желтоқсаннан кешіктірмей Атырау облысы әкімінің аппаратына оның іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
      3. Бағдарламаның орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі бақылау мен үйлестіру облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөліміне жүктелсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары В.В. Супрунға жүктелсін.
      5.Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Облыс әкімі

Облыс мәслихатының    
2005 жылғы 25 мамырдағы № 227-ІІІ
шешіміне қосымша    

Атырау облысында құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа
қарсы күрестің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы
Мазмұны

      1. Бағдарламаның паспорты  
      2. Кіріспе
      3. Құқықтық тәртіп пен заңдылық ахуалын талдау         
      4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
      5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі  
      5.1. Құқық бұзушылықтардың алдын алу, құқық тәртібін нығайту   
      5.1.1. Әлеуметтік-құқықтық алдын алу
      5.1.2. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес  
      5.1.3. Алкогольдiк iшiмдiктi пайдалануды қысқарту, маскүнемдіктің, нашақорлықтың және қылмысты қайталаудың алдын алу    
      5.1.4. Жол қозғалысы саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын aлу   
      5.2. Қылмысқа қарсы iс-әрекет жасау жөнiндегі шаралар   
      5.2.1. Қылмыстарды тергеудің  және қылмыскерлердi iздестiрудің тиiмділігін арттыру  
      5.2.2. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес               
      5.3. Қылмысқа қарсы күресті ақпараттық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету 
      6. Қажетті ресурстар және бағдарламаны қаржыландыру көздері
      7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже
      8. Атырау облысында құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрестің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

                            1.  Бағдарламаның паспорты

Бағдарламаның   Атырау облысында құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа  
атауы           қарсы күрестің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы

Әзірлеу үшін    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24
негіздеме       желтоқсандағы N 1335 "Қазақстан Республикасында құқық 
                бұзушылықтың алдын алу 
                мен қылмысқа қарсы күрестің 2005-2007 жылдарға арналған 
                бағдарламасы туралы"  қаулысы
Әзірлеуші       Атырау облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс
                бөлімі
Мақсаты         Құқық бұзушылықтардың алдын алудың тиімді жүйесін
                қалыптастыру, қылмысқа қарсы күресті күшейту
Міндеттері      Азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және мүдделерін
                тиімді қорғауды қамтамасыз ету; қылмыстар мен құқық
                бұзушылықтар туралы өтініштер мен хабарламаларды шешу
                кезінде заңдылықты сақтау; қоғамдық қауіпсіздіктің тиісті
                жағдайын қамтамасыз ету; алдын алу қызметін жетілдіру;
                қылмыстардың мақсатқа сай әлеуметтік-құқықтық алдын алуды
                жүзеге асыру; ішкі істер органдары мен халықтың арасындағы
                байланыс буыны ретінде учаскелік полиция инспекторларының
                жұмысын тиімді ұйымдастыру және олардың рөлін арттыру;
                азаматтардың қылмысқа қарсы күрестегі мүдделілігін арттыру;
                ұйымдасқан қылмысқа, есірткі бизнесіне, терроризмге, діни
                экстремизмге және заңсыз көші-қонға қарсы іс-әрекеттің
                сенімді жүйесін қамтамасыз ету;
                қылмысқа қарсы күресті тиісті ақпараттық және материалдық-
                техникалық қамтамасыз ету; құқық қорғау органдарының кадр
                жұмысын жетілдіру; қылмысқа қарсы күрестегі халықаралық
                ынтымақтастықты кеңейту.
Іске асыру      2005-2007 жылдар
мерзімдері   
Қаржыландыру    Республикалық және жергілікті бюджеттер
көздері   
Көлемдері       Қаржыландырудың болжалды көлемі:
                барлығы - 516 258 000 теңге, оның ішінде: республикалық 
                бюджет қаражатынан - 500 221 000 теңге; жергілікті бюджет
                қаражатынан - 16 037 000 теңге; Көзделіп отырған сомалар 
                тиісті жылға арналған республикалық және облыстық
                бюджеттерді құру кезінде нақтыланатын болады.
Күтілетін       2007 жылдың аяғына дейін: құқық бұзушылықтардың алдын 
нәтижелер       алудың жаңа әлеуметтік-экономикалық негізіндегі жалпы
                жүйесі құрылатын болады;
                қылмысқа қарсы күрес күшейе түседі; ауыр және аса ауыр
                қылмыстардың, сондай-ақ, көшелерде және кәмелетке
                толмағандармен жасалған қылмыстардың азаюы байқалады;
                Атырау қаласында полицияның күш-құралдарымен жедел басқару
                орталығы салынады; халықтың құқық қорғау жүйесі мен жалпы
                мемлекетке деген сенімінің деңгейі артады.

                            2. Кіріспе

        Атырау облысында құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрестің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N№1355  қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрестің 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес, облыстың құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдарынан түскен ұсыныстарды ескере
отырып, облыс аумағында қылмысқа қарсы күрес жөніндегі жұмысты жандандыру және үйлестіру мақсатында әзірленді. Осы бағдарлама бұрын қолданыста болған құқық бұзушылықтың алдын алудың және қылмысқа қарсы күрестің облыстық бағдарламаларына қатысты сабақтастық қағидаты сақтала отырып әзірленді. 

  3. Құқықтық тәртіп пен заңдылық ахуалын талдау

      Соңғы жылдары қылмыс айқын көрінетін пайдакүнемдік - күш қолдану бағыттылығымен сипатталады. Ауыр және аса ауыр қылмыстардың, әсіресе қасақана кісі өлтіру және денсаулыққа ауыр зиян келтіру қылмыстарының саны өскен.
      Жасалатын қылмыстардың негізгі үлесі қылмыстың азаматтардың мүлкін ұрлау, ұрып соғу және тонау сияқты түрлеріне келеді. Атыс қаруының, оқ-дәрі мен есірткінің заңсыз айналымы өсіп отыр. Қылмыстық орта күннен-күнге ұйымдасқан сипат алып келеді, оның өңіраралық және халықаралық бағыттылығы күшейіп отыр. Қаржылық ортаны, кәсіпкерлікті қоса алғанда, экономиканың тұтас салаларына криминалдық бақылау орнатылуда, халықаралық қылмыстық 
қауымдастықтардың Атырау облысының аумағын есірткі бизнесі үшін пайдалану әрекеттері жанданып, заңсыз көш-қон ауқымы, әсіресе қызу нүктелерінен, ұлғаюда. 
      Экстремистік бағыттағы заңсыз діни ағымдар қызметінің таралу қаупі пайда болды, олар адамдардың көзқарастары мен танымына, тұтастай облыс аумағындағы криминогендік ахуалға теріс әсерін тигізуде және қоғамға экстремизм мен терроризм идеяларын енгізуде.
      Әлеуметтік экономикалық салада болып жатырған дағдарыстық құбылыстардың нәтижесінде балалар мен жасөспірімдердің едәуір бөлігінің өмір сүру жағдайлары қолайсыз, балалардың қадағалаусыз қалуының нәтижесінде соңғы жылдары кәмелетке толмағандар тарапынан жасалған қылмыс пен құқық бұзушылықтардың өсу үрдісі байқалды. Сонымен қатар, жастардың жұмыспен
қамтылуын қамтамасыз ету мәселелері шешілмейді, билік органдары мен қоғамдық ұйымдардың балалардың қадағалаусыз қалушылығы мәселелерін шешудегі қызметі негізінен бытыраңқы, жүйесіз сипатта.
      Маскүнемдік пен нашақорлық қоғам үшін ауыр проблема күйінде қалып келеді. Қылмыстарға талдау жасау көрсеткендей, олардың көпшілігі алкогольдік немесе есірткіден масаю күйінде жасалады. Бұл маскүнемдік пен нашақорлықтың алдын алу мәселелері жеткілікті деңгейде шешілмейтінін көрсетеді. Қоғамдық бірлестіктердің, медициналық мекемелердің салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі жұмысы төмен деңгейде қойылған.
      Рецидивті қылмыстың орын алуы жалғасып келеді, алайда бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әлеуметтік бейімдеу мәселелері қанағаттанарлықсыз шешіледі.
      Нашақорлық пен оған байланысты қылмыстардың ауқымы едәуір артып отыр. 
      Біздің облысымызға Орта Азия республикаларынан есірткі заттарының контрабандалық жолмен әкелінуі және таратылуы ерекше алаңдатушылық туғызады.
Бұрын тәркіленген есірткінің негізгі бөлігін опий мен марихуана құраса, қазір героин сияқты есірткінің жоғары шоғырланған, неғұрлым қауіпті және қымбат тұратын түрі тәркіленіп жүргені осыны дәлелдейді. Облыста есірткі заттарын пайдалану мен олардың заңсыз айналымына байланысты ахуалдың өсу үрдісі бар және ол шиеленісе түсуде.
      Ішкі істер органдарының соңғы үш жылдағы қызметін талдау қызметтің бұл бағытындағы жұмыстың бірқатар жандандырылғанын көрсетеді. Сонымен қатар, есірткінің заңсыз айналымы проблемасы тек ішкі істер органдарының ғана емес, қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдарды қоса, облыстың барлық құқық қорғау органдарының назарында болуы тиіс. Бұл жерде бүкіл қоғамның бірлесуі, осы зұлымдықты түп-тамырымен жою қажет.
      Қазіргі уақытта халықтың құқық бұзушылықтармен күрестегі белсенділігі төмендеп кетті. Бұрын болған құқық қорғау бағытындағы, соның ішінде кәмелетке толмағандармен және жастармен жұмыс, облыста қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі қоғамдық құрылымдардың желісі жойылған.
      Ішкі істер органдарының техникалық жарақтандырылуының жеткіліксіздігіне, олардың әлеуметтік жағдайлары деңгейіне байланысты бірқатар факторлар қылмыстың алдын алу және онымен күресті тиімді жүргізуге кері әсерін тигізеді.
      Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің әлеуметтік мәртебесінің төмендеуі, оларды ұстауға бөлінетін қаражаттың жеткіліксіздігі, ішкі істер органдарының кадрлық әлеуетіне әсер етті, бұл арнаулы және заңдық білімі бар қызметкерлердің аздығы, негізгі функцияларды орындайтын қызметтердегі қызметкерлердің кәсіби деңгейінің жеткіліксіздігі. Одан басқа, құқық қорғау органдарын тиісті ақпараттық қолдаудың, сондай-ақ халықтың белсенді 
қызметінің болмауы азаматтар арасында заң мен билік күшіне деген сенімсіздігінің пайда болуына әкелді.
      Қылмысқа қарсы тиімді күресті жалғастыру мақсатында, заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз етудің сенімді жүйесін құру үшін Атырау облысы аумағында билік пен басқарудың барлық органдарының күш-жігерін үйлестіре отырып, бірқатар іс-шараларды жүзеге асыру қажет. 

  4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

        Бағдарламаның мақсаты:
      құқық бұзушылықтардың алдын алудың тиімді жүйесін құру, қылмысқа қарсы күресті күшейту.
      Бағдарламаның міндеттері:
      азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін тиімді қорғауды қамтамасыз ету;
      қылмыстар мен құқық бұзушылықтар туралы өтініштер мен хабарламаларды шешу кезінде заңдылықты сақтау;
      қоғамдық қауіпсіздіктің тиісті ахуалын қамтамасыз ету;
      алдын алу қызметін жетілдіру;
      қылмыстардың қоғамдық-әлеуметтік алдын алуды мақсатқа сай жүзеге асыру;
      ішкі істер органдары мен халықтың арасындағы байланыс буыны ретінде учаскелік полиция инспекторларының жұмысын тиімді ұйымдастыру және олардың рөлін атқару;
      қылмысқа қарсы күресте және құқықтық тәртібін нығайтуда азаматтардың мүдделігін арттыру;
      ұйымдасқан қылмысқа, есірткі бизнесіне, терроризмге, діни экстремизмге және заңсыз көш-қонға қарсы іс-әрекеттің сенімді жүйесін қамтамасыз ету;
      қылмысқа қарсы күресті тиісті ақпараттық және материалдық-техникалық  қамтамасыз ету;
      құқық қорғау органдарының кадр жұмысын жетілдіру;
      қылмысқа қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықты кеңейту.

  5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі 5.1. құқық бұзушылықтардың алдын алу, құқық тәртібін нығайту 5.1.1. Әлеуметтік-құқықтық алдын алу 

      Нарық экономикасын дамыту, мемлекеттік және қоғамдық өмірді демократияландыру жағдайларында қылмыстың алдын алу әдеттегідей өзекті проблема болып отыр. Қазіргі жағдайда қылмыстық жазалаудың тиімділігі қандай бола тұрса да, оның бір шарасын қабылдау қылмысқа қарсы күресу үшін жеткіліксіз екені анық және құқық тәртібінің проблемаларын тек полиция 
деңгейінде ғана қарауға болмайды. Сондықтан да құқық бұзушылықтардың алдын алу құқық қорғау органдарының және басқа да мемлекеттік органдардың, сондай-ақ құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылымдардың қызметінде басым бағыттардың бірі болуы керек.
      Бұрын тиiмдi iс-әрекет еткен жалпы құқық бұзушылықтардың алдын алу жүйесiн өткен жылдары өздерiн ақтаған epiкті жасақтарды, кәсiпорындар мен оқу орындарында, тұрғылықты жерi бойынша құқық бұзушылықтардың алдын алу жөнiндегi кеңестердi, полицияға жәрдемдесу жасақтарын және т.б. белгiлi шектерде қайта дамыту қажет.
      Адамдардың лайықты iсiнің болмауы және бос уақытты мақсатсыз өткiзуi қазiргi уақыттағы жалпы қылмыс себептерiнің бiрі болып табылады. Ол барып белгiлі бiр айналысатын iсi жоқ және қылмыстық көңiл күйдегі адамдардың мәдениетке қарсы топтар мен бiрлестiктер ұйымдастыруына әкелiп соғады. Жергілiктi атқарушы органдардың халықты, әсiресе жастарды, еңбекпен қамтуы, оларды қоғамдық жұмыстарға жұмылдыруы, кәсiби даярлықты өткiзуi мен оған 
үйретуi осы саладағы негізгі мiндеттердің бiрi болып табылады.
      Жастарды компьютер сауаттылығының негiздерiне, салалық iске үйрету, алған білiмдерiн тәжiрибеде (цехтар, зертханалар, жабдықталған оқу кабинеттерi) игеру үшін жағдайлар жасау қажет.
      Көптеген криминогендiк проблемаларды шешу үшiн Атырау облысында елеулi материалдық қолдауы бар, қылмыстың алдын алудың жаңа әлеуметтiк-экономикалық негiздегі жалпы жүйесiн құру қажеттiгі туындады.
      Учаскелiк полиция инспекторлары мен кәмелетке толмағандар icі жөнiндегi қызметтер, алкоголизмнен, нашақорлықтан және уытқұмарлықтан мәжбүрлеп емдеуге арналған арнайы мекемелер, белгілi тұрғылықты жерi жоқ адамдарды әлеуметтік бейiмдеу орталықтары және басқалары сияқты профилактикалық құрылымдар айтарлықтай материалдық-техникалық нығайтуды 
қажет етедi.     
      Техникалық қадағалау және байланыс жүйелерi, соның iшiнде полиция күш-құралдарын жедел басқару орталықтары жүйесi одан әрi дамытуды, патрульдеу кезiнде едәуiр икемдi көлiк құралдарын және қызметтiк жануарларды белсендi пайдалануды талап етедi.
      Көшелерде және қоғамдық орындарда жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алуда құқық қорғау бағытындағы қоғамдық құрылымдардың әлеуеттiк мүмкiндiктерiн жұмылдыру керек.
      Жұртшылықтың құқық тәртібін сақтауға қатысуының жаңа нысандарын пайдалана отырып, қоғамдық тәртiптi сақтауға қатысып жүрген азаматтарды құқықтық және әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ету, олардың белсендiлігін арттыруға қосымша шаралар қолдану қажет.        

  5.1.2. Кәмелетке толмағандар мен жастардың
арасындағы қадағалаусыз қалушылық пен құқық
бұзушылықтардың алдын алу

        Елімiздегі криминогендiк ахуалдың болашақтағы даму динамикасының перспективасы бүгінгi таңда жасөспiрiмдермен және жастармен қолданылып жатқан тәрбиелiк-құқықтық шаралардың тиiмдiлігіне тiкелей байланысты болғандықтан кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтар мен қадағалаусыз қалудың алдын алу мәселесi ерекше көңiл бөлудi талап етедi.
      Жоғары және орта оқу орындарында құқық қорғау бағытындағы жастар құрылымдары желiсiн қалпына келтiру және дамыту жөнiндегi шаралар кешенiн жүзеге асыру оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мен оның жолын кесуде құқық қорғау органдарына жәрдем көрсетуге ықпал ететiн неғұрлым перспективтi бағыт болып табылады.
      Әлеуметтік жетiмдiк, балалардың кезбелігі мен қадағалаусыз қалу проблемасының шиеленiсе түсуi және кәмелетке толмағандарды жұмыспен қамтамасыз ету мәселелерiнің тиiмдi шешiлмеуi жағдайында елiмiзде ауыр өмiрлiк жағдайға душар болған және әлеуметтік оңалтуды қажет ететiн кәмелетке толмағандарға арналған мамандандырылған мекемелер желiсiн кеңейту,
балалар панасын, жетiмдердi тәрбиелеуге алған патронатты отбасыларын және оларға жағдай жасаудың өзге де нысандарын қолдау мiндетi өзектi болып отыр.
      Жасөспiрiмдер үйлері желісін кеңейту кәмелетке толмағандардың көрсетілген санатының бейiмделуiне ықпал етеді және олардың тұрмыстық және жұмысқа орналасуына, сондай-ақ мамандық алуына мүмкіндік бередi.
      Кәмелетке толмағандар iстері жөнiндегi учаскелiк полиция инспекторларының қызметi де кадрлармен одан әрі нығайтуды қажет етедi.
      Оқу орындары аумақтарында оқушылар жасайтын қылмыстар санының көбеюi соңғы жылдардың сипаттық ерекшелігі болды. Жалпы білiм беретiн оқу орындарында мектептерге бекiтілген кәмелетке толмағандар iстерi жөніндегі учаскелiк полиция инспекторларын енгiзу тәжiрибесiн одан әрі тарату осы проблеманы шешу жолдарының бiрi болып табылады.
      Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауды, осы жас тобындағы қылмысты ескертудi қамтамасыз ету, олардың заңды, әлеуметтік-пайдалы қызметке қатысуын қамтамасыз ету үшін құқық қорғау органдарының ғана емес, сонымен қатар жалпы барлық қоғамның күш-жігері қажет.

  5.1.3. Алкогольдiк iшiмдiктi пайдалануды
қысқарту, маскүнемдіктің, нашақорлықтың және
қылмысты қайталаудың алдын алу

        Маскүнемдіктің, нашақорлықтың алдын алу бойынша мемлекеттiк органдар қабылдаған шаралар жеткілiксiз, осы санаттағы адамдарды мәжбүрлеп емдеудi жүзеге асыру жөнiндегі қолда бар Мамандандырылған емдеу-алдын мекемелерi және басқа да мекемелер аз.
      Қазiргі кезде салауатты өмiр салтын насихаттаудағы қоғамның және мемлекеттік органдардың қатысу үлесi төмен, бұл бағытта жүйелi жұмыс жүргізiлмейдi.
      Осыған орай маскүнемдiктің, алкоголизмнің және нашақорлықтың алдын алу жөнiндегi жұмыстың жағдайы үшiн әкімияттардың жауапкершілігін арттыру және олардың алдын aлу жөнiнде бірқатар ұйымдастырушылық-практикалық шаралар қабылдау қажет.
      Сонымен қатар жергілікті атқарушы органдарға бас бостандығынан айыру орындарынан босаған адамдарды жұмысқа орналастыру және оңалту, белгілi тұрғылықты жерi жоқ адамдарды әлеуметтік бейiмдеу, тәрбие колонияларынан оралған кәмелетке толмағандарға және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған өзге де жасөспірімдерге ерекше көңiл бөле отырып, әлеуметтік байланыстарын жоғалтқан азаматтарды жұмысқа және әлеуметтiк орналастыру жөнiнде шаралар қолдануды жалғастыру қажет.
      Қылмысты әсер етудің әкiмшілiк-құқықтық шараларымен үйлескен жалпы және жеке алдын алу әдiстерiмен ескерту, құқық бұзушылықты және қылмысты жасауы мүмкiн деген адамдарды анықтау, олардың асоциалдық мінез-құлығының коррекциясы iшкi iстер органдарының алдын алу қызметiндегi бәрiнен бұрын, учаскелiк полиция инспекторларының қызметiндегi басым бағыттардың бiрi болуы керек.
      Бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдарды жаңа мамандықтарға кәсiби тұрғыдан үйретудi және дайындауды ұйымдастыру, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарында аталған адамдардың өндiрiстік және өзге де жұмыспен айналысу мүмкiндігін қарау қажет. 

  5.1.4. Жол қозғалысы саласындағы
құқық бұзушылықтардың алдын aлу

      Жол қозғалысы қауiпсiздігін қамтамасыз ету өткiр әлеуметтік проблемалардың бiрi болып табылады. көлiк құралдарының саны өсуде, жолдардағы қозғалыс қарқыны артуда.
      Автомобиль жолдарын пайдалану сипаттарын жақсарту, жоғары динамикалық сипаттамалары бар қазiргі заманғы көлiк құралдарының көбеюi жол қозғалысын қадағалауды, көлiк құралдарының және автомобиль жолдарының техникалық жағдайын бақылауды жүзеге асыруға, көлiк құралдары жүргiзушілерiнің дайындық сапасын жақсартуға саймасай, сапалы жаңа көзқарасты қолдануды талап етедi.
      Жол полициясының қазiргі заманғы техникалық диагностика жасау құралдарымен қамтамасыз етiлмеуi көлiк құралдардың техникалық жағдайына бақылауды тиiмдi жүзеге асыруға мүмкiндiк бермей отыр.
      Соңғы 30 жыл бойы қолданылып келе жатқан, апаттылық жағдайына керi әсерiн тигiзетiн жүргізушi куәлігін алуға арналған жүргізушiлерге үмiткерлерден емтихандар қабылдау жүйесi жетiлдiрiлудi талап етедi.
      Маңызды мәселелердің бiрi жолаушылар тасымалдаудың қауiпсiздігін қамтамасыз ете отырып, профилактиканың жалпы және жеке әдістері арқылы қылмыстың алдын алуды қамтамасыз ету болып табылады. Жолаушылар маршруттарының көпшілігіне жеке кәсіпкердің шағын автобустары қызмет көрсетеді, алайда олар еңбек және демалыс режимін сақтамайды, рейс 
алдындағы медициналық тексеру және автокөліктің техникалық жай-күйіне тексеру жүргізілмейді.

  5.2. Қылмысқа қарсы iс-әрекет жасау жөнiндегі шаралар 5.2.1. қылмыстарды тергеудің және қылмыскерлердi
iздестiрудің тиiмділігін арттыру

      Қылмыстың сапалық трансформациясы құқық қорғау органдары тергеу және жедел бөлiмшелерiнің қызметiн жетілдiрудi, олардың өзара iс-қимыл жасасуының сапасын жақсартуды, құқыққа қайшы көрiнiстерге тиiсiнше қимыл көрсетудi, қызметкерлердің кәсiби білiктілiгін арттыруды талап етедi.
      Қылмыстық iстердi тергеу институттары, қылмыс дәрежесiне және болуы ықтимал жазалаудың ауырлығына байланысты сотқа дейiнгі өндірiстің iс-жүргізу нысанын әрі қарай дифференциялау одан әрi оңтайландыруды талап eтeдi.
      Автокөлiктi ұрлауды, айдап кетудi ескерту және ашу жөнiндегі iс-шаралардың тиімділігiн арттыру мақсатында, ҚIIБ-IIБ ЖПБ-нің Тiркеу-емтихан алу бөлімiнде ұрланған автомашиналарды тiркеу кезiнде және техникалық бақылаудан өткен кезде олардың қолдан жасалған құжаттарын және агрегаттары тораптарының қолдан соғылғанын дер кезiнде анықтауға мүмкiндiк беретiн, тораптарының және агрегаттарының маркировкасы өзгертілген ұрланған
автокөлікті iздеуде және ұқсастыруда австралияның "DataDoT" технологиясын пайдалану жөнiндегi Ресей I тораптарының және агрегаттарының маркировкасы өзгертілген ұрланған автомотокөлiктi IМ-нің тәжiрибесiн зерделеу және оны енгiзу қажет.

   5.2.2. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес

        Құқық қорғау органдарының, фискалдық және арнайы органдардың өзара іс-қимыл жасасуы деңгейін арттырмайынша, олардың қызметкерлерінің кәсіпқойлығын арттырмайынша ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес табысты бола алмайды.
      Құқық қорғау және арнайы органдардың үйлестірілген, келісілген және кәсіби іс-әрекеттерінің нәтижесінде ғана ұйымдасқан қылмыстық топтардың экономикалық негізін, оларды қаржыландыру көздері мен қылмыстық жолмен келген ақша қаражатын жария ету каналдарын анықтау және жою жөніндегі кешенді шараларды іске асыру, сондай-ақ криминалдық құрылымдар тарапынан қылмыстық қол сұғушылықтан кәсіпкерлерді тиімді қорғау мүмкін болады.  

  5.3. Қылмысқа қарсы күресті ақпараттық және
материалдық-техникалық қамтамасыз ету

      Құқық қорғау органдарының ақпараттық кешенiн жетілдiру жөнiндегi жұмыстарды, ақпараттық деректер қорын жетiлдiрудi және криминалдық ахуалды және адамның биометриялық ұқсастығын талдаудың және болжалдаудың құрал-жабдықтарын ендiрудi одан әрi жетiлдiру қажет. Бұл қылмыстық қудалау органдары барлық қызметкерлерiнің бiрлесiп жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi және олардың әрқайсысының хабарландырылуының және жедел 
жағдайдағы өзгерiске жедел ден қоюының жақсаруы есебiнен оның әлеуетiн көбейтедi.
      Атырау қаласында полицияның күш-құралдарымен жедел-басқару орталығының құрылысын салу, қалалық, аудандық, желілiк iшкі iстер органдарының кезекшi бөлімдерiн  Орталықтың жүйесiне одан әрi қосу криминалдық ахуалдың өзгерiстерiне, жасалған ауыр қылмыстарға, жаппай тәртiпсіздікке, табиғи апаттарға және басқа да төтенше жағдайларға, 
азаматтардың жеке қауiпсiздiгiне, iшкi iстер органдарында азаматтардың өтінiштерi мен хабарламаларының толық тiркелуiне жедел ден қоюдың тиiмдi тетiгiн құруды қамтамасыз етуге мүмкiндiк береді.

    6. Қажетті ресурстар және бағдарламаны қаржыландыру көздері

        Осы Бағдарламаны iске асыру жөнiндегі қаржыландыру талап ететiн іс-шаралар республикалық және жергілiктi бюджетте көзделген қаражаттар есебiнен және олардың шегiнде жүзеге асырылатын болады.
      Бағдарламаның іс-шараларын iске, асыруға бағытталған ықтимал шығыстар барлығы 516 258 000 (бес жүз он алты миллион екі жүз елу сегіз мың) теңгенi, оның iшiнде республикалық бюджет есебінен - 500 221 000 (бес жүз миллион екі жүз жиырма бір мың) теңгенi, жергілікті бюджеттерден 16 037 000 (он алты миллион отыз жеті мың) теңгені құрайды.
      Көзделіп отырған сомалар тиiсті жылға арналған республикалық және облыстық бюджеттi қалыптастырған кезде нақтыланады.

  7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже

        Бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде 2007 жылдың аяғына дейiн:
      құқық бұзушылықтардың алдын алудың жаңа әлеуметтік-экономикалық негiзiндегi жалпы жүйесі құрылатын болады;
      қылмысқа қарсы күрес күшейе түседі, ауыр және аса ауыр қылмыстар, сондай-ақ көшелерде және кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстарды азайту межеленедi;
      Атырау қаласында полицияның күш-құралдарымен жедел басқару орталығы салынатын болады;
      халықтың құқық қорғау жүйесi мен жалпы мемлекетке деген сенiмiнің деңгейі артады.

    8. Атырау облысында құқық бұзушылықтың алдын алу мен
қылмысқа қарсы күрестің 2005-2007 жылдарға арналған
бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

р/с

Іс-шара

Аяқтау нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындалу  мерзімі

Болжалды  шығыстар (млн. теңге)

Қаржыландыру көздері

1

2

3

4

5

6

7

Құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық тәртіпті нығайту
әлеуметтік-құқықтық алдын алу

1

Құқық бұзушылықтың алдын алу мен қылмысқа қарсы күрестің 2005- 2007 жылдарға арналған өңірлік бағдарламаларын
әзірлеп, оларды Атырау қалалық және аудандық мәслихаттарына бекітуге
енгізуді қамтамасыз ету

Аудандар мен Атырау қаласы әкімияттарының қаулылары

Аудандар мен Атырау қаласының әкімдері

2005 жылдың 
2-тоқсаны

Жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат шегінде және есебінен 

ЖБ

2

Халықты еңбекпен қамтуды,жұмыссыздарды,
әсіресе жастарды ақылы қоғамдық жұмыстарға тартуды, оларды кәсіби дайындауды және оқытуды
қамтамасыз ету жөнінде қосымша шаралар қабылдау

Облыс әкімиятына есеп беру

Аудандар мен Атырау қаласының әкімдері

Жыл сайын

Жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат шегінде және есебінен 

ЖБ

3

Жастарды компьютерлік сауаттылыққа кәсіби дағдыларға және кәсіп терге оқытуды жүргізу, тәжірибедегі (цехтарда, зертханаларда, жабдық талған кабинеттерде және т.б.) білімдерін меңгеру үшін жағдай жасау  

Облыс әкімиятына есеп беру

Аудандар мен Атырау қаласының әкімдері, ІСД

Жыл сайын

Жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат шегінде және есебінен

ЖБ

4

Қоғамдық тәртіпті сақтауға қатысушы азаматтарды көтермелеуге арналған ақша қаражатын  бөлуді және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету

Облыс әкімиятына есеп беру

Аудандар мен Атырау қаласының әкімдері, ІІБ (келісім бойынша), ЭБЖД

Жыл сайын

2005 жыл-
0,814
2006 жыл-
0,859
2007 жыл-
0,9

ЖБ

5

Учаскелік полиция пункттері (бөлімшелері) қызметінің тиімділігін арттыру және учаскелік полиция инспекторлары ның қызметін олардың:
а)қызметтік автокөлікке;
б) қызметтік пәтерге;
в) қызметтік жиhазға;
г) компьютерлік
техникаға қажеттілігін кезең-кезеңмен қамтамасыз ету арқылы нығайту жөніндегі жұмысты жалғастыру 

Облыс әкімиятына есеп беру

Аудандар мен Атырау қаласының әкімдері, ІІБ (келісім бойынша), ЭБЖД

Жыл сайын

Жергілікті бюджеттерде көзделген қаражат шегінде және есебінен 

ЖБ

6

Облыстық бюджетте учаскелік полиция пункттерінің ғимараттары мен үй-жайларын жөндеу үшін қаржы қаражатының мақсатты түрде бөлуді қарастыру және қамтамасыз ету   

Облыс әкімиятына ақпарат беру

ЭБЖД, ІІБ (келісім бойынша)

Жыл сайын

2005 жыл - 1,6
2006 жыл - 1,688
2007 жыл - 1,769

ЖБ

7

Учаскелік полиция инспекторлары мен олардың көмекшілерінің штатына қолда бар тиесілік нормаларына дейін кезең-кезеңмен жеткізу жөніндегі жұмысты жалғастыру

Облыс әкімиятының қаулысы

ІІБ (келісім бойынша), ЭБЖД

2005-2007

жылдар ішінде

Жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде және есебінен

ЖБ

8

Көп қабатты тұрғын үйлердің кiреберiстерiне
қоғамдық күзету 
институтын (консьерждер)
енгiзуге, олардың қалыпты жұмыс iстеуi үшiн қаржыландыру көздерiн айқындау және қаражат іздеу 

Облыс әкімиятына есеп беру

Аудандар мен Атырау қаласының әкімдері, ІІБ (келісім бойынша), ЖҚ‡ҒБД

2005-2007
жылдар ішінде

ақылы қоғамдық жұмыстар үшін жергілікті бюджет терде көзделген қаражат шегінде, ПИК қаражаты


Кәмелетке толмағандар мен жастардың арасындағы қадағалаусыз
         қалушылық пен құқық бұзушылықтардың алдын алу

9

Арнайы мектеп-интернат тарынан шыққан, мінез- құлқының ауытқуы бар кәмелетке толмағандарды бейімдеу және оңалту үшін ювенальды әділет қызметкерлерін тарта отырып, білім берудің оңалту ұйымдарын құру жөніндегі шараларды қабылдау

Облыс әкімиятына ұсыныстар беру

Аудандар мен Атырау қаласының әкімдері, ІІБ (келісім бойынша), БД

2005-2007 жылдар ішінде

Жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде және есебінен


10

Құқық бұзушылыққа бейім балалармен жұмыс жүргізу үшін әлеуметтік-
педагогикалық қызметтердің желілерін кеңейту

Облыс әкімиятына ұсыныстар беру

Аудандар мен Атырау қаласының әкімдері, БД

2005-2007 жылдар ішінде

Жергілікті бюджет те көзделген қаражат шегінде және есебінен


11

Мінез-құлқының ауытқуы бар балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарының желілерін кеңейту жөніндегі жұмысты жалғастыру

Облыс әкімиятына ұсыныстар беру

Аудандар мен Атырау қаласының әкімдері, БД, ІІБ (келісім бойынша)

2005-2007 жылдар ішінде

Жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде және есебінен


12

Мектеп демалыстары кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын ұйымдастыру үшін спорттық және сауықтыру лагерлерін құру шараларын қабылдау жөніндегі жұмыстар

Облыс әкімиятына есеп беру

Аудандар мен Атырау қаласының әкімдері, БД, ІІБ (келісім бойынша)


Жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде және есебінен


13

Қалаларда және ірі елді мекендерде көп қабатты жаңа тұрғын үйлерді жобалау кезінде олардың бірінші қабатында жасөспірімдер клубтарына арналған үй-жайларды қарастыру

Облыс әкімиятына ақпарат беру

Аудандар мен Атырау қаласының әкімдері, СҚКД 

Жыл сайын

Талап етілмейді


14

Алкогольдік ішімдікті пайдалануды азайту, маскүнемдіктің,нашақорлықтың және қылмысты қайталаудың алдын алу
әлеуметтік есірткіге қарсы иммунитетті қоғамдық санада қалыптастыру жөніндегі қызметті жандандыру және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, оның ішінде белгілі қоғам қайраткерлерін, әртістерді, ғалымдар мен басқа да мамандарды тарта отырып, нашақорлық пен алкоголизмге қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік органдар қабылдаған шаралар туралы азаматтарды ақпараттандыруды күшейту

Облыс әкімиятына ақпарат беру

МБ, ІІБ (келісім бойынша), БД, ДСД, Аудандар мен Атырау қаласының әкімдері

10 қаңтар, 10 шілде жыл сайын

Талап етілмейді


15

Алкоголизмге, нашақор лық пен уытқорлыққа душар болған адамдарды мәжбүрлеп емдеуге арналған жұмыс істейтін мамандандырылған емдеу-алдын алу мекемелерін емдеуді қажет ететін азаматтардың едәуір бөлігін еммен қамту үшін жағдай жасау арқылы өңірлерде гі қажеттіліктерге қарай кеңейту шараларын қабылдау

Облыс әкімиятына ақпарат беру

ДСД, Аудандар мен Атырау қаласының әкімдері

2005-2006 жылдар ішінде

Жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде және есебінен

ЖБ

16

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру және оңалту, белгілі бір тұрақты жері жоқ адамдарды әлеуметтік оңалту, әлеуметтік байланыстарын жоғалтқан азаматтарды еңбекке және тұрмыста орналастыру жөніндегі жұмысты жалғастыру

Аудандар мен Атырау қаласы әкімдерінің шешімдері

Аудандар мен Атырау қаласының әкімдері, ЖҚҮҒБД

Жыл сайын

Жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде және есебінен


17

Бас бостандығынан айыру органдарынан босатылған адамдардың кәсіби даярлығын және оларды жаңа кәсіптерге оқытуды ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдау

Аудандар мен Атырау қаласы әкімдерінің шешімдері

Аудандар мен Атырау қаласының әкімдері, ЖҚҮҒБД 

Жыл сайын

Жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде және есебінен


18

Жол қозғалысы ұйымдары ның ескірген, стандарт.
тарға сәйкес келмейтін техникалық құралдарын:
а) бағдаршамдарды;
б) жол белгілерін кезең-кезеңмен ауыстыру;
2) жол қозғалысын автоматтандырылған басқару жүйесіне кезең-кезеңмен енгізу жөніндегі шараларды қабылдау (ЖҚАБЖ)

Аудандар мен Атырау қаласы әкімдерінің шешімдері

Аудандар мен Атырау қаласының әкімдері, ІІБ (келісім бойынша)

2005-2006 жылдар ішінде

Жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде және есебінен


19

Жол полициясының бөлімшелері үшін арнайы эвакуатор-автомобиль.
дерін сатып алу үшін облыстық бюджеттен қаражат табу

Облыс әкімиятының қаулысы

ЭБЖД, ІІБ (келісім бойынша)

2005 жыл - 1 бірлік
2006 жыл -
1 бірлік
2007 жыл -
1 бірлік

2,66 

2,806 

2,941

ОБ

Қылмысқа қарсы іс-әрекет ету жөніндегі шаралар

20

Ұйымдар мен жеке тұлғалардың қыздар мен әйелдерді шетелге жұмысқа орналастыру туралы жарнамалық хабарландыруларының (ақпараттардың) заңдылығына бірлесіп тексеру жүргізу

Облыс әкімиятына ақпарат беру

ОП (келісім бойынша), ІІБ (келісім
бойынша), ҰҚКД (келісім бойынша), ЭСЖҚКД (келісім бойынша) 

Жыл сайын

Талап етілмейді


Қылмысқа қарсы күресті ақпараттық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету

21

Атырау қаласында полицияның күш-құралдары
мен Жедел басқару орталықтарының (ЖБО) құрылысын жалғастыру

Облыс әкімиятына
ақпарат беру

ІІБ (келісім бойынша), Атырау қаласының әкімі, СҚҚД

5 қаңтар, 5 шілде жыл сайын 

500,221

РБ

22

Қылмыстар мен оқиғалар туралы арыздар мен хабарларды қабылдау, тіркеу және рұқсат беру кезінде заңдылықтың сақталуын бақылауда күшейту жөнінде қосымша шаралар алу

Облыс әкімиятына
ақпарат беру

ОП (келісім бойынша), АКП (келісім бойынша)

Тоәсан сайын

Талап етілмейді


23

Бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттің құқықтық саясатын насихаттау мен түсіндіруді ұйымдастыру, бұқаралық ақпарат құралдарында құқық қорғау органдары қызметкерлерінің имиджін қалыптастыруға бағытталған телехабарлар мен публикациялар циклын құрып, іске асыру

Облыс әкімиятына
ақпарат

"Атырау-ақпарат" КМК, ТРК(келісім
бойынша), ОП (келісімбойынша), ІІБ (келісім бойынша), ҰҚКД (келісім
бойынша),ЭСЖКД
(келісімбойынша), ДТК (келісім бойынша), ІІБЖБ (келісімбойынша), аудандар мен Атырау қаласы әкімдері

2005-
2007 жылдар ішінде

Талап етілмейді


Республикалық бюджет

Жергілікті бюджет

2005

2006

2007

2005

2006

2007


500,221*


5,074

5,353

5,61

                500,221*

16,037

516,258

      Ескертпе:
      *2006-2007 жылдарға арналған республикалық және жергілікті бюджеттер
бойынша шығыстар сомасы алдын-ала жасалған және оны Қазақстан
Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес 2006 және 2007 жылдарға арналған
бюджеттерді қалыптастыру және нақтылау кезінде айқындалатын болады.

      Әріп аббревиатураларының мағынасын ашу:
      ІСД - Атырау облысы Ішкі саясат департаменті
      ІІБ - Атырау облысы Ішкі істер басқармасы
      ҚД - Атырау облысы қаржы департаменті
      ЭБЖД - Атырау облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті
      ЖҚҮҒБД - Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар департаменті
      ПИК - пәтер иелері кооперативі
      БД - Атырау облысы Білім беру департаменті
      СҚҚД - Атырау облысы Сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаменті
      МБ - Атырау облысы мәдениет бөлімі
      ДСД - Атырау облысы денсаулық сақтау департаменті
      Бақ - б±қаралық ақпарат құралдары
      ОП - Атырау облысы прокуратурасы
      ҰҚКД - Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті
      ЭСЖҚКД - Атырау облысы бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлық
қылмысқа қарсы күрес департаменті 
      АКП -Атырау көлік прокуратурасы
      КБД - Атырау облысы бойынша кедендік бақылау департаменті
      ЖІІБ - Атырау станциясы желілік ішкі істер бөлімі
      КМК - коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын
      ТРК - Атырау облыстық телерадиокомпаниясы
      РБ - республикалық бюджет
      ОБ - облыстық бюджет
      ЖБ - жергілікті бюджет 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады